kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Киіз ?й –к?шпелілерді? баспанасы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: 
Білімділік. Модуль бойынша о?ушыларды? киіз ?й та?ырыбы туралы таныстыру,жалпы материалды? м?дениет туралы м?лмет бере отырып ?аза? халы?ыны? м?дениетіні? ?шпес ??ндылы? екеніне к?здерін жеткізу.  
Т?рбиелік. ?аза? хал?ыны? тарихын, рухани-м?дени байлы- 
?ын ж?не т?рмысын білу, ізгі ??ндылы?тары мен ?асиеттерін тану?а баулу. 
Дамытушылы?. Алдын ала зерттелген материалды ?орытын- 
дылау, н?тиже шы?ару. С?здік ?орын байытып, с?йлеу да?ды- 
ларын дамыту. 

Саба?ты? т?рі: сайыс саба?ы 
Саба?ты? ?дісі: ??гімелеу, с?ра?-жауап,топен ж?мыс, 
?осымша м?ліметтер.

К?рнекілік: киіз ?й,интербелсенді та?та, слайдтар.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Киіз ?й –к?шпелілерді? баспанасы »







Сабақтың тақырыбы: Киіз үй –көшпелілердің баспанасы



Сабақтың мақсаты: 
Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың киіз үй тақырыбы туралы таныстыру,жалпы материалдық мәдениет туралы мәлмет бере отырып Қазақ халықының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.  
Тәрбиелік. Қазақ халқының тарихын, рухани-мәдени байлы- 
ғын және тұрмысын білу, ізгі құндылықтары мен қасиеттерін тануға баулу. 
Дамытушылық. Алдын ала зерттелген материалды қорытын- 
дылау, нәтиже шығару. Сөздік қорын байытып, сөйлеу дағды- 
ларын дамыту. 

Сабақтың түрі: сайыс сабағы 
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ-жауап,топен жұмыс, 
қосымша мәліметтер.

Көрнекілік: киіз үй,интербелсенді тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезені 

-Сәлеметсіздер ме балалар. Отырыңыздар. 

-Оқушылардың назарын сабаққа аудару. 

1. Тренинг «Жүректен шыққан жылы сөз».

Оқушылар сабақты бір - біріне жылы сөз айтып, жаңа сабақты меңгеру барысында көңіл - күйлерінің жақсы болуына тілек білдіреді.

- Балалар, қазақта мынадай сөз бар «Жылы сөз жанға қуат береді» дейді. Ендеше бүгін сабағымызды бастамас бұрын бір - бірімізге жылы сөз айтып, бүгінгі күнге жақсы тілек айтып бастайық.

2. Үй жүмысын тексеру  Жұптық жұмыс 

2.1 Сұрақ жауап            ( Блум токсономиясы) 

1.Темір дәуірі неше кезеңнен тұрады? 

2.Тарихтағы дәуірлердің атауы нені білдіреді?

3.Тарихта еңбек құралдарын жасаудың адам өмірінде қандай маңызы болды?

4. Көшпелі мал шаруашылығы дегеніміз не?

5. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуының негізгі себептері 

6. Ат әбзелдерін атаңдар





Қызығушылықты ояту

Ой шақыру стратегиясы.

 Жұмбақ шешкізу:

Төбедегі көзінен 

Күн сәулесі түседі

Бұрышы жоқ төрінен 

Самал еркін еседі 



2. Жаңа тақырып: Киіз үй –көшпелілердің баспанасы

Оқушыларды сабаққа дайындау. 2 топпен таныстыру. 
1 топ - «Кереге» тобы. 

Ұраны: «Кереген кең болсын, терезеңмен тең болсын!» 
2 топ -«Шаңырақ» тобы. 
Ұраны:«Шаңырағын биік болсын, босағанмен берік болсын!» 

Мұғалімнің сөз: 
Сендердің айтып кеткен ұран сөздерінің бәрі ақ батаға жатады. 
Қазақ халқы киіз үйге байланысты көптеген ойлы ұғымдар, қа-натты сөздер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, тыйым сөздер шығар-ған. /өз ойын жеткізе алады/ 

Мысалы: ұғымдар: «Шаңырақ көтерді», «Түндігі кеш ашыла 
тын келін» /келіні жалқау дегенді білдіреді/ 
ақ бата: «Түндігің түтінді болсын!» 


1 – тапсырма. Тыйым сөздер.

Қазақ халқында тыйым сөздер көп. Олар арқылы балаларына тәлім-тәрбие берілген. Оларды есте сақтап жүріңдер: 

1-топ 

1. Керегені керме 
2. Табалдырықта тұрма / босағадан атап өту керек екен / 
3. Есікті теппе /үйдің есігін, үйді, малды тебуге болмайды/ 
4. Үйге жүгірме /үйге қарай аяндап жүру керек/ 
5. Үйді айналма /жаман іс болғанын білдіреді/ 
2-топ 
6. Үйде ысқырма /ақша болмайды дейді, жаман болады дейді/ 
7. Есікті қатты жаппа /үйдің есігін абайлап жабу керек/ 
8. Бақаннан аттама 
9. Басыңды босағаға беріп ұйықтама /басын төрге қарай беріп ұйықтама/ 
10.Ауылға атпен шауып келме./Суық хабардың белгісі демеу үшін/ 

Мұғалімнің сөз: 
Тыйым сөздерді не үшін білуіміз керек? 
Оқушылардың жауабы: 
Жамандықтан сақтану үшін, тәрбие алу үшін, көп нәрсені білу үшін, адамдардың қарғысын алмау үшін, есімізде осы сөздер қалу үшін , жамандық жасамау үшін керек... 


2- тапсырма. 
Енді киіз үйді сурет бойынша тігу,орын-орындарына дұрыс қою. Сурет бойынша сыртқы бейнесімен таныстырыңдар. 

1-топ. «Киіз үйді тігу» 2- топ. «Киіз үйдің сыртқы бейнесі» 


3 - тапсырма
«Тілді шынықтыру» 
Берілген жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқыңдар. 

1 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу. 
Бір қыз кесте тікті, 
Кестені түсте тікті, 

Кешке тікті 
Құрақ құрап көкөтеді, 
Қырық құрақ көрпе көктеді. 

2 топ- жаңылтпаштарды тез, шапшаң және дұрыс оқу. 
Ала-ала алашалар, 
Тамаша олар. 
Оған кім таласа алар, 
Алашаларды, 
Таба алса алар. 

Қорытындылауға арналған танымдық тапсырмалар 



4 - тапсырма

Сөйлемнің дұрыс- бұрысын анықтаңдар. 
1 топ 

----------- 1. Киіз үйді соғады. 
----------- 2. Киіз үйді керегеден бастап тігеді. 
----------- 3. Шаңырақты әйел адам көтереді . 
----------- 4. Керегенің биіктігі 2 метрдей болады. 
2 топ 
----------- 5. Үйдің қанқасы: туырлық, үзік, түндік. 
----------- 6. Шаңырақты «Ақ шаңырақ» деп атайды. 
----------- 7. Керегенің әр бөлігін «қанат» дейді. 
----------- 8. Киіз үй- көшіп- қонуға ыңғайлы.

3.Бекіту. 
5 –тапсырма. 
Сабақты бекіту үшін диаграмма «Веннаны» қолдану. 
«Киіз үй» мен «Қазіргі кездегі үйлермен» салыстыру. Оның айырмашылыға мен ұқсастығын табыңдар. 
«Киіз үй» «Қазіргі кездегі үйлер» 
«Киіз үйдің» айырмашылығы: 
«Қазіргі үйдің» айырмашылығы: 
Ұқсастығы: 
Қорытындылау.

 – Балалар, біз  бүгінгі сабақта өздеріңіз көріп отырғандай киіз үй туралы мәлімет алдық. Өздерің  төрінде отырған қазақтың киіз үйі сендерге ұнады ма? Олай болса бүгінгі тақырыпқа сай сабағымыздың соңын мына өлең шумағымен аяқтаймын.



Киіз үй дөп-дөңгелек,

Жыққан кезде он бөлек.

Тіккен кезде топ етіп,

Қона қалар дөңге кеп.

- Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды. Қатысқандарыңыз үшін көп,  көп рахмет.


Бағалау парағы 
Үй тапсырмасы:Эссе жазу 




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Киіз ?й –к?шпелілерді? баспанасы

Автор: Нуртазинова Гульжанат Сейдаковна

Дата: 11.03.2015

Номер свидетельства: 184454


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства