kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Халы? шаруашылы?ын ?алпына келтіру ж?не ?нерк?сіп салаларыны? дамуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білімділік: 1920-1930 жылдарда?ы ?аза?стан ?нерк?сібіні? дамуы, басты ерекшеліктері туралы м?лімет беру, сол кездегі экономикалы? даму жа?дайы туралы білімді игеру ?шін жа?дай жасау.
• Дамытушылы?: социалистік экономика туралы т?сінік ?алыптастыра отырып, оны ?р ?ырынан талдай білуге ?йрету, оларды? ойлау да?дыларын, ?абілетін жан-жа?ты дамыту, ?БТ -ке ?атысты с?ра?тарды табу.

Т?рбиелік: елімізді? ?ткеніне ??рметпен ?арау?а ?йрету, та?ырыпты? ма?ызды м?селелерін о?ыту ар?ылы о?ушыларды? саба??а ?ызы?ушылы?ын арттыру.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Халы? шаруашылы?ын ?алпына келтіру ж?не ?нерк?сіп салаларыны? дамуы»

10.12 2015 ж. 11 класс ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ

Сабақтың тақырыбы: Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өнеркәсіп салаларының дамуы

Сабақтың мақсаты: 
• Білімділік: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы, басты ерекшеліктері туралы мәлімет беру, сол кездегі экономикалық даму жағдайы туралы білімді игеру үшін жағдай жасау.
• Дамытушылық: социалистік экономика туралы түсінік қалыптастыра отырып, оны әр қырынан талдай білуге үйрету, олардың ойлау дағдыларын, қабілетін жан-жақты дамыту, ҰБТ -ке қатысты сұрақтарды табу.

Тәрбиелік: еліміздің өткеніне құрметпен қарауға үйрету, тақырыптың маңызды мәселелерін оқыту арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
 Сабақтың түрі: жаңа білім беру
Әдісі: интерактивті
 Көрнекілік:

1.«Қазақстан Республикасының саяси картасы».

2. Электронды оқулық 11 класқа арналған

3.Тірек-сызба, суреттер, кестені пайдалану. Слайдтар. Тесттер

Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар зейінін сабаққа аудару

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын тексеру мақсатында оқушыларға карточкалық сұрақтар беремін. Карточка бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

1.-Жаңа экономикалық саясаттың мәні?

2. «Ішіне, сыртына» кестесін толтыру. Ішіне жаңа экономикалық саясат белгілері, сыртына әскери коммунизм саясатының белгілері:

Ішіне

Сыртына






  • Азық-түлік салғырты, жеке саудаға тыйым салу ауылшаруашылығы несиесі, тұтыну кооперацияларын дамыту, өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне көшіру, жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру және алу, сауда еркіндігі,басқаруды орталықтандыру, еңбек міндеткерлігі, азық-түлікпен бір орталықтан қамтамасыз ету, азық-түлік салығы, жалдамалы еңбекті қолдану.

3. 1921-22 жылдардағы ашаршылық қамтыған аймақтарды картадан көрсету және нәтижесі туралы анықтама.


4. Жер-су реформасы не үшін жүргізілді? Кестені толтыру:


Жер-су реформасы




5. «Қосшы» одағы қандай іс-әрекеттермен айналысты? Ассоциация сызбасын толтыру



«Қосшы»

одағы






Үй тапсырмасын қорытындылау:

1921-25 жылдары болған оқиғалар:

Оқиға атауы

Болған уақыты

Нәтижесі

Жаңа экономикалық саясат



Ашаршылық



Ақша реформасы



Жер-су реформасы



Қосшы одағы



Салық жүйесі




ІІІ. Жаңа сабақ: Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өнеркәсіп салаларының дамуы

1.Сандық білім ресурстарынан №376 «1920-1930 жылдардағы Қазақстан өнеркәсібінің дамуы» фильмді көрсету. Өнеркәсіп саласында орын алған алғашқы қиыншылықтар. Азамат соғысы алдында Қазақстанда он мыңнан астам өнеркәсіп орындары болды. Бірақ олардың көбі майда еді және үштен бірі жұмыс істемеді. Қазақстанның өнеркәсібі азамат соғысы жылдарында мүлде құлдыраған еді.Азамат соғысынан кейін ірі өнеркәсіп екі есеге азайды. Ал мұнай өндіру тоқтатылды. Ақ гвардияшылар Қазақстаннан шегінер кезде өнеркәсіпке көп зиян келтірді. Қарағандыдағы көмір шахталарын, Жезқазған мен Успен кеніштерін суға батырды, Спасск зауытындағы байыту фабрикасын өртеп жіберді, бағалы жабдықтарды алып кетті. Осындай зиянкестіктің зардабынан Ембі мұнай кәсіпшіліктеріндегі 174 мұнай бұрғыларының 8-і ғана жұмыс істеуге жарады. Темір жол көлігінің жағдайы да нашар болды, отынның жоқтығынан, паровоздар мен вагондардың аздығынан, жолдың әсіресе, көпірлердің қирағандығынан темір жол жұмыс істемеді. Паровоздардың жартысынан көбі, вагондардың түгелге жуығы күрделі жөндеуді қажет етті. Электр станцияларының қирауы, отынның, шикізаттың жоқтығы салдарынан зауыттар мен фабрикалар тұрып қалды. Өнеркәсіп халықтың керегін мүлде қанағаттандыра алмады. Ең қарапайым, күнделікті тұрмысқа қажетті заттар жетіспеді. 1920-21 жж. қуаңшылық салдарынан астық шықпады. Азық-түліктің азаюынан кейбір аудандарда аштық басталды. Халық арасында сүзек, тұмау ауруы етек алды, оған әсіресе, балалар көбірек шалдықты.

  • Енді Кеңес үкіметі алдында осындай қиыншылықтардан шығу үшін өнеркәсіптерді де қалпына келтіру қажеттілігі туындады.

2. Өнеркәсіпті қалпына келтіру шаралары

Блум токсономиясы әдісін пайдаланып түсінік беру.

Білімді игеруге бағытталған 6 қадам


Бағалау

Күйзелген ауыл шаруашылығын тез арада қалпына келтіруге мүмкіндік берді. 
2. Өнеркәсіп қалпына келтірілді. 
3. Өркениетті кооператорлар құрылысы (қозғалысы) ел шаруашылығының барлық саласын көтерді. 
4. Шаруа шаруашылығын еркін дамытуға кепілдік берді.

Сонымен, жаңа экономикалық саясат шаруашылықты өркендетуге мүмкіндік берген «керемет ғажайып» саясат болды.


Жинақтау

1. Одақтық трестердің монополиялық өктемдігі қалыптасты. Экономикалық саясат өктемдікпен жүргізілді.

Трестерді қаптату аймақтарда өндіргіш күштерді ұтымды орналастыруға теріс әсер етті. Тресттердің пайдасы Ресейге кетті. Қазақстан экономикасының ұзақ жылдарға созылған шикізаттық сипаты анықталды.

Қазақстанда өнеркәсіпті қалпына келтіру процесі орталықпен салыстырғанда неғұрлым баяу қарқынмен жүргізіліп, 1927 – 1928 жылдары ғана аяқталды.


Талдау

Экономиканы дамыту үшін ең алдымен ірі өнеркәсіпті қалпына келтіру және қайта құру қажет болды.

1. Кәсіпорындар сала бойынша ірі тресттерге біріктірілді. Бірінші дәрежелі кәсіпорындар «Одақтық маңызы бар» тресттерге біріктірілді. Екінші дәрежелі кәсіпорындар Өлкелік трестерге біріктірілді.

2. Ұсақ кәсіпорындар жеке адамға, шетелдіктерге, кооперативтерге жалға берілді.

3. Өнеркәсіп, темір жол, көлік тасымалы шаруашылық есепке көшті.

Қолдану

  • Теміржолдарды жақсартуға да ерекше көңіл бөлінді.

Товар айырбасы мен товар айналымының маңызы артты Сауда дамыды. Жәрмеңкелер. (Нәтижелерін анықтату)

Түсіну

Ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарын қалпына келтіруде де игі өзгерістер болды. (Нәтижелерін анықтату)

Білу

Ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу кәсіпорындары қалпына келтірілді. (Нәтижелерін анықтату)

4.Негізгі мәліметтер:

  • Өлкедегі кен өнеркәсібіне көңіл бөлінді. Түсті металлургияның басты ауданы – Кенді Алтай болды.

  • Риддер қорғасын заводы мерзімінен бұрын пайдалануға беріліп, ол 1923 жылға қарай жалпы Одақта өндіретін қорғасынның 40 % - ін бере бастады.

  • Орал – Ембі мұнай кәсіпшіліктері (Доссор, Мақат) қалпына келтіріле бастады. Атырауды осы мұнай кәсіпшіліктерімен жалғастыратын тар табанды жол салынды.

  • 1920 ж. Шымкент сантонин заводы пайдалануға берілді.

  • Риддер кеніші мен Қарсақбай комбинаты жоғары қарқынмен қалпына келтірілді. 1927 жылы мыс өндіріле бастады.

  • Солтүстік Қазақстанда 20 май зауыты салынды.

  • Елек, Коряков тұз кәсіпшіліктері қалпына келтірілді.

  • Оңтүстіктегі мақта тазартатын, былғары шығаратын, жүн жуатын зауыттар жұмыс істей бастады.

  • Қарғалы шұға фабрикасы өнім шығаруды бірнеше есеге арттырды.

  • Алматы мен Талғарда тері зауыттары іске қосылды.

  • Жаңа жолдар, астықты аудандармен байланыстыратын Петропавл-Көкшетау-Славгород-Құлынды- Павлодар жолдары салынды. Жетісу темір жолы Луговой станциясынан Бішкекке дейін ұзартылды.

  • Жәрмеңке саудасы күшейтілді. 1927 жылы 75 жергілікті, 13 губерниялық, 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, сауда айналымы – 30 млн. сомға жетті.

Басты жәрмеңкелер: 
1) Семей губерниясында – Қоянды, Баянауыл. 
2) Ақмола губерниясында – Атбасар. 
3) Ақтөбе уезінде – Ойыл, Темір. 
4) Бөкей ордасында – Орда.

Өлкеде тұтыну кооперациясы кеңінен дамыды.

ІҮ. Сабақты бекіту үшін «Блиц-мониторинг» жүргізу. ҰБТ-те кездесетін сұрақтар. Әр қатарға тапсырма беру. Слайдтар қолдану

І-қатар тапсырмасы. Сандық мәліметтерді атау


Сұрақ

Жауап

Шымкент сантонин (дермене) зауыты қашан пайдалануға берілді?

1920 жыл

БОАК-інің декретімен республиканың егін шықпаған аудандарының халқы азық салығынан қашан босатылды?

1921 жыл

1928 жылғы Қазақ АКСР-дегі мал саны:

41 млн

Риддер қорғасын зауыты одақта өндірілетін қорғасынның

қанша пайызын берді?

40%

1927 жылы республикадағы жәрмеңкелердің құраған сауда айналымының мөлшері: 

30 млн сом



ІІ-қатар тапсырмасы. Тарихи кеңістікті табу


Сұрақ

Жауап

Жаңа экономикалық саясат жылдарында республиканың түсті металлургияның басты ауданы:

Кенді Алтай

Мұнай өндіру кәсіпорындары қалай аталды?

Доссор, Мақат,Ембі

1927 жылдан бастап мыс өндіре бастаған комбинат: 

Қарсақбай

1921 жылғы жер-су реформасына сәйкес қазақтарға қандай жерлер қайтарылды?

Ертіс,Жайық, Жетісу

ЖЭС кезінде қандай теміржол салынды?

Петропавл-Көкшетау



ІІІ-қатар тапсырмасы. Сөйлемдерді аяқта

Сұрақ

Жауап

Кеңес үкіметі Қазақстанға егін шықпау салдарынан зардап шеккен шаруаларға қаражат бөлді: 

Мал сатып алуға

1924-1925 жылдан бастап республикаға әкеліне бастаған ауылшаруашылық техникасы: 

Тракторлар

Жер-су реформасын жүзеге асыруда үлкен рөл атқарған кедейлер ұйымы: 

Қосшы

1921 жылғы наурызда азық-түлік салғырты алмастырылды: 

Салықпен

1924 жылдың 1 қаңтарынан бастап үкіметтің шешіміне сәйкес енгізілген салықтың түрі: 

Ақшалай салық



Ү. Қорытынды. Рефлекcия:Қазіргі Қазақстан экономикасы туралы видеоролик көрсету.

- Осы көрген видеороликті бүгінгі сабақпен қалай байланыстыруға болады?

- Екі экономикалық саясатты салыстыратын болсақ қандай ерекшеліктері бар?



ҮІ. Оқушыларды бағалау: Балалар, бүгін барлықтарың сабақта тамаша жұмыс істедіңдер. Өз білімдеріңмен, өз көзқарастарыңды білдіре алдыңдар. Сондықтан бір-бірімізге рахмет айтып, үш рет қол соғайық.

ҮІІ. Үйге тапсырма:

  1. §24. Халық шаруашылығын қалпына келтіру және өнеркәсіп салаларының дамуы. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру

  2. Өнеркәсіптерді қалпына келтіру кезіндегі бір өндіріс орны туралы хабарлама жазу.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Халы? шаруашылы?ын ?алпына келтіру ж?не ?нерк?сіп салаларыны? дамуы

Автор: Нуртаева Айнаш Аленовна

Дата: 06.01.2016

Номер свидетельства: 273008


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства