Ойланып бұрыңғы білімі мен жаңа білгенін салыстыруға үйренеді.
Топта сыйластық, іскерлік атмосферасы орнығады,бір-біріне көмек береді.
Сыни ойлаудың стратегияларын меңгереді.
Ресурстар: Интерактивті тақта,кестелер,флипчарт,маркер, дүниежүзі саяси картасы.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды сабаққа әзірлеп,бағыттау (тілек айту). Стикерлер арқылы топтарға бөлу. (13 оқушы, 3-топ)
II. Қызығушылықты ояту сатысы. (Білу мен қолдану)
«Миға шабуыл» проблемалық сұрақ қою. Слайд арқылы Керей мен Жәнібек сұлтандардың суреті көрсетіледі. (Керей сұлтан тақта отыр, Жәнібек сұлтан қасында түрегеліп тұр) Қалай ойлайсындар балалар бұлар кім? Неге Керей сұлтан тақта отыр, Жәнібек сұлтан қасында түрегеліп тұр?
III.Мағынаны тану сатысы. 1) Мәтінмен жұмыс.
Оқушыларды жаңа тақырыпқа еліктіру үшін тақырыптағы, Қазақ хандығының басқару ісі, мәтінін жеке оқып шығып жұппен және топта талдауға беремін.
2) Диалог. ( Талдау мен Бағалау)
- Оқыған мәтіндерін не туралы және кімдер туралы?
- Неліктен Керей сұлтан хан тағына отырды?
- Керей мен Жәнібек сұлтандар бір-біріне калай туыс болады?
- Қалай ойлайсындар Керей Жәнібекпен әрбір мемлекеттік жұмыстар бойынша ақылдастыма?
- Керей емес Жәнібек хан тағына отырса қалай болар еді?
- Керей мен Жәнібектің арасындағы ағайындықты, шынайы ағайындық деп айталамыз ба?
3) Жаңа тақырыпты оқу мақсатымен таныстыру.
4) Жаңа материалды меңгеру кезеңі: Бейнеролик көрсетіп, түсіндіру. ( 4- минут )
5) Жаңа тақырып мәтінімен жұмыс: Джигсо стратегиясы бойынша топпен жұмыс кезеңі. Тақырып 4 тақырыпшаға бөлінеді: 1.Хандықтың ішкі жағдайы. 2. Хандықтың сыртқы саяси жағдайы. 3. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи маңызы. (Қалай жұмыс істеу керектігін түсіндіремін)
1 – қадам. 4-5 оқушыдан тұратын топтағы әрбір оқушыға нөмірленген стикер беремін. Бұл топ « Үй тбы» деп аталады.
2- қадам. Әр топтың нөмірлері (стикер бойынша) бірдей оқушылар жаңа топқа бірігеді.
Нөмірлеріне қарай өткен сабақтың 4 тақырыпшасы таратылады.
3 – қадам. Әр топ өз тақырыбын оқып, топ ішінде талқылайды. (6-7 минут)
4 – қадам. Әрбір оқушы үй тобына оралып, өзі оқып талқылаған мәтінін топ мүшелеріне кезекпен түсіндіреді. Осылай бүкіл тақырыпты бөлімдерге бөліп алған оқушылар топ мүшелеріне айтып шығады. (8-10 минут)
5) Қорытындылау кезеңі: Әр топтың кошбасшысы өздерінің тақырпшаларын қорғайды.
6) Диалог. Синтез.
Мәтін бойынша сұрақтар:
Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды. Елді кім басқарды?
Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
XV ғасырдың соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
Қазақ хандығының шайбанилермен соғысы қанша уақытқа созылды?
Қазақ хандығы Сырдария бойындағы қандай қалаларды қол астына қаратты?
Сырдария бойындағы қалалардың қазақтар үшін қандай тарихи маңызы болды?
Қазақ хандары Сыр бойындағы қалалар үшін қанша жыл соғысты?
Қай жылы Түркістан қаласы Қазақ хандығының қоластына өтті?
Қазақ хандығы құрылуының тарихи маңызын калай түсінесіндер?
7) Үй тапсырмасы: «XV ғасырдың соңғы ширегіндегі Қазақ хандығының саяси-экономикалық дамуына менің көзқарасым.» тақырыбына эссе жазу. (Критериі интерактивті тақтада көрсетіліп тұрады)
IV. Ой толғаныс сатысы. Рефлексия.
Біз бүгін қалай жұмыс істедік?
Жетістік критерийлері орындалды ма?
Сабақта не ұнады?
Неліктен ұнады?
Не ұнамады?
Не себептен ұнамады?
Әр оқушы өзіне өзі баға қойып бағалау парағына белгілейді.
Бағалау парағы.
Аты-жөні:
«3»
«4»
«5»
Сабақтағы белсенділігім.
Басқаларды тындауым.
Өз пікірімді айтуым.
Топ жұмысын қорғауға қатысуым.
Қорытынды бағам:
Эсселерді бағалау рубрикалары.
Эссе «5»-ке бағалану үшін:
1,Басқаларға ұқсамайтын тезистер енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде қайталамай)
2, Осы тезистер жақсы дәйектемелермен бекітілген.
3. Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілген.
4. Мұқият және қатесіз жазылған.
5. Көлемі 2-3 бет болуы керек.
Эссе «4»-ке бағалану үшін:
1,Басқаларға ұқсамайтын тезистер енгізілген (сабақта айтылғандарды сол күйінде қайталамай)
2, Осы тезистер жақсы дәйектемелермен бекітілген.
3. Негізгі мазмұн және қорытындысы бар анық баяндамамен қамтамасыз етілген.