kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"?лия" - ?аза? ?ызыны? ?айсарлы?ын к?рсеткен ?н баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жа?а?зен 2014 ж

"?лия" - ?аза? ?ызыны? ?айсарлы?ын к?рсеткен ?н

?лы Отан со?ысында жау?азын ??мыры ?иыл?ан ?аза?ты? батыр ?ызы ?лия Молда??лова (1925-1944) рухына арнап к?ше аты да берілді, ескерткіш те ?ойылды, ?ле? де жазылды. Ал ?а?арман ?ыз?а жасал?ан та?зымдарды? ішіндегі е? ерекшесі Сейдолла Б?йтерековты? «?лия» ?ніеді.

«?лия» ?ні д?ниеге 1975 жылы келген екен. К?зі тірісінде сазгер былай деген екен: «?н ойымда біраз ж?рді. К?рделі ?уен жадымды баурай ж?нелді. Басында ы?ылдап ?ана ж?рдім. Бірде Б?кір Т?жібаевты? жыр жина?ын ?олыма алып, аша бергенім м?? екен, к?зіме а?ынны? ?лия Молда??лова?а арнал?ан ?ле? жолдары т?сті. Жадымда ж?рген ?уенге салып едім, ??йып ?ой?андай д?л келді. Б?л ?н арнау емес, б?л ?н - жо?тау. Бал?ын ?ызды? ерлігін ?лы?тау, ел жадында ?алдыру ?шін осындай ?н ?ажет-а?».

Дайын ?н жас ?нші На?има Ес?алиева?а ?сынылады. Алайда, ?н ке?інен сол кезде 17 жасар ?нші Роза Рымбаеваны? орындауында танылды. 1976 жылы «Золотой Орфей» бай?ауында ?н шыр?алып, бірінші орынды иеленді. М?скеуліктер «?лия» ?нін «Е? ?здік жыл ?ні» деп ба?алап, марапатта?ан болатын. «?лия» ?ні ар?ылы жас ?нші Роза Рымбаева к?пшілікті? к?зайымына айналып, ?нер к?гінде ке?інен ?анат ?а?уына жол ашты. Сондай-а?, «?лия» ?ні к?пшілікке сазгер Сейдолла Б?йтерековты де таныстырды. Себебі, сол кезде сазгер есімі елге та?сы?, аса танылма?ан екен.

«?лия» ?ні к?птеген жас ?ншілерді? ?н ?оржынынан табыл?анменен, халы? жадында ол халы? ?ртісі Роза Рымбаеваны? м??гі ?алатыны с?зсіз. ?н патриотты? рух пен ?лтты? ??ндылы?ты оятады. Тарих?а та?зым, ерлікті ?лы?тайтын ?сем ?н. «?лия» ?ні халы? ?азынасына айнал?ан, орны ерекше шы?арма болып ?ала бермек.

?лия

С?зін жаз?ан: Б?кір Т?жібаев
?нін жаз?ан: Сейдолла Б?йтереков

?обда, Нева суларын с?йіп ?скен,
?сем г?лін ??ша??а жиып ?скен.
А??у ??сты? бейнебір баласындай,

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"?лия" - ?аза? ?ызыны? ?айсарлы?ын к?рсеткен ?н баяндама »

№21 орта мектеп











Тақырыбы: "Әлия" - қазақ қызының қайсарлығын көрсеткен ән










7 «Ә» сынып

Сынып жетекшісі: Таймаганбетова Г.У









Жаңаөзен 2014 ж

"Әлия" - қазақ қызының қайсарлығын көрсеткен ән

Ұлы Отан соғысында жауқазын ғұмыры қиылған қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлова (1925-1944) рухына арнап көше аты да берілді, ескерткіш те қойылды, өлең де жазылды. Ал қаһарман қызға жасалған тағзымдардың ішіндегі ең ерекшесі Сейдолла Бәйтерековтың «Әлия» әніеді.

«Әлия» әні дүниеге 1975 жылы келген екен. Көзі тірісінде сазгер былай деген екен: «Ән ойымда біраз жүрді. Күрделі әуен жадымды баурай жөнелді. Басында ыңылдап қана жүрдім. Бірде Бәкір Тәжібаевтың жыр жинағын қолыма алып, аша бергенім мұң екен, көзіме ақынның Әлия Молдағұловаға арналған өлең жолдары түсті. Жадымда жүрген әуенге салып едім, құйып қойғандай дәл келді. Бұл ән арнау емес, бұл ән - жоқтау. Балғын қыздың ерлігін ұлықтау, ел жадында қалдыру үшін осындай ән қажет-ақ».

Дайын ән жас әнші Нағима Есқалиеваға ұсынылады. Алайда, ән кеңінен сол кезде 17 жасар әнші Роза Рымбаеваның орындауында танылды. 1976 жылы «Золотой Орфей» байқауында ән шырқалып, бірінші орынды иеленді. Мәскеуліктер «Әлия» әнін «Ең үздік жыл әні» деп бағалап, марапаттаған болатын. «Әлия» әні арқылы жас әнші Роза Рымбаева көпшіліктің көзайымына айналып, өнер көгінде кеңінен қанат қағуына жол ашты. Сондай-ақ, «Әлия» әні көпшілікке сазгер Сейдолла Бәйтерековты де таныстырды. Себебі, сол кезде сазгер есімі елге таңсық, аса танылмаған екен.

«Әлия» әні көптеген жас әншілердің ән қоржынынан табылғанменен, халық жадында ол халық әртісі Роза Рымбаеваның мәңгі қалатыны сөзсіз. Ән патриоттық рух пен ұлттық құндылықты оятады. Тарихқа тағзым, ерлікті ұлықтайтын әсем ән. «Әлия» әні халық қазынасына айналған, орны ерекше шығарма болып қала бермек.

Әлия

Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков

Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
"?лия" - ?аза? ?ызыны? ?айсарлы?ын к?рсеткен ?н баяндама

Автор: Таймаганбетова Гулбахар Уалихановна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187359


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства