Сабақтыңтақырыбы: Қыпшақ хандығы. ( XI – XIII ғасырдың басы)
Сабақтың мақсаты:
• Білімділік: Оқушыларды отандық тарихтың Қыпшақ хандығы дәуірімен таныстыру,даму ерекшеліктеріне және маңызын ашып көрсету. • Дамытушылық: Қыпшақ хандығындағы қазақ халқының қалыптасуындағы орнын айқындау. • Тәрбиелік: Оқушылардың Қазақстан тарихындағы Қыпшақ хандығы туралы біліміне тәрбиелік сипат беру. Көрнекілігі: Слайдтар, Қазақтан Республикасының мемлекеттік нышандары, бейне баян көрсетіледі. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгеру. Сабақтың әдісі: СТО жобасы бойынша,интерактивті әдіс-тәсілдерді пайдалану. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, карта,шығармашылық тапсырмалар. Күтілетін нәтиже: 1. Оқушылар қыпшақтардың қоныстанған жерлері, этникалық құрамы, қоғамдық құрылысы туралы жалпы мәлімет алып білімдерін толықтырады. 2. Қыпшақ хандығының әлеуметтік-экономикалық саяси жағдайы,ішкі және сыртқы саясаты, көрші елдермен қарым-қатынасы туралы білімдерін жетілдіреді. 3. Қыпшақ хандығы туралы жазған саяхатшылар мен тарихшылардың ой-пікірлерін біледі, өз ойларын ортаға салады, шығармашылық жұмыстармен айналысады. 4. Қыпшақтардың шаруашылығы мен қолөнері туралы мәлімет алады, жаңа ақпарат, қосымша деректермен танысады. І. Қызығушылығын ояту. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу. Топ басшыларын тағайындау. 1-топ: «Елбөрілі»2-топ: «Сығанақ»3-топ: «Алып-Дерек» «Галереяға саяхат» Қыпшақ хандығы туралы суреттер, слайдтар, карта 1. Қыпшақтардың қоныстанған, мекендеген жерлері 2. Қыпшақтардың этникалық құрамы 3. Қоғамдық құрылысы 4. Саяси жағдайы 5. Шаруашылығы. 1. Қыпшақтар: 1. Батыс бірлестік (11 тайпа) 2. Шығыс бірлестік (16 тайпа 8 — ірі, 8 — ұсақ) Басқаружүйесі: 1. Оң қанат (Сарайшық) 2. Сол қанат (Сығанақ)
ІІ. Мағынаны тану. «Кең ауқымды лекция» стратегиясы. Әр топ оқушыларына мәтін бойынша тапсырмаларды бөліп беру. Топтық жұмыс. Картамен жұмыс (қыпшақ тайпаларының орналасуы, этникалық құрамы, шығармашылық жұмыстар презентациясы) Қыпшақ хандығы туралы ой-пікірлерін жазған ғалымдар мен саяхатшылардың өмірі мен еңбегі туралы деректер. ІІІ. Ой толғаныс. № 1 тапсырма Көп нүктенің орнына тиісті сөйлемді жазу керек. I топ Елбөрі
Парсы ақыны Насыр Хосроу _______жылы Алтайдан Еділге дейінгі жерді Дешті Қыпшақ, яғни _________ ______ деп атады. Қыпшақтар Византия, Еуропалық жылнамаларда _________ деген атпен белгілі. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасуына __________ ғасырда Сырдың төменгі ағысы мен Арал маңында өмір сүрген ________ белсенді қатысқан. № 2 тапсырма II топ Сығанақ
_________ жылы Ресей жерінің оңтүстігін жаулап алған қыпшақтарды орыстар _________ деп атаған. Өлке ежелгі моңғол жазбаларында ________ атымен белгілі. Қыпшақтар конфедерациясы _________және_______ қыпшақ бірлестіктеріне бөлінген. Ең бірінші және басшы тайпа __________. № 3 тапсырма
Қыпшақтардың батыс бірлестігіне ______ тайпа кірген. Қазақстандағы қаңлы қыпшақтардың мемлекетінде дәстүрлі рулық тайпалық белгілер сақталып қалды, олар: ______, _________, _______, _______. Қазақстан аумағында ұзаққа созылған қыпшақ этникалық бірлестігінің қалыптасуы _____ кезеңнен тұрады. Қыпшақтар шығыстағы көршілері _________________ тығыз қарым қатынаста орнатты. Бұл қай тарихшының, саяхатшының сөзі сәйкестендіріңдер 1 Қыпшақтар аздап бидай, арпа өсіреді, көп өсіретіні –тары, ал тамақтарының негізгі түрі тарыдан жасалады. Әл-Омари Ибн Баттута 2 Қаңлылар қыпшақша сөйлейді екен. Плано Карпини Петахья 3 Қыпшақ тілінде құлды «яланкуг» деп атаған. МахмудҚашқари Плано Карпини 4 Қыпшақтардың жер жағдайы мал өсіруге өте қолайлы, мал жейтін шөптің жұғымдылығы сондай, олар малға арпа сияқты жем бермейді.Ал малдың көптігі соншалықты, ондай мал ешбір елде жоқ шығар. Ибн Баттута Әл-Омари 5 Қыпшақтар тары мен күрішті қөп өсіреді. Петахья Махмуд Қашқари Жаңа сөздер: Орда – хандық билік орталығы Бөрілер – ең белді, басты тайпа. Жатақтар – малы аз көшіп қонуға жағдайы жоқ кедейлер. «Кундар, командар» — венгрлер қыпшақтарды атаған «Половшылар» — орыстар қыпшақтарды атаған. Негізгі оқиғалар: VII — VIIIғғ.- қыпшақтардың этникалық құрамы құрылды. XI — XIIIғғ.- Қыпшақ хандарының билігі күшейді. XIIIғ.- Хорезм шахы мен қыпшақтар арасында шайқастар болды. Өзін-өзі тексеру сұрақтары 1. Хандық биліктің орталығы қалай аталды? А) боз орда В) орда С) көк орда 2. Тарихшы Жүзжани қандай тайпаны хандар әулетінің тайпасы деп атады? А) тоқсоба В) дурут С) елбөрілі 3. Қыпшақтар қай жерлерде қыстаған? А) Есіл мен Тобыл В) Маңғыстау мен Үстірт С) Елек пен Сарысу 4. Қыпшақтардың этникалық құрамы нешінші ғасырларда қалыптасты? А) ҮІІ-ҮІІІғғ В) ҮІІІ-ІХғғ С) ІХ-ХІғғ 5. Күші және беделі басым оң қанаттың ордасы қай қала болды? А) Сығанақ В) Алмалық С) Сарайшық 6. Қыпшақ ханы Қадыр-Буке хан мен оның жиені Алып-Деректің арасындағы билік үшін таласты кімдер тиімді пайдаланды? А) Хорезм шахы Мухаммед пен Әли Арслан В) Сатұқ Боғра хан мен Сүлеймен-ілік С) Хорезм билеушілері Текеш пен ІІ Мухаммед 7. Қыпшақтардың батыс бірлестігі неше тайпадан тұрды? А) 16 тайпа В) 8 тайпа С) 11 тайпа 8. Дунай бойына жетіп қоныстанған қыпшақтарды венгрлер кімдер деп атады? А) половшылар( далалықтар) В) Кундар(командар) С) қарлұқтар мен жікілдер 9. Әскери басқару жүйесі неше қанатқа бөлінді? А) оң және сол қанатқа В) батыс және шығыс қанатқа С) барунгар және жоңғар 10. Кедейлердің ішінде жер өңдеумен айналысатындар кімдер? А) егіншілер В) диқандар С) жатақтар Сабақты қорытындылау. Бағалау парағы бойынша оқушылардың білімдерін бағалау. Үйге тапсырма: 1. Қыпшақ хандығын зерттеген тарихшылар туралы қосымша мәліметтер дайындау. 2. Қыпшақ хандығы мен Қимақ мемлекетінің басқару жүйесіндегі ұқсастықтар туралы Венн диаграммасы.