Просмотр содержимого документа
«"?аза?станды?тарды? ?лы Отан со?ысына ?атысуы"»
Сабақ тақырыбы : Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда, Қазақстан- Сталинград майданының ең жақын тылы, Соғыс бағыты- Батыс.Майданға және басқыншылық азат етілген аудандарға бүкілхалықтық көмек.соғыс жылдарындағы ұлтаралық қатынастар туралы әңгімелеп, ол соғыстың Қазақстандықтар үшінгі маңызын ашу.
Дамытушылық: Оқушының өз ойларын еркін жеткізіп, пікір айтуға бейімдеу, ойларын толықтырып қорытындылап салыстыра білу дағдысын қалыптастыру. Өткен сабақтағы материалдармен байланыстыра отырып, деректердің ерекшелігімен айырмашылығын, ұқсастығын айырып таба білу сияқты ынтасын көтеріп,пәнге деген қызығушылығын ояту жәнеой-өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Өздігінен іс-әрекетті қалыптастыра отырып, Отанын сүюге, дамгершілікке және тарих пәнінің салаларының тарихты жазудағы маңызын түсіне білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, ауызша хабарлама әдісі
Сабақтың көрнекілігі: « ХІХ-ХХғғ дүние жүзі саяси картасы»
Пән аралық байланыс: География, дүние тарихы
Жаңа сабақ (15 мин)
Негізгі ұғым:
Тақырыптың жоспары:
Қазақстандықтар Мәскеу, Ленинград үшін ұрыстарда
Қазақстан- Сталинград майданының ең жақын тылы
Соғыс бағыты- Батыс.
І. Қызығушылығын арттыру сатысы (15 мин)
Ішіне - сыртына кестесі
Деректер
жауап
ішіне
сырты
Ұлы Отан соғысы басталды
1941 ж. 22-маусым
Гитлердің КСРО-ны жаулап алу мақсатындағы жоспары
«Барбаросса»
Германия КСРО-ны қанша уақытта жаулап алмақ болды
3-4 ай
Соғысып жатқан әскер қатарына қанша жауынгер аттанды
1 195 164 адам
Екінші дүниежүзілік соғыс неден басталды
Германияның Польшаға басып кіруінен
Барбаросса жоспары бойынша Қазақстан қандай аймаққа кірді
Үлкен Түркістан
Қазақстанға көшіріліп әкелінген зауыт,фабрикалар негізінен қай жерлерге орналастырылды?
Майданға, қорғаныс өнеркәсібіне Қазақстанның әр нешінші адамы аттанды
Төртінші
Соғыс кезінде Қазақ КСР-і КСРО-ның
аса ірі мал шаруашылық базасына айналды.
ІІ Мағынаны ажырату сатысы: (8 мин)
А)Мәтінмен жұмыс «Ұнағанын жазып ал»
І топқа «Қазақстандықтар Мәскеу,Сталинград, Ленинград шайқаста»
ІІ топқа «Қазақстандықтар Батыс үшін шайқаста»
Ә)Оқыған мәтінді топ арасында талдайды.
Б)Топ алмасады
В)Оқыған мәтінді көрші топтағы жұбыңа түсіндір.
Г) Не қорытындылауға болады?
І Ой толғаныс сатысы
А)Сұрақ
І топқа Қазақстандықтар қандай ерліктер көрсетті?
ІІ топқа Қазақ халқы ҰОС-на қандай үлес қосты?
Б) Тарихи диктант
Ұлы Отан соғысының алғашқы кезеңінде Қазақ КСР-інде 14 атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға аттандырылды.Құрылған бөлімдер мен құрамалар құрамы жағынан көп ұлтты болды. Брест қамалын қорғауда қазақстандықтар А.Наганов, В.Фурсов, Қ.Тұрдиев, Ш.Шолтыров т.б. болды. Мәскеу түбінде И.Панфилов қолбасшылық еткен даңқты 316- атқыштар дивизиясы ерлікпен шайқасты. Мәскеу үшін шайқаста Б.Момышұлы басқарған батальонның жауынгерлері қаһармандық көрсетті. Мәскеу үшін болған шайқастар туралы Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры, белгілі жазушы Б.Момышұлы былай деді: «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да, күйдіріп жібере алады... біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз – Отанға деген сүйіспеншілік».
В) Өткен сабақта берілген тапсырма бойынша Ұлы Отан соғысына қатысқан ауылдас майдангерлер туралы ақпараттарын ортаға салу
Үй тапсырмасын беру және бағалау (5 мин): 27,28- тақырыпты оқу түсінгенін айтып, сұрақтарға жауап беру, шығармашылық тапсырма
1-деңгей «Жеңіс оңайлықпен келген жоқ» тақырыбына эссе
2-деңгей Сандық көрсеткіштер кестесін толтыру
3-деңгей Кеңес Одағының батырлары туралы баяндау
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысулары мен ынтасына байланысты бағалау