kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

" Ха?назар хан " ?ыс?а мерзімді жоспар 7сынып ?аза?стан тарихы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Билікке таластан ?лсіреген халы?ты біріктіріп,мы?ты к?шбасшылы?ыны? ар?асында сырт?ы саясатта беделі ?сіп,?аза? ханды?ыны? саяси ?рлеуін арттыр?ан хан туралы ??гімелей отырып  о?ушыларды? ?ызы?ушылы?ы мен ынтасын арттыру.

Ха?назар хан т?сында?ы ішкі-сырт?ы саясатты сипаттайды,ел бас?аруда?ы жа?сы ?асиеттерін біледі ж?не ?здік пікір ?алаптастыра алады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«" Ха?назар хан " ?ыс?а мерзімді жоспар 7сынып ?аза?стан тарихы»

Қысқа мерзімді жоспар

Сыныбы, пәні: 7 сынып , Қазақстан тарихы

Пән мұғалім : Болатбекқызы Динара

Сабақтың тақырыбы

Хақназар хан

Мақсаты

Билікке таластан әлсіреген халықты біріктіріп ,мықты көшбасшылығының арқасында сыртқы саясатта беделі өсіп,қазақ хандығының саяси өрлеуін арттырған хан туралы әңгімелей отырып оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру.

Күтілетін нәтижелер



Хақназар хан тұсындағы ішкі-сыртқы саясатты сипаттайды,ел басқарудағы жақсы қасиеттерін біледі және өздік пікір қалаптастыра алады.

Керекті жабдықтар


Интерактивті тақта, смайликтер, қима қағаздар, мәтін, рефлексия парағы, тапсырмалар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

СТО «қарлы кесек»әдісі, «Ой қозғау»

стратегиясы. «Жұптасыңыз,талқылаңыз,ортаға салыңыз»стратегиясы

.ДО-(Зерттеушілік әңгіме), Сәйкестендіру әдісі Дарынды мен Талантты оқушымен жұмыс.АКТ

С а б а қ б а р ы с ы :

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе




























Түрлі – түсті қима парақшаларына топ атаулары жасырылады :

1-топ - «Бабалар өсиеті».

2 – топ – «Хақназар хан».

3 – топ – «Ұрпақтар» сол топ аттары жасырылған қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлу.(1 мин)


1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

- Оқушылар, көңіл-күйіміз қалай?


2. Психологиялық дайындық
«Ынтымақтастықты орнату»(2 мин)



Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкі көңіл ашады,

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Күлкімізді күн қылып,

Гүл өссін деп тілейік!


3. Өткен сабақты қайталау:

« Қарлы кесек » әдісі арқылы сұралады .

1. Қасым хан Қазақ мемлекетін дамытуда қандай жетістіктерге жетті?

2.«Қасым ханның қасқа жолы»ішкі жағдайды нығайтуға қандай рөл атқарды?

3.Қасым хан сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды ?

4.Сыр бойындағы қалалар үшін болған ұрыстың қазақ халқы үшін маңызы қандай болды ?

5.Халық санының өсуі неге байланысты болды ?

6.Қазақ хандығының Қасым билігі кезінде күш-қуаты мен беделінің артқаны неден көрінеді ? (5мин)



Ой сергек : Дарынды мен талантты оқушыға алдын ала берілген тарсырма арқылы интербелсенді тақтада алдын-ала жасап келген өздік жұмыс-слайд көрсетеді. (2мин)


Оқушылар осы қима қағаздар бойынша 3 топқа бөлінеді.







Мұғаліммен амандасады.


Ишара арқылы көңіл-күйлерін көрсетеді.

Бұл сабақта еркін, сенімді отыруына септігін тигізеді.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша жауап береді. Жауап беруші оқушы толық жауап бере алмаса мұғалімнің бағыт беруімен басқа оқушыдан сұралады .












Дарынды оқушы алдын ала берілген тапсырма бойынша Хақназар хан туралы қосымша материалдардан слайд арқылы мәліметтер көрсетеді.

Негізгі бөлім
























4.Жаңа сабақтың жұмыс жоспары:

«Жұптасыңыз,талқылаңыз,

ортағы салыңыз » әдісі

Нақты назар аударатын мәселелер:

1. Ресей мен Қазақ хандығының шекараларының жақындасу себептері.

2. Ноғай ордасындағы дағдарыс себептері.

3. Ноғай Ордасының Қазақ хандығының құрамына кіруі.

4. Жетісу жеріндегі саяси жағдайдың шиеленісуі.

5. Қазақ - өзбек қатынастары.

6. Хақназар ханның қазасы (7мин)


ПІКІРСАЙЫС КЕЗЕҢІ

Зерттеушілік әңгіме – диалог

Сынып 3 топқа бөлінеді:

1 – топ – «Бабалар өсиеті».

2 – топ – «Хақназар хан».

3 – топ – «Ұрпақтар».

Бабалар өсиеті тобына сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Біртұтас қазақ мемлекетін құру идеясының көш басында кімдер тұрды?

  2. Қазақ халқының жүзге бөлінуін қалай түсінесің?

  3. Моғолстанның ханы Есен бұға Керей мен Жәнібек хандарды неліктен құшақ жая қарсы алды?

Келесі, Бабалар тобына Ұрпақтар тобы өздері дайындаған сұрақтарды қояды. Сөйтіп ұпай жинайды.

Хақназар тобына қойылатын сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қазақ хандары бір ғасыр бойы жүргізген қазақ жерлерін біріктіру процесін Хақназар толық аяқтай алды ма?

  2. Хақназар тұсында қазақ халқының этникалық құрамында қандай өзгерістер болды?

  3. Жәнібек пен Керей хандар жете алмаған Қазақстанның қай бөлігін Хақназар хан хандық құрамына қосып алды және оның маңызы қандай еді?

Бұдан кейін, Ұрпақтар тобы қалған екі топқа баға береді. Содан соң мұғалім 3 сұрақ, ал әр топ бір-біріне бір сұрақтан қояды.


Мұғалім сұрақтары:

СТО,Жаңа әдіс –тәсілдер

«Ой қозғау » әдісі

1. Неліктен қазақ хандарының басты назары оңтүстікте болды?

2. Қазақ халқының саны қай ханның тұсында 1 миллионнан асты?

3. Хақназар ханның басты қызметі неден көрінді?

Ал қалған 3 топ сұрақтарын бір – біріне қойып, сосын өз нұсқаларын оқып, осы тәсіл арқылы оқушыларды шығармашылықпен жұмыс жасауға үйретсем деп ойлаймын.(8 мин)

СТО,Жаңа әдіс-тәсілдер

«Бұл мәлімет шындықпа,жалғанба?»

әдісімен жүргізіледі.

Хақназар ханның тарихи қызметіне баға беру. (5мин)




Оқушылар өз топтарына бөлініп берілген тақырыпша бойынша оқиды.

Топта өзара талқылайды,баяндаушы баяндайды .











Тапсырманы орындау үшін ізденеді,талқылайды,ой бөліседі.

Оқушылар сол арқылы білімдерін бір жерге жинақтап, жаңа тақырыпты ұғып алады.


























Ойланады,сыни тұрғыдан жауап іздейді,өз пікірлерін қалыптастырады,жауап береді,дәлелдейді.









Оқушылар Хақназар хан туралы сұрақтар қойып ,дұрыс , дұрыс еместігін талдап,талқылайды.

Қорытынды




5.Бекіту тапсырмасы :

«Сәйкестендіру» әдісі

Хақназар ханның таққа отыруы

1538-1580жж

Моғолстан ханы қазақ хандығына соғыс ашты

16ғасырдың 50-60жылдары

Хақназар ханның болған жерлер Жетісудың Шу,Талас өңірі

1570жыл

Өзбек ханы Абдуллах пен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасындағы қақтығыс

1579ж

Баба сұлтан жансыздары Хақназар ханды өлтіреді,

1580ж

Ресей елімен жақсы қарым-қатынас жасады

1569-1573жж


(2мин)

6. Үй жұмысы:

• Тақырыпты оқып келу, Хақназар туралы оқу,

І. Есенберлиннің «Көшпенділер» тарихи трилогиясын пайдалана отырып, Хақназар ханға сипаттама беру.(1мин)


7.Сабақты бағалау:

• Оқушыларды сабаққа қатысымына қарай бағалау.

(2мин)


8.Рефлексия: (2мин)




Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.























Үй тапсырмасын түсіріп алады.




Оқушылар бағаланады.

Сабақ бойы жинаған смайликтер арқылы бағаланады.


Сабақтан алған әсерін баяндайды. Кей оқушы сыныпқа оқып береді.

















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
" Ха?назар хан " ?ыс?а мерзімді жоспар 7сынып ?аза?стан тарихы

Автор: Болатбек?ызы Динара

Дата: 18.02.2016

Номер свидетельства: 295371


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства