Саба?ты? бірінші б?лігі - ?аза?станда?ы саяси ж?не ?леуметтік – экономикалы? жа?дай?а сипаттама беріледі. М?нда ?аза?станда б?л кезе?де реформа жасау?а ?андай жа?дайлар т?рткі бол?анына то?талу керек.
Ал?ышарттар:
?аза?станда?ы бас?ару ж?йесін реформалау уа?ыт жа?ынан Ресейдегі крепостнойлы? правоны? жойылу кезе?імен с?йкес келеді.
Ресейдегі ХІХ ?. ортасында ж?ргізілген буржуазиялы? реформалар осы кезе?де ?аза?станда бол?ан процестерге тікелей ?серін тигізді.
Капиталистік ?атынастарды? даму жа?дайында?ы ?аза?станда 1822 ж?не 1824 жылдары ж?ргізілген реформалар империяны? шаруашылы? даму ма?сатымен с?йкес келмеді.
?аза?станда?кімшілік - аума?ты?ж?не?леуметтік - экономикалы?реформаларж?ргізуді?себептері:
• Хан билігіні? са?талуы патша ?кіметіне айма?ты жаппай отарлау?а б?гет болды.
• Реформа?а дейін ?аза?стан екі генерал - губернаторлы??а (Орынбор ж?не Батыс Сібір) б?лінді, ал ХІХ ?. 60 - жылдарыны? ортасында Ресейге О?т?стік ?аза?стан мен Жетісу айма?тары ?осылды, б?л ?з кезегінде жа?а айма?тарды Ресейді? бас?а айма?тарында?ы бас?ару ??рылымдарына жа?ындату міндетін ж?ктеді.
• Ресейді? еуропалы? б?лігіндегі дамушы ?нерк?сіпке бар?ан сайын арзан шикізат пен ж?мысшы к?ші ?ажет болды.
• ?аза? хал?ы ?шін бірт?тас салы? ж?йесін енгізу ?ажеттігі туындады.
• Ресейді? еуропалы? б?лігіндегі жерсіз шаруаларды ?аза?стан?а орналастыру ?йымдастарылды.
Картаны пайдалана отырып, ?аза?станда?ы реформа?а дайынды? пен оны ?ткізуді? хронологиялы? байланысын к?рсетеді.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: ХІХ ғасырдың 60 - шы және 80 - 90 - жылдарындағы әкімшілік реформалар Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Қазақстанда жүргізілген бұл реформалардың сипаты мен маңызын, оның мақсаты Қазақстанды басқарудың саяси жүйесін өзгерту екендігін түсіндіру, бұл реформалардың ерекшеліктерін айту және 1822 ж. «Ережемен» салыстыра отырып, оның отарлық сипатын ашу; Оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту, олардың тарихи үрдістерге қысқаша мінездеме беріп, қорытынды жасай білуге үйрету, оқушыларды ізденіс жұмыстарына ынталандыру, олардың мәселелерді шешудегі жеке көзқарастарына орынды баға беру; Еңбексүйгіштікке, жауапкершілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың әдісі: интерактивті Көрнекілік: карта, сызба Негізгі түсініктер: әкімшілік - аумақтық бөлініс, генерал - губернаторлық басқарудың ерекшеліктері, сайлау жүйесі, міндеткерлік түрлері, контрибуция, қазақ ауылдары өміріндегі капиталистік қатынастардың дамуы мен әсері. Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі 2. Оқу құралын тексеріп түгелдеу 3. «Хабар» /ел жаңалықтарынан.../ 4. Оқушы зейінін сабаққа аудару Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Шынберілген» қазақтардың тұрған жерлерін картадан көрсетіңдер. 2. Кестенің толтырылуын тексеру. Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары: І. ХІХ ғ. 60 - жылдарындағы әкімшілік реформалар. • Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы. • Қазақстанның 1867 - 68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік - аумақтық бөлінісі. • Басқару құрылымының ерекшеліктері • Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар. • Реформалардың отаршылдық сипаты.
ІІ. ХІХ ғ. 80 - 90 жылдардағы әкімшілік реформалар. • Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы. • Маңғыстаудағы көтеріліс. • Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары • ХІХ ғ. 80 - 90 - жылдардағы әкімшілік реформалар.
Сабақтың бірінші бөлігі - Қазақстандағы саяси және әлеуметтік – экономикалық жағдайға сипаттама беріледі. Мұнда Қазақстанда бұл кезеңде реформа жасауға қандай жағдайлар түрткі болғанына тоқталу керек. Алғышарттар: Қазақстандағы басқару жүйесін реформалау уақыт жағынан Ресейдегі крепостнойлық правоның жойылу кезеңімен сәйкес келеді. Ресейдегі ХІХ ғ. ортасында жүргізілген буржуазиялық реформалар осы кезеңде Қазақстанда болған процестерге тікелей әсерін тигізді. Капиталистік қатынастардың даму жағдайындағы Қазақстанда 1822 және 1824 жылдары жүргізілген реформалар империяның шаруашылық даму мақсатымен сәйкес келмеді. Қазақстанда әкімшілік - аумақтық және әлеуметтік - экономикалық реформалар жүргізудің себептері: • Хан билігінің сақталуы патша үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды. • Реформаға дейін Қазақстан екі генерал - губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60 - жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктеді. • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды. • Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады. • Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға орналастыру ұйымдастарылды. Картаны пайдалана отырып, Қазақстандағы реформаға дайындық пен оны өткізудің хронологиялық байланысын көрсетеді.
Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында
Жарияланды 6-03-2013, 18:49 Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ауыл шаруашылығы жаңа экономикалық саясат жылдарында Қазақстан тарихы Сабақтың мақсаты: ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан ауыл шаруашылығында Кеңес үкіметінің жүргізген саясатын түсіндіру; жан - жақты мәлімет бере отырып, білімдерін толықтыру; Сабақтың міндеттері Білімділік: ЖЭС, күштеп ұжымдастыру, олардың ерекшеліктері мен қиыншылықтары туралы айту; Дамытушылық: оқушылардың білімдерін тереңдету, ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділігін шыңдау, ойларын дамыту; Тәрбиелік: отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өз елінің тарихын құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, кестелер, тірек - сызбалар, сөзжұмбақ, слайдтар, тест, кеспелер. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: лекция, пікірлесу, өзіндік жұмыс, ізденіс. Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру Мұғалімнің кіріспе сөзі. — 1 - 2 желтоқсанда Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті — 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні туралы (2 мин.) ІІ. Үй тапсырмасын тексеру — Тестпен жұмыс (3 мин.) ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру — Сөзжұмбақ шешу (2 мин.) Сөзжұмбақ Тапсырма: Егер көлденең тұрған сөздерді дұрыс тапсаңдар, тігінен бүгінгі сабағымыздың тақырыбын оқи аласыңдар. 1. «Ту» сөзінің синонимі.(Жалау) 2. Грекше «халық».(Этнос) 3. Құспен аң аулау.(Саят) Жаңа материалдың жоспары: 1. Ауыл шаруашылығындағы жағдай және халықтың әлеуметтік тұрмысы. 2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу қажеттігі, оның ерекшеліктері мен қиындықтары. 3. Жер - су реформалары. 4. ЖЭС - тың нәтижесі. 5. Шаруаларды жаппай ұжымдастыру және отырықшыландыру. 6. Асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылық. 7. 1931 - 1932 жылдардағы қуаңшылық және ашаршылық. 8. Жергілікті халықтың республикадан тыс жерлерге қоныс аударуы. 9. Зорлық - зомбылықтарға қарсы наразылықтар, көтерілістер. 10. Ұжымдастыру қорытындылары. — Сызба арқылы тақырыпты түсіндіру.
Қазақстан 1920 жылдардың бас кезінде: Егіс көлемі 20%- ға кеміді Ауыл шаруашылық саймандары тозды Мал басы 35%- ға кеміді Өнім 3 есеге азайды Шаруашылыққа қажет техника жетіспеді Егінші шаруалардың 20%- да сайман мүлдем болмады
ІҮ. Өзіндік жұмыс Тапсырма: — Кестедегі даталар мен түсініктерді ретке келтіріңдер. 1918 - 1921 жылдар -------- ЖЭС 1928 - 1940 жылдар -------- Шаруалар көтерілісі 1921 - 1928 жылдар -------- Ұжымдастыру 1929 - 1931 жылдар -------- Ашаршылық 1931 - 1933 жылдар ------- Әскери коммунизм Ү. Кеспемен жұмыс ҮІ. Картамен жұмыс — Қазақстандағы ашаршылық қамтыған аумақтарды, асыра сілтеушіліктер мен зорлық-зомбылықтарға қарсы болған көтеріліс аудандарын көрсете білу. ҮІІ. Қорытындылау ҮІІІ. Бағалау ІХ. Үйге тапсырма: 16 -§. Сұрақтарға жауап беру; тест сұрақтарын құрастыру.
1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар
Жарияланды 18-01-2014, 22:19 Категориясы: Тарих
Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: 1886 - 1897 жылдардағы әкімшілік аумақтық реформалар Сабақтың мақсаты: а) білімділігі: XIX ғ. 80 - 90ж. ж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралы мағлұмат беру; б) дамытушылығы: XIX ғ. бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір - бірімен байланысын, ерекшеліктерін айыра білу арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту; в) тәрбиелігі: Реформалардың отаршылдық мазмұнын айта отырып, оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу; Сабақтың түрі: Ашық сабақ Сабақтың әдісі: СТО, Блум таксономиясы Керекті құралдар: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта, сызбалар.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) сәлемдесу, түгендеу; ә) оқу құралдарын тексеру; б) бала зейінін шоғырландыру. ІІ. Білу а) ой шақыру; Империя, Отар, Жарғы, Реформа сөздеріне тоқталу, анықтама беру ІІІ. Түсіну а) Тірек сызба арқылы өткен сабақты еске түсіру;
б) Картамен жұмыс 1 - топ: Түркістан генерал - губернаторлығына кірген облыстарды көрсету 2 - топ: Орынбор генерал - губернаторлығына кірген облыстарды көрсету 3 - топ: Батыс - Сібір генерал - губернаторлығына кірген облыстарды көрсету
ІҮ. Қолдану 1 - топ Сәйкестендіру Облыс 15 - 20 болыстардан Округ 3 - 8 округтен Болыс 50 - 70 шаңырақтан Ауыл 10 - 12 ауылдан 2 - топ Тұжырымдау Облысты – губернатор - Округті - аға сұлтан Болысты - Болыс сұлтаны Ауылды - Ауыл старшыны
3 - топ Салыстыру 1822 -- 1824жж. реформа → Хандық билік жойылды, аға сұлтан лауазымы енгізілді, Орта жүз бен Кіші жүзді қамтыды. Төрт сатылы басқару жүйесі.
1867 - 1868 жж. реформа → Жаңа губерния ашылды, уезд бастығының бір көмекшісі жергілікті ұлт өкілі болды, үш жүзді қамтыды. Жер мемлекет меншігі
V. Талдау а) ХІХ ғ 80 - 90 жж. реформаның мақсаты - ХІХ ғ 60 жылдары жасалған реформаларды заңдастыру болды. 1886 ж 2 маусым - «Түркістан өлкесін басқару және онда жер - салық өзгерістерін енгізу туралы» ереже 1891 ж 25 наурыз - «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» ереже қабылданды. Оған ІІІ Александр патша қол қойды.
ХІХ ғ. 80 - 90 жылдарындағы реформа бойынша Қазақ жерлерінің біріктірілуі Түркістан губернаторлығы орталығы Ташкент – Сырдария, Самарқан, Ферғана облыстары Орынбор, Батыс Сібір губернаторлығы - 1891жылғы 25 наурыздағы «Ереже» бойынша Дала губернаторлығы құрылды. Орталығы Омбы. Құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу кірді.
Б) 1886 - 1891 жылдардағы реформаның нәтижесі 1. ХІХ ғ 20 жылдарында басталған ережелердің заңды жалғасы болды 2. Басқару жүйесіне жаңашылдық енгізудің соңы болды; 3. Қазақ жері Ресей мемлекетінің меншігі деп жарияланды; 4. Қазақстан Ресейдің түпкілікті және ажырамас отарына айналды.
1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Жарияланды 13-06-2013, 10:36 Категориясы: Тарих
Сабақтың тақырыбы: 1867 - 1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдың 60 жылдарындағы Қазақстандағы реформаның дайындалғанын, оның мазмұны мен мәнін, сипатын көрсету. Дамытушылығы: - Реформаның зардаптарын түсіндіру, оқушыларға саяси, әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыландыру. Тәрбиелігі: Оқушыларды адамгершілікке, өз еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру Саб. түрі: Аралас сабақ Саб. әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақтар қою Саб. көрнекілігі: Саяси карта, интерактивті тақта, эл. оқулық, сызбалар, суреттер Саб. құрылымы: І Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй жұмысы: § 19. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті мен мәдениеті. 1. Оқушылардан үй тапсырмасын ауызша сұраймын. 2. Сұрақтар қойылады оқушылар жауаптарын табады 3. Тұлғаларды таны
1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? (араб тілінде) 2. Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.) 3. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды? (орысша білім беретін мектептер) 4. ХХ ғ. 20 - 30 жылдарында Қазақстан ғылымының штабын басқарған кеңестік ірі түрколог, академик: (А. Н. Самойлович). 5. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14 - 15 жастан). 6. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл, сүйек, мүйіз өңдеу)
1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті?(«Шариғат - ұл - иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын үйретті) 2. 1833 жылы А. С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор) 3. 18481849ж. Г. С. Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын). 4. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай) 5. Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта тұрғызылған? (ет және азық - түлік өнімдерін сақтау үшін)
1. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата - аналар балаларын қай қалаларға оқуға жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына) 2. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде) 3. 1836 - 1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім қолдау көрсетті? (В. И. Даль). 4. 1845 жылы В. И. Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды?(Парижде, француз тіліне) 5. М. Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы). 6. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).
1. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етілді? (арнаулы куәлігі болу керек болды) 2. 1831жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? (Семей) 3. 1833 жылы А. С. Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды?(Пугачев бүлігінің тарихы). 4. М. Өтемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды) 5. Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын: (Шөже) 6. Қазақ халқы зор құрметпен әнші – күйшілерді қалай деп атаған? (сал - серілер деп ат - ы)
ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Реформаны дайындау 2. Реформаның мазмұны, мәні 3. Реформа бойынша тиімді - аймақтық бөлініс 4. Реформаның отаршылдық мәні
Оқушыларға эл. оқулықты тыңдатамын. Реформа қалай әзірленген еді 1860 жылы Алғаш, Петербургте кейін, статс - хатшы Бутковтың кабинетінде жүргізілді Реформа - қоғамдық өмірдің қандай да бір жағын қайта құру, өзгерту, жаңарту. Реформа Ресейде басыбайлылық құқығының жойылуымен Ресей үкіметі саяси, әлеуметтік өмір ағысын түбірімен өзгерткен бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Капиталистік қатынастар кең өріс алып жатты. Реформаның ең басты және негізгі міндеті – «қазақ даласын Ресейдің басқа бөліктерімен бірте - бірте қосып жіберу» үшін Ресейге бағынышты халықтарды бір басқару жүйесінің құрамына біріктіру. Патшалы Ресейдің ұлттық аймақтарды шикізат қоры және көзі ретінде сақтау саясаты Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанның реформаға дейін 2 генерал - губернаторлыққа бағынды: оООООрГОпрполволср
1822 жылғы Сібір қазақтарының «Жарғысы», 1824 жылғы Орынбор қазақтарының «Жарғысы» жаңа өрістей бастаған капиталистік қатынастарға сай келмеді. Ресей Қазақстандағы басқаруды бұрынғы жүйесін түбірімен өзгерту міндетін алға қойды. ХІХ ғасырдың 60 - жылдарында статс - хатшы И. И. Бутков бастаған комиссия құрылды. Комиссия бүкіл қазақ даласын 2 облысқа бөлді.
Енді реформаны дайындау ішкі істер министрлігі кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясына» жүктелді. 1865 жылдың 5 маусымында ІІ Александр патшаның әмірі бойынша қазақ жерін зерттеп білу сұрақтары дайындалды. Онда қаралған мәселелер - жерді иелену түрлері, сот ісі, алым - салық, діни мәселелер т. б. Комиссия ұсынысы Орынбор генерал - губернаторы А. П. Безакқа тапсырылды. 1865 жылы А. П. Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына жаңа губернатор Н. А. Крыжановский тағайындалды. Н. А. Крыжановский А. П. Безак
Реформаны әзірлеуде бұқараның талап - тілегі ескерілмеді. Мәселен, ғалым Ш. Уәлиханов Қазақстанда халықтың өзін - өзі басқару негізінде әкімшілік басқару жүйесін енгізуді ұсынған болатын. Оның «Сот реформасы туралы» деген хатында әлеуметтік - экономикалық жаңалықтар енгізу керек деп есептеді. Комиссия реформаны тезірек іске асыруды көздеп, ат төбеліндей феодалдық тап өкілдерімен ақылдасып, мәліметті солардан жинады. Батыс Сібір генерал - губернаторлығында комиссия ірі бай Мұса Шорманұлының, билеуші сұлтан Шыңғыс Уәлиханұлынан, Орынбор өлкесінде билеуші аға сұлтан Сәйдәліұлынан, т. б. ақсүйектерден жиналған мәліметтерге сүйенді.
Шоқан Уәлиханов Реформа жүйесі 1867жылы 11 - шілдеде ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы Ережені», 1868 жылы қазанның 21 - інде» Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті. 1867 - 1868 ж. ж. реформа бойынша қазақ жерінің біріктірілуі
(1867 ж. Ереженің 85 - бабына сәйкес)
Ереженің 42 - 65 баптары бойынша, уезд бастықтарына мынадай міндеттер жүктелді: жергілікті басқару орындарына жүктелген міндеттердің орындалуын қадағалау, уезде тыныштық пен тәртіпті сақтау, алым - салықтың жиналуын бақылау және халықтың денсаулығын сақтау. Болыстарды, ақсақалдарды сайлау күреспен, рулық таласпен өтті. Абайдың «Болыс болдым, мінекей...» деп басталатын «Күлембайға» деген өлеңінен байқауға болады. 1867 - 1868 ж. ж. реформа арқылы патша өкіметі қазақ даласын толық отарлауға тырысты.
Реформалар негізінде сот ісі де қайта құрылды.
Реформа Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық дамуында белді рөл атқарды. Капиталистік қатынастар ене бастады Таптық жіктелу, жатақтар. Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы реформалардың болмысы туралы, қорыта айтқанда, мынадай түйін жасауға болады. Патша үкіметі Қазақстанға енгізген әкімшілік реформалары негізінде оның саяси дербестігін толығымен жойып, қазақ жерінде империя құрамындағы әкімшілік басқару жүйесін орнатты.
IV. Бекіту сұрақтары: Қажетті датаны қойыңдар 1. Қазақ даласын зерттеуге байланысты сұрақтар тізімі қай жылы құрастырылды? ( 1865 ж. 5 маусым) 2. «Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстары бойынша» патша жобасына қай жылы қол қойылды? (1868 жылы 21 - қазан)
Есімдерді жазыңдар 1. ХІХ ғ. 60 жылдары қазақ өлкесін басқаруды өзгертудің жобасын жасау жөніндегі комиссияны басқарған статс - хатшы кім? (И. И. Бутков) 2. 1868 жылы «Жетісуға шаруаларды көшірудің уақытша ережесін» кім жасады? (Калпоковский) 3. 1867 – 1868 жылы. Реформа кезеңінде өз жобасын ұсынған қазақ ғалымы. (Ш. Уәлиханов)
Картамен жұмыс: Эл. Оқулықтағы тапсырмалардан орындау.
V. Үйге тапсырма: § 20. Оқу, Түсінік айту. Дәптермен жұмыс: Сызбаларды сызу, Картамен жұмыс 1. Реформаға дайындық қалай жүргізілді? 2. Реформаны дайындай отырып патша үкіметі қандай мақсатты көздеді? 3. Реформаның мәні қандай? 4. «Ереже - реформаның» әлеуметтік - экономикалық дамудағы рөлі қандай болды?