К?лтегін ескерткішін ал?аш тауып, ?ылым ?леміне м?лімдеуші ?алымы Н.М. Ядренцев 1890 жылы Г.Гейкель фин-угор ?о?амыны? 1901 жылы В.В.Радлов баста?ан орыс ?алым-академиясыны? экспедициялары ескерткіш орнатыл?ан жерге барып, жазуды ?з к?здерімен к?ріп,тексеріп ?айтты. 1902 жылы Учжоуда?ы а?ылшын консулы К.Кэмпбелл К?лтегін ескерткішіне біраз зерттеу ж?мысын ж?ргізді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«К?лтегін ?лт м?расы»
Күлтегін ескерткіші - ұлт мұрасы
"Бірі сөз, бірі өлең, енді бірі өлең-сөз аралас жазылған»
М.Жолдасбеков
Зерттеудің мақсаты : Бүгінгі жас ұрпақ өз елінің, жерінің, ата-бабаларының тарихын білуі және жақсы ісінен үйреніп, келеңсіз кезеңдерден сабақ алуы, қорытынды жасай білуі тиіс.
Өзектілігі : Негізгі мақсат – жас ұрпаққа тарихи білім мен елжандылық тәрбиені қатар сіңіру. Отаншылдарды патриоттыққа тәрбиелейтін айтулы оқиғалар мен іс-әрекеттерді ашып көрсету.
Зерттеудің міндеті : Күлтегін ескерткішінің ұлттық мұра екендігін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының дереккөздері : Зерттеудің материалы ретінде өмірдеректер, баспасөз материалы, ғылыми еңбектер алынды .
Болжам : Егер біз түркі бабаларымыздың ерлік пен айбынға толы тарихын тастағы ескерткішінен оқып білсек, оны дәріптесек, қазақ халқының рухының жоғарылауына қол жеткіземіз, «барымызды бағалай білейік, бақытқа қол жеткіземіз».
Зерттеу әдіс-тәсілдері:Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, талдау, жинақтау сияқты зерттеу жұмыстары жүргізілді .
Зерттеудің жаңалығы : Күлтегін ескерткіші -отансүйгіштіктің тың қайнар көзі.Зерттеу жұмысының құрылымы:Ғылыми жоба кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан, пайдалынған әдебиеттер және қосымша суреттерден тұрады.
Тарихнамасы
Күлтегін ескерткішін алғаш тауып, ғылым әлеміне мәлімдеуші – орыс ғалымы Н.М.Ядринцев.
1890 жылы Г.Гейкель фин-угор қоғамының, 1901жылы В.В. Радлов бастаған Орыс Ғылым академиясының экспедициялары ескерткіш орнатылған жерге барып, жазуды өз көздерімен көріп, тексеріп қайтады.
1902 жылы Учжоудағы ағылшын консулы К.Кэмпбелл Күлтегін ескерткішіне біраз зерттеу жұмысын жүргізеді. 1909 жылы француз саяхатшысы де Ля Кост келіп тексереді. 1912 жылы В.Л.Котвич деген ғалым қарастырады.
1958 жылы монғол-чехославак біріккен ғылыми экспедициясы Күлтегін ескерткішінің орнына қазба жұмыстарын жүргізді. Бұған басшылық еткен чех археологы Л.Иисль.
Орхон-енисей жазуларының 1893 жылы оқылу кілтін тауып, мәтіндерді түгел оқыған Дания ғалымы В.Томсен болды.
Өзге ел ғалымдарынан еш қалыспай зерттеп, Күлтегін ескерткішін қазақ топырағында алғаш танытқан қазақ ғалымы Ғұбайдолла Айдаров болды .
Қазақ тілі – түркі тілінің төл негізін сақтаған, табиғи дамуы жоғары тіл. Күлтегін ескерткішін қазақ топырағында алғаш танытқан қазақ ғалымы Ғұбайдолла Айдаров болды.
Ол 1960 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының біріккен кеңесінде «VIII ғасырдағы Тоныкөк ескерткіші және оның қазіргі кездегі кейбір түркі тілдеріне қатысы» тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. Оның алғашқы монографиялық еңбегі «Язык орхонского памятника Бильге Кагана» деген атпен 1966 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрді және «Көне түркі жазу-ларынан мағлұматтар» деген студенттерге арналған көмекші құралын жазды. Ең бір бағалы еңбегі –4 тарау-дан тұратын 1995 жылы жарық көрген «Күлтегін ескерткіші» еді.
Кириллица жазуы мың жылдың арғы-бергi тұсында ғана пайда болды десек, бабаларымыздың одан 600 жыл бұрын тіл жазуы, әдебиетi, тiл мәдениетi болғанын осы тасқа басылған таңбалы жазулар дәлелдейдi.
«Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу, сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы болып есептеледі. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол жазу «Үлкен жазу» /КТб/ деп, ал 13 жол жазу – «Кіші жазу» /КТм/ деп аталады.
Ескерткіш үшбұрышты тастан орнатылған. Ескерткіштің биіктігі – 3 метр 15 сантиметр;
Ені – 1 метр 24 сантиметр;
Қалыңдығы – 41 сантиметр;
Ескерткіштің жоғарғы жағы бес бұрышты.
Қырларында айдаһардың суреттері бейнеленген.
1961 жылы ескеткішке жай түсіп, күл-талқан болған.
80 – жылдары ескерткіштің жайы, қорғалу керектігі туралы О.Сүлейменов
белсене атсалысты.
Кіші жазудаалдымен Күлтегіннің туған ағасы Білге қаған /Могилян/ туралы айтылады.«Теңірідей теңіріде болған Түрік Білге қаған бұл кезде отырдым. Сөзімді түгел естіңдер, кейінгі іні-жиенім, оғланым, бергі тайпам, халқым»Одан әрі қарай Білге қағанның түркі тайпалары үшін көп еңбек еткені жайлы айтылады .
Кіші жазуға кезек берсек:«Қаған болып, жарлы халықты бай қылдым, аз халықты көп қылдым. Түрк бектері мен халқы мұны есітіңдер. Қандай сөзім болса, мәңгі тасқа жаздым. Табғаштан оюшылар /шеберлер/ әкелдім. Ойғыздым. Менің сөзімді бұзбады. Мәңгі тас /ескерткіш/ орнаттым, жаздым. Оны көріп ұғыңдар».Бұл жазуды жазған туысы Иоллығ тегін.
»
Үлкен жазудыңалғашқы жеті жолы түркі қағанатының қалыптасу дәуіріне арналады. Бұдан соң ата-бабалары өліп, түркі қағанаты әлсіреген шақта мемлекет басынаКүлтегіннің әкесі Құтлығ қағанныңотырғандығы және ол кездегі түркі тайпалары арасындағы жағдайлар баяндалады.
ЕскерткіштегіҮлкен жазусоңындаКүлтегіннің
47 жасында дүние салуы, түркі халықтарының
қоштасу-жоқтауы, оны жерлеу, оған ескерткіш
орнатылғаны туралы сөз болады. Күлтегінге
арналған ескеткіштің жалпы мәні осындай.
Ескерткіште 20 шақты кісі аттары кездеседі.
Олардың алғашқысы болып Бумын қаған айтылады. Баз және БарсБег та түрік қағандары. Бұлар жөнінде ескерткіште мәлімет көп кездеспейді. Білге қаған – Құтлығ қаған баласы, 684-734 жылдары өмір сүрген . Ілбілге қатын – Құтлығ қағанның жұбайы. Күлтегін мен Білге қағанның шешесі. Елтеріс /Құтлығ/ қаған – Шығыс Түрік қағанатын қалпына келтірген қайраткер, 692 жылы қайтыс болады. Істеми – түрік қағаны, Күлтегін – Құтлығ қағанның баласы. Иоллығ Тегін – Күлтегін және Білге қаған ескерткіштерінің түркі тілінде мәтінін құрастырған тұлға. Осы аталған тұлғалардан басқа тағбаш, татабы, оғыз халықтары атынан Күлтегінді жерлеуге келген адам аттары кездеседі.
Күлтегін ескерткішіндегі түркі сөздері мен қазақ сөздерінің айтылуы мен мағынасы да ұқсас мысалдарды келтіре кетсек:
Көне түркі сөздері
апа – ұлы туыс
Қазақ тіліндегі сөздер
апа
ақа
аға
ақаным
менің ағам
іні
қатун
іні
қатын
баш, бас
бас
көз
көз
тізе
алтун
тізе
алтын
ат
ат
куч
күш
Теңрі
Тәңірі
оқ
оқ
ел, іл
ел, мемлекет
есід
есіт
алп
алып т.б.
Company Logo
Күлтегін ескерткішінің құндылығы оның елжандылықтың тың, жоғары үлгісі болғандығында деп түйіндеуге болады. Түркі халқының жоқ болмауын, халық болуын қадап тұрып айтып тасқа қашаған бабалар сөзінің құдыреті бүгінге жет-ті. Мысалы:«Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін».
Ұсыныс:Мектептегі тәрбие саласына Күлтегін ескерткішінің елжандылық құнды-лығын ұсынуға әбден болады.
Ғалым Ғ.Айдаров өмірге келген топырақ – Сайын ауылында жас ұрпақ ұлт мұрасын оқып, танып, өсіп келеді
Тоныкөк бабамыз:
«Tүркі жұртының мұраты – Мәңгілік Ел»
«Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.
Бәріміздің де туған жеріміз біреу – қасиетті қазақ