kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станны? Ресейге ?осылуы ?арса?ында?ы саяси жа?дайы. Ресей Федерациясы.

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • студенттерге XVІІІ ?асырда?ы ?аза? ханды?ыны? ішкі ж?не сырт?ы жа?дайы ж?нінде жалпы т?сінік беру, ?аза? ханды?ымен Ресей империясы арасында?ы саяси ?арым –?атынас туралы білімдерін ?алыптастыру;
  • студенттерді? ой-?рістерін дамыту,географиялы? картамен ж?мыс жасауды жетілдіру, п?нге деген ?ызы?ушылы?ын  арттыру;
  • ?з  Отанын с?юге, ?лтты? сезімдерін к?теруге, ел –жер аттарын есте са?тау?а т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станны? Ресейге ?осылуы ?арса?ында?ы саяси жа?дайы. Ресей Федерациясы.»

АТЫРАУ ИНДУСТРИАЛДЫ КОЛЛЕДЖІ









Сабақ тақырыбы:

«Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы.

Ресей Федерациясы»


(Қазақстан тарихы және география пәнінен кіріктірілген сабақ)








Жасақтаған:

Қазақстан тарихы пән мұғалімі - Аралбаев С.Т.

География пән мұғалімі - Түсіпова Б.Қ.


















Атырау – 2015

Тақырыбы

«Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы.

Ресей Федерациясы»



Білімділік мақсаты:




Дамытушылық:



Тәрбиелік:

  • студенттерге XVІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы жөнінде жалпы түсінік беру, Қазақ хандығымен Ресей империясы арасындағы саяси қарым –қатынас туралы білімдерін қалыптастыру;

  • студенттердің ой-өрістерін дамыту,географиялық картамен жұмыс жасауды жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

  • өз Отанын сүюге, ұлттық сезімдерін көтеруге, ел –жер аттарын есте сақтауға тәрбиелеу.

Сабақтың типі

Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі

Кіріктірілген сабақ

Сабақтың әдісі

  • баяндау

  • ой қорыту

  • сұрақ –жауап

  • топтық жұмыс


Сабақтың көрнекілігі

  • слайд : «Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы»

  • карталар: «Дүниежүзінің саяси картасы», «Қазақстанның саяси картасы», «Ресей Федерациясының саяси картасы»

Пәнаралық байланыс


  • Дүние жүзі тарихы

  • Қазақ әдебиеті.



Ұйымдастыру

кезеңі:

  • амандасу

  • студенттердің сабаққа қатысын тексеру

  • студенттердің сабаққа дайындығын тексеру, көңілін сабаққа аудару

  • сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету

  • студенттерді екі топқа бөліп отырғызу

Жаңа сабақты меңгерту:

Жоспары:

Тарих пәнінің мұғалімі:

1.Қазақ хандығының ішкіжәне сыртқы саяси жағдайы.

Қазақ хандығы ХVIII ғасырда шығысында Ертістен батысында Еділге дейін, солтүстігінде Орал тауының далалы аудандарынан, оңтүстікте Бұхар, Самарқанд жерлеріне дейін кең – байтақ жерді алып жатты. Бұл көрсетілген аймақта үш жүздің құрамына кірген 112 ру – тайпалар өмір сүрген. Ғылыми есепке қарағанда, қазақ халқының жалпы саны 3 млн адам болған.

(Карта «Қазақстан саяси картасы»)

ХVII - ХVIII ғасырлардың аралығында қазақ қоғамында хандық өкіметтің басқару жүйесі біраз күшейді. Жыл сайын бір рет үш жүздің өкілдерінің бас қосқан жиналысы шақырылды. Бұл кездегі хандық өкіметтің күшеюі Жәңгір ханның баласы Тәуке ханның (1680-1715/18жж) басқару ісін дұрыс жолға қоя білуінен еді. Халық аузында Тәукенің ел билеген кезін « алтын ғасыр» немесе «қой үстіне бозторғай жұмртқалаған заман» деп атаған.

(«Тәуке ханның суреті»)

Тәуке хан өзінің билік құрған кезінде сыртқы жауға тойтарыс беру үшін ел бірлігінің берік болуы мәселесіне ерекше көңіл бөлген.

Сонымен бірге Тәуке хан ел ішіндегі басты талас –тартыс,жанжалдың көзі жер мен су болып отырғанын біліп,бұл мәселені шешу үшін билер мен ақсақалдар кеңесін құрады.Мәмілені шешуді осы кеңеске берген. («Тәуке хан» туралы видео)

Тәуке хан қаза болғаннан кейін Қазақ хандығы бытыраңқылыққа түсіп,әрбір жүз өз хандарын сайлап жатты.Ұлы жүзде Жолбарыс хан, Орта жүзде Болат хан, Сәмеке хандар, ал Кіші жүзде Әбілхайыр хандар сайланып жатты. Жоғарыдағы хандардың ішінде өзінің батырлығымен, әскери қолбасшылық қасиетімен көзге түскені Кіші жүздің ханы Әбілхайыр болды.

(«Әбілхайыр хан» суреті)

ХVIII ғасырдың бірінші ширегінде Қазақ хандығының халықаралық жағдайы онша жақсы болмаған. Бұл кезде Еділ бойындағы қалмақтар Ресейдің қол астында болатын. Олар патша өкіметіне арқа сүйеп Кіші жүздің жеріне жиі шабуыл жасап отырды.Қазақстанның оңтүстік –шығыс жағынан Жоңғар хандығы күшейіп, қауіп төндіре бастайды.Жоңғардың өкімет басына келген жас қонтайшы Себан – Рабдан (1663-1727жж) кезінде Қытайдың маньчжур әулетімен тіл табысып, өзімен көрші жатқан қазақ, Шығыс Түркістан,Орталық Азия жерлерін жаулап алуға әрекет етті. Басты көзденгені Қазақстанның оңтүстік аймақтары болды.Сондықтан жоңғарлар Жетісу, Сырдария бойындағы қалаларға тонаушылық шабуылдар жасады. 1708-1710 жылдары аса ірі жоңғар шапқыншылығы басталды. Қазақтар талан- таражға ұшырады.Қазақтың көрнекті билері мен батырлары жауға бірігіп тойтарыс беру үшін 1720 жылы Қарақұмда құрылтай жиынын шақырды.Бұл басқосуда Бөгенбай батыр жауға қарсы күресудің қажеттігін айтып, жалынды сөз сөлейді.Құрылтай батырды қазақ жасағының қолбасы етіп тағайындап, әр – әр жерде жауға тойтарыс беріле бастады.

(«Қазақстан саяси картасы», батырлар суреті)

1722 жылы Қытайлармен жасалған келісім Жоңғарларға қазақ жеріне күшті шабуыл жасау дайындығын жүргізуге мүмкіндік береді. Шабуыл 1723 жылы басталды.Халқымыз үшін шабуылдың зардабының күшті болғаны сонша, ол ел аузында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен сақталған.

(«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» туралы бейне таспа)

2. Қазақ –орыс қарым –қатынастары.

Ресей патшасы І –ші Петр Еуропаға шығу үшін Балтық теңізіне қалай ұмтылса, шығысқа шығу үшін қазақстанға да сондай көңіл бөлді. Патша Шығысқа шығатын « Кілтпен қақпа» қазақ жері деп есептеп, ол Ресейдің қол астында болу қажет деп тапқан.

(«Дүние жүзі саяси картасы»)

Сондықтанда патша өкіметі қазақ хандығының осал жерін тауып, өзінің айтқанына көніп айдауына жүргізуді ойластырды. Әскери қосындар жіберіп, жеріне жағалай бекіністер салып, дипломатиялық ықпалын нығайтуға тырысты. Ресей бұл мақсатына жетті де қазақ – орыс қатынастарының жақсаруы нәтижесінде патша өкіметі қазақ жері арқылы Орталық Азия хандықтарымен Кавказбен, Түркиямен, Иранмен Үндістанмен т.б елдермен қарым –қатынас жасады.

Ресеймен қарым –қатынасты жақсартуға қазақ жүздері де мүдделі болды. Өйткені қазақ жері шығысында Жоңғар хандығының, батысында Еділ бойындағы қалмақтардың, оңтүстіктен Орталық Азия хандықтарының, солтүстігінде казактармен башқұрттардың шабуылынан жап шегіп отырды. Сонымен қатар қазақтардың Ресеймен жақындасуындағы және бір басты қажеттілік – Жайық пен Еділдің оң жағалауындағы жайылымды пайдалануға әрекет жасау еді.

Жоңғарлардың қазақ жеріне 1723жылдан бастап жаппай шабуылынан қазақтардың солтүстік, солтүстік –батысқа жылжуы қазақтар мен орыстар арасын одан әрі жақындата түседі.

География пәнінің мұғалімі:

3. Ресейдің географиялық жағдайы, мемлекеттің қалыптасуы.

(«Ресейдің саяси картасы»)

Жерінің ауданы -17,1 мың км2

Халқы -143,6 млн адам

Ресей Федерациясы Еуразияның солтүстік –шығысында орналасқан, аумағы жалпы құрлықтың 1/8 бөлігін қамтитын, жерінің ауданы жөнінен дүние жүзінде бірінші орын алатын аса ірі мемлекет. Ресей әлемдегі ең ірі материкте орналасуы оның экономикалық –географиялық жағдайының қолайлы жағы болып табылады.Өйткені Еуразияда дүние жүзі мемлекеттерінің 40% - дан астамы, халықтың басым көпшілігі орналасқан.Жалпы алғанда Ресейдің 12 мемлекетпен теңіздік шекарасы бар, ал 14 мемлекетпен құрлық арқылы байланысқан.Ресей сан ғасырлық тарихы бар ежелгі мемлекеттердің бірі.Орыс мемлекеті айқын ажыратылған табиғи шептері жоқ аумақта қалыптасты. Сондықтан орыс жері талай рет сыртқы жаудың шапқыншылығына ұшырады. Бытыраңқы орыс жерлерін мәскеу айналасында бірігуі 14-15 ғасырда жүрді. 1480 жылдары Татар –Монғол езгісінен толығымен босаған орыс жерлері біртұтас мемлекетті құрады. Осылайша болашақтағы күшті Орыс мемлекетінің негізі қаланды. 18-ғасырдан бастап Орыс мемлекеті Империя деп атала бастады. 1722 жылы Елдің оңтүстік шекараларын нығайту мақсатында І –ші Петр Кавказ бен Иранға жорығын бастады.

(«Император І Петр» суреті)

Нәтижесінде Каспий теңізінің батыс оңтүстік жағалауы Ресей құрамына енгізілді. 19-ғасырдың басында өзінің құрамына Балтық теңізінің шығыс жағалауын, Польшаны , Кавказ сыртын қосу арқылы өз аумағын одан әрі кеңейте түсті. Кейіннен Ресейдің назары Орта Азияға ауды. Ресей Империясының басқыншылық саясаты нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстан жері толығымен тәуелді аумақтарға айналды.

Тарих пәнінің мұғалімі:

4. Қазақстанның Ресейге қосылуы.

Жоңғар шапқыншылығынан кейін үстем тап өкілдерінің арасында біріге түсудің орнына алауыздық туып ыдырай бастады. Жоңғар шапқыншылығы әсерінен жүздердің бытыраңқылығы күшейе түсті.

Қазақ хандықтарының алдында қазақ жүздерін сыртқы жаудан қорғау және саяси бытыраңқылықты жою міндеті тұрды. Қазақ халқының басына түскен осындай ауыр жағдайды Кіші жүздің ханы Әбілхайыр өз пайдасына шешуге тырысты. Ол патша өкіметіне арқа сүйегісі келді. Оның мақсаты қазақ мемлекетін жаудан сақтап қалу, Тәуке ханның кезіндегі сияқты үш жүздің басын қайта қосу, өзінің қарсыластарын жеңіп, Қазақ хандығының ханы болып билік жүргізу болды. Бұл ойын іске асыру үшін Әбілхайыр хан 1730 жылы қазан айында Ресей патша өкіметіне өз елшілерін аттандырады. Оны Ресей патшасы құп көріп қазақ жерін тексеру үшін өз елшілерін жібереді.

Сөйтіп, Әбілхайыр хан бастаған 29 би – старшындар патша өкіметінің қол астына кіруге ант береді. Әбілхайырдың бұл әрекеті Қазақстанның Ресейге қосылуының алғашқы қадамы болды.

Қазақ жерінің Ресейдің қол астына өте бастауы екі жағдайды анық көрсетті: жоңғар шапқыншылығының қарқыны біраз әлсіреді және орыстар қазақ мемлекетін біртіндеп отарлай бастады.

География пәнінің мұғалімі:

5. Ресейдің әкімшілік –аумақтық құрылымы. Халқы.

Ресей Федерациясы құрамына тең құқықты федерациялық бірліктер: 21 республика, 9 дербес округ, 1 дербес облыс, 6 өлке, 49 облыс, 2 қала енеді. Әрбір федерациялық бірліктің заң шығару, сот және басқа органдар бар. Сонымен қатар Ресей Федерациясы аумағында мемлекеттік биліктің бірыңғай органдары қызмет етеді. Жалпыға ортақ Конститутция, бірегей азаматтық, ортақ ақша бірлігі және т.б. тағайындалған.

Ресей халқының саны 143,6 млн адам құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей дүние жүзінде Қытай ,Үндістан ,АҚШ, Индонезия, Бразилия және Пәкістаннан кейін 7-ші орын алады.

Ресей көп ұлтты елдер қатарына жатады, мұнда 160 ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. 100-ге жуық ұлттар мен ұлыстар Ресейдің байырғы халқына жатады. Саны жөнінен басымы орыстар. Олар Ресей халқының 80% құрайды.

Ресей Мәдение кеңістігінде орыс тілімен мәдениетінің ғана емес, басқа халықтардың сонын ішінде шағын ұлыстардың тілі мен салт дәстүрлерінің сақталуына айрықша көңіл бөлінген.

Сабақты бекіту:


































Жаңа сабақты қорытындылау:

I. Топқа сұрақтар:

  1. 18 ғасырдағы Қазақ халқының жалпы саны қанша болды және үш жүздің құрамында неше ру-тайпа өмір сүрген? (Қазақстан тарихы)

  2. Неге Тәуке хан билік еткен жылдар (1680-1715/18 жж) тарихта «Алтын ғасыр» деп аталған? (Қазақстан тарихы)

  3. 18 ғ. басында Қазақ хандығының халықаралық жағдайы қандай болды? (Қазақстан тарихы)

  4. Ресейдің географиялық жағдайының басты ерекшеліктері қандай? (география)

  5. Ресей мемлекетінің қалыптасу тарихы қалай жүрді? (география)

  6. Орыс мемлекеті қай жылдан бастап империя атала бастады? (география)


II. Картамен жұмыс

1 топқа тапсырма: картадан Қазақ еліне 17-18 ғ. жиі шабуыл жасап

отырған елдерді көрсет,белгіле.

2 топқа тапсырма: Ресеймен шекаралас жатқан елдерді картадан белгіле.

III. 4-5 жоспардағы сұрақтар бойынша мәтінмен жұмыс.

(Топтар берілген мәтіндер бойынша қарсы топқа 2-3 сұрақтан дайындау)

IV. Ой қорыту.

Тәуке ханның хандық құрған жылдары.

1680-1715/18жж

Қарақұмда құрылтай жиынын шақырылды.

1710ж

Жоңғар шабуылы басталған жыл.

1723ж

Әбілхайыр хан Ресей патша өкіметіне елші аттандырған жыл.

1730ж.

Орыс мемлекеті империя деп атала бастады.

1721ж.

Ресей императоры І Петр Кавказ бен Иранға жорық бастаған жыл.

1722ж.

Ресейде қанша ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады?

160

Ресей мемлекеті құрлық арқылы неше мемлекетпен байланысады?

14




Тарих пәнінің мұғалімі:

Қазақ жерінің Ресейге қосылуы туралы әр түрлі пікір бар. Біріншісі кеңес дәуірі кезінде үстем болған Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды десе, екіншісі өз еркімен қосылған жоқ, жаулап алды деген пікір. Шындығында да Кіші жүздің ханы Әбілхайыр ханның Ресейге өз еркімен қосылғандығы тарихи деректерден белгілі. Ал қазақ жерінің қалған бөліктері Ресейдің жаулап алуымен қосылған.

Патша өкіметі қазақ жерін айналдыра бекіністер салып тәуелсіздіктен біржола айыруға әрекет жасады. Сол үшін бірнеше рет реформалар жасап, қазақты жерінен біржолата айырды.

География пәнінің мұғалімі:

Ресей мен Қазақстан арасындағы экономикалық,әлеуметтік және мәдени байланыстардың тамыры өте терең, оның ең қуаттысы әлеуметтік және мәдени байланыстар. Ондай шаралар екі елдің көршілес орналасқан аймақтарында аса қарқында жүзеге асуда. Мұндай байланыстар бауырлас қалалар арасындағы жүргізіліп жатқан шаралардың, ақпарат, ғылым мен білім алмасу жұмыстарының жүйелі де тиянақты нәтижелерінен айқын көрініс тауып отыр.

Үй тапсырмасы:




§29. Қазақстанның Ресейге қосылуы қарсаңындағы саяси жағдайы.

§45. Ресей Федерациясы.

Бағалау:

Топтық бағалау.

Топ жұмысын бағалау

Топта барлық оқушы жұмыс істеді

Бір біріне көмектесті

Топ тапсырма бойынша сұрақ құрастырды.

Топ сұрақтарға еркін жауап бере алды
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
?аза?станны? Ресейге ?осылуы ?арса?ында?ы саяси жа?дайы. Ресей Федерациясы.

Автор: Аралбаев Сериккали Т?лкібай?лы, Тусупова Бану

Дата: 14.12.2015

Номер свидетельства: 266067


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства