Пән | Қазақстан тарихы | Сынып | 8 | Өтілетін мерзім |
Тақырыбы: | Қазақстандағы өнеркәсіптің дамуы. |
Мақсаты: | ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстан өнеркәсібінің дамуы және қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайы туралы білуі тиіс. |
Күтілетін нәтиже: | 1.Қазақстан өнеркәсібінің дамуының басымдылықтарын ажыратып көрсете алады. 2. қазақ жұмысшыларының ауыр жағдайын ашып айта алады. |
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: | мәтінмен жұмыс,сұрақ-жауап,калаш жасау, деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс. |
Қолданылған модульдер: | Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету,Оқыту мен оқудағы АКТ-ны,оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, талантты және дарынды балаларды оқыту |
Сабақ кезеңдері | Тапсырмалар мен сұрақтар | Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау түрі |
Кіріспе | Балалармен сәлемдесу, оқушылардың зейінін сабаққа аударту. | Оқушылармен амандасады, оқу шылардың назарын сабаққа бағыттайды. | Сабаққа дайындық, зейіндерін аударады. | |
Тренинг | «Таңғы жаттығу» сергіту сәті. Мақсаты:Сергіту сәті арқылы оқушылардың бойларын жазу. | Интерактивті тақтадан жаттығуды жіберіп,барлығының да орындауларын сұрайды. | Өзара жылы қарым-қатынас орната отырып, бойларын сергіте отырып жаттығуды орындайды. | |
Топқа бөлу | Шаттық шеңберін құрып,бойлары бойынша топқа бөлу Мақсаты: Барлық сынып оқушылары арасында байланыс орнату. | Құрылғн топтардың орындарына отыруын сұрайды. | Оқушылар топтарын анықтап,әркім өз тобына жайғасады. | |
Үй жұмысын тексеру | «Ыстық орындық» әдісі. | Өз еркімен келіп сабақ айтушыларды ортаға шақырады.Қосымша сұрақтар қойылады. | Оқушылар шығып өз білгендерінортаға салады, және қойылған сұрақтарға жауап береді. | |
Жаңа сабақ | Интерактивті тақтадан сабақтың тақырыбы мен мақсаты беріледі. Жаңа тақырыпқа өту мақсатында интерактивті тақтадан суреттер көрсетіледі. | Интерактивті тақтаға назар аудартып,көрсетілген суреттер бойынша балалардың сөйлеулерін сұрайды. | Балалар сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныса отырып, көрсетілген суреттер және қойылған сұрақ төңірегінде ойланып жауап береді. | |
Жеке жұмыс | Деңгейлік сұрақтар үлестіріледі. | Мұғалім оқушының деңгейін ескере отырып деңгейлік сұрақтарды таратады. | Берілген сұраққа іздене жауап береді. | |
Топпен жұмыс | Тақырып негізінде калаш жасау. | Алдын ала дайындалған суреттерді екі топқа бірдей етіп үлестіреді. | Оқушылар өздерінің бар шығармашылықтарын ортаға сала отырып, жұмыла тапсырманы орындауға кірісіп кетеді. | Жұптық бағалау(жұлдызша,жалау,үшбұрыш) |
Сабақты қорытындылау | Калаштарындағы суреттер бойынша сабақты қорытындылау сұрақтар қойылады. | Сұрақ қоя отырып оқушылардың толық жауап беруін өтінеді. | Калаш бойынша қойлған сұрақтарға жауап береді. | |
Үйге тапсырма | Пар.35 .Тарау бойынша қайталау. | | | |
Кері байланыс | Сұрақтар бойынша іске асырылады. 1.Өте қызықты 2.Қызықты 3.Мүлдем қызық емес | Кері байланыс парағы үлестіріледі.Сұрақтарға толық қанды жауап берулерін сұрайды. | Оқушылар сабақтан алған көңіл-күйлеріне байланысты сұрақтарға өз жауаптарын жазады. | |
Бағалау | Үй тапсырмасындағы «ыстық орындық»және жұптық бағалау бойынша жиынтық бағалары қойылады. | | | |