Просмотр содержимого документа
«« Көшпелі және отырықшы өркениеттер»»
Үй тапсырмасын сұрау Блиц-турнир 1.Материалдық мәдениет дегеніміз не ? (Мысал келтіру ) 2.Қойбағар , Арпаөзен , Таңбалы жерлеріндегі /Іле –Шу аңғарлары/жартастардағы суреттер не дейді ?Бұл туралы кім жазып қалдырған? 3.Көшпелілер арбаға не жеккен ? Бұл туралы мәлімет кімдердің жазбаларында кездеседі? 4.Сиынатын басты құдайы ? Нені құрбандыққа шалған? 5.Жерге талас шыққанда «Бұл жерде менің ата –бабамның сүйегі жатыр , сондықтан бұл менің жерім» деген сөзге не айтуға болады? 6. Отқа май құю салты бар , оны қалай түсіндіруге болады ? 7. «Аң стилі» дегенді қалай түсінесің .Бұл өнер туындыларынан нені байқауға болады ? 8.Ертедегі шеберлер көп жағдайда өздерінің қоршаған жануарлар дүниесін бейнелеуге тырысқан және қандай жануарларды бейнеледі ? Не себепті?
«Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестету үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек» Н. Ә. Назарбаев Сабақтың тақырыбы :« Көшпелі және отырықшы өркениеттер»
Сабақты ң мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға ертедегі көшпелілер мен отырықшылар байланыстары .«Көшпелі өркениет »ұғымын , қалалардың өсуі , жартылай көшпелілермен қарым –қатынастың дамуы жайлы жан- жақты толық түсінік беру , темір дәуірі мен орта ғасырлардағы байланыстарға тоқталып , білімдерін толықтыру .
Дамытушылық: Өз беттерімен қорытынды жасауға дағдыландыру , негізгіні ажырата білуге , өз беттерімен жұмыс жасауға , зерттеу жұмыстарын қорғай білуге , ой –өрісін дамытып , өзіне деген сенімін , пәнге қызығушылығын арттыру , өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру .
Тәрбиелік: Адамгершілікке , имандылыққа , тарихи е скерткіштерді қорғауға , Отанын сүюге , мақтанышпен қарауға , өнер ескерткіштерін бағалай білуге тәрбиелеу .
Көшпенділердің ұлан-байтақ аумағы
Жаңа сабаққа кіріспе1. Өркениет дегеніміз не ?Өркениет – өркендеген немесе дамыған мемлекет деген ұғым. Алайда алғашқы көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек .Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру –тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген . Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай , басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған . Қару –жарақ , құрал –саймандарды , әсіресе металл өңдеудің өркендеуі ,әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдарды өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан .Археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениетінің бар екенін дәлелдеді . Шындығында бұл екі өркениет бір –бірінсіз өмір сүрмеген . Олардың байланысы ежелгі дәуірлерден –ақ белгілі .
Енді жаңадан бой көтерген қалаларға саяхатқа барайықСұрақ1. –б.з.дҮІІ –Ү ғасырларды Қазақстан қай елдермен өркениетті қарым –қатынас жасаған ?2. –Жазба деректер мәліметтері бойынша қарым –қатынас барысында көптеген көрші мемлекеттермен өркениет байланыстарының болғандығы айтылады , мысалы қай елдермен ?
Темір дәуірінің соңы /б.з.д.ІІІ-б.з.Ү ғғ/көшпелі және отырықшы өркениетті елдер арасындағы байланыстар.-Қытай –үйсін байланыстары
-Қытай –ғұн байланыстары
-Қытай –қаңлы байланыстарыЕрте орта және орта ғасырлардағы байланыстар /б.з.ҮІ-ІХғғ
-Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс
-Қала тұрғындары мен дала тұрғындарының байланысы
-ХҮІғ Өзбек хандығы мен Қазақ хандығының байланыстары
-Орталық Азия мен Қазақстан байланысы
Қалалардың өсуі, жартылай көшпелілердің қарым-қатынасының дамуы .
- Қалалық мәдениеттің дамуы
Қандай қалалар бой көтерді?
-Шу аймағындағы Баласағұн қаласының өсіп –өркендеуі жайлы не айтасың?
-Жартылай көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыстың дамығандығын дәлелде
-Қалалардың ішкі құрылыс жүйелерінде қандай жаңа құрылыстар салынды ?
-Екі жақтың да қоғамның дамуына қосқан үлесі?
Ойтолғаныс
«Көшпелілер өркениетінің қазақ елінің дамуында қандай әсері болды?»
Жағымды Жағымсыз
Мысал келтіру
Сабақты қорытындылау:
Келісемін Келіспеймін
Малды қолға үйрету орта тас ғасырында кездеседі.
Түріктер асыл тастармен металды батыс елдерінен әкелді
Қалалардың құрылысы үш бөліктен жасалған
Қыш құмыра жасау өнері қала тұрғындарында жақсы дамыған
Таразы қаласынан Қытайлар ақша шығарды
Оқшантайға пышақ пен қайрақ салған
ҮІ-ІХ ғасырларда Оңтүстік Қазақстанда мәдениет дамыды.
Жер- отырықшылардың , көшпенділер - жердің тағдырын белгілеген
Сақтардың қанжары
Көшпенділердің отырықшы жұрттармен кейде соғысқа түсіп отырған
Көшпенділер қала салған ба?
Көшпенді тайпалар мәдениетінен сыр шертер 2 оба табылды .
Көшпелі және отырықшы ортада кездесіп тұратын ру немесе ұлт аралық әртүрлі жиындар.
Жерімізде қола дәуірінің кезінде-ақ мал өсірудің басты үш түрі дамыды.
Мал шаруашылығының түрлері
Таралған аумағы
Көшпелі
Батыс және Орталық Қазақстан
Жартылай көшпелі
Жетісу, Шығыс қазақстан, Батыс Алтай, тау бөктерлері
Отырықшы
Оңтүстік Қазақстан, Сырдария, Шу, Талас , Кеген
Көшпелі өркениет артықшылықтары:
Есік обасындағы алтын киімді адам бұйымдары материалдық мәдениеттің;
Алтыннан жасалған зергерлік бұйымдар – рухани мәдениеттің;
Күміс тостағандағы жазу – мемлекеттіліктің;
Бесшатыр, Түгіскен, Ұйғарақ күмбездері – сәулет өнерінің дамығандығын дәлелдейді.
Күміс тостаған түбінде: «Халықта азық-түлік мол болғай!»деген тілек мемлекеттің болғандығын көрсетеді.
Көшпенді қазақ халқының сәулеттік құрылысы – киіз үй