?лия Мода??лова (шын есімі Ілия) Н?рм?хамед?ызы (20.4.1924 ж А?т?бе облысы ?обда ауданы Б?ла? ауылында ту?ан, 15.5 1944 ж Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен ?аза бол?ан. ?а?арман ?аза? ?ызы, Ке?ес Ода?ыны? Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан ?айтыс бол?аннан кейін на?ашысы ?уб?кір Молда??ловты? ?олында т?рбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте о?ы?ан. Ресейді? Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. ?з еркімен ?ызыл ?скер ?атарына алынып, мергендерді? Орта ?йелдер мектебін ?здік бітіріп шы?ты (1943). 1943 жылды? тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-ат?ыштар дивизиясыны? ??рамында ?рыс?а ?атысып, мергендігімен к?зге т?сті. Новосокольники темір жол стансасы ма?ында бол?ан ?рыста Молда??лова жауынгерлерді шешуші шай?ас?а бастап, ?а?арманды?пен ?аза тапты. Санкт-Петербург ж?не М?скеу ?алаларында?ы ж?не к?птеген облыстарда?ы о?да?ан мектептер, к?шелер Молда??лова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, ?ызылорда, А?т?бе ?алаларында ж?не ту?ан ауылында ескерткіш орнатыл?ан. А?т?бе ?аласында Молда??лованы? мемориалды? м?ражайы ж?мыс істейді. М?скеуді? №891 орта мектебі жанында м?ражайы бар. Оны? ?мірі мен ерлігі жайлы а?ындар Я.Хелемский «?лияны? ж?регі», С.Жиенбаев «?лия» дастандарын, жазушылар Ж.Ж?ма?анов «?лия Молда??л?ызы», ?.Н?рмаханова «Шы?ыс шынары повестерін жазды». ?лия Молда??лова ?лияны? балалы? ша?ы. ?лия Н?рм?хамбет?ызы Молда??лова 1925 жылы 15 маусымда А?т?бе облысы ?обда ауданында?ы Б?ла? ауылында Н?рм?хамбет Сар??лов пен Маржан Молда??лованы? отбасында д?ниеге келді. 1933 жылы анасы ?айтыс бол?а?аннан кейін на?ашы а?асы ?буб?кір Молда??ловты? отбасында т?рбиеленді. О?у жылдары 1933 жылы ?буб?кір отбасымен ?улиеата?а к?шіп барады. Сол жерде ?лия мен Сапура /?буб?кірді? ?арындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы ?буб?кірді? Москвада?ы ?скери-Транспорт Академиясына о?у?а т?суіне байланысты, оны? отбасы Москва?а ?оныс аударды. ?лия Москвада № 891 мектепті? 4 ?ласын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинград?а к?шірілуіне орай Молда??ловтар отбасы осы ?ала?а к?шіп барды. Отбасында?ы материалды? ?иыншылы?тар?а орай, ?лия ?з келісімі бойынша Ленинградта?ы №46 мектеп-интернат?а орналастырылды. Мектеп т?рбиеленушілері № 140 мектепте о?ыды. – Со?ыс. Ленинград ?оршауы. Интернат т?рбиенушілері 1941 жылы со?ысты? бастал?аны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат т?рбиеленушілері Ярославль облысыны? Вятск селосына к?шірілді. ?скери ?ш?ыш болуды арманда?ан ?лия Вятскідегі мектепті? 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына о?у?а т?седі. – Мергендер мектебі. Желто?сан 1942 ж.- шілде 1943 ж. - ?лия Молда??лова Москвада?ы Орталы? мерген ?ыздар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««?лия Молда?улова» баяндама »
№21 орта мектеп
Тақырыбы: «Әлия Молдағулова»
7 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Таймаганбетова Г.У
Жаңаөзен 2014 ж
Әлия Модағұлова (шын есімі Ілия) Нұрмұхамедқызы (20.4.1924 ж Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бұлақ ауылында туған, 15.5 1944 ж Псков облысында Новосокольники ауданында Казачиха деревнясында ерлікпен қаза болған. Қаһарман қазақ қызы, Кеңес Одағының Батыры (4.6. 1944). Анасы Маржан қайтыс болғаннан кейін нағашысы Әубәкір Молдағұловтың қолында тәрбиеленіп, Санкт-Петербургтегі №9 мектепте оқыған. Ресейдің Рыбинск авиатехникумын бітірген (1941). 1942 ж. өз еркімен Қызыл Әскер қатарына алынып, мергендердің Орта әйелдер мектебін үздік бітіріп шықты (1943). 1943 жылдың тамыз айынан 2-Прибалтика майданында 26-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысып, мергендігімен көзге түсті. Новосокольники темір жол стансасы маңында болған ұрыста Молдағұлова жауынгерлерді шешуші шайқасқа бастап, қаһармандықпен қаза тапты. Санкт-Петербург және Мәскеу қалаларындағы және көптеген облыстардағы оңдаған мектептер, көшелер Молдағұлова есімімен аталады. Новосокольники, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларында және туған ауылында ескерткіш орнатылған. Ақтөбе қаласында Молдағұлованың мемориалдық мұражайы жұмыс істейді. Мәскеудің №891 орта мектебі жанында мұражайы бар. Оның өмірі мен ерлігі жайлы ақындар Я.Хелемский «Әлияның жүрегі», С.Жиенбаев «Әлия» дастандарын, жазушылар Ж.Жұмақанов «Әлия Молдағұлқызы», Ә.Нұрмаханова «Шығыс шынары повестерін жазды». Әлия Молдағұлова Әлияның балалық шағы. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғағаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді. Оқу жылдары 1933 жылы Әбубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барады. Сол жерде Әлия мен Сапура /Әбубәкірдің қарындасы/ №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әбубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударды. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 қласын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленинградтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері № 140 мектепте оқыды. – Соғыс. Ленинград қоршауы. Интернат тәрбиенушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда № 46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль облысының Вятск селосына көшірілді. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 класын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі. – Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж.- шілде 1943 ж. - Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы. – Майдан. Шілде 1943 ж.- қаңтар 1944 ж.- Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Казачиха деревнясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталады. Әлияның есімі қазір де біздің арамызда – ескерткіштер, көше, мектеп, музейлер бар, ақындар жырын арнаса, сазгерлер әнін жазды, қыл қалам шеберлері Әлия бейнесін жасады. Ғалымдар-зерттеушілер: С.Синицкий - "Белые ночи"кітабының авторы, С.Аскаров- "Әлия"документтік очерктің авторы, Ә.Нұрмаханова - "Шығыс шынары"повесі авторы, Ж.Жұмақанов - "Әлия". – Әлия атында. 1965 жылы Ұлы Жеңістің қарсаңында Псков жеріндегі Монаково бауырластар зираты ашылды. Бұл жерге Казачихада қаза тапқан 2 мыңнан астам Қызыл Әскер сарбаздары жерленген. Әлияның ескерткіштері: 1.Новосокольники қаласында -авторы М.Айнеков, 2.Ақтөбе – Л.Рапутов, Е.Штамм, 3.Ақтөбеде Мемориалды кешен -авторы Б.Әбішев, 4.Әліпбайсай ауылы–Б.Әбішев, 5.Мемориалдық кешен "Әлия-Мәншүк"Алматыда, 6.Мәскеуде ескерткіш - Б.Әбішев, 7.Мемориалдық музейдегі бюсті- О.Шанов. Ә.Молдағұлова атындағы көшелер: Ақтөбе, Мәскеу, Санкт-Петербург, Тараз қалаларында бар. Суреттер: "Әлия"-С.Әлімбетов, А.Ануфриев-"Мәңгілікке сапар", "Ауыл Бұлақ"-А.Корват, "Мерген Әлия Молдағұлова"- А.Сапугов, "Мерген Әлия"/күріштен жасалған/-Ф.Терещенко, "Әлия"-О.Нұржұмаев, "Бұлақтағы Әлияның үйі"- Н.Өтегенов, "Соңғы көктем"-Т.Телеушев, Ә.Өтеген-Тана сүрет сериялар-"Майданда", "Әлия-ән", "Әлия-хат", "Әлия мәңгі". Гобелендер: "Әлия"-М.Нартов, Н.Рахманқұлов, триптих "Әлия"-Б.Атыраубаев. Әлия атты музейлер: Облыстық мемориалдық музей /Ақтөбе қаласы/, №891 Мәскеу орта мектебінде, №140 Санкт-Петербург орта мектебінде, Әліпбайсайдағы патриоттық орталығы. Каспий жүк таситын теплоход, іздестіру топ, "Әлия гүлі"бишілер тобы, Мәскеудегі № 891 орта мектебі, Шымкенттегі № 29 орта мектебі, Новосокольники № 72 орта мектебі, Оралдағы № 38 орта мектебі. – Әлия-ән: "Әлия-Мәншүк" жинағы, "Песнь Праматери Хобды"- А.Утегенов, "Гүл-ғұмыр"поэмасы, ән "Он тоғыз жас"- Е.Ашықбаев,"Қызғалдақ-ғұмыр Әлия" мен "Сағыныш"әні- Г.Аймаханова, "Әлия"әні- Б.Тәжібаев пен С.Байтереков, "Ару қыз, ержүрек қыз, Әлия қыз" әні-композитор Қ.Қожанбаев, "Әлия"әні-Ә.Садуакасова, "Әлия"деректі повесі-Ә.Оралбай, "Әлия-Мәншүк" поэмасы- Т.Молдағалиев, "Әлия" поэмалары- К.Деркаченко, Р.Трофимов, балет "Әлия"- М.Сағатов, "Әлия" атты документтік фильм режиссер-Ю.Пискунов, "Мергендер" атты көркемсүрет- С.Асқаров, "Әлия" спектаклі-Ә.Тарази, "Жарық жұлдыздар" поэмасы-С.Жиенбаев. – Әлия-Мәншүк – Шығыс Шолпаны. СССР Жоғарғы Советі Президиумының Указымен 1944 жылы 1 наурызда Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. – Ақтөбе батырлары. "Ешкім де ұмытылмайды". Соғыс кезінде 100 мыңнан астам ақтөбелік-жауынгерлер майданға аттанған. Соғыс кезінде 35 жауынгерге Кеңес Одағының атағы берілген, 9 жауынгер Даңқ Орденінің толық кавалері болды. Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова, Кеңес Одағының Батыры. Әлия Ақтөбе облысы Хобда ауданы Бұлақ ауылында Сарқұлов Нұрмұхаммед және Молдағұлова Маржанның отбасында 1925 жылдың 15-ші маусымында дүниеге келген. Әлия 8 жасқа келгенде, анасы қайтыс болды. Нұрмұхаммед Сарқұловтың қолында екі баласы ұлы Бағдат және қызы Әлия қалды. Әкесі Әлияны нағашы әжесі Тәжікенге беруге мәжбүр болды. Әжесі қазіргі Құрайлы ауылында тұрған, немересін өте жақсы көрген, оған адамгершілікті, жақсылықты, еңбекқорлықты үйреткен. Әлия нағашысы Әубәкір Молдағұловтың үйінде, нағашысының қызы өзімен құрдас Сапурамен өсіп, есейді. Үй- іші Әлияні өте жақсы көрді. Әубәкірдің әйелі Сән қыздарға көп нәрсені үйретті, оған қыздар үй жұмысында көмектесті, кішкентай бауырларын тәрбиелеп, бақты. Өз құрдастарына қарағанда Әлияның мінезі қисық қатал болатын. 1933 жылы Молдағұловтар отбасы Шалқардан Жамбылға, ол кезде Әулиеата деген кішкентай станцияға көшіп барды. Нағашысы Түркістан –Сібір теміржолының үшінші эксплуатациялық ауданы саяси бөлімінің инструкторы болып қызмет істеді. Үйлері теміржол вокзалының жанында болды. Үйдің жанындағы теміржол мектебіне бірінші сыныбында оқыды. 1935 жылы нағашысы Әубәкір Әскери-көлік Академиясына оқуға түсіп, отбасымен Москваға көшті, ал соғыстың алдында Академиямен бірге Ленинградқа көшті. Ленинградта Смоленский ауданында Слуцкий көшесінде 2-ші үйде тұрды. Отбасы жағдайына байланысты нағашысы Әлияні Красногвардейский ауданындағы Гурдин көшесіндегі №46-шы балалар үйіне тапсырды. Бұл балалар үйінің оқушылары қасында орналасқан Үлкен охта даңғылындағы № 9 мектебінде оқыды, қазір бұл № 140-шы мектеп. 1980жылы Ленсоветтің атқару комитетінің шешімімен Гурдин көшесіне Әлия Молдағұлованың аты берілді. Әлия Ленинградты шын жүрегімен жақсы көрді. Бұл қала оның екінші отаны болды. Әлияның мұғалімдері, бірге оқыған дос қыздары оны өте ұстамды, терең ойлы, таза, ұқыпты деп естеріне алады. Ол жауқауларды жек көріп, олар бүкіл балалардың алдында сынап, ұрсатын. 6-7-ші сыныпта Әлия староста болған. Үздік оқуы және үлгілі тәртібі үшін Әлияны Қырымдағы Бүкілодақтық пионерлер лагері Артекке жіберген. Артекте батырлардың тақтасында атақты Батырлар Рубен Ибаррури, Тимур Фрунзенің қасында Әлия Молдағұлованың да суреті бар. Әлия оқуда өте зерек, талапты, ынталы болып, кітапті көп оқыды. Соғыс басталған жазда Әлия детдомның балаларымен бірге Сиверская станциясында болған, маусымның аяғында олар Ленинградқа қайтып келді. Балалар үлкендерге көмектесті: кішкентай балалардың тобына бағып, қарады, қаланың сыртында қорғаныс қамалдарын салысты. Суық бөлмедегі сабақты ауа ескерту сигналы бұзғанда, Әлия балалармен шатырға жүгіріп, немістің тастаған «зажигалкаларын» - өрт бомбаларын сөндірді. Сабақтан кейін Әлия госпитальға барып, жарақаттанған жауынгерлерге көмектесті. Ленинградты немістер қамауға алып, оның тұрғындарын ашаршылыққа ұшыратты. №46 балалар үйінің аға пионер жетекшісі Лидия Костинаның естелігінде Әлия шанамен суға барып, аштықтан көшеде есінен танып құлаған, сөйтсе ол өз нанының жартысын Қаты деген қызға береді екен. 1941 жылдың 4-ші қарашасында Әлия комсомолға өтті. 1942 жылдың наурызында № 46 балалар үйімен Әлия Ладога көліндегі «өмір жолымен» Ленинградтан Ярославль облысы Некрасов ауданы Вятское селосына көшті. Бұнда балалар оқу мен қатар колхозда жұмыс істеді. Сол ауыл мектебінің ботаника мұғалімі татьяна Суворовнаның айтуы бойынша, Әлия жақсы оқитын, ән салатын, билейтін, достары көп болатын, бірақ мінезі тұйық, өзі туралы ашылып ештеңе айтпайтын. 1942 жылдың тамыз айында Әлия Рыбинск қаласына ұшқыштың оқуына кететінін Лида Кротова деген досына айтты. 1942 жылдың 1-ші қазанында Әлия Рыбинск авиатехникумының студенті болды, бірақ оқудың ұзақтығына шыдамай 3 айдан кейін қала әскери комиссариатына өтініш беріп, Қызыл Әскерге кетуіне байланысты 1942 жылдың 21-ші желтоқсанында техникумнан шығып кетті. Бүкілодақтық Лениншіл Комммунистік Жастар Одағы (Комсомол) Орталық комитеті және КСРО Қорғаныс Халық Комиссариатының бастамасымен мемлекетте алғаш рет атқыш- снайперлерді дайындайтын әйелдер курстары ашылды. Осы курстар негізінде 1943 жылдың мамырында снайперлік дайындық орталық әйелдер мектебі ұйымдастырылды. Әуелі курстар Москва облысы Перов ауданы Вешняки селосында граф Шереметьев усадьбасының оранжереясында, кейін Москва облысы Щелков ауданы Амерово деревнясында және Подольск қаласында Силикатный поселкесінде орналасқан. Әлия снайпер мектебінің бірінші түскен тобының 4-ші ротасында оқыды. Кішкентай бойы үшін бұл ротаның қыздарын «қарындаштар» деп атаған. 1943 жылдың 23-ші ақпанында курсант қыздар ант берді. Әлия оқуға бар ынтасы мен зейінімен берілді, көз өткірлігін, мергендігін, қолдың нақтылығын көп жаттықтырды. Сонымен қатар ол жер жорғалап еңбектеуді, қол және станкопулеметтен, автоматтан, танкіге қарсы қарудан атуды үйренді. Оқу жеңіл болған жоқ. Әлия жақсы атқыш болды. Бірақ оның майданға бару мақсатына тағы бір кедергі пайда болды. Мектеп басшылары емтиханнан кейін Әлияні майданға жібермей мектепте басқа жаңа курсанттарды үйрететін инструктор ретінде қалдыру туралы шешім қабылдады. Оны естіген Әлия әскери устав пен тәртіпті ұмытып, «бәрібір майданға кетемін», деп тұрып алды. 1943 жылдың шілдесінде Әлия Сотүстік – Батыс майданына 54-ші атқыштар бригадасына аттанды. Бұндада алдағы қатарға жетуіне кедергі болған оның жасы және бойы. 4-ші батальонның снайпері болды. Көп уақыт тосып, немістерді аңдып отырып, оларды атты. Бір рет немістің сынық танкісіне бұғып отырып, екі немісті атты, үшінші оқпен окоптан шығып тұрған стереоқұбырды атты. Фашистер снайперді байқап, миномет пен зеңбіректерден оқ жаудырды. Танктің астынғы люгін ашып, Әлимя жерді бауырлап, өз бөлімшесіне жетті. Ұлы Октябрь мейрамы алдында Әлия бір күні жеті немісті атып түсірді. Бір күні дос қыздармен келе жатып, жеті фашистке жолықты. Біреуін Әлия, екеуін достары атты. Қалғаның қыздар қамауға алып, бастыққа әкеп тапсырды. 1944 жылдың қаңтарында Псков облысы Насва теміржол станциясынан немістерді шығару мақсаты қойылды. Фашистер қатты қарсыласты, артиллерия от жаудырды. Әлияның ростасының командиры қаза болды. Жауынгерлер сасып қалды. Сонда Әлия атып тұрып: «Отан үшін алға!», деп айқай салды. Оның соңында бүкіл рота көтеріліп шабуылға шықты. Әлияның қолына минаның сынығы тиді, бірақ ол автоматын тастамай бір неміс офицерін атты. Офицер жауап беріп, Әлияні екінші рет жарақаттады. Соңғы рет Әлия атып, немісті өлтірді. Казачиха деревнясының батысында, Смердель деген кішкентай өзеннің биік жағасында достары Әлияні жерледі. 1944 жылдың 14-ші қаңтарында қазақ халқының ер қызы, Ленинградтың ер қызы Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұлова отаны үшін, елі үшін батырлықпен шәйіт болды. Оның батальондық достары Әлия үшін жаудан қанды кек аламыз деп ант берді. Кеңес Социалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 4-ші маусымында көрсеткен ерлігі үшін ефрейтор Әлия Нұрмұхаммедқызы Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін Псков облысы Новосокольники ауданының әртүрлі жерлеріндегі жауынгекрлердің сүйектері Казачиха деревнясынан 4 шақырым жердегі Монаково селосына кіре берістегі жотадағы бір ағайындық зиратқа әскери салтанатпен жерленді. Менің байқауым, Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың тұған жерлері де жақын: Атырау облысы Орда ауданы және Ақтөбе облысы Хобда ауданы. Екеуі бір жерде қайтыс болды. Мәншүк Псков облысы Невель қаласында, одан теміржолмен солтүстікке қарай 60 шақырым жерде Псков облысы Насва станциясында Әлия қаза болды.