Просмотр содержимого документа
«ХІ? ?асырларда?ы ?алалы? с?улет ?нері»
Мерзімі:---------- 7-сынып Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: ХІV-ХV ғасырлардағы қалалық сәулет өнері
Сабақтың мақсаты:
Қазақстанның XIV-XV ғасырлардағы сәулет өнерінің ескерткіштері туралы, оларды салуға қолданған материалдар туарлы түсінік беру.
Міндеттері:
Қазақстан аумағындағы сәулет өнерінің ескерткіштерін салыстыра отырып, оқушылардың танымдылық қабілетін дамыту;
Оқушылардың өз елінің тарихын ескерткіштер мен ұлттық құндылықтарын құрметтеуге, Отанын сүюге, ұлтжандылық құндылықтарын құрметтеу және тәрбиелеу, өнерге қызығушылығын тудыру.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі:интерактивті
Сабақтан күтілетін болжам: тақырып төңірегінде толық біліп шығады, ізденеді, өздік жұмыс жүргізеді, тарихи санасы қалыптасады
V.Термин сөздер жұмыс ұяшықтардан сұрақтар таңдайды (берілген терминдердің мағынасын ашу)
Ғаныш- (қолданбалы өнердің құрылыс материалы)
Терракота-(ғимаратқа сән беру үшін қолданылатын қолданылатын шағын көзе кірпіш)
Мешіт-(мұсылман дінінің әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері орындалатыцн қасиетті ғимарат)
Кесене- (діни құрылыс, белгілі бір адамдардың құрметіне қабір басына тұрғызылған)
Пантеон-(елдін аса көрнекті адамдарының қабыры, ұлы адамдардың бір жерде жерленген орындары)
Минарет-(мінажат етушілерді намазға шақыратын ,мешіт жанынан салынатын биік мұнара)
Қорытынды:
VI. Тарихи дерекпен жұмыс (Берілген тарихи деректің дұрыс жауабын табу)
1 – топтың тапсырмасы:
Бұл қала орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең дамыған қалалардың бірі. Ол жерде Арыстан бабтың кесенесі орналасқан. Монғол шапқыншылығы кезінде әлемге әйгілі Ұлы кітапхана қиратылған қала қалай аталады? (Отырар қаласы)
2 – топтың тапсырмасы:
XIV – XV ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ерекше туынды. Ғимарат 1396 – 1404 жылдары шебер Қожа Хасан Ширази басшылығы бойынша Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Орталық залдың төңірегінде әр түрлі мақсатқа арналған 35 бөлме бар. Бұл қай кесене? ( Қожа Ахмет Йасауи кесенесі)
3 – топтың тапсырмасы:
Құрылысқа түгелдей қашап өрнек салынған, өсімдік пішіндегі және геометриялық оюлармен өрнектелген терракоталық тақташалармен қапталған. 1893 жылы кесенені бірінші болып, ресейлік шығыстанушы В.В.Бартольд зерттеген. Әңгіме қай кесене туралы айтылып отыр? (Айша бибі кесенесі)
VII. Картамен жұмыс (картадан сәулет ескерткіштерін көрсету керек)
1. Айша бибі кесені қай қалада орналасқан, картадан көрсет? (Тараз қаласында)
2. Шығыс моншасы қай жерде орналасқан? (Отырар қаласы)
3. Бабаджа-қатын кесенесі қай жерде орналасқан? (Тараз қаласында)
4. Ахмет Йасауи кесені қай қалада оналасқан, картадан көрсет? (Түркістан қаласында)
5. Арасан моншасы қай қалада орналасқан? (Алматы қаласында)
6. Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі қай қалада орналасқан? (Түркістан қаласында)
VIII. Рефлексия. Оқушылар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар? (смайликтер арқылы білдіру)
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Мұғалім: Ұлттық сәулет өнері ескерткіштерінің құрылыс материалдарын жасауда халықтың ішінен шыққан белгілі ұста құрылысшылардың жұмысы өте зор болды. Олар құйған кірпіш ғасырлар бойы беріктігін сақтап, бояулары осы кезге дейін әрін жоғалтпады. Сәнді болуы үшін қолданылған жылтырақ қыш қаптамалар бояуының құрамы бүгінгі күнге дейін сырын ашпай келе жатқан құпия, Ахмет Йасауи сәулет ғимараты құрылымдық жағынан және ерекше сәнділігімен көз тартатын аса күрделі туынды. Іші – сыртын аралап, тамашалағанда оны техника күші жоқ сол заманда қалай салды екен деп ойламау мүмкін емес.
ІХ. Оқушыларды бағалау. (Бағалау парағы арқылы топ басшылары бағалайды, мұғалім қорытынды бағаны қояды.)
Х. Үй тапсырмасы: Сәулет өнері мен құрылыстың дамуы туралы реферат жазу