1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Версаль-Вашингтон жүйесі "»
Версаль-Вашингтон жүйесі-1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы- Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығары лып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары ара- сында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден деле- гаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады. Дүниені қайта құру
Париж конференциясының алдында соғыстан кейінгі халықаралық қатынастағы, әлемдегі өзгерістерді ескере отырып, дүниені қайта құру мәселесі тұрды:
- халықаралық қатынастағы өзгерістерді ескере отырып, жаңа принциптерді қалыптастыру;
- ірі капиталистік елдер арасындағы дүниежүзілік ықпалды реттеу;
- Германия мен Түркияның отарларының тағдырын шешу.
Ірі державалық елдер бұл мәселелерді Париж конференциясында өз мүдделеріне ыңғайлы шешу үшін күрес жүргізді. АҚШ-тың конференциядағы негізгі мақсаты - дүниежүзілік әлемде өзінің үстемдігін қалыптастыру болды. Бірақ бұған Париж конференциясында Франция мен Англия басшылары қарсылық жасады. АҚШ-тың мұндай саясат жүргізуіне оның бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикалық дамуы негіз болды. Соғыстан кейін Франция мен Англияның экономикасы күйзеліске ұшырап, экономикалық даму жағынан АҚШ-тан артта қалды. Соғыстың ауыртпалығын Франция мен Англия көтерді. АҚШ соғысқа тек 1918 жылы ғана кірісті. Соғыста АҚШ-тың 50 мың адамы өліп, 230 мың адам жара- ланған. Соғыс жылдарында АҚШ соғыс өнеркәсібі 335 млрд. доллар таза пайда келтірді. 1919 жылы АҚШ дүние жүзінде көмірдің 50% өндірді; автомобильдің 85% шығарды.
14 пунктік бағдарлама
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін АҚШ дүниежүзінде қаржы саласында толық үстемдік алды. Шетелдердегі инвестициясы өсіп, Канада мен Латын Америка елдерінде 7 млрд. Доллар, Еуропа елдерінде 18 млрд. долларға жетті. АҚШ президенті В. Вильсон: «Дүниежүзіне кім көп ақша берсе, сол ел әлемде билік жүргізуі қажет» - деген болатын. Сөйтіп, АҚШ дүниежүзілік үстемдік жасау үшін күрес жүргізді. Бұл саясатты іс жүзіне асыру үшін АҚШ президенті Париж конференциясына «14 пункттен» тұратын бағдарламасын әкелді. Бағдарламаның мазмұны төмендегідей болды:
- Антанта елдерінің арасындағы жасырын келісімдерден бас тарту;
- дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздерде еркін жүзу;
- барлық кедендік кедергілерді жойып, халықаралық «ашық есік» және «ашық қол» принципін сақтау;
- отар елдердің мәселесін әділетті шешу;
- қару-жарақты қысқарту;
- Германиямен және оның одақтастарымен әділетті келісімдер жүргізу;
- дүниежүзілік дау-жанжал мәселелерді бейбіт жолмен шешу үшін халықаралық ұйым - Ұлттар Лигасын құру.
Бірінші дүниежүзілік соғыс
Бірінші дүниежізілік соғыстың шығу себептері және оның сипаты
Империалистік дәуірде жеке елдердің біркелкі дамымауының нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс болды. XX ғасырдың басында халықаралық жағдай күрт шиеленісіп, ірі мемлекеттер арасындағы бақталастық күрес күшейді. Англия дүниежүзілік шеберхана атанған дәрежесінен өнеркәсібі дамудағы бірінші орнынан айрылды. Елдің басын біріктіру арқасында және Француз–прусс соғысының нәтижесінде бес миллиард марк контрибуция алған Германия өз экономикасын жедел дамыту мүмкіндігіне жетіп, өнеркәсіп өнімдерін шығаруда Англияны үшінші орынға ығыстырып, дүние жүзінде АҚШ-тан кейінгі екінші орынға шықты. 1912 жылы мысалы, Германияда 17,6 миллион тонна шойын қорытылса, Англияда 9 миллион тонна ғана болды. Экономикалық қуатының шапшаң өсуін пайдаланған жас герман империалистері жаңа нарықтық аймақтарды алуға, отарланған жерлерді қайта бөлісуге, еуропалық континентте билік жүргізуге тырысты.
Германияның күшеюі Еуропадағы басқа ірі мемлекеттерді абыржытты. Әсіресе отарлап алған жері жеткілікті әрі өнеркәсібі ерте дамыған, байырғы империалистік елдерді ― Франция мен Ресейді қатты алаңдатты. Оның үстіне герман–австриялық одақ шартына қол қойылды, оған Италияның қосылуы жас герман империалистерінің Еуропадағы салмағын күшейтті. Осы құрылған үштік одаққа жауап ретінде орыс-француз одағы пайда болды. Бұл еуропалық мемлекеттерді екі антогонистік топқа бөліп, екі жақты шешуші шайқасқа дайындыққа кірісті.
Алайда, британиялык басқарушы топтар осы екі тогопистік одаққа деген қарым катынасын бірден айқын ұстаған жоқ. Өйткені, ағылшын империалистерінің француз және ресейлік империалис-теріне қарағанда қарама кайшылықтары күрделі еді. Тіпті Англия алғашқы империалистерінің Еуропадағы ықпалының өзінің орыс және француз бақталастарын әлсіз деп ессптеді. Ресейді әлсірету мақсатымен британиялық басшылар 1902 жылы ағылшын-жапон одақ шартын жасады. Жапония мұны өзінің Ресейге қарсы соғысында шебер пайдаланды.
Дегенмен, германдық сауданың өсуі, оның жаңа нарықтарды иемденіп, одан ағылшын бұйымдарын ығыстыра бастауы Англия мен Германия арасындағы қатынасты қиындата түсті.
Германияның қуатты әскери-теңіз флот құру үшін бағдарлама жасауы Англияның сыртқы саясатына күрт өзгерістер енгізді. 1904 жылы бұл елде Франциямен жақындасу үшін ірі қадамдар жасалды. Бұл Англия мен Ресей арасындағы қарым-катынастардың жақсаруына алғы шарт жасадьі. Патша өкіметі Антантаға тәуелді еді. 1908 жылы оның шет елдерге борышы 8 миллиард сомға тең болды. Оның үстіне Ресей Англия меи Францияның көмегі арқасында бұғаздарды пайдалануға үміт етті. Ал Антанта Германиямен үлкен соғыс бола қалған жағдайда Ресейдің ірі -әскери күшін пайдаланбақ еді. Бірақ ағылшын-орыс қатынастарын жақсарту ісі қиындыққа түсті. Ең алдымен олар өздерінің Иран, Ауғанстан, Тибеттегі бақталасты істерін реттеді. Ақырында орыс-француз одағы мен ағылшын–француз Антантасы бірігіп, үштік келісімге айналды.