Сыныбы: 7 «а»
Пән аты: Дүние тарихы
Сабақтың тақырыбы:ХІ – ХҮ ғасырлардағы Англия
Сабақтың мақсаты :
Білімділік: Оқушыларға ХІ – ХҮ ғасырлардағы Англияны нормандардың жаулап алуы, Парламенттің
құрылуы, Уот Тайлер басқарған шаруалар көтерілісі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушыларға сұрақтар, тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілетін дамытып, өз
бетінше іздене білуге үйрету, сабаққа даген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүйе білуге тәрбиелеу , еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі : Дәстүрлі емес
Сабақтың типі : Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі : Топпен жұмыс, жеке жұмыс , ауызша баяндау, сұрақ –жауап.
Көрнекілік : Сызбалар , кесте.
Құрал – жабдық : Карта.
Сабақ барысы : І. Ұйымдастыру .
а) Сынып оқушыларын түгелдеу.
ә) Оқушылар назарын сабаққа аудару.
ІІ . Үй тапсырмасын сұрау , бағалау.
§ 13. ХІ – ХҮ ғ. Франция
Француз жерлерінің бірігуі
Жүз жылдық соғыс. Жакерия
Жанна д, Дарк
ІІІ. Өткен сабақты бекіту
«Жолаушы» , «Аялдама» ойыны арқылы сабақты бекітеміз.
Шарты: Бір топтан 1 оқушы шығып , келесі топтарға аялдама жасап , топтың берген
сұрақтарына жауап беру қажет
ІҮ. Жаңа сабақ
Әр тақырыпқа 5 минуттан уақыт беріледі, уақыт біткен кезде берілген тапсырмаларға жауап беруі қажет.
Англияны нормандардың жаулап алуы.
Басталған сөйлемді тез арада жалғастырып , аяқтау керек.
1. Британия жеріне қоныстанған герман тайпалары - ағылшын - сакстер
2. Алғашқы кезде құрылған корольдік саны - 7
3. Өзара қырқысқан 7 корольдік бірігіп, үлкен бірлестік құрды - 9ғасырда бірікті, Х ғ-да Англия
4. Англияны алғаш жаулап алғандар – Даниялықтар
5. Англия даниялықтардың үстемдігінен құтылды - ХІ ғасырда
6. 1066 жылы Англияға Нормандия герцогі Вильгельмнің басып кіру себебі - әлсіз болды.
7. «Жаулап алушы» деген атаққа ие болған король - В
8. Вильгельмнің билілігінің күшеюін көреміз -
9. В – нің жүргізген санағы – жер , халық және мүлік
10. Санақтан кейінгі жазылған кітап - «Қаһарлы сот кітабы»
11. англия халқының саны - 1,5 млн. болды
12. Ауылды жерлерде тұрған халық үлесі - 95 пайыз
13.Шаруалардың феодалдарға қарсы шығуының себебі –
14. Езілген халықтың адал досы – Робин Гуд.
2. Англияда бір орталыққа бағындырылған мемлекеттің күшеюі
Англияның қуатты державаға айналған тұсы – Вильгельм және оның шөбересі ІІ Генрих
Англиямен қатар Францияның 3\2 бөлігін иемденді
Плантагенет сот реформасын енгізді
Мемлекетті бір орталыққа бағындырды
Әскери реформа жүргізді
«Тәңір сотының» орнына король сотын орнатты
Ағылшын шіркеуін тікелей өзіне бағындырды
ГЕНРИХ
Парламенттің құрылуы.
Қашан ? | Не болды? | Нәтижесі қандай |
1189 жылы | ІІ Генрих өлді | Оның мұрагерлері Франциядағы иеліктерінен айырылып , елде феодалдар бүлігі күшейді. |
1215жылы | Корольге қарсы көтеріліс болды. | 1215 ж. 15 маусымда корольді «Еріктіліктің ұлы хартиясы» деген құжатқа қол қоюға мәжбүр еткізді. |
1216 – 1272 жылдар | Англияда ІІ Генрих билік етті | |
1258 жылы | Италияға соғыс ашты | Барондардың барлық табыстарының 1\3 – ін өзіне беруді талап етті. Бұған барон-дар наразылық білдірді. |
1259жылы | ІІІ Генрих барондардың құрған Кеңесімен санасудан бас тартты. | |
1263 жылы | Король мен барондар арасында соғыс болды | Барондар жеңіске жетті |
1265жылы | Барондар халық өкілдерінің жиналысын шақырды. | Парламент құрылды. |
Ағылшын парламенті
Лордтар палатасы Қауымдар палатасы
Ірі жер иелерінің өкілдері қатысты Рыцарлар мен халық бұқарасының өкіл-
Герцогтар, маркиздер, графтар, дері сайланды
виконттар мен барондар, епископтар
сайланды
Ү. Жаңа сабақты бекіту
1. Нормандықтардың Англияға басып кіруіне не себеп болды?
2. «Қаһарлы сот кітабы» қашан жазылды?
3. Ағылшын парламенті қашан құрылды.
ҮІ. Қорытындылау
ҮІІ. Үйге тапсырма
ХІ – ХҮ ғасырлардағы Германия