Сыныбы: 6 | Күні: 25.04.2016 жыл. |
Сабақтың тақырыбы | §41. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі. |
Мақсаты
| Әлем мәдениетінің дамуына үлес қосқан көшпелілер өркениеттін саралау. |
Күтілетін нәтижелер
| А. Қытайдан басталып, Римге барып аяқталатын Ұлы Жібек жолының маңызын, көшпелілердің , оның ішінде сақтардың «Аң стилі» өнерін, мемлекеттік басқару жүйесін және көне жазуы туралы біледі. В. Ежелгі металлургия орталығы болған жерлерді картадан көрсетіп, ерекшеліктерін анықтайды. С. Көшпелілердің әлем тарихында алатын орнын бағалайды. |
Керекті жабдықтар
| Қазақстан тарихы /Ә.Т.Төлебаев, Ғ.Д.Іргебаев Алматы «Атамұра» 2015 /, флипчарт, ақ парақ, қалам сап, әдістемелік құрал, ресурс парақтары, бланкілер және фламастер, Бейне роликтер, карта, тірек- сызба, интербелсенді тақта. |
Сабақ барысы: |
Сабақ кезеңдері | Уақыты | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
Кіріспе
| 5мин
| Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушыларды «мозайка» арқылы топқа бөлемін.
«Коктейль таяқшасы» әдісімен үй тапсырмасын сұраймын.
| Топқа бөлініп ынтымақтаса жұмыстанады. Оқушылар коктейль таяқшасын алып, үй тапсырмасын жұптасып, болмаса үштікте бір-біріне айтады. Нәтижесінде өз білімінің қаншалықты деңгейде екенін саралап,«Ғажайып сызғыш» әдісі арқылы өзін өзі бағалайды. |
Тұсаукесер
| 5 мин
| Табыс критерийлері: А. Қытайдан басталып, Римге барып аяқталатын Ұлы Жібек жолының маңызын, көшпелілердің , оның ішінде сақтардың «Аң стилі» өнерін, мемлекеттік басқару жүйесін және көне жазуы туралы білу. В. Ежелгі металлургия орталығы болған жерлерді картадан көрсетіп, ерекшеліктерін анықтау. С. Көшпелілердің әлем тарихында алатын орнын бағалау. Құпия зат – мына зат бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз: Бұл не? деп СҰРАМАҢЫЗ. |
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы тақырыпты ашады. |
Негізгі бөлім
| 25мин
| «Жұптасып-ойланып-бөліс» әдісі арқылы сабақты өздігінен меңгеру ,
І-топ: Көшпелілердің жылқыны қолға өсіруі, Ұлы Жібек жолы;
ІІ-топ: «Аң стилі», Ежелгі металлургия орталығы;
ІІІ-топ: Мемлекеттік басқару жүйесі. Руна жазуы, Білге қаған, Күлтегін және Тоныкөк жазуы. Эпос. | Топтар оқулық материалдарынан және қосымша мәліметтерден алған мәліметтерін қосып постер құрады. Құрып болғаннан кейін басқа топтардың алдында қорғайды. Әр топ сағат тілімен бағыттала отырып, бағалау критерийлеріне сүйеніп «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі арқылы өз ара бағалайды.
Постерді бағалау критерилері: Тақырып мазмұнының ашылуы Безендірілуі Шығармашылығы |
Қорытынды
| 10 мин | «Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылайды.
АББҚ бар оқушыға бағдар карта беремін.
«Блоб ағашы» арқылы кері байланыс жасайды. | Табыс критерийлері:
табыс критерийлері арқылы өзін-өзі бағалау.
Сабақтан алған әсерлері жайында рефлексия парағын толтырады. |