Просмотр содержимого документа
«?ола д?уіріндегі ?аза?стан (?орытынды саба?)»
Пәні:Ежелгі Қазақстан тарихы
Сыныбы: 6 «Ә»
Күні_____________
Сабақтың тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан
Сабақтың мақсаты:
Жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алатын қола дәуірінің ерекшелігі, бұл дәуірде жасалынған еңбек құралдар, анроновтық тайпалар туралы егжей-тегжейлі түсіндіре отырып, білімді, білікті азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Сайыс сабақ
Сабақтың әдісі: сыни тұрғыдан ойлау әдістері
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, слайд, тест
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгендеу.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару.
Жаңа сабақтың жоспары: Сабақты сайыс түрінде өткіземін
1 топ «Балық қаңқасы» әдісі
2 топ «Венн диограммасы» әдісі
Сергіту сәті
1 топ «Постер қорғау» әдісі
2 топ «Автор орындығы» әдісі
Сабақты бекіту:
Қоланы қалай және қайда қорытқан?
Орталық Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қандай кезеңдерден тұрады?
Андрондықтар шаруашылықтың қандай түрімен айналысқан?
Қола дәуірінде ыдыс жасаудың қай түрі ерекше өрістеді?
Беғазы – Дәндібай мәдениетін Андрон мәдениетімен салыстырыңдар?
Қола дәуіріндегі климатта қандай өзгеріс орын алды?
Беғазы – Дәндібай тұрғындары қандай кәсіппен айналысты?
Қола дәуірі кезіндегі қоғамдық құрылысты сипаттаңдар?
Қола дәуіріндегі адамдар салған суреттер қай жерлерден табылған?
Абыздар кімдер, олар немен айналысты?
Сабақты қоытындылау: Тест жұмысы
Сабақты бағалау: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау