Конспект урока "Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл"
Конспект урока "Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл"
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Конспект урока "Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл"»
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдумнегізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
Мазмұны
[жасыру]
1Тарихы
1.1Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
1.2Қазақ КСР Конституциясы 1937 жыл
1.3Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
1.4Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
1.5Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл
1.5.1Конституция құрылымы
1.5.2Өзгертулер мен түзетулер
1.5.2.11998 жыл
1.5.2.21998 жыл
1.5.2.31998 жыл
2Сыртқы сілтемелер
3Дереккөздер
Тарихы
Қазақ АКСР Конституциясы 1926 жыл
Алғашқы Қазақстан Конституциясы 1926 жылы 18 ақпанда КСРО құрылғаннан кейін 1925 жылғы РСФСР Конституциясы ескеріле отырып, ҚазАКСР Орталық Атқару Комитетінің қауылысымен түпкілікті редакцияда қабылданды, өйткені бұл кезде Қазақстан РСФСР-дың бір бөлігі еді. Бұл Негізгі заң басқару нысанын, мемлекеттік құрылысты, саяси режимді, мемлекеттік билік органдарының құрылымын, атқарушы-өкім беруші органдарын бекітті. Сайлау құқығының, бюджеттік құқықтың негізгі бастаулары белгіленді. Осы Конституцияға сәйкес Қазақстан РСФСР құрамындағы толық құқықты республика болып танылды.[1]
1937 жылдың 26 наурызында Кеңестердің Бүкілқазақстандық Төтенше Х Съезінде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы 11 бөлім мен 125 баптан тұрды. Ол жерде «КСРО Конституциясының 14-бабынан тыс Қазақ КСР өзінің егемендік құқықтарын толық сақтай отырып, мемлекеттік билікті өздігінен жүзеге асырады» делінген. 1937 жылдың Конституциясында экономикалық, саяси қорғаныс салалары бойынша өзара ықпалдастықты іске асыру мақсатында басқа да тең құқылы республикалармен еркін түрде одақтасуға құқылығы (13-бап), Қазақ КСР келісімінсіз территориясын өзгертуге тыйым салу (16-бап), жоғарғы республикалық және мемлекеттік биліктің жергілікті органдары қалыптастыратын, заңнаманы жүзеге асыру, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті және де азаматтар құқығын, салық салу т.б. мәселелерді қорғау бойынша республика саясатын жүргізу құқықтары бекітілген (19-бап). Сонымен қатар, сот пен прокуратура жүйесі қамтылған. Халық соттары аудан азаматтарының тарапынан құпия сайлау жолымен жалпы, тікелей және тең сайлау құқығы негізінде сайланып, сот ісін жүргізу қазақ тілінде, ал басқа ұлт өкілдері шоғырланған аудандарда олардың ана тілдерінде жүргізілуі тиіс болған (83-90-баптар). 1937 жылдың Конституциясында азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері анықталған: еңбек етуге құқылығы (96-бап), демалысқа құқылығы (97-бап), қартаю, ауру болу және еңбекке қабілетсіз болып қалу жағдайларында материалды қамтамасыз етілуге құқылығы (98-бап), денсаулық сақтау, сөз, баспасөз, жиын, митинг, көше шерулері мен демонстрацияларға еркіндік берілуі кепілдігі, тұлғаға, тұрғын-жайға, азаматтардың хат жазысу арқылы жеке хат алысуға дербес құқықтары, шетел азаматтарына саяси баспана беру құқығы.
Қазақ КСР Конституциясы 1978 жыл
ІХ шақырылған республика Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс VII сессиясында 1978 жылы 20 сәуірде қабылданған Қазақ КСР Конституциясы кіріспеден, 10 бөлім, 19 тарау және 173 баптан тұрады. Конституцияға сәйкес, бүкіл өкімет билігі жұмысшы, шаруа және еңбек интеллигенциясы таптарына жататын халықтың қолында болды.[1]
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1993 жыл
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы 1993 жылы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданды. Ол кіріспеден, 4 бөлім, 21 тарау және 131 баптан тұрады. Конституция Қазақстан мемлекеттік егемендігін алған сәттен бергі көптеген құқықтық нормаларды:
халықтық егемендік
мемлекет тәуелсіздігі
билікті бөлісу принципі
қазақ тілін мемлекеттік деп тану
Президентті мемлекет басшысы деп тану
сот органдарын — Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Арбитраждық соттар және
бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.
1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Конституция құрылымы
I бөлім. Жалпы ережелер
II бөлім. Адам және азамат
III бөлім. Президент
IV бөлім. Парламент
V бөлім. Үкімет
VI бөлім. Конституциялық кеңес
VII бөлім. Соттар және сот төрелігі
VIII бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
IX Бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер
Өзгертулер мен түзетулер
1998 жыл
1998 жыл
1998 жыл
Қазақстан Республикасындағы тiл туралы Заңы You are here
Басты бет
Жарияланған күні: 30 сәуір 2007 - 18:02
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды. Осы Заңы 4-шi бабында: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тiлi - қазақ тiлi. Мемлекеттiк тiл - мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi. Сонымен бiрге, Үкiмет, мемлекеттiк органдар мемлекеттiк тiлдi яғни қазақ тiлiн барынша дамытуға, оның халықаралық беделiн нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тiлiн сақтауы мен дамытуы үшiн көмек көрсетуге мiндеттi деп көрсетiлген. Аталған Заңның 1-шi бабында диаспора деген терминге «өзiнiң тарихи шығу тегiнен тысқары елде тұрып жатқан халықтың бiр бөлiгi (этникалық қауымдастық)» деген түсiнiктеме берiлген, яғни шет елдерде тұрып жатқан бiздiң қандас бауырларымыз. Қазақ халқы өзiнiң тарихи отанында тұрып ақ, ешқандай қуғын-сүргiнсiз ана тiлi мәселесiне келгенде диаспораға органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы № 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты. Қаншама жетiлген заңдар, бағдарламалар қабылданғанмен, оны iске асыратын адамдар. Әрбiр қазақ азаматының бойында өзiнiң ана тiлiне деген құрмет, оның кұдыретiне бас июшiлiк сезiмi қалыптаспайынша, қазақ тiлiнiң көсегесiн көгерту қиын. Орыс халқының тектi тұқымының бiрi - режиссер Андрей Кончаловский «Гомердiң «Одиссеясын» толық түсiну үшiн, арнайы грек тiлiн үйрендiм» дегенде, 20-шi ғасырдың Гомерi атанған Жамбылдың жырын, Абайдың өлеңiн, Әуезовтың прозасын түсiну үшiн, мен арнайы қазақ тiлiн үйрендiм деп айтатын күн туарма екен деп ойлаймыз. Ана тiлiнде бiр кiтап оқымай ақ, ел басқарып жүрген азаматтар аз емес. Әр халықтың ана тiлi - оның жаны, халқының қайталанбас үзiндiк кейпi, ұлттық болмыс-бiтiмiнiң бейнесi, ғасырлар бойы жинақтаған рухани байлығының көзi, iшкi жан дүниесiнiң өзiне ғана тән құпиясы. Кезінде Гегель өзiнiң «Эстетикасын» француздардың аударып жатқанын естiгенде, менiң ойларымды жеткiзуге олардың тiл байлығы жетер ме екен деп күмәнданған екен. Мемлекеттiк қызметшiлердiң арасында қазақ тiлi iс қағаздарын жүргiзуге қолайсыз тiл, тиiмдi ойды жеткiзе алмайды деген кереғар пiкiр қалыптасқан. Оларға менiң айтпағым, Мұхтар Әуезовтың жиырма томдық шығармалар жинағының, қазақ тiлiн зерттеушiлердiң, жазушының сөздiк қорында 29.483 сөз бар екенiн, сонын iшiнде таза қазақ сөздерiнiң ұзын саны 23.740, қалғаны кiрме сөздер екенiн анықтағанын, салыстыру үшiн айтқанда, А.С.Пушкин шығармаларында 21.197, ал Шекспир шығармаларында 15.000 сөз бар екенi анықталған - ғылыми дерек. Орыс тiлiнiң Академиялық 4 томдық түсiндiрме сөздiгiнде сексен мыңнан аса сөз болса, ал қазақтың түсiндiрме сөздiгiн жасау қолға алынған 50-шi жылдардың орта тұсында 350 мыңдай тіл сезiмiз бен тiркесiмiздiң тiзiмге алынғаны белгiлi жәйiттер. Мұның бәрiн талдап жатқанымыз, ұлттық өзiмшiлдiктi ояту емес, «Тауларды аласартпай, даланы қастерлейiк» деген бiртуар азамат ақын Олжас сияқты, өзге тiлдi кемсiтпей, көкiрегi ояу, саналы азаматтарға ой салғым келгендiктен айтып тұрмын. Тағдырдың талай тауқыметiн тартсадағы қазақ халқы өз тiлiнiң тұтастығы мен тұнықтығын сақтай бiлген, бiздiң тiл сорлы тiл емес, кадеге жарата бiлсек, құдыретті тiл. Қаһарман жерлесiмiз Бауыржан Момышұлы 1944 жылы Москва түбiнде шайқасып жүрiп, сол кездегi Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетiнiң хатшысы Әбдiқалықов жолдасқа «қазақ тiлi туралы пiкiр» атты хатында «Тiлсiздi айуан дейдi. Тiлi кедей елдi мәдениетсiз, анайы, надан халық деп санайды. Қазақ тiлi еш уақытта өзiмен көршiлес халықтың тiлдерiнен сорлы болып, қатардан қалып өмiр сүрмегендiгi мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе едi» деп жазған екен. Батыр Баукең айтып кеткен тiл мәселесi - әлi сол күрделi күйiнде қалып отыр. Тiл туралы Заңның 9-шы бабында «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiлуi мүмкiн» делiнген. Осы қағидаға сәйкес, орыс тiлiнде ойлап, жазуға дағдыланған мемлекеттiк қызметшiлер, еш уақытта басын ауыртып, қазақ тiлiнде құжат дайындамасы - өмiр шындығы. Қазiргi кезде, мәртебелi мекеменiң бәрiнде аудармашылар бар, саны бар да, сапасы жоқ, үйткенi аудармашылық сирек дарын, өнердiң төресi, екiнiң бiрi жақсы аудармашы бола алмайды. Сондықтан, ресми органдардың аударма құжаттарын, орысша мәтiнiнсiз түсiну тiптi мүмкiн емес. Осының бәрi айналып келгенде қазақ тiлiнде iс жүргiзуге қолбайлау болып тұр Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, менiң төмендегiдей ұсыныстарым бар: 1. Мемлекеттiк органдарда iс қағаздарын жүргiзуде қос тiлдiлiктен, бiр тiлдiлiкке, яғни қазақ тiлiнде жүргiзуге көшу керек. Ол үшiн тiл туралы Заңның тиiстi баптарына өзгерiс енгiзу қажет. 2. Ата Заңымыздың 7-шi бабының «Мемлекеттiк ұйымдарда және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады» деген 2-шi тармағын алып тастау қажет. 3. Тiл туралы Заңның 24-шi бабында «Қазақстан Республикасының тiл туралы Заңының бұзылуына кiнәлi мемлекеттiк органдардың, кез келген меншiк нысанындағы ұйымдардың 1-шi басшылары, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес жауапты болады» делiнген. Заңның осы қағидасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы Кодексiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу қажет. 4. Аталған Заңның 25-шi бабына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң биылғы жылғы 8-шi қаңтардағы №16 Қаулысымен бекiтiлген Ережеге сәйкес, тiлдер туралы Заңдардың сақталуына бақылау жасауды өз әөзыретiнiҰ шегiнде Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық келiсiм Министрлiгi жүзеге асырады. Осы Ережеге сәйкес облыстық аәпарат және қоғамдық келiсiм Департаментi, прокуратура органдарымен бiрiгiп, тiл туралы Заң талаптарының орындалуына дЎйектi тұрде бақылау жасауды қамтамасыз ету керек. 5. Мемлекеттiк органдарда бос лауазымдарға қызметкерлер қабылдағанда, олардың бiлiктiлiк талаптарының тiзбесiне мiндеттi түрде қазақ тiлiнде iс қағаздарын жүргiзе алатындығы енгiзiлуi тиiс. Сайып келгенде, кемеңгер жазушымыз Ғабит Мұсiрепов айтқандай «Сол тiлдi жасаған, жасап келе жатқан халықтық баяғысын да, бүгiнгiсiн де, болашағын да танытатын, сол халықтың мәңгiлiгiнiң мәңгiлiк белгiсi - Ана тiлiн тек Өгей ұлдары ғана менсiнбейдi, Өгей ұлдары ғана аяққа басады» деген екен. Ана тiлiмiздiң Өгей ұлдары емес, Өзегiн жарып шыққан туған ұлдары болайық дегiм келедi, құрметтi ағайын.
Ескерту. Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 68-баптан қараңыз. МАЗМҰНЫ Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша: "соғысқа қатысушылар мен cоғыс мүгедектеріне" деген сөздер "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне" деген сөздермен ауыстырылсын; "Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің" деген сөздер тиісінше "Оқу-тәрбие процесін", "оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесін", "Оқу-тәрбие процесі", "оқу-тәрбие процесінің" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен. Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "ауыл (село)", "ауылдың (селоның), ауылдық (селолық)", "ауылдың (селоның)" деген сөздер тиісінше "ауыл", "ауылдың, ауылдық", "ауылдың" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Осы Заң білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, осы саладағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін айқындайды және Қазақстан Республикасы азаматтарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Кіріспе
Ескерту. Бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Президентінің 04.12.2015 № 126 Жарлығымен.
Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 және 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығыменбекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына, «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ел бірлігі доктринасына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарына сәйкес әзірленді. Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, тіл мәселелерімен айналысатын сарапшылар қауымының пікірлері мен ұсыныстары ескеріле отырып әзірленген. Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қатысты мәселелерінің құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді. Бұл құжат қоғамдық өмірдің барлық саласында тілдерді дамыту мен қолдану және мемлекеттік тілді кең ауқымды қолдану үшін жағдай жасауға байланысты өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет» деп атап көрсеткен болатын. Ел бірлігі доктринасында мемлекеттік тіл жалпыұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде айқындалған. Оны меңгеру әрбір Қазақстан азаматының парызы мен міндеті саналып, жеке өзінің бәсекеге қабілеттілігі мен қоғамдық өмірге араласуының белсенділігін айқындайтын ынталандырушы тетік болуға тиіс. «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» ұлт жоспарындағы негізгі бағыттардың бірі «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру, сондай-ақ қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың түйінді факторы ретінде үштілді білім беруді дәйекті түрде дамыту болып табылады. Бағдарламада белгіленген мақсаттар мен міндеттер Бағдарламаны іске асырудың барлық кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар жалпыұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілдік қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаның барлық іс-шаралары Конституцияның 7-бабына және Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 3 қаулысына барынша сәйкес түзілген. Бағдарламаны іске асырудың нәтижелі болуы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, бұл шаралардың практикалық нәтижесіне қол жеткізу үшін барлық мемлекеттік органдар мен шаруашылық субъектілері, оның ішінде ұлттық компаниялар мен қаржылық ұйымдар күш жұмылдыруға тиіс.
БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ КОНВЕНЦИЯ (Нью-Йорк, 20 қараша 1989 ж.)Кіріспе
Осы Конвенцияға қатысушы мемлекеттер, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылады деп есептей отырып, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын назарға ала отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпыға бірдей адам құқығы декларациясында және Адам құқықтары туралы халықаралық пактілерде жария еткен құқықтар мен бостандықтардың бәріне және әрбір адамның нәсілі, түр-түсі, жынысы, тілі, діні, саяси немесе өзге де сенім-нанымдары, ұлттық немесе әлеуметтік шығу тегі, мүліктік жағдайы, туылуы сияқты белгілері немесе өзге де жағдайлары бойынша қандай да бір айырмасыз ие болуға тиіс екендігіне келіскендігін тани отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымының Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясында балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екендігін жариялағанын еске ала отырып, отбасына қоғамның негізгі ұясы ретінде және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсіп-жетілуінің және игілігінің табиғи ортасы ретінде, қоғам шеңберінде өз міндеттерін мойнына толық ала алатындай қажетті қорғау және жәрдем көрсетілуі тиіс екендігіне кәміл сене отырып, баланың жеке басы толық және үйлесімді дамуы үшін оның отбасы аясында, бақыт, махаббат және түсінушілік ахуалында өсуі қажет екендігін тани отырып, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс деп санай отырып, баланы осындай ерекше қорғауға деген қажеттіліктің 1924 жылғы Бала құқықтарының Женева декларациясында және 1959 жылғы 20 қарашадағы Бас Ассамблея қабылдаған Бала құқықтары декларациясында қамтылғанын және оның Жалпыға бірдей адам құқықтарының декларациясында, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 23 және 24-баптарда),Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактте (атап айтқанда, 10-бапта), сондай-ақ балалардың игілігі мәселесімен айналысушы мамандандырылған мекемелер мен халықаралық ұйымдардың жарғыларында және тиісті құжаттарында танылғанын назарға ала отырып, Бала құқықтарының декларациясында «бала туылғанға дейін, сондай-ақ туылған соң да тиісті құқықтық қорғауды қоса алғанда, оның тәні мен ақыл-есінің жетілмегендігіне байланысты арнайы қорғау мен қамқорлықты қажет етеді» деп көрсетілгенін назарға ала отырып, балаларды қорғауға және олардың игілігіне қатысты, әсіресе балаларды ұлттық және халықаралық деңгейлерде тәрбиелеуге және асырап алуға беру кезінде, Әлеуметтік және құқықтық қағидаттар туралы декларацияның ережелеріне, Біріккен Ұлттар Ұйымының жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу жөніндегі («Пекин ережелері») Минимальды қалыптық ережелеріне және Төтенше жағдайлар мен қарулы жанжалдар кезінде әйелдер мен балаларды қорғау туралы декларацияның ережелеріне сілтеме жасай отырып, дүниежүзінің барлық елдерінде аса ауыр жағдайларда өмір сүріп жатқан балалар бар екенін және мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді қажет ететіндігін мойындай отырып, баланы қорғау және оның үйлесімді дамуы үшін әрбір халықтың дәстүрлері мен мәдени құндылықтарының маңыздылығын тиісті түрде ескере отырып, әрбір елде, атап айтқанда, дамушы елдерде балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын тани отырып, төмендегілер туралы келісті:
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1. Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) азаматтық қызмет – азаматтық қызметшілердің қазыналық кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын іске асыруға, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыруға және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етуге бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау жөніндегі кәсіптік қызметі; 2) азаматтық қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қазыналық кәсіпорындарда, мемлекеттік мекемелерде ақы төленетін штаттық лауазымды атқаратын және олардың міндеттері мен функцияларын іске асыру, мемлекеттік органдарға техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру мен олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын адам; 3) айлық жалақының ең төмен мөлшері – біліктілікті қажет етпейтін қарапайым (онша күрделі емес) еңбек жұмыскері осы Кодексте белгіленген қалыпты жағдайларда және жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы кезінде еңбек міндеттерін орындаған кезде бір айда оған төленетін ақшалай төлемдердің кепілдік берілген ең төмен мөлшері; 4) арнайы киім – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім, аяқкиім, баскиім, қолғап, өзге де жеке қорғаныш құралдары; 5) ауыр жұмыстар – жұмыскердің ауыр (он килограмм және одан ауыр) заттарды қолмен тұрақты түрде орнынан қозғалтуға, жылжытуға және тасуға байланысты әрі дене күшін жұмсауды талап ететін (250 ккал/сағаттан астам энергия жұмсалатын) қызметінің түрлері; 6) ауысымдық жұмыс – тәулік ішінде екі не үш немесе төрт жұмыс ауысымындағы жұмыс; 7) әлеуметтік әріптестік – жұмыскерлер (жұмыскерлердің өкілдері), жұмыс берушілер (жұмыс берушілердің өкілдері), мемлекеттік органдар арасындағы еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды реттеу мәселелері бойынша олардың мүдделерін үйлестіруді қамтамасыз етуге бағытталған өзара қатынастар жүйесі; 8) бас, салалық, өңірлік келісім (бұдан әрі – келісім) – тараптардың республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі жұмыскерлер үшін мазмұнын және еңбек жағдайларын, жұмыспен қамтуды және әлеуметтік кепілдіктерді белгілеу жөніндегі міндеттемелерін айқындайтын әлеуметтік әріптестік тараптарының арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт; 9) бейбәсекелестік туралы талап – жұмыс берушіге нұқсан келтіруі ықтимал әрекеттерді жүзеге асыруға жұмыскердің құқығын шектейтін, бейбәсекелестік туралы шарттың талаптары; 10) бос тұрып қалу – экономикалық, технологиялық, ұйымдастырушылық, өзге де өндірістік немесе табиғи сипаттағы себептер бойынша жұмыстың уақытша тоқтап тұруы; 11) біліктілік санаты (разряды) – орындалатын жұмыстардың күрделілігін көрсететін, жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар деңгейі; 12) делдал – еңбек қатынастарының тараптары еңбек дауын шешу жөнінде қызметтер көрсету үшін тартатын жеке немесе заңды тұлға; 13) демалыс – жұмыс орны (лауазымы) мен осы Кодексте белгіленген жағдайларда орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыскердің жыл сайынғы демалуын қамтамасыз ету немесе әлеуметтік мақсаттар үшін жұмыскерді белгілі бір кезеңге жұмыстан босату; 14) еңбек – адам мен қоғамның өмір сүру және қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті материалдық, рухани және басқа да құндылықтарды жасауға бағытталған адам қызметі; 15) еңбек гигиенасы – жұмыскерлердің денсаулығын сақтау, өндірістік орта мен еңбек процесінің қолайсыз әсерлерінің профилактикасы жөніндегі санитариялық-эпидемиологиялық шаралар мен құралдар кешені; 16) еңбек дауы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану, келісімдердің, еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың, жұмыс беруші актілерінің талаптарын орындау немесе өзгерту мәселелері бойынша жұмыскер (жұмыскерлер) мен жұмыс берушінің (жұмыс берушілердің) арасындағы келіспеушіліктер; 17) еңбек жағдайлары – еңбекке ақы төлеу, еңбекті нормалау, еңбек міндеттерін орындау, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының режимі жағдайлары, кәсіптерді (лауазымдарды) қоса атқару, қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, жұмыста уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тәртібі, техникалық, өндірістік-тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ тараптардың келісуі бойынша өзге де еңбек жағдайлары; 18) еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; 19) еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек қатынастары саласындағы өкілеттіктерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі; 20) еңбекке ақы төлеу – осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға және жұмыс берушінің актілеріне сәйкес жұмыскерге еңбегі үшін берілетін сыйақының міндетті төлемін жұмыс берушінің қамтамасыз етуіне байланысты қатынастар жүйесі; 21) еңбек қатынастары – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кезінде жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында туындайтын қатынастар; 22) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты қатынастар – осы Кодексте көзделген жағдайларда еңбекті ұйымдастыру мен басқаруға, жұмысқа орналастыруға, жұмыскерлерді кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, әлеуметтік әріптестікке, ұжымдық шарттар мен келісімдер жасасуға, еңбек жағдайларын белгілеуге жұмыскерлердің (жұмыскерлер өкілдерінің) қатысуына, еңбек дауларын шешуге және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын бақылауға байланысты қалыптасатын қатынастар; 23) еңбек қауіпсіздігі – еңбек қызметі процесінде жұмыскерлерге зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерін болғызбайтын іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, жұмыскерлердің қорғалуының жай-күйі; 24) еңбек қауіпсіздігі жағдайлары – жұмыскер еңбек міндеттерін орындаған кезде еңбек процесі мен өндірістік ортаның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігі; 25) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мониторингі – өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін қадағалау жүйесі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігінің және еңбекті қорғаудың жай-күйін бағалау мен болжау; 26) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер – эргономикалық, санитариялық-эпидемиологиялық, психофизиологиялық және еңбектің қалыпты және қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ететін өзге де талаптар; 27) еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға – өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы, денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер етуі; 28) еңбек міндеттері – жұмыскер мен жұмыс берушінің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, жұмыс берушінің актісінде, еңбек, ұжымдық шарттарда келісілген міндеттемелері; 29) еңбек өтілі – жұмыскер еңбек міндеттерін орындауға жұмсаған, күнтізбемен есептелген уақыт, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес еңбек өтіліне кіретін өзге де кезеңдер; 30) еңбек тәртібі – жұмыс беруші мен жұмыскерлердің Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінде, сондай-ақ келісімдерде, еңбек, ұжымдық шарттарда, жұмыс берушінің актілерінде, құрылтай құжаттарында белгіленген міндеттемелерді тиісінше орындауы; 31) еңбек тәртіптемесі – жұмыскерлер мен жұмыс берушінің еңбекті ұйымдастыру жөніндегі қатынастарын реттеу тәртібі; 32) еңбекті қорғау – құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық, санитариялық-эпидемиологиялық, емдеу-профилактикалық, оңалту және өзге де іс-шаралар мен құралдарды қамтитын, еңбек қызметі процесінде жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі; 33) еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспектор – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ішкі бақылауды жүзеге асыратын жұмыскерлердің өкілі; 34) еңбекті нормалау – нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларда жұмыскерлердің жұмысты орындауға (өнім бірлігін дайындауға) арналған қажетті еңбек шығындарын (уақытты) айқындау және осы негізде еңбек нормаларын белгілеу; 35) еңбектің қауіпсіз жағдайлары – жұмыс істейтіндерге өндірістік факторлардың әсерінің деңгейлері белгіленген нормативтерден аспайтын еңбек жағдайлары; 36) еңбек шарты – жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы жазбаша келісім, бұған сәйкес жұмыскер белгілі бір жұмысты (еңбек функциясын) жеке өзі орындауға, еңбек тәртіптемесін сақтауға міндеттенеді, ал жұмыс беруші жұмыскерге келісілген еңбек функциясы бойынша жұмыс беруге, осы Кодексте, Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілерінде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актілерінде көзделген еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, жұмыскерге уақтылы және толық мөлшерде жалақы төлеуге міндеттенеді; 37) жалақы – жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына, сапасына және жағдайларына қарай еңбек үшін төленетін сыйақы, сондай-ақ өтемақы және ынталандыру сипатындағы төлемдер; 38) жеке қорғаныш құралдары – жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар, оның ішінде арнайы киім; 39) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға; 40) жұмыс берушілердің өкілдері – құрылтай құжаттары және (немесе) сенімхат негізінде жұмыс берушінің немесе жұмыс берушілер тобының мүдделерін білдіруге уәкілеттік берілген жеке және (немесе) заңды тұлғалар; 41) жұмыс берушінің актілері – жұмыс беруші шығаратын бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар, қағидалар, ережелер, ауысымдық кестелер, вахта кестелері, демалыс кестелері; 42) жұмыс берушінің қызметін декларациялау – жұмыс берушінің қызметін ол берген өтініш негізінде Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының талаптарына сәйкес келеді деп тану рәсімі; 43) жұмыскер – жұмыс берушімен еңбек қатынастарында тұратын және еңбек шарты бойынша жұмысты тікелей орындайтын жеке тұлға; 44) жұмыскерлердiң өкiлдерi – кәсiптiк одақтардың, олардың бiрлестiктерiнiң органдары, ал олар болмаған кезде жұмыскерлердiң жалпы жиналысында (конференциясында) жұмыскерлердiң (конференция делегаттарының) кемінде үштен екісі қатысқан кезде қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланған және уәкiлеттiк берілген сайланбалы өкiлдер; 45) жұмыс орны – жұмыскердің еңбек қызметі процесінде еңбек міндеттерін орындауы кезінде оның тұрақты немесе уақытша болатын орны; 46) жұмысты тарифтеу – орындалатын жұмыстарды Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларының біліктілік анықтамалығына және ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес белгілі бір күрделілікке жатқызу; 47) жұмыс уақыты – жұмыскер жұмыс берушінің актілеріне және еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт, сондай-ақ осы Кодекске, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, ұжымдық шартқа, жұмыс берушінің актісіне сәйкес жұмыс уақытына жатқызылған өзге де уақыт кезеңдері; 48) жұмыс уақытының жиынтық есебі – жұмыс беруші белгілеген есептік кезеңдегі жұмыс уақытын жинақтау жолымен есептелген жұмыс уақытының есебі; 49) зиянды еңбек жағдайлары – зиянды өндірістік факторлардың болуымен сипатталатын еңбек жағдайлары; 50) зиянды өндірістік фактор – жұмыскерге әсер етуі ауыруына немесе еңбекке қабілеттілігінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпал етуге әкеп соғуы мүмкін өндірістік фактор; 51) кәсіптік ауру – жұмыскердің өз еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде оған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсер етуінен туындаған созылмалы немесе қатты ауру; 52) кепілдіктер – жұмыскерлерге әлеуметтік-еңбек қатынастары саласында берілген құқықтардың жүзеге асырылуы олардың көмегімен қамтамасыз етілетін құралдар, тәсілдер мен жағдайлар; 53) қауіпсіздік нормалары – жұмыскерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, санитариялық-гигиеналық, биологиялық және өзге де нормаларды, қағидаларды, рәсімдер мен өлшемшарттарды қамтамасыз ету тұрғысынан өндіріс жағдайларын, өндірістік және еңбек процесін сипаттайтын сапалық және сандық көрсеткіштер; 54) қауіпті еңбек жағдайлары – еңбекті қорғау қағидалары сақталмаған жағдайда белгілі бір өндірістік немесе жоюға болмайтын табиғи факторлардың әсері жұмыскердің өндірістік жарақаттануына, денсаулығының кенеттен нашарлауына немесе улануына әкеп соқтыратын, соның салдарынан еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуы, кәсіптік ауруға шалдығуы не қайтыс болуы орын алатын еңбек жағдайлары; 55) қауіпті өндірістік фактор – әсері жұмыскердің еңбекке қабілеттіліктен уақытша немесе тұрақты айырылуына (өндірістік жарақаттануына немесе кәсіптік ауруына) немесе қайтыс болуына әкеп соқтыруы мүмкін өндірістік фактор; 56) қоса атқарылатын жұмыс – жұмыскердің негізгі жұмысынан бос уақытында еңбек шарты жағдайында тұрақты, ақы төленетін басқа жұмысты орындауы; 57) мемлекеттік органның шетелдік жұмыскері – еңбек шарты бойынша мемлекеттік органға тартылған шетелдік; 58) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері; 59) негізгі жалақы – тарифтік мөлшерлемелер, лауазымдық айлықақылар, кесімді бағалар бойынша төлемді қамтитын, жалақының салыстырмалы түрдегі тұрақты бөлігі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында, салалық келісімде, ұжымдық және (немесе) еңбек шарттарында көзделген тұрақты сипаттағы төлемдер; 60) өндірістік жабдық – машиналар, механизмдер, құрылғылар, аппараттар, аспаптар және жұмысқа, өндіріске қажетті өзге де техникалық құралдар; 61) өндірістік жарақат – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындау кезінде алған, оның еңбекке қабілеттіліктен айырылуына әкеп соққан денсаулығының зақымдануы; 62) өндірістік қажеттілік – дүлей апатты, аварияны болғызбау немесе жою немесе олардың салдарларын дереу жою мақсатында, жазатайым оқиғаларды, бос тұрып қалуды, мүліктің жойылуын немесе бүлінуін болғызбау үшін және басқа да айрықша жағдайларда, сондай-ақ уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру үшін жұмыстарды орындау; 63) өндірістік қызмет – шикізаттың алуан түрлерін өндіруді және қайта өңдеуді, қызметтердің алуан түрлерін көрсетуді және жұмыстарды орындауды қамтитын, ресурстарды дайын өнімге айналдыру үшін қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып жасалатын жұмыскерлер әрекеттерінің жиынтығы; РҚАО-ның ескертпесі! 64) тармақшаның қолданысқа енгізілу тәртібін ҚР 23.11.2015 № 414-V Кодексінің 204-бабынан қараңыз. 64) өндірістік объектілерді аттестаттауды жүргізу жөніндегі мамандандырылған ұйымдар – білікті кадрлары бар және өзінің құрамында өндірістік орта мен еңбек жағдайлары факторларын зертханалық және аспаптық зерттеу жөніндегі зертханалары бар немесе осындай зертханалары бар ұйымдармен шарттар жасасқан, өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар; 65) өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау – өндірістік объектілерде (цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында, сондай-ақ жұмыс берушілердің бөлек тұрған, өндірістік қызметті жүзеге асыратын өзге де бөлімшелерінде) орындалатын жұмыстар қауіпсіздігінің жай-күйін, зияндығын, ауырлығын, қауырттығын, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтерге сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет; 66) өндірістік санитария – зиянды өндірістік факторлардың жұмыскерлерге әсерін болғызбайтын немесе азайтатын санитариялық-гигиеналық, ұйымдастыру іс-шаралары мен техникалық құралдар жүйесі; 67) өндірістік факторлар – Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес жұмыскерге әсер ететін техникалық, санитариялық, гигиеналық, өндірістік-тұрмыстық және басқа да жағдайлар; 68) өрескел абайсыздық – жұмыскердің еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы қағидаларын және өз денсаулығының қауіпсіздігін бұзуға ықпал ететін әрекеттері; 69) өтемақы төлемдері – жұмыстың ерекше режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысынан айырылуына, жұмыскерлерге еңбек міндеттерін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де міндеттерді орындауына байланысты шығындарды өтеуге байланысты ақшалай төлемдер, сондай-ақ жұмыскерлерді немесе еңбек қатынастарында тұрмайтын өзге адамдарды (бұдан әрі – білім алушы) кәсіптік даярлаумен, қайта даярлаумен және біліктілігін арттырумен байланысты төлемдер; 70) разрядаралық коэффициент – сабақтас тарифтік-біліктілік разрядтарының тарифтік мөлшерлемелері арасындағы арақатынас; 71) тарифтік жүйе – еңбекке ақы төлеу жүйесінің бір түрі, онда жұмыскерлердің жалақысы тарифтік мөлшерлемелер (айлықақылар) және тарифтік кестелер негізінде сараланып айқындалады; 72) тарифтік кесте – орындалатын жұмыстарды күрделілік және жұмыскерлерді біліктілік белгісі бойынша саралауды көздейтін тарифтік разрядтар мен тарифтік коэффициенттер жиынтығы; 73) тарифтік мөлшерлеме (айлықақы) – жұмыскердің уақыт бірлігі ішінде белгілі бір күрделіліктегі (біліктіліктегі) еңбек міндеттерін орындағаны үшін еңбегіне ақы төлеудің тіркелген мөлшері; 74) тарифтік разряд – жұмыстың күрделілік деңгейі және осы жұмысты орындау үшін қажетті біліктілік деңгейінің көрсеткіші; 75) тәртіптік жаза – тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жұмыс берушінің жұмыскерге қолданатын тәртіптік әсер ету шарасы; 76) тәртіптік теріс қылық – жұмыскердің еңбек тәртібін бұзуы, сондай-ақ еңбек міндеттерін тиісінше орындамауы; 77) тынығу уақыты – жұмыскердің еңбек міндеттерін орындаудан бос және өз қалауы бойынша пайдалана алатын уақыты; 78) ұжымдық қорғаныш құралдары – жұмыс істейтін екі және одан көп жұмыскерді зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар; 79) ұжымдық шарт – ұйымдағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін, жұмыскерлердің өкілдері арқылы жұмыскерлер мен жұмыс беруші арасында жасалатын жазбаша келісім нысанындағы құқықтық акт; 80) үстеме жұмыс – жұмыскер жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыс уақытының белгіленген ұзақтығынан (есептік кезеңдегі жұмыс сағаттарының қалыпты санынан артық) тыс орындайтын жұмыс; 81) хабарлама – жұмыскердің немесе жұмыс берушінің жазбаша өтініші не өзге тәсілмен (курьерлік пошта, пошта байланысы, факсимильді байланыс, электрондық пошта және өзге де ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы) берілген өтініштер; 82) іссапар – жұмыс берушінің өкімі бойынша жұмыскерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге белгілі бір мерзімге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу, сондай-ақ жұмыскерді басқа жерге оқуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жіберу. 2. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының басқа да арнайы ұғымдары мен терминдері осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы
МАЗМҰНЫ
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "заң актілеріне", "заң актілерінде", "заң актілерімен" дегенсөздер тиісінше "заңдарына", "заңдарында", "заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқаенгізіледі) Заңымен.
Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар жәнешығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтарынегiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардыңбойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың ҚазақстанРеспубликасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен заңды мүдделерiн iскеасыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi. Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресмижарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынандай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуіне немесеолардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олардың қайтыс болды депжариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының басбостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оныңқұқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеунемесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлықжасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалғанбала; 2) бала – он сегіз жасқа (кәмелетке) толмаған адам; 3) бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балалардыәлеуметтік қолдауды, әлеуметтік-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтік, әлеуметтік-педагогикалық,психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетуді, өмірдеқиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабілетті жасқажеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуді жүзеге асыратын ұйымдар; 4) баланы әлеуметтік оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтік байланыстар мен функциялардықалпына келтіру, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасаудыкүшейту жөніндегі іс-шаралар; 5) баланың әлеуметтік бейімделуі – өмірде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағықұндылықтарды, мінез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтікортаның жағдайларына белсенді түрде бейімделу процесі, сондай-ақ басынан кешірген психологиялықжәне (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесі; 6) баланың заңды өкілдері – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронаттәрбиелеуші, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, білім, тәрбиеберуді, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа даадамдар; 7) баланы экономикалық жағынан қанау – бұл бала еңбегінің ең нашар нысандары, оның ішіндекәмелетке толмағандармен сауда жасау, оларды қылмыстық әрекетке немесе қоғамға жат іс-әрекеттержасауға, жезөкшелікпен айналысуға, порнографиялық суреттер шығаруға немесе кәмелеткетолмағандарды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту, сондай-ақжұмысқа қабылдау үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ең төменгі жастан кішібалалардың еңбегі; 8) жетім бала – ата-анасының екеуі де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала; 9) қамқоршылық – он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі балалардың құқығы мен заңдымүдделерін қорғаудың құқықтық нысаны; 10) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғаудыңқұқықтық нысаны; 11) мемлекеттік ең төменгі әлеуметтік стандарттар – мемлекет белгілеген әлеуметтікқызметтер көрсетудің, нормалар мен нормативтердің ең төменгі көлемін қамтитын, балалар өмірініңсапасын қамтамасыз ететін негізгі көрсеткіштер; 12) мүгедек бала – тіршілік етуінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкепсоқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемістіктерден организмініңфункциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегіз жасқа дейінгі адам; 13) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкілетті мемлекеттік орган менбаланы тәрбиелеуге алуға тілек білдірген адам (патронат тәрбиелеуші) жасасатын шарт бойыншаазаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегі тәрбиенің нысаны; 14) өмірде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тіршілікетуі бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетімен немесе отбасының көмегімен еңсере алмайтынбалалар. Ескерту. 1-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.11.23 N 354-IV (алғашқы ресми жарияланғанынанкейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2-бап. Осы Заңның қолданылуы 1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданылады. ҚазақстанРеспубликасының азаматы болып табылмайтын бала, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралықшарттарда өзгеше көзделмесе, Республикада азаматтар үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтардыпайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Осы Заңның баланың құқықтары мен міндеттерін белгілейтін нормаларының күші кәмелеткетолғанға дейін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық әрекетке қабілеттілігінтолық көлемінде алған балаларға қолданылады
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жолдауын тәуелсіздік күні қарсаңында жария етті. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталды. Елбасымыздың биылғы жолдауында алдымен мемлекетіміздің, ұлттық экономикамыздың, азаматтық қоғамымыздың, қоғамдық келісіміміздің, өңірлік көшбасшылығымыз бен халықаралық беделіміздің дағдарыста сыналуы сөз болды. Еліміздің 21 жылда айтарлықтай жеткен жетістіктеріміз сараланып, әлем алдындағы беделіміздің асқақтағаны айқындалды. Қуатты да табысты мемлекетіміздің демократияландыру мен ырықтандырудың орнықты процесі, түрлі әлеуметтік этностық және діни топтардың келісімі мен татулығы, халықаралық еңбек бөлінісіндегі біздің роліміз, қоғамдық тұрақтылық пен келісімді қамтамасыз ететін күшті әлеуметтік саясат ұстанған әлемдік қоғамдастық таныған ел екеніміз, ядролық қаруды таратпау режімін ілгерілетудегі біздің белсенді рөліміз бен 1997 жылғы жолданған «Қазақстан – 2030» стратегиясының 15 жыл ішінде мақсат міндеттерінің орындалуы қорытындыланды. Сонымен қатар алдағы ХХІ ғасырдың жаһандық он - сын қатері деп: – тарихи уақыттың жеделдеуі, жаһандық демографиялық теңгерімсіздік, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер, судың тым тапшылығы, жаһандық энергетикалық қауіпсіздік, табиғи ресурстардың сарқылуы, үшінші индустриялық революция, үдей түскен әлеуметтік тұрақсыздық, өркениетіміз құндылықтарымыздың дағдарысы, жаңа әлемдік тұрақсыздық қаупін атап өтті. Президент Қазақстанның қазіргі заманғы осы аталған сын-қатерлерге жауап ретінде дамудың 2050 жылға дейінгі кезеңіне арналған Стратегияны қабылдады. Жаһандық экономиканың кіндігі Азия-Тынық мұхиты өңіріне жедел ауысып барады, деп жалғастырды өзінің сөзін Президент. Бүгінде біз «Қазақстан -2030» Стратегиясын қабылдаған сәттен мүлдем басқа жағдай мен мүмкіндіктерде өмір сүріп отырмыз. 2050 – бұл қазіргі кезде әлемдік қоғамдастық бағыт ұстанып отырған нақты мерзім. Біздің нақты мақсатымыз – 2050 жылға қарай әлемнің аса дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылу, деп атап өтті Қазақстан басшысы. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер: ресурстар, білімді адамдар, жұдырықтай жұмылған ұлт бар, деді Елбасымыз. Елбасымыздың сөзіне қарағанда, осыдан 15 жыл бұрын қабылданған 2030 Стратегиясы кеңестік кезеңнен кейінгі ретсіздік түпкілікті ескерілмеген, Оңтүстік-Шығыс Азия елдері мен кейбір өзге де рыноктарды дағдарыс қалтыратып тұрған шақта қабылданған болатын. Соған қарамастан, Қазақстан 2012 жылы ІЖӨ көлемі бойынша планетамыздағы дамыған 50 елдің қатарына кіреді. Ел басшысы өз сөзін «Біз бәріміз бір атаның - Қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу - қасиетті Қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан. Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық. «Қазақстан-2050» Стратегиясы осынау мәңгілік жолдағы буындар бірлігінің, ұрпақтар сабақтастығының көрінісі. Бабалардың ерлігі, бүгінгі буынның ерен істері және жас ұрпақтың жасампаздығы арасында сабақтастық болса ғана, біз «Мәңгілік Ел» боламыз» деп қорытындылады.