Просмотр содержимого документа
«?аза?станда ?скери-?ндірістік кешенні? ?алыптасуы»
Сынып: 9
Күні: 23.01
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда әскери-өндірістік кешеннің қалыптасуы Сабақтың мақсаты: Оқушыларды соғыстан кейінгі кезеңдегі экономиканы
одан әрі әскерилендіру ісімен таныстыру. Сабақтың міндеттері: Дамытушылық-басты негізгі мәселелерді ажырата білу,тарихи оқиғаға және оның салдарына баға беру дағдысына қалыптастыру; Тәрбиелік-ғылыми ойлау,қойылған проблемаларды өздігінен шешу біліктілігіне тәрбиелеу; Көрнекіліктер:Интерактивті тақта,аудио роликті фильмнен үзінді,иллюстрациялық материалдар,карта,кітап көрмесі. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.(Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу) ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. 1)Соғыстан кейінгі өнеркәсіптің дамуына қысқаша сипаттама бер? 2)Қанша қала мен қала типтес кенттер салынды? 3)Атақты кеншілерді ата? 4)Маман жұмысшылар мен қызметкерлердің саны қалай артты? 5)1959 ж.қала халқының саны қаншаға жетті? 6)Темір жол қатынастарының жетістіктері? 7)Мұғалімнің қорытындылау сөзі. ІІІ.Жаңа сабақ жоспары: 1.Қазақстандағы әскери-өнеркәсіп кешенінің дамуы. 2.Қазақстанның ядролық полигонға айналуы. 3. «Байқоңыр» ғарыш айлағы,Семей полигоны. «Ой шақыру» стратегиясы бойынша: Кәне, балалар «Полигон» сөзін айтқанда көз алдарыңа нені елестете аласыңдар? (Оқушылардың жекелеме жауаптарын тыңдау). 1).
2).
● 30 зауыт жұмыс істеді; ● Алматыдағы ауыр машина жасау зауытында әскери-соғыс теңіз флотына қажетті ядролық торпедалар , миналар жасалынды; ● Курчатов қаласында-ядролық зымырандардың қозғалтқыштарын дайындады; ● Петропавлда ауыр машина жасау зауытында-орта қашықтықта ұшатын «СС-20» баллистикалық зымырандар; ● Оралда-әскери кемелерді қару-жарақпен және ірі калибрлі пулеметтерді; ● Өскеменнің Үлбі металлургиялық комбинатында-сирек кездесетін химиялық элементтерді өндірді; ● Алтай бауырындағы Ульба зауытында – атомдық бомбаның сыртқы қабатын жасау үшін тантал,берилий өндірді (ҚХР,АҚШ,Қазақстан); ● Әлемде Ульба зауыты ғана берилий өндірді; ● 1980 жылғы ІІ жартысында уран рудасын өндіру мен өңдеу қарқынды түрде дамыды.Қазақстан уран кенін өндіруде І-ші орында (58%) болды; ● Байқоңыр ғарыш айлағы ғана емес, «Зенит», «Космос», «Протон» т.б.зымырандарын ұшыратын алаңдарда, бейбіт әскери мақсаттарда ғылыми жұмыстар пайдаланды; ● Қазақстан ядролық державалар рейтінгісінде АҚШ, Ресей, Украинадан кейін 4 орын алады.
3).
4).
«Байқоңыр» ғарыш айлағы — 1955 жылы құрылып, 1957 жылы пайдалануға берілді; — Айлақ 70*70 шақырымдай әлемдік дәрежедегі әскери нысан; — Дүниежүзі елдерінің 150-ден астам ғарышкерлері ғарышқа ұшады; — 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А.Гагарин алғаш рет ғарышқа ұшты;
— Олжас Сүлейменов «Адамға табын, Жер енді!» деген поэмасын жазды; — Осы ғарыш айлағынан 2.5 мыңға жуық зымыран ұшырылады;
— Ол әскери, ғылыми, әлеуметтік экономикалық мақсаттарда ұшу аппараттары ғарышқа шығарылады;
— 1991 жылы 2 қазанда Тоқтар Әубәкіров- қазақтың тұңғыш ұшқан ғарышкері;
— 1991-1998- 2001 жылдары ғарышқа 3-рет ұшқан қазақ ғарышкері — Талғат Мұсабаев;
— «Байқоңыр» — халықаралық туристік ғарыш айлағына айналуда.
6).
Әрбір сынақтың жер астында өткізу құны-30 млн. сом болды.
Жарылыстың қуаты -30 кило тонна болды.
Алғашқы сынақ 1949 жылы 29 тамызда болды. 1949-89 ж.-470 жарылыс болса 26 жер үстінде (90) әуеде 354 жер астында
Семей полигоны
1 тапсырма: Топтық жұмыс (оқулық мәтінімен топта талдау) 2 тапсырма: Жылдар сыр шертеді ⦁ 1955- ⦁ 1961- ⦁ 1949- ⦁ 1953- ⦁ 1949-1989- ⦁ 1963-1988жж ⦁ 1961-1962жж. ⦁ 1957- ⦁ 1991,1998, 2001- ⦁ 1961- ⦁ 1991- ⦁ 1989- 3 тапсырма: «Мағынаны тану» стратегиясы бойынша терминдік сөздермен жұмыс,(мысал келтіру немес сөйлем құрастыру). 4 тапсырма: Картамен жұмыс (сынақ болған аймақтарды картадан көрсету). 5 тапсырма: Топпен шығармашылық жұмыс (сөзжұмбақ, тест, эссе жазу және өлең немесе сурет салу) 6 тапсырма: «Топтастыру» стратегиясы бойынша қорытындылау (Әскери-өндірістік кешен) 7 тапсырма: Бекіту сұрақтары. ⦁ Қанша әскери өнеркәсіп кешені дамыды? ⦁ Уран өндіруден нешінші орында болды? ⦁ 1949-1989 жылдар аралығында неше жарылыс болды? ⦁ «Байқоңыр» ғарыш айлағы қашан салынды? 2014 жылы 14 сәуірде Вашингтонда Ядролық қауіпсіздік жөнінде самит өтті. Ядролық қарудан әлемде алғаш рет бас тартқан, тажал полигонын тарихта тұңғыш рет жапқан елдің басшысы, сарабдал, данагөй, саясаткер – Н.Назарбаев еді. Қазақстанның жасампаз миссиясын халықаралық қауымдастық мойындады. Елбасына «Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы» сыйлығы табыс етілді. Бағалау. Үйге тапсырма: 35. Оқу және сұрақтарға жауап беру.