Атшыбаева Салтанат Нурлыбаевна – Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп Сынып: 8
Cабақтың тақырыбы: К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс
Зерттеу сұрағы: Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық күрес неліктен жалпыұлттық сипатқа ие болды
Оқу мақсаттары: 8.3.1.5. – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық күресінің себеп-салдарын анықтау
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушы үшін:
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс күші, басталуы, кезеңдері, барысы, салдарын түсіндіру
Басым бөлігі үшін:
Көтерілістің маңызды кезеңдерін талқылау, басты шайқастарды картадан көрсету
Кейбір бөлігі үшін:
Тарихи тұлға ретінде Кенесары бейнесін тұжырымдау
Лтанат
Бағалау критерийі : Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс мақсатын, себептерін, барысын анықтап, кестемен көрсете алады
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың маңызды кезеңдерін талдап, саралайды, шайқас өткен жерлерді картадан көрсете алады
Кенесары Қасымұлы бейнесі арқылы көтеріліске баға бере алады
- А)Тілдік дағдылары: Жазылым дағдысы: эссе жазу Тыңдалым дағдысы: бейне ролик көру Оқылым дағдысы: мәтінді оқу, талдау Айтылым дағдысы: мазмұны айту Ә)Терминология: отаршылдық, ұлт-азаттық қозғалыс, старшын, бекініс, манап, жасауыл, жүзбасы, мыңбасы Б)Сөз тіркестері: Патша үкіметі қазақ жерінде... Ақмола бекінісін.... Жасауылдардың негізгі міндеті....
- А)Тілдік дағдылары:
- Жазылым дағдысы: эссе жазу
- Тыңдалым дағдысы: бейне ролик көру
- Оқылым дағдысы: мәтінді оқу, талдау
- Айтылым дағдысы: мазмұны айту
- Ә)Терминология: отаршылдық, ұлт-азаттық қозғалыс, старшын, бекініс, манап, жасауыл, жүзбасы, мыңбасы
- Б)Сөз тіркестері:
- Патша үкіметі қазақ жерінде...
- Ақмола бекінісін....
- Жасауылдардың негізгі міндеті....
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде оқушыларды тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығына, Кенесарыныңөмірі мен қызметін, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызын ұлықтап, болашақ ұрпақтың тәуелсіздікті қадірлеуге тәрбиелеу
- «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде оқушыларды тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығына, Кенесарыныңөмірі мен қызметін, ол бастаған ұлт-азаттық қозғалыстың тарихи маңызын ұлықтап, болашақ ұрпақтың тәуелсіздікті қадірлеуге тәрбиелеу
Құндылықтарға баулу
Алдыңғы білім
- Қазақ тілі пәнімен: тақырып барысындағы термин сөздерді, жер-су атаулары, есімдерді, қатесіз жазуға дағдыландыру Қазақ әдебиеті пәнімен: эссе жазу барысында тақырып мазмұнын жүйелі жазуға дағдыландыру География пәнімен: карта арқылы аумақтарды көрсетуге дағдыландыру
- Қазақ тілі пәнімен: тақырып барысындағы термин сөздерді, жер-су атаулары, есімдерді, қатесіз жазуға дағдыландыру
- Қазақ әдебиеті пәнімен: эссе жазу барысында тақырып мазмұнын жүйелі жазуға дағдыландыру
- География пәнімен: карта арқылы аумақтарды көрсетуге дағдыландыру
- ХҮІІІ-ХІХ ғр патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, патша үкіметінің отаршылдық саясатын біледі ХҮІІІ-ХІХ ғр патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, патша үкіметінің отаршылдық саясатын біледі
- ХҮІІІ-ХІХ ғр патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, патша үкіметінің отаршылдық саясатын біледі
- ХҮІІІ-ХІХ ғр патша үкіметіне қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар, патша үкіметінің отаршылдық саясатын біледі
Пәнаралық байланыс:
Тілдік мақсаттар:
1-тапсырма. Кесте толтыру
1-топ: қозғалыс себептері, мақсаты туралы
2-топ: қозғалыс қозғаушы күштері, кезеңдері
3-топ: қозғалыс жеңілуі, тарихи маңызы
Дескриптор
- Қозғалыс себептерін, мақсатын түсіндіріп, көрсете алады
- Қозғалыс қозғаушы күштерін, кезеңдерін анықтап, көрсете алады
- Қозғалыс жеңілу себептерін түсіндіре отырып, тарихи маңызы айтып көрсете алады
«Миға шабуыл»
«Аквариум» әдісі бойынша сұрақтар қою
- Ұлт-азаттық қозғалыс дегеніміз не?
- ХҮІІІ-ХІХ ғр ұлт-азаттық қозғалыстардың айырмашылықтары қандай?
- Қазақ жерінде хан басқарған қозғалыс болды ма?
Саралау: « Миға шабуыл» кезеңінде «Аквариум» әдісін қолдандым. Сыныпқа әртүрлі деңгейде сұрақтар қоя отырып, барлық оқушылардың белсенділігін арттырғым келді. Сұраққа жауап берген оқушы балық түсіне қарай қандай деңгейдегі сұраққа жауап бергенін біліп отырды.
Қозғалыс қозғаушы күштері
Қозғалыс кезеңдері
Қозғалыс себептері
Қозғалыс мақсаты
Қозғалыстың жеңілуі
Тарихи маңызы
Саралау: Топтық жұмыста кесте толтыру әдісі арқылы оқушылардың бірігіп жұмыс істеуіне, тақырыпты талдап, өзара ойларын бөлісуге, әр оқушының пікірін құрметтеуге, бірлесіп жұмыс орындауға дағдыландыру болды
2-топ: Кенесары хандығы, құрылымы, саясаты туралы мәтінді талдау
Кенесары хан құрған мемлекет феодалдық мемлекет болды. Салықтар жинау тәртіпке келтірілді: малшылар үшін — зекет егіншілер үшін —ұшыр салығы қолданылды. Мемлекеттік құрылыс қайта өзгертілді, Хандық кеңес мәселені кеңесіп шешетін жоғары органдар ретінде ханға берілген батырлардан, билерден, сұлтандардан, ханның туысқандарынан құрылды. Басқарудың негізгі тұтқасы Кенесарының өз қолында қалды. Мемлекеттің басында бола отырып, Кенесары басқару ісіне шығу тектеріне қарамастан жеке басының әдеттен тыс сапасымен көрінген адамдарды тарта білгендерді сыйлық беріп көтермеледі.
Кенесары бірорталықтанған мемлекет құрудағы басты мақсаты?
Хандықтағы жиналған салықтан түскен қаржы неге жұмсалып отырды?
Кенесары хандық кеңеске неліктен толық билік бермеді?
2-тапсырма. Жұптық жұмыс. «Мазмұнды талдау»
1-топ: Кенесары ханның Батыс-Сібір генерал-губернаторы В.Д.Горчаковқа және І-Николай патшаға жолдаған хаты мәтінді талдап, сұрақтарға жауап беру
«Бүкілресейлік дара билеуші патша ағзамға. Бүтін «қырғыз ордасын» билеген Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымовтан. Кейінгі кезде біздің алым-салық ала бастады, әр түрлі қысым көрсетуді сезіндік. Менің марқұм атам Сізден, ұлы патша, біздің өмірімізге қол сұқпауыңызды, сегіз диуанды және басқа да даламыздағы қоныстарды жоюды Сізден өтінуді бақыттымын деп санаймын. Құрметпен мөрін басқан Кенесары Қасымов».
Осы хатты Кенесары қандай мақсатта жазды деп ойлайсың?
Кенесары «қырғыз ордасын» билеген деп өз рөлін неге жоғарлатып тұр?
Патша үкіметі бұл хатқа қалай деп жауап беруі мүмкін?
3-топ: Қозғалыс барысындағы маңызды шайқастар туралы мәліметтерді талдап, контур картадан көрсету
Кенесары соғыс қимылдарын 1838 ж. көктемінде Ақмола бекінісін қоршап, өртеуден бастады. Көп кешікпей көтерілісшілер келіссөздер жүргізуімді жеңілдету үшін жасадым деп түсіндіреді.
1844 ж. шілденің 20-нан 21-не қараған түні сұлтан Жантөрінің жасағын тас-талқан етіп жеңді. Осы жеңістерімен жігерленген Кенесарының негізгі күштері 1844 ж.14 тамызда Екатеринск станицасына шабуылдап, оның шетін, форштадты өртеп жіберді, 40-адамын тұтқындап алып кетті.
Кенесары ханның соңғы шайқасы қырғыздардың Кекілік-Сеңгір деген жерінде болады. "Алмалы сай" шатқалында Кенесарының сарбаздарын үш жақтан қоршауға алады.
Ақтау бекінісін алғаннан кейін көтерілісшілер неліктен Торғай ойына қарай ығысты? Картаға белгілеу
1844ж көтерілісшілер жеңісінен кейін патша қандай шараларға көшті? Картаға белгілеу
Қырғыз манаптарының бауырлас қазақ көтерілісшілеріне неліктен жаугершілік көзқараста болды? Картаға белгілеу
.
Саралау: Жұптық жұмыста «Мазмұнын талдау» әдісі арқылы оқушыларға мәтінді талдата отырып, нақты мәліметтермен шығармашылық жұмысты орындауға дағдыландыру. Әр жұп тапсырманы орындай отырып, өз тобы алдындағы жауапкершілікті ұғыну арқылы балалар бойында осы дағдыны қалыптастыру. Кейбір оқушыларға бағыт-бағдар беріп көмектесу мақсатында тірек және нақты сөздер жазылған қағаз беріледі
Дескриптор:
Берілген хаттар мәтінін талдап, толықтырып аяқтай алады
Кенесары хандығы, құрылымын, саясатын талдап айта алады
Қозғалыс барысындағы маңызды шайқастарды талдап, картадан көрсете алады
Бағалау: әр оқушы жауап беру деңгейіне қарай өзін-өзі смайликпен бағалайды
Басым көпшілік оқушыларға бағыттаушы тірек сөздер –дипломатиялық келісім, қозғалысты ұйымдасқан, кіші жүз қазақтарын
Кейбір оқушыларға нақты тірек сөздер – қазақ ханы ретінде мойындауын, келісімге келмеу үшін, Орта Азиядан қару алынды, елшілер Герн мен Долгов жібереді
3-тапсырма. Жеке жұмыс
«Кенесары ер болды...
Ел ішінде бір болды» (суреттер арқылы Кенесары бейнесіне) тақырыбында эссе жазу
Дескриптор
Суреттер арқылы ойын жинақтап әңгіме құрастыра алады
Тарихи дәлелдемелер арқылы нақты жаза алады
Эссені жүйелі түрде бірізділікпен ойын қорытады
Жеке жұмыс орындалғаннан кейін белгіленген дескриптор негізінде «3 рет шапалақ» әдісі бойынша барлық сынып бағалайды
Кейбір бөлігіне суреттердің ретін көрсетіп, мәнін айтып кету
Көмекті көп қажет ететін бөлігіне суреттерді атауын айту – Aбылай хан ұрпағы, Кенесары қаруы, Патшаға жазған хаты, Герн елші, хандық кеңес, Іле Алатау, тәуелсіздік бастауы
Саралау: Жұптық жұмыста әңгіме жазу әдісі арқылы суреттер тарихи фактілер ретінде қолданып, өз шығармашылық қабілеттерін шыңдап жүйелі сөйлеуге, ойлауға, айтуға дағдыландыру. Өз пікірін толықтай қорғай алатын тұлға ретінде қалыптасуға дағдыландыру
Кейбір оқушыларға қосымша уақыт және суреттермен қатар мәліметтер беру арқылы көмек көрсету
Қ.Б: Жеке жұмыс орындалғаннан кейін белгіленген дескриптор негізінде «3 рет шапалақ» әдісі бойынша барлық сынып жеке оқушыны бағалайды
Кері байланыс
«Екі жүрек, бір тілек» арқылы кері байланыс алу
Оқушылар бүгінгі сабақтың ұнаған екі бөлігі мен алдағы сабақта көргісі келетін бір ұсынысты стикерге жазады