kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станда?ы «Кіші ?азан» ба?ыты

Нажмите, чтобы узнать подробности

1920 - 1930 жылдары ?аза?станда ж?ргізілген индустриаландыру саясатыны? жетістіктері мен зардаптарын т?сіндіру;
 Республикада?ы экономикалы? саясатты халы? м?ддесіне сай ж?ргізу т??ірегіндегі ?лт ?айраткерлеріні? к?з ?арасымен о?ушыны? патриотты сезімін ?штастыру;
1920 - 1930 жылдарда?ы индустриаландыру саясатыны? экономикалы? дамытуда?ы байланысын ай?ындау.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станда?ы «Кіші ?азан» ба?ыты»

Қазақстан тарихы. 7 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнері. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Қазақстанның ХIV – XV ғасырлардағы сәулет өнерін, қолданбалы өнер, архитектуралық құрылыс жүйелері туралы білімдерін арттыру. 
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс жасауға дағдыландыру, ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту. 
Тәрбиелік: Оқушы санасына туған халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рух енгізу, тіл мен дін мәдениет мұрасын, тарихын құметтеуге тәрбиелеу. 
Сабақтың түрі: Жаңа материалды түсіндіру. 
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсінік беру. 
Сабақтың көрнекілігі: Кеспе қағаздар, карта, қосымша тарихи әдебиеттер, интерактивті тақта. 
Пән аралық байланыс: Қазақ тілі мен әдебиеті, география, бейнелеу. 
Сабақтың барысы: 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
Топтастыру стратегиясы: 
1. Мәдениет 2. Рухани мәдениет 3. Материалдық мәдениет 
1. «Сәйкестендіру» 
«Кодекс куманикус» Кутб 
«Жүсіп – Зылиха» Өтеміс қажы 
«Мухаббатнама» Әл - Хорезми 
«Хұсрау – Шырын» Абдрахман әл - Жәми 
«Шыңғыснама» Қыпшақ тіліндегі сөздік 
2. Суреттер сөйлейді 
Сергіту сәті: «Екі шындық, бір өтірік» ойыны 
ІІІ. Жаңа сабақ: 
Жоспары: 
1. Сәулет өнері. 
2. Қ.А.Иасауидің кешенді кесенесі. 
3. Алаша хан кесенесі. Көккесене. 
4. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі. 
5. Қолданбалы өнер. 
Ал енді оқушылар бүгінгі сабағымызда біз XIV - XV ғ.ғ Қазақстанның сәулет ескерткіштері мен құрылыстарына саяхат жасаймыз. Ол үшін біздің тобымызға тарихшылар, географтар, сәулетшілер керек. Біз құрылысты көзбен көріп қана қоймай, осы саланың маманы ретінде қағаз бетіне түсіреміз. 
1. Сәулет өнері – Х-ХІІ ғасырларда Қарахан мемлекетінің кезінде өркендеген, дәлел Тараз қаласының маңынан 18 ш жерде салынған Айша Бибі, Бабаджа хатын сияқты сәулет өнерінің ең тамаша туындысы, әрі қарай өркендеуіне Монғол шапқыншылығы үлкен зиян тигізді. Дәлел ХІІІ-ХIV ғасырларға дейін құрылыс нысандары салынбаған. Ал ірі архитектуралық құрылыс жүйелері салына бастаған . мысалы бізге жеткен тамаша сәулет өнері Арыстан баб Қ.А.Иасауи, Көккесене, Алаша хан т.б. кесенелер жатады. Арыстан баб кесенесі Отырардың Батыс жағында 3 км жерде сырдария өзеніне жақын жерде орналасқан. 
2. XIV-XV ғ аралығында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған сәулет өнері- Қожа Ахмет Иасауидің кешенді кесенесі. Қожа Ахмет исі мұсылман дінінің көрнекті өкілі, әрі уағыздаушысы, ақын. Кесене ОҚО Түкістан қаласының орталығында орналасқан. Тарихи деректерге жүгінсек 1397 жылы Әмір Темір салдырған, негізгі мақсаты Қожа Ахметтің мұсылмандар арасындағы беделін көтеру, пір тұтушылардың сеніміне ие болу. Аумағы 46,5х65,5м биіктігі 37,5 м, алдынғы беті шығысқа қараған, екі беті күмбезді 35 бөлмеден тұрады. Ең үлкен орталық бөлмесі 18,5 х 18,5 м, ортасында 1399 жылы жасалынған үлкен Тайқазан тұр. Ең негізгі бөлмелердің бірі кітапхана мен Оңтүстік үлкен Ақсарай, Кіші Ақсарай. Оларда атақты адламдар жерленген.Ең басты бөлмесі Көрхан деп аталады, онда Ахмет иасауидің мүрдесі қойылған. Кесененің сырты әйнек, сырлы құйма кірпіштермен қапталған., қабырғалары түрлі өрнектермен әшекейленген. Көрханның үстіне қатпарлы күмбез тұрғызылған. 
3. Алашахан кесенесі – ХIV – XV ғасырлар арасындағы сәулет өнерінің басты бір ескерткіші. Б.з.д ІІ-І ғасырда өмір сүрген. Алаша хан көне қытай, араб деректерінде де есімі аталатын тұлға.Ұлытау жерінде Қаракеңгір өзенінің оң жағасында орналасқан. Кесене Х –ХІ ғасырдағы сәулет өнерінің туындысы, ерекшклігі далалық сәулет өнерінің үлгісінде жасалынған, іргесі текшеленіп қаланып, төбесі күмбезделген. Ондағы өрнек Орта Азияның сәулет өнерінде кездеспейді. Сырты қазақтың дәстүрлі ою – өрнегі, таңдай, жүрекше оюларымен безендірілген. 
4. Көккесене – Ақ Орданың астанасы болған Сығанақ қаласының маңында Төменарық деген жердің Солтүстік Батысында 8ш жерде орналдасқан бір күмбезді кесене. Сырт беті кілем сияқты өрнек үлгісімен жасалған. Өкінішке орай бүгінгі күні тек жұрнағы ғана қалған. 
5. Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі - XV ғасырдың екінші жартысында салынған. А.Иасауи кесенесінің Шығыс жағынан 60м жерде орналасқан, 5 бөлмеден тұрады. XIX ғасырдың соңында қираған. Төбесіндегі күмбезі А.Иасауидың кесенесінің ішінен табылған. Қалай келгені белгісіз. 1485 жылы қайтыс болған ол Әмір Темірдің ұлы Ұлықбектің қызы екені жазылған. 1895 ж қараусыздықтан бұзылып кеткен, қалған бөлігі 1950- 1957 ж архиологиялық қазба жұмыстарынан кейін кірпіштері Ахмет Иасауи кесенесіне жөндеуге жұмсалған деген дерек бар. Зерттей келе кесененің астыңғы сағанасында 5 адамның мүрдесі табылған. Ортасындағы Рабияның мүрдесі деген болжам бар. 
6. Қолданбалы өнер - өнер атаулының ішіндегі ең күрделісі,үлкен шығармашылықты қажет етеді. 
2 тапсырма: 
Ортағасырлық құрылыстар Орналасқан аумағы 
1 Арыстан – баб кесенесі Отырар қаласының батыс жағы 
2 Қ.А.Иассауи кесенесі Түркістан қаласы 
3 Көккесене Сығанақ қаласының маңы 
4 Алаша хан кесенесі Ұлытау ауданы, Қаракеңгір өзенінің жағасы 
5 Рабиға Сұлтан Бегімнің кесенесі Қ.А.Иассауи кесенесінің шығыс жағы, 60 км қашықтықта 
IV.Жаңа сабақты бекіту. «Футбол ойыны» 
1. Сәулет өнері деген қандай өнер? 
2. Алашахан кесенесі қай жерде, қандай ерекшелігі бар? 
3. Қ.А.Иасауи кесенесін кім салдырған? 
4. Қ.А.Иассауи кесенесін салудағы мақсат? 
5. Отырар қаласынан табылған қоғамдық құрылыс орындарын ата? 
6. Қолданбалы өнер қандай өнер? 
V. Қорытынды: Қызықты мәліметтер ұсыну 
1. 1399ж Әмір Темір ирандық шебер Абдулғазиз ибн Шарафуддинді шақыртып, тайқазан жасатады. Ол Түркістаннан 25км жердегі Қарнақ селосында дайындалған. Диаметрі 2,42м, салмағы 2тонна. 
2.1935ж тайқазан Эрмитажға апарылады. 1989ж елімізге, яғни тарихи отанына оралады. Биыл оған тура 25 жыл толады. 
3. Қ.А.Иассауи кесенесі ХVII - XIX ғ.ғ аралығында белгілі адамдарды жерлеу кең өріс алады. Оның ішінде Есім, Жәңгір, Тәуке, Тұрсын, Қайып, Сәмеке, Жолбарыс хандар, Бөгенбай, Жәнібек батырлар т.б жерленген. Деректер бойынша барлығы 164 тарихи тұлғалар осында жерленген. 
4. Қ.А.Иассауи кесенесі ЮНЕСКО – ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне кіреді. 
VІ. Оқушыларды бағалау. 
VІІ. Үйге тапсырма. Қосымша мәліметтер және сөзжұмбақ, эссе жазу.





















Қазақстан тарихы. 9 – сынып.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы «Кіші Қазан» бағыты.

Сабақтың мақсаты:
1. 1920 - 1930 жылдары Қазақстанда жүргізілген индустриаландыру саясатының жетістіктері мен зардаптарын түсіндіру;
2. Республикадағы экономикалық саясатты халық мүддесіне сай жүргізу төңірегіндегі ұлт қайраткерлерінің көз қарасымен оқушының патриотты сезімін ұштастыру;
3.1920 - 1930 жылдардағы индустриаландыру саясатының экономикалық дамытудағы байланысын айқындау.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: Топтық жұмыс
Көрнекілік: слайд, семантикалық карта
Сабақтың жоспары І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақтың жоспары
IV. Сабақты бекіту:
V. Бағалау:
VI. Үйге тапсырмасы
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару
• Оқушылар бір - бірінің жақсы қасиеттерін стикерге жазып білдіріп, оны оқып айтады
• Топқа бөлінеді «Геологтар» және «Теміржолшылар» болып
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
 «Геологтар» тобына индустрияландыру кезеңіндегі шикізат байлықтарын зерттеген ғалымдар есімін қорғату, яғни Курнаков, Губкин, Сәтбаевтың есімін атап олардың индустрияландыру жылдары атқарған қызметін ашады.
 «Теміржолшылар» тобы индустрияландыру кезеңіндегі маңызды оқиғалардың бірі Түрксіб теміржолы құрылысына басшылық еткен тұлғалар есімін қорғайды. Олар: Рысқұлов, Омаров, Қазыбеков.
 «Футбол» ойыны. Шарты:
Әр оқушының алдына парақшалар таратылып берілді. Парақшаларға ойыншылар сұрақтарын жазып, қарсы топқа кезекпен лақтырады. Әр бір дұрыс жауап гол (ұпай) болып есептеледі.
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
1. Ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы.
2. Қоғамдық ұйымдар.
3. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
«Мәтінмен жұмыс»
Мәтін ішінен үзік - үзік сөздер аламын. Оны әр топқа таратамын, олар оқулық ішінен іздеп осы сөзден сөйлем құрайды. Осылай жазғандарын бір - біріне топ мүшелеріне көрсетіп шығады.
1939 ж 1926 - 1940 ж 29, 4% 33, 8 % Т. Рысқұлов 80%- нан астамы
1933 ж 1 қаңтар 3%- дан 10%- ға дейін 1921 ж шілде 1925 ж ақпан
1937 жыл 1924 ж 1 қаңтар 1931 ж 1936 ж 1921 ж қаңтар
1926 ж 1 қаңтар Социалистік жарыс 1921 ж 1937 ж ҮІІ съез ІХ съез директивалық жоспар орталықтың әмірі лагерь дайын өнім шығармады шикізат көзері кәсіпорындары болмады артта қалды тау - кен шикізаты Орскі Украина 1913 ж С. Сәдуақасов
Алтын өндіру
Сөйлемдерін құрып, оқулықтағы мәтінмен жұмысты аяқтағаннан кейін, семантикалық картамен жұмыс жасайды. Екі топқа екі түрлі тапсырма беріледі.
«Геологтар» тобына семантикалық карта.
«Теміржолшылар» тобына салыстыру кестесі.
ІҮ. Сабақты бекіту:
“Уақыт сырын ашу” ойыны.
Тақтаға жаңа тақырыпқа байланысты даталар жазылады. Осы даталарға бүгінгі сабақта білгендерін айтып шығады.
 1939 жыл
 1926 - 1940 жыл
 1933 жыл 1 қаңтар
 1921 жыл шілде
 1937 жыл
 1924 жыл 1 қаңтар
 1931 жыл
 1936 жыл
 1921 жыл қаңтар
 1926 жыл 1 қаңтар
Ү. Бағалау: Бағдаршам арқылы өз - өздерін бағалайды. Топ болып бағалайды.
Қызыл түс «5» бағасы.
Сары түс «4» бағасы.
Көк түс «3» бағасы.
ҮІ. Үйге тапсырма: §9. §15. «Бүгінгі Қазақ елінің индустриялды - инновациялық дамуы» тақырыбында эссе жазу.

































Қазақстан тарихы. Класы: 8
Сабақтың тақырыбы:§10. 1837 - 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Сабақтың мақсаты: Ресей империясының алғашқы жартысындағы отарлық саясатына Білімділік: қарсы Кенесары бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту
Тәрбиелілік: Туған тарихының аса маңызды оқиғаларын терең түсініп, тағылым алатын ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, кестелер, картамен жұмыс, венн диаграммасы
Көрнекілігі: карта, слайд, эл. оқулық, әдістемелік журнал
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: тест арқылы тексеру, сұрақтар (бағалау)
III. Жаңа сабақ:
Жоспар:
1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері
2. Көтерілістің барысы
3. Кенесарының хандық билігі
4. Көтерілістің маңызы және жеңілу себептер
Кенесары Қасымұлы – саясатшы, мәмілегер, батыр, ұлт – азаттық қозғалысының қолбасшысы, Абылай ханның ісін жалғастырушы, ең соңғы хан. Ол патша үкіметінің озбыр саясатын бейбіт жолмен шешуге тырысып, патша үкіметінің Қазақстандағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды.
Көтерілістің басталу себептері:
ХІХ ғ-дың 20жылдарында Ұлы жүздің бір бөлігі, Кіші жүздің оңтүстік өңірі Қоқан бектерінің билігінде болды. Хиуа хандығы шекті, табын, төртқара, байұлы руларына қысым көрсетті. Сыр бойына бекініс тұрғызып, қазақ халқының тыныштығын бұзды. 1822 ж. жарғыдан соң, патша үкіметінің қысым, жазалау саясаты күшейді. Қазақ халқын ежелгі мекенінен айырып, тонау саясатын жүргізді. Осыған қарсы көтеріліс бастаған Саржан Қасымұлын 1836ж. Қоқан ханы өлтірді. 1822 жылдан бастап, Кенесарының әкесі Қасым өзінің балаларымен бірге Ресейге қарсы күрес жүргізді. Қасым да, Есенгелді де азаттық үшін күрес жолында Ташкент билеушілерінің қолынан қаза тапты. Көтерілістің басты себебі: қоқандықтардың езгісінен қазақтарды азат ету, Ресейдің озбырлығын тежеу.
Кенесары әскернің жеке отрядтарын басқарған батырлар: Ағыбай, Иман, Жоламан Тіленшіұлы, Бұқарбай, Бұғыбай, Аңғал батыр, Жеке батыр Байсейіт батыр, Сұраншы батыр.
Көтеріліске әр түрлі ұлт өкілдері қатысты: орыс, өзбек, қырғыз, қазақ т. б
Көтерілістің мақсаты: Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу. *Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату;
Көтерілістің басты қозғаушы күші: Қазақ шаруалары. Сонымен қатар егіншілер, старшындар, сұлтандар да ат салысты.
Көтеріліс қамтылған аймақ:
Барлық үш жүзді қамтыды:
Кіші жүзден - шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас.
Ұлы жүзден – үйсін, дулат және т. б. рулар қатысты.
Үш жүзді қамтыған тұңғыш ірі көтеріліс.
Көтерілістің тарихы маңызы: Халықтың ұлттық сана - сезімінің өскендігін дәлелдеді.
Кенесарыға қойылған талаптар:
1. Патша үкіметі белгіленген шектеулі аймақта ғана көшіп қонуға тиіс болды
2. Кенесары соғыс қимылдарын толық тоқтатып Ресейге бағынуға тиіс болды
3. Кенесарыға қылмыстық істерді қарауға рұқсат берілмеді
4. Орынбор ведмоствосына қарайтын қазақтардың барлығы Ресей империясына 1сом 50 тиын түтін салығын төлеп тұруға міндетті болды
Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.
Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді.
Кенесары патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патша өкіметіне жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды 15 рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан – таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сондада тыныштық бермеді. Сол себептіде мен – Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», - дейді. Ал ағалары мен әкесі өлгеннен кейін, 1836 жылдан бастап, көтерілістің басшысы болады.
ІҮ. Көтерілістің барысы: хронологиялық кесте жасау:
Жылдар. Оқиғалар
1837ж, қараша: Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарына алғаш рет шабуыл жасады.
1838ж, 26 мамырда: Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жіберді.
1838ж, күзінен: Қозғалыс Кіші жүзді шарпып, оған би Жоламан Тіленшіұлы қосылды.
1841ж, тамыз: Кенесары қолының Ташкентке шабуылы жұқпалы аурудың таратылуынан тоқтатылды.
Патша үкіметінің көтеріліске қарсы жүргізген шаралары.
Оқиғалар. Жылдар.
Орынбор генерал – губернаторы Обручев әскері жіберілді.
Сібірден Сотников тобы аттанды.(1842ж)
І Николай Старшина Лебедевтің 300 казактан тұратын тобын жіберуге келісім берді(1842).
Сұлтан Жантөреұлы, Айшуақұлы, полковник Герн, Бизанов бастаған 5 мыңдық топ ұйымдастырылды.(1843. ж. 27 маусым)
Көтерілісшілер сұлтан Жантөреұлының тобын қоршап, 44 сұлтанды мерт қылды.(1843. ж)
Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін войсковолық старшина Леведев Орынборға шақырылып, сотқа берілді.(18447ж721 - 22 шілде)
Ырғыз, Торғай өзендері бойында бекіністер салынды(. 1844 - 1845. ж. ж)
Кенесарының хаттары:( Оқушылардың өзіне оқулықтан оқытқызамын)
«Біздің ата – бабамыз, - деп жазды Кенесары, - бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра, Ақтау, Қарқаралы, Қазылық, Жарқайын, Обаған, Тобыл, Құсмұрын төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күнде басып алып, оған бекіністер орнатып ждатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». бірақ оған патшада, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі.

• Орынбор генерал – губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау және басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық – татулық қатынаста болуға шақырады: «біз достық пен ынтымақтастықта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», дейді
Кенесарының Сарыарқадан ұлы жүзге қарай бет алуы.
- Қоқан езгісіндегі қазақтарға дербестік алуға көмектесіп, өзіне тірек жасауды ойластырды
Жылдар. Оқиғалар
1845ж. қазан, қарашада: Көтерілісшілер Созақ, Жаңа жүлек, Қорған бекіністерін алды.
1847ж, сәуірде Кенесары 10мың әскерімен қырғыз жеріне басып кірді
1847ж: Майтөбе түбіндегі шайқаста Кенесары 32 сұлтанмен бірге қаза тапты
Көтерілістің жеңілу себебі:
- Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігінің орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмауы.
Руаралық қайшылықтар.
- Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға қаталдық көрсетуі.
V. Сырым мен Кенесары көтерілісінің салыстырмалы сипаты.” Венн диаграмма”
Деңгейлік тапсырмалар (таратып беру)
VI. Бекіту сұрақтары:
1. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің басты себептері неде?
2. Кенесарының Қоқан, Бұқар хандықтарымен байланысы қандай болды?
3. Кенесары хандығыны4 құрылымы мен ХVI - ХVII ғ. қазақ хандығын салыстырыңдар?
VII. Үйге тапсырма: § 10. Оқу, түсінік бер
Кенесары Қасымұлымен байланысты қосымша мәліметтер оқып келу, Тест жұмысы
«Тәуелсіздік тірегім» эссе жазып келу.





























Қазақстан тарихы. Сыныбы: 5
Сабақтың тақырыбы: Отырар - қаһарман қала
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Оқушыларға Отырар қаласының гүлденген уақыты туралы түсіндіре отырып, Отырардың ерлігі туралы толық мағлұмат беру.
ә) тәрбиелік: Оқушыларға ата – бабаларымыздың Отан үшін қасық қаны қалғанша шайқасқанын айта отырып, елсүйгіштікке, Отансүгіштікке тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Оқушылардың логикалық ой - өрісін дамыту.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, ойын, мәтінмен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мәтін, сөзжұмбақ, суреттер
Пәнаралық байланыс: география, әдебиет
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгелдеу
б) сабаққа назар аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Ортағасырлық қалалар (үш бөліктен) тұрды?
Цитадель ----- Патша сарайы, әкімшілік басқару орындары
Шахристан ---- Кіші билеуші топ өкілдері, түрлі кәсіп иелері
Рабат ------------ Еңбекші халық
«Кім көп біледі?» ойыны.
1. ҮІІ – ХІІ ғғ қалаларды ата.
2. Әл Идриси, Гардизи сияқты саяхатшылар Қимақ, Қарлұқ иеліктеріндегі қалалар жөнінде не жазды?
3. Бұл қалаларды кім басқарды?
4. Х – ХІІ ғғ ірі қалалардың құрылысы туралы не айтасың?
5. Ортағасырлық қалаларды ата.
6. Түркістан қаласының ежелгі атауларын ата.
7. Түркістан атауы қандай мағына береді?
8. Қыпшақ мемлекетінің басты саяси және мәдени орталығы қай қала болды?
ІІІ. Жаңа сабақ:
Отырар – ертеден шығыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректерге қарағанда осыдан екі жарым мың жыл бұрын оның орнында алғашқы қоныстар болған.
ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Сырдария өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Кейін ІХ – ХІІ ғғ сол аймақтың басты қалаларының біріне айналады. Отырар Қазақ хандығы заманында мәдениеті мен экономикасы жақсы дамыған орталықтардың бірі болған.
Отырар қаласының гүлденіп, орта ғасырдағы ірі қала орталығына айналуына оның орналасқан орны үлкен әсер етті. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған Ұлы Жібек жолы болды. Ү – ХҮ ғғ Отырар қаласы Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын орталыққа айналды. Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Монғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды.
Отырарға жан – жақтан көпестер келіп-кетіп жатты. Мұнда медреселер, базарлар, ұстаханалар, тіпті қонақүйлер мен мешіттер, монша, сауда дүкендері жұмыс істеген. Мықты дуалмен қоршалған қалаға кіретін бес қақпа болған. Қала билеушілері, байлар, ірі саудагерлер қаланың орталық бөлігінде тұрды. Ал сыртында қарапайым халық қоныстанды. Қала екі дуалмен қоршалған. Біріншісі қаланың бүкіл аумағын қоршай салынды. Екінші дуал қаланың ауқатты адамдары тұратын орталық бөлігін басқалардан бөліп тұратын. Отырар қаласы өз заманында небір қырғын шайқасты басынан кешірген.
1218 жылы Шыңғысхан басқарған Монғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал - мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Монғолдар 1219 жылы 150 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасқан Отырарлықтардың арасынан Қараша атты сатқын шықты. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
а) Мәтінмен жұмыс
Отырар – ертеден батыс әлеміне танымал болған қала. Кейбір деректер бойынша оның орнында осыдан бір жарым мың жыл бұрын алғашқы қоныстар болған. ҮІ – ҮІІІ ғасырларда Отырар Есіл өзенінің орта ағысындағы саяси орталық болды. Бұл қаланың тез өсуіне қолайлы жағдай жасаған медреселер мен ұстаханалардың ашылуы болды. Қала мықты дуалмен қоршалған. Қалаға кіретін екі қақпа болған. Қала бес үлкен дуалмен қоршалған.
ә) Сөзжұмбақ «Отырар»
Ү. Сергіту сәті.
б) «Кім жылдам?» ойыны
1. Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталыққа айналды?
2. Отырар қай елдерге қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды?
3. Қаланың орталық бөлігінде кімдер тұрды?
4. Қарапайым халық қайда тұрды.
5. Монғол мемлекетін кім құрды?
6. Монғол әскерлерінің саны қаншаға жетті?
7. Монғолдар Отырарды қай жылы басып алды?
8. Бұл қырғын қалай аталады?
ҮІ. Қорытындылау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
























Қазақстан тарихы. 8-сынып
Сабақтың тақырыбы:Кіші жүздің Ресейге қосылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Кіші жүздің Ресей империясының құрамына кіруі, патша өкіметінің отарлық саясатының басталуы. Ресейге қосылудың алғы шарттары мен себептері. Әбілқайыр ханның жүргізген саясаты. Ресейге қосылудың салдары жайлы түсіндіру.
Дамытушылық: сатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелілік: оқушылар бойында азаматтық, интернационалдық, жоғары адамгершілік сезімін қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа материалдарды түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Сатылай кешенді талдау.
Пәнаралық байланыс: Дүние жүзі тарихы, география, қазақ әдебиеті.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, схемалар, тест сұрақтары.
Техникалық құрал: интерактивті тақта.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Өткен сабақты жаңа сабақпен байланыстыру
1. жоңғар шапқыншылығы қай уақыттарда болды? (XVIIғ 40 ж - XVIIғ 50 ж)
2. Қазақ халқының тарихындағы 1723 – 1727 жылдар қандай атпен қалды? («Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»)
3. 1730 жылы Балқаш көлінің оңтүстік – батыс жағындағы шайқас? (Аңырақай шайқасы)
4. Жоңғар қоңтайшылары кімдер? (Батыр, Қалдан Бошоқту, Цеван Рабтан, Қалдан Серен)
5. Жоңғарларға қарсы күрескен батырларды атаңдар? (Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Райымбек, Баян)
6. Ресей империясы 1716 – 1720 жылдары қандай бекіністер сала бастады? (1716 Жімішов, Омбы, 1718 Семей, 1720 Өскемен)
III. Жаңа сабақ: Қызығушылығын ояту.
Балалар біздің тарихымыз ерлікке бай, еліміздің бостандығы үшін күрескен батырларымыз, бабаларымыз аз болған жоқ. Олар елін, жерін қорғау үшін жан аямай күресті. Бүгінгі біздің ұлт болып қалыптасуымызды көздеген, ел қамы үшін, түн ұйқысын төрт болып, ат үстінен түспей, найзасынан бір сәт ажырамаған. Осындай оқиғалар Қазақстанның Ресей империясының қол астына өтуі кезеңінде де болды.
Балалар сендер батырлық – ерлік жайлы, халықтар достығы жайлы қандай мақал – мәтелдерді білесіңдер ме? Ресей елі жайлы не білеміз? Кіші жүздің қай аймақта орналасқанын кім айтады? Картадан кім көрсетеді?
V.Жаңа сабақты пысықтау
1. Жылдар сөйлейді
1730 жылы қыркүйек –
1734 жылы 30 сәуір –
1731 жылы 10 қазан –
1734 жылы –
1735 жылы –
1742 жылы –
2. «Тарихи тұлға»
Жошы хан, Әбілқайыр хан, Әл – Фараби, Қойдағұлұлы, Ибрагим, Тевкелев, I Петр, Анна Ионовна, Кирилов, Нұралы. (Осы берілген тұлғалар қатарынан бүгінгі сабағымызға қатысы бар елеулі тұлғаларды теріп жазып, сипаттама береміз)
3. Сәйкесін табу.
І- бөлімдегі анықтамаға сәйкес ІІ- бөлімдегі тұлғаларды табу (кесте жасап "+" таңбашасымен белгілетуге де болады)
Орыс ғалымы, тарихшысы
Хан батыры, Дарабоз
Швед жауынгері,
Жоңғарға қару жасауға көмектескен
Кіші жүз ханы
Башқұрт старшинасы, Тархан
Кіші жүзге 1734 ж. жіберілген экспедиция басшысы
И. Г. Ренат
Кириллов
А.И. Левшин
Қабанбай
Т. Шайымов
Әбілқайыр
Сабақты бекіту: (Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіргеннен бастап қазіргі уақытқа дейінгі аралыққа жылдармен шағын шолу жасау)
1731 – 1917 Қазақстан Ресей империясының отары
1917 – 1991 Қазақстан кеңестік жүйе кезеңінде
1991 – 2011 Қазақстан Тәуелсіздік жылдарында
Сабақты мына мақал-мәтелмен қорытындылау
«Бірлігі бар ел озады,
Бірлігі жоқ ел тозады».
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза?станда?ы «Кіші ?азан» ба?ыты

Автор: Мирлан?лы ?алым

Дата: 02.12.2015

Номер свидетельства: 261114


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства