Просмотр содержимого документа
«Христиандықтың басты бағыттары»
Батыс Қазақстан облысы
Ақжайық ауданы. Чапаев ауылы
Абай атындағы мектеп-гимназия
Тарих және әлеуметтік-саяси пәндер мұғалімі
Өтебаев Биман Жасұланұлы
9 сынып. Дінтану негіздері. 12.12.14
Сабақ тақырыбы: §10.2.3.4. Христиандықтың басты бағыттары.
Сабақ мақсаты: Христиан дінінің бөлшектенуіне алып келген себептер мен ілімдерінің ортақ белгілерін ашып көрсету.
Сабақ түрі: Аралас
Сабақ әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,
Сабақ көрнекілігі: слайдтар, интертақта.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру бөлімі. Үй тапсырмасын тексеру.
фронталды сұрақтар: Әлемдік үш дінді ретімен атап бер? Христиандық қай жерде пайда болды? (Палестина жерінде) Христиан қашан п.б.?(б.з Іғ.п.б) Иисустың арабша атауы?(Ғайса) Ғайсаға пайғамбарлық неше жасында келді?(30жасында) Ғайса жер бетіне не үшін жіберілді?(Ол жер бетіндегі адамдардың кінәсі үшін азап шегіп, өлу үшін жіберілген) Христиандық қандай ұлттық – халықтық дін ортасынан шықты?(Иудей діні ортасынан шықты) Христиандық пен Иудейліктің аражігін ажыратқан кім? (Римдік христиан Маркион) Алғашында христиан діни жазбалары жинағы қалай аталды? (Жаңа өсиет) Христиандар қай ғасырға дейін қудаланып келді? (ІҮ ғ.дейін) Христиандық қай император және қай жылы мемлекеттік дінге айналды? (Константин тұсында, 324 жылы) 381 жылы Константинопольде өткен екінші соборда бекітілген догматтарды немесе талассыз мойындалатын қағидаларды рет –ретімен атаңдар?
1 Құдайдың біреулігі(монотеизм) 2. Құдайды дүниені жаратушы деп тану. 3. Ғайсаның мәңгілігін мойындау. 4.Құдай ұлының дүниені жаратуға қатысуын мойындау. 5. Ғайсаның адам бейнесінде болуы, оның Қасиетті Рухтан жаралып, Бейкүнә Мариамнан тууы. 6. Ғайсаның адамдарды құтқару үшін келгендігі. 7. Ғайсаның азап тартуы мен өлуінің шындығы. 8. Ғайсаның жер үстіндегі ғұмырын нақты тарихи дәуірмен байланыстыру. 9. Ғайсаның тіріліп, көкке шығуы. 10. Ғайсаның екінші оралуы. 11. Қасиетті Рухтың Құдайдан екендігі. 12. Інжіл пайғамбарларының Қасиетті Рухпен шабыттануы. 13. Шіркеудің тұтастығы, қасиеттілігі, даралығы және елшілерден (апостол) басталуы. 14. Тазарудың (шоқынудың) қажеттілігі. 15. Өлгендердің тірілуі және мәңгілік жасау.
Христиандардың басты кітабы? (Інжіл) Інжіл неше бөлімнен тұрады? Інжіл кітабына қандай сипаттамалар берілген?
Жаңа сабақ: Рим империясының екіге бөлінуі (б.д. дейінгі 395 жыл) шіркеулердің ыдырауына соқтырды. 1-ші ден Батыстағы латын және Шығыстағы грек тілдері мен мәдени дәстүрлері себеп болса, 2-ші ден әлеуметтік – саяси экономикалық мүдделер болса, 3-ші ден дінтану мәселелерде Рим мен Константинополь арасында келіспеушіліктерде себеп болды. Әсіресе 867-ші жылы Рим папасы Николай мен Константинополь патриархы Фотий бір – біріне лағынет айтып, біржола қол үзді.
Батыс шіркеу Рим католик (лат. «жалпыға бірдей, әлемдік») деп аталса. Ал Шығыс шіркеу (грекше – православие «жалпыға ортақ немесе нағыз шынайы») дегенді білдіреді.
Православие діні 1054 жылдан бастап Шығыс Рим империясындағы (Византияда) басым дінге айналды. Константинополь патриархы ресми түрде шіркеу басшысы деп жарияланғанымен, ол абсолютті билікке ешқашан ие болған емес.
шоқындыру - белгілі дүғаларды айта отырып, үш қайтара суға түсіріп, христиандыққа қабылдау. Негізінде, бүл жас нәрестелерге қатысты жасалады, кейбір ерекше жағдайларда ғана үлкен адамдарға да жасайды;
мирро жагу - шоқынушы адамның әр мүшесіне мирро аталатын хош иісті затты жағу арқылы оны Қасиетті Рухтың шапағатына ортақтастыру;
күнәні мойындап, одан арылу - дін қызметшісіне өзінің жасаған күнәларын тізіп айтып, сол арқылы Құдайдан кешірім сұрау;
-евхаристия немесе ортақтасу - бейнелі түрде Ғайсаның тәні мен қаны деп қабылданатын квас наны мен жүзім шарабынан дәм тату;
неке - құдай алдындағы антпен жұбайласу;
қасиетті мәртебе беру - шіркеу дьяконы, қасиетті уағызшы немесе епископ мәртебелерін беру;
елеймен дәріптеу немесе соборлау - науқас адамды бірнеше дін қызметшісінің (собор) қатысуымен қасиетті саналатын маймен сылау. Аталған құпиялардың тарихы тереңге, атап айтқанда магияға дейін кетеді.
Православиеге тән нәрсе - Құдай Ұлын (Ғайсаны) ғана емес, оның жер бетіндегі анасы бейкүнә Мариамды қоса және қатар дәріптеу.
Православие шіркеуінің ең үлкен мейрамы – Пасха мейрамы. Жыл сайын 4 сәуір мен 8 май аралығы. Осыдан кейін 8 үлкен мейрам құдайға және 4 мейрам құдай анаға арналады.
Орыс православие шіркеуі 988 жылы құрылды. Князь Владимир Святославович Рустьті шоқындырды. Тек 1448 жылы Константинополь патриархиясынан бөліне алды, ал толық 1589 ж. Борис Годунов кезінде 1ші патриархы сайланды.
ХҮІІ ғ. Париарх Никон шіркеу реформасын жүргізуі, орыс шіркеуін 2 ге бөлініуіне әкелді.
І Петр 1721 ж. шіркеу істерін басқаруды обер – прокурорға тапсырды.
Католик- Батыс Европада ХҮІ ғ. Дейін айырықша үстемдік етті. Ең басты айырмашылығы – Қасиетті Рухтың Әке-құдаймен бірге Құдай Ұлының өзіненде таралуы туралы түсінік.
Басшысы – Рим папасы. Ватикан мем. Басшысы.
Оны кардиналдар коллегиясының жиыны - конклав сайлайды. Папа шіркеудің ғана емес, Ватикан мемлекетінің де басшысы. Ватикан Рим территориясында орналасқан. Ол дүние жүзінің көптеген елдерімен дипломатиялық қатынас жасайды. Өткен ғасырдың аяғында Папаның кафедрадан сөйлеген сөздерін күмэнсіз қабылдау туралы догмат қабылданды. Бұл христиандықтың өзге салаларынан католиктіктің басты айырмашылықтарының бірі болып табылады.
Бірақ, католиктіктің ең басты айырмасы - Қасиетті Рухтың Әке-құдаймен бірге Құдай Ұлының өзінен де таралуы (филиокве - сөзбе-сөз - үлынан да) туралы түсінік. Бүл түсінік 589 жылы Толедо соборында қабылданды. Сол сияқты католиктер Көне Өсиеттің көптеген кітаптарын бүлжымас қасиетті ілім ретінде қабылдайды.
Аса маңызды догмат - «шамадан артық кажет істер» туралы ілім.
Католик храмдары - Костел деп ата.
ХҮІ ғ. – Иезуиттер орденін құрды. Олар инквизиция ұйым. Орден ХІХ ғ.б.д өмір сүрді.
Сабақты бекітіу сұрақтары:
Христиандықтың батыстық (католиктік) және шыгыстық (православие) болып бөлінуінің себептері қандай? 2.Православие құпияларын атап бер? 3.Православие шіркеуінің басты мейрамдарын атап бер? 4.Орыс православие шіркеуінің реформаларға ұшырау кезеңдерін атап бер? 5. Католик діннің баста айырмашылығы?