Жалпы мақсаттар Дамытушылық | a):Жан-жақты терең білімді, азаматтық жауапкершілігі мол, қазіргі қоғамға лайық көзқарасы қалыптасқан, өзіндік ұстанымы бар ұрпақ қалыптастыру. ә)_Оқушыларды Отанын сүюге, тәуелсіздк деген киелі ұғымды қадірлеуге, патроитизмге тәрбиелеу. |
«Сөз маржан» Мұғалімнің сөзі. Балалар біз бейнефильмді тамашаладық. Еліміз, жеріміз, Отанымыз туралы қандай нақыл сөздер, мақал-мәтелдерді білесіңдер? | 1 топ. Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді Отан елдің анасы, Ел ердің анасы Отанын сатқан оңбас. Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды. Отаның тыныш — сен тыныш Акқу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. 2-топ. Әркімнің өз жері — Мысыр шаһары. Әркімнің өз жері — ұжмақ. "Бақыр қазан кайнаса бәріміздің бағымыз, Туған жердің әр тасы біздің алтын тағымыз". Бақа батпағына, балық көліне. Баланың өскен бесігі кең дүниенің есігі. Басқа жердің отынан туған жердің түтіні артық. Тағы сол сияқты. | Ой қозғау стратегиясы. |
«Сыр сандық» жұмбақты шешу 1 топ:қа. 1.Пайда болғанда адам баласы,қандай құралды алғаш қолданды 2.Сары нүкте,іші қуыс тұрып жатты бар туыс 3.Еділ,Жайық арасы Сарайшық бас қаласы 4.Достық,ынтымақпен бірліктің әлемге үлгісі жойқын қарудан, бастартқан жерұйықтың бесігі 5.Ұлты сайлаған ел басшысы,халық таңдаған көшбасшысы. | Оқушылардың жауабы: (Тас құралды) (Үңгір) (Ноғай Ордасы) (Қазақстан) (Н.Ә.Назарбаев) | Ой қозғау стратегиясы СТО СТО. |
2 топ:қа 1.Екі ағайынды туады шығыс пен батыста тұрады батыста тұрған бауырын қайсарлы 10 ұл болады 2.Қандай мағына береді «Сақ»сөзі парсы тілінде 3.Басынан кешкен шақтарды тарихшы тізіп ақтарды кімдер деп атады грек Геродод сақтарды 4.Аға тыныс іні еді Тарих өткеннің үні еді Сақ әйелінің ерлігін Сипаттап берген кім еді 5.Сабалақ болып атанды. Абылай есімі жарасады. Түб есімі қалай аталады «Автор орындығы» Ыстық орындыққа Топтың саясаткері ша- қырылады. Топ оқушыларының Сұрақтары. Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекеттер туралы айтып өтсеңіз? Бүгінгі Қазақстаннның спорт жетістіктері туралы не айтар едіңіз? Ыстық орындыққа 2- ші топтың саясаткері шақырылады. Сұрақ. 1.ЭКСПО деген қандай көрме? 2.ЭКСПО атауы қандай сөзден шыққан? 3. Оның штаб пәтері бар ма? 4. Бүгінде бұл көрмеге қанша мемлекет мүше болып отыр? 5.Қазақстан қай жылы ХКБ-на мүше болып қабылданды? Презентация қорғау. Әр топ өздерінің жобаларын қорғайды. Өнерліге өріс кең. Рефлексия. Рефлекция.. . | (Батыс түрік қағанаты) (Құдыретті еркектер) (Массагеттер) (Ктессий) (Әбілмансұр) Тәуелсіздік Қазақстанға қазақ халқының екі жарым ғасырдан астам уақыт бойы үзбей жүргізген күресі арқылы келді. Қаз-ның тәуелсіздігін алғаш таныған елдер түбі бір туысқан түркі елдері. Қазақстанның даму жолы бірден-бір дұрыс та айқын. Бүгінде бүкіл әлем саясаткерлері оң бағасын беріп отыр. Жауап.Астана мен Алматы қлаларындаа 2011 жылы өткен Қысқы Азия ойындарында біздің спортшыларымыз 32 алтын, 21 күміс,17 қола, барлығы 70 медаль алып, бірінші орынға шықты. Лондондағы Жазғы олимпиада ойындарында 7 алтын, 1 күміс және 5 қола медальға ие болды. Бұл біздің спортшыларымыздың әлем жұртшылығы алдында Қазақстанның мәртебесін асқақтатқан үлкен жетістігі еді. 1.Дамыған елдер соңғы бір жарым ғасырдан бері бір-біріне жетістіктерін көрсетіп, бас қосуды дәстүрге айналдырған. Бұл дәстүр халықаралық көрме немесе ЭКСПО деп аталады. 2. ЭКСПО атауы өзінің аты айтып тұрғандай экспонат деген сөзден шыққан, қазақша жәдігер. 3. ЭКСПО-ның штаб пәтері бар. Ол Париж қаласында орналасқан. 4. Бұл көрмеге бүгінде дүниежүзінің 161 мемлекеті мүше болып отыр. 5. Қазақстан ХКБ-на 1997ж. Мүше болып кірді І-топ. Бізге мәлім Қазақстан. Слайд арқылы оқушылар бүгінгі Қазақстанның сәулетті орындары, бай табиғаты, қол жеткен жетістіктері туралы сыр шертіп тәуелсіздік шежіресіне шолу жасады. Жоба қорғады.ІІ-топ, Бізге беймәлім Қазақстан. Бейнефильм көрсетіледі. Слайд арқылы ЭКСПО-2017 туралы түсінік беріп ЭКСПО-ның пайдасы қандай7 деген сұрақтарға жауап берді. Баламалы энергия көздері бойынша ғылыми зерттеулер жасап жүрген ғалымдарымыз үшін маңызды. Сол сияқты Астана мен оның маңындығы аймақтарда шағын және орта бизнестің дамуына және ішкі туризмнің артуына серпін бермек.инфрақұрылымдық жұмыстар өркендейді. Сонымен бірге болашақта Қазақстанды ірі несиелер құюға болатын халықаралық ақпараттық-экономикалық алаң ретінде тануға мүмкіндік береді деген қорытындыға келді.. Жұп болып өздері арнайы дайындаған Біз Қазақстанның болашағын қалай көреміз атты жобалрында өздерінің арманшыл екендіктерін көрсетіп, болашақ Қазақстан әлемдегі ең бір дамыған мемлекет болмақ. Халқымыз рухани бай қуатты елге айналады деген түйінге келді. Қорытынды кезеңде барлағы М. Шахановтың «Рұх пен тіл» өлеңіне жазылған әнді орындап берді.. Бүгінгі тақырып ауқымы сендерге ұнады ма? Тағы қандай ой қосар едіңдер? Оқушылар спикерге жазып іледі. | Ой қозғау стратегиясы. СТО Дарынды және талантты балаларды анықтау. Дарынды және талантты баларды анықтау. |