kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«?о?амды тану – ???ы?ты танудан басталады»

Нажмите, чтобы узнать подробности

О?ушыларды? ???ы?ты? білімдерін тере?дету, за? алдында?ы жакапкершілікті арттыру, о?ушыларды ?з  ???ы?тарын ?ор?ай білуге ?йрету,за?ды ??рметтей білуге ?йрету,адамгершілікке, елжандылы??а  т?рбиелей отырып, о?ушыларды? ойлау, ты?дау, ?з ойларын еркін жеткізе алу ?абілетін дамыту, шы?армашылы? ?абілеттерін шы?дау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««?о?амды тану – ???ы?ты танудан басталады»»

Сынып сағатының тақырыбы:«Қоғамды тану – құқықты танудан басталады»

Сыныбы: 9 «А».

Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тереңдету, заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету, заңды құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке, елжандылыққа, оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан Республикасы Конституциясының баптары, Бала құқығы конвенциясының баптары, қанатты сөздер.Қанатты сөздер: 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды»  Б. Момышұлы. 
«Ата заң әркімнің бойтұмары болып, оның әрбір қағидасы мүлтіксіз орындалғанда ғана ортақ мақсатқа қол жеткіземіз»  Н.Назарбаев. 

Сабақтың барысы: : Тәрбие сабағымызды бастамай тұрып осы бүгінгі кездесуіміздің мәні болып түрған мына қанатты сездерге назар аударайық. 
«Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» Б.Момышұлы. 
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген аталы сөзді атамыз 
бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды кұрметтеп, ата бабамыздың 
тәжірибесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «отау 
иесі» деп атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс 
жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, 
қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. 
Заңды білу - заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана- сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы- атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі- қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. 

Енді осы кезге дейін жүріп откен құқықтық жолымызға көз салып көрелік: 
-1787 жылы Дүниежүзіндегі тұңғыш Конституция қабылданды. 
-1789 жылы 26 тамызда Адам және азаматтардың кұқықтары декларациясы қабылданды. 
-1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ да Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы қабылданды. 
-1959 жылы 20 қарашада БҰҰ ның Бас Ассамблеясында Балалар құқығы декларациясы қабылданды. 
-1989 жылы Бала кұқығы туралы конвенциясы қабылданды. 
-1993 жылы 28 қаңтарда егеменді еліміздің алғашқы Конституция қабылданды. 
-1995 жылы 30 тамызда референдум арқылы бекіткен екінші Конституциямыз қабылданды. 
- 2002 жылы 8 тамызда Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары 
туралы заңы қабылданды.

 -2004 жылы 7 шілдеде Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты 
Заңы қабылданды.  Адамзат баласының емір сүруі белгілі бір заңдылықтарға бағынатын сияқты, ғаламшарды мекен еткен әр мемлекеттің де негізгі заңы болуы шарт. Ол заңның барлық тілдердегі мойындалған атауы - Конституция.

 Еліміз 1995 жылы өзінің талғам - талқысынан өткен басты құжаты Конституциясын жүрек қалауымен қабылдады. Жасампаздықтың жаңылмас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. 
Қастерлі кұндылығымыздың қағидаттарын бұлжытпай орындаудың нәтижесінде біз қысқа мерзімде мызғымас мемлекетімізді орнатып, тәуелсіздігімізді тұғырлы еттік. Ата Заң тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың кепілі ретінде біздің бірлігімізді бекемдеп, елдегі тұрақтылық пен татулықтың берік тұтқасы болды. 
Конституция мемлекеттік биліктің қайнар көзі халықтың өзі екенін 
айқындайды. Жаңа Конституция қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге қадам 
басты. 
ҚР Конституциясы 1993ж 28 қаңтарда, кейін 1995ж 30 тамызда қабылданды. Заңды парламент шығарады. ҚР Конституциясы 9 бөлім 98 баптан тұрады. Ал бала құқығы туралы конвенция 1989 ж 20 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы қабылдады, 1994 жылдың 8 шілде айында Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Бала құқығы туралы Конвенцияға» қол қойып, бекітті. Конвенция екі бөлім 54 баптан тұрады.

«Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар- намысын құрметтеуге міндетті»(Қазақстан Республикасының Конституциясы, 34- бап)

Бала құқықтары туралы халықаралық Конвенциядан 
 Мемлекет әрбір баланың аман – сау өсіп, жан – жақты дамуын қамтамасыз етеді; 
 Бала өмірге келе салысымен тіркеуге алынады және өзіне есім мен азаматтық алуға құқылы; 
 Әрбір бала өз отбасында, ата – анасымен бірге өмір сүруге құқылы; 
 Отбасында әкесі мен анасы өз алдына дербес өмір сүрумен, баланы ата – анасымен ажыратуға ешкім құқықты емес; 
 Бала мектепте кінәлі болғанда да оны ешкімнің ұрып жазалауға, кемсітіп қорлауға құқығы жоқ; 
 Бала тынығуға және мәдени демалуға құқылы; 
 Әрбір баланың ой – пікір, ар - ождан және дін еркіндігіне құқығы бар; 
 Бала өзі қалаған спорт түрімен шұғылдануға құқылы; 
 Бала денсаулығын сақтауға, емделуге құқылы; 
 Бала өз ойын еркін айтуға құқылы. 
  Ассоциация әдісі. Жұмыс жүргізу. Сізде қандай түсінік пайда болады, мына сөздерді естігенде:
«аман қалу» бізге аман қалу үшін не істеу қажет
«даму» бізге даму және өсу үшін не қажет
«қорғау» бізге қорғалу үшін не қажет
«қатысу» бізге қоғам өміріне қатысу үшін не қажет топ үшін тапсырмалар.
Аман қалу құқығы баланың өмір сүруге мұқтаждығы мен оның мұқтаждығы қанағаттандыру, ол негізінен лайықты өмір сүру болып табылады, медициналық қамтамасыз ету мүкіншілігі, тамақтану, киім-кешек, баспанамен қамтамасыз ету.
Даму құқығы оған бәрі кіреді, балаға өз мүмкіншілігін дамытуға қажет барлық жағдайлар: білім алу құқығы, ойнау, демалу, мәдениеттену, ақпарат алу, ой еркіндігі, діни еркіндігі жатады.
Қорғалу құқығын қажет етеді, балалар зорлық-зомбылықтан және қанаудан қорғалу қажет. Ерекше көңіл босқын-балалар проблемасына, зорлық-зомбылық пен жапа көрген балалардың, әскери дауларға тартылған, балаларды еңбекке, жасөспірімдерді жыныстық және нашақорлық қанауда қолданған проблемаларға бөлінген.
Қатысу құқығы ел мен қоғам өміріне баланың белсенді қатысуына мүмкіндік беру. Олар бейбітшілік жиналыстар ұйымдастыру құқығы, балалардың өміріне қатысты проблемаларды көтеруге толық құқығы бар. Балалар ержету кезеңінде қоғам өмірене толық белсенді қатысу үшін мүмкіндік жасалып, өмірде жауапты істерде шешім қабылдай алуға дайындау.

Құқықтарымызды білдік! Бырақ, құқықтармен қатар әр адамның міндеттері де болу керек, ия? Міндет – адамдар бұлжытпай орындауға тиісті, тәртіп пен қарым - қатынасқа қойылатын талап.

Қандай міндеттер, сендер оқушыларға, жіктелген, білесіңдер ме?

Балалар өз міндеттерін айтады.

Бүгінгі тәрбие сағаттың негізгі ойын мына мақал – мәтелдермен аяқтайық.

Мақал – мәтелдерді жалғастыру қажет...
1. Заңның құрығы… (бәрінен ұзын),

Өтірікшінің құрығы, ... (бір – ақ тұтам).
2. Өш алғаннан гөрі… (кешірген жөн).
3. Ұрлық түбі… (қорлық).
4. Жазасын тартпайтын… (жамандық жоқ).
5. Тәрбие… (отбасынан басталады).
6. Әділ істің...(арты игі).
7. Біреуге ор қазба… (өзің түсесің).
8. Қолыңмен істегенді… (мойныңмен көтер).
9. Заңды сыйлаған… (еркін жүреді).

10. Тек жүрсең, ... (тоқ жүресің).

11. Атаңа не қылсаң .... (алдыңа сол келер).

12. Жақсы бала сүйініш, ... (жаман бала күйініш).

13. Ісін өндіре алмаған қырсыз бала, .... (қырсығын әкесінен іздейді).

14. Ұяда не көрсең ... (ұшқанда соңы ілерсің).

Қорытынды:
Өмірің болсын десең сенің сәнді
Ойланып, айналаңа қара мәнді.
Адам бол! Білімі тасқан, өнері асқан
Өзіңе сүйсіндірер басқа жанды.
Салауатты мақсатың — өмір сүру,
Өмірдің мағынасын керек білу.
Ішімдік, нашақорлық сенің жауың
Пайдасы сол – бұл жолдан аулақ жүру.
Құқықтық тәрбие мен құқықтық жігерлі сана алдымен отбасынан басталады. Бүгінгі қоғамды дамыту үшін әрқайсысымыз құқықтық заңға құрметпен қарап, өз бойымызда құқықтық сана мен жігерді шыңдауымыз керектігін өмір көрсетіп отыр. Аталған қылмыс түрлерін болдырмау, оның алдын алу үшін құқықтық насихатты күшейтіп, құқықтық тәрбиені одан әрі жетілдіру қажет.








Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
«?о?амды тану – ???ы?ты танудан басталады»

Автор: ?шембеков Бекзат Кумисбекович

Дата: 28.11.2015

Номер свидетельства: 259340


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства