kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстандағы көшпенді өркениет ерекшеліктері атты ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Разработка открытого урока по предмету История Казахстана

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстандағы көшпенді өркениет ерекшеліктері атты ашық сабақтың әдістемелік әзірлемесі»

Оқу орны: ШҚО Білім басқармасы «Бизнес және сервис колледжі»

Оқытушы: Жакашев Досхан Қайырбекұлы

Пән: Қазақстан тарихы


Сабақ тақырыбы: Қазақстандағы көшпенді өркениет ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері, Қазақстан территориясындағы мал шаруашылығының дамуы, көшпенділердің қоғамдық қатынастары туралы мағлұмат беру;

Тәрбиелік: Оқушыларды ата-бабаларының мәдени құндылықтарын қастерлеуге тәрбиелеу;

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз ойын толық жеткізе білуге дағдыландыру.


Сабақ түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдістері: әңгіме, сұрақ-жауап, түсіндіру, пікір алмасу

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология, ойын технологиясының элементтері

Сабақтың жабдықтары: суреттер, слайдтар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.

Таратпа материалдар: тірек конспект, тест

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивты тақта, проектор, компьютер

Пәнаралық байланыс: мәдениеттану

Негізгі әдебиеттер: Төлеубаев Ә. Қазақстан тарихы Алматы, 2006

Қосымша әдебиеттер: Кан Г.В., Шаяхметов Н.У. Қазақстан тарихы Алматы, 2007

Мусин Ч. Қазақстан тарихы Алматы, 2008

Ақышев А. Қазақстан тарихы Алматы, 1997


Сабақтың жоспары:


І. Ұйымдастырушылық кезең

ІІ. Үй жұмысын тексеру

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

IV. Сабақты бекіту

V. Қорытындылау, бағалау

VI. Рефлексия

VII. Үй тапсырмасы


Сабақтың барысы:


І. Ұйымдастырушылық кезең.


1. Оқушылармен амандасу, сабаққа дайындығына, киім киістеріне көңіл бөлу.

2. Оқушыларды түгендеу.



ІІ. Үй жұмысын тексеру


А) Ауызша сұрау


1. Қазақ халқының қалыптасу кезеңдері және ұлт ретінде қалыптасуының аяқталуы

2. «Қазақ» этнонимі және «қазақ» атауының шығуы туралы болжамдар

3. Қазақ жүздерінің шығуы


В) Тест тапсырмалары


1. Қола дәуірінде Қазақстан территориясын қандай тайпалар мекендеді?

А) Сақтар; В) Сарматтар; С) Андроновтықтар; D) Ғұндар; Е) Юечжилер.

2. XIII ғасырда қазақ халқының этникалық тұрғыда бірігу үрдісі қандай оқиғаның салдарынан тоқтап қалды?

А) Әмір Темір шапқыншылығының салдарынан; В) Жоңғар шапқыншылығының салдарынан; С) Моңғол шапқыншылығының әсерінен; D) Орыс отаршылдығының салдарынан; Е) Барлық жауаптар дұрыс.

3. Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының сан ғасырлық қалыптасу үрдісі қашан толығымен аяқталды?

А) ХІІ ғасырда; В) Х-ХІ ғасырларда; С) ХVIII-ХІХ ғасырларда; D) XV-XVI ғасырларда; Е) ХІІ-ХІІІ ғасырларда.

4. «Қазақ» сөзі XI ғасырда қыпшақтардың мекендеген аймағында пайда болып, ол қандай ұғымды білдірді?

А) «Нағыз сақ»; В) «Еркін, кезбе адам»; С) «Нағыз батыстық»; D) «Ақ қаз»; Е) «Арба».

5. Қазақ халқы әкімшілік-аумақтық құрылымы жағынан қанша жүзге бөлінді?

А) 5; В) 7; С) 10; D) 4; Е) 3.

6. Ұлы жүз тайпалары Қазақстанның қай аумағын мекендеді?

А) Сыр бойынан Жетісуға дейінгі жерлерді; В) Қазақстанның Солтүстік-Шығыс бөлігін; С) Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және Орталық бөлігін; D) Сырдарияның сағасы мен Арал теңізінің жағалауын; Е) Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін.

7. Ұлы жүздің құрамына қандай тайпалар кіретіндігін көрсет.

А) Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей; В) Үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр; С) Табын, тама, жағалбайлы; D) Қарасақал, қыпшақ, төртқара, уақ, найман, қоңырат, шекті; Е) Адай, қаңлы, дулат, албан, жаппас, алаш.

8. Орта жүз құрамына қандай тайпалар жатады?

А) Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей; В) Үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр; С) Табын, тама, жағалбайлы; D) Байұлы, жетіру, әлімұлы; Е) Адай, қаңлы, дулат, албан, жаппас, алаш.

9) Кіші жүз тайпалары қай жерлерді мекендеді?

А) Сыр бойынан Жетісуға дейінгі жерлерді; В) Қазақстанның Солтүстік-Шығыс бөлігін; С) Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және Орталық бөлігін; D) Солтүстік Қазақстан мен Сібірді; Е) Сырдарияның сағасын, Арал теңізінің жағалауын, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігін.

10. Кіші жүз тайпаларының құрамына жататын руларды көрсет.

А) Арғын, қыпшақ, уақ, найман, қоңырат, керей; В) Үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр; С) Қыпшақ, уақ, найман, қаңлы, дулат; D) Байұлы, жетіру, әлімұлы; Е) Үйсін, қоңырат, қыпшақ, керей, қаңлы, дулат.

Тест тапсырмаларының жауаптары:


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

С

С

D

В

Е

А

В

А

Е

D


Бағалау критерийлері


«5»

«4»

«3»

«2»

9-10 дұрыс жауап

7-8 дұрыс жауап

5-6 дұрыс жауап

4-тен төмен дұрыс жауап


С) Сәйкестікті тап.


Сұрақ

Жауап

Қазіргі қазақтарға тән антропологиялық келбет қашан түпкілікті қалыптасты?


XV-XVI ғасырларда


Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының сан ғасырлық қалыптасу үрдісі негізінен қашан толығымен аяқталды?

XIV-XV ғасырларда


Қола дәуірінде Қазақстан территориясын қандай тайпалар мекендеді?

Сақ тайпалары


Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалары

Андронов тайпалары


Ұлы жүз тайпалары:

Арғын, қыпшақ, уақ, найман, керей,

қоңырат

Орта жүз тайпалары:

Үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан,

сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты,

жалайыр

Кіші жүз тайпалары:

Сырдарияның сағасын, Арал теңізінің

жағалауын, Каспий маңы ойпатының

солтүстік бөлігін

Ұлы жүз тайпалары қандай аумақты мекендеді?

Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және

Орталық бөлігін

Орта жүз тайпалары қандай жерлерді алып жатты?

Сыр бойынан Жетісуға дейінгі

жерлерді

Кіші жүз тайпалары Қазақстанның қандай жерлерін мекен етті?

Байұлы, жетіру, әлімұлы


Сәйкестіктің дұрыс нұсқасы


Сұрақ

Жауап

Қазіргі қазақтарға тән антропологиялық келбет қашан түпкілікті қалыптасты?


XIV-XV ғасырларда


Қазақ халқы мен оның этникалық аумағының сан ғасырлық қалыптасу үрдісі негізінен қашан толығымен аяқталды?


XV-XVI ғасырларда


Қола дәуірінде Қазақстан территориясын қандай тайпалар мекендеді?


Андронов тайпалары



Ерте темір дәуірінде Қазақстан территориясын мекендеген тайпалар


Сақтар



Ұлы жүз тайпалары:

Үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан,

сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты,

жалайыр

Орта жүз тайпалары:

Арғын, қыпшақ, уақ, найман, керей,

қоңырат

Кіші жүз тайпалары:

Байұлы, жетіру, әлімұлы

Ұлы жүз тайпалары қандай аумақты мекендеді?

Сыр бойынан Жетісуға дейінгі

жерлерді

Орта жүз тайпалары қандай жерлерді алып жатты?

Қазақстанның Солтүстік-Шығыс және

Орталық бөлігін

Кіші жүз тайпалары Қазақстанның қандай жерлерін мекен етті?

Сырдарияның сағасын, Арал теңізінің

жағалауын, Каспий маңы ойпатының

солтүстік бөлігін


Бағалау критерийлері


«5»

«4»

«3»

9-10 дұрыс жауап

6-8 дұрыс жауап

5-тен төмен


ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.


1. Көшпенділер өркениетін зерттеу мәселелері

2. Көшпеліліктің шығу тегі және эволюциясы

3. Қазақстан жерінде мал шаруашылығының қалыптасуы

4. Көшпелілердегі қоғамдық қатынастар


Мұғалім: Көшпенділер өркениеті әлемдің ғылымда «номадизм» деген терминмен аталады. Енді осы туралы Оралбекова Ләззат бізге шағын хабарлама дайындап әкеліпті. Ләззатқа сөз кезегін берсек.

Оралбекқызы Ләззат: «Номадизм» ұғымы


1. Көшпелілер туралы түсінік алдымен отырықшы халықтар арасында қалыптасты. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелi скиф тайпаларының тұрмысын мадақтап жазды. Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірін басқа да антик тарихшылары, философтары, орта ғасырлар ойшылдары сипаттады. Оларға табиғаттың төл баласы сияқты көшпелiлер өмipi таза, қулық-сұмдықтан, отырықшы-қалалық өркениеттің жаман қасиеттерінен ада болып көрiндi.

Сонымен қатар көшпелiлер туралы жағымсыз пікірлер де сол ерте заманда-ақ қалыптасты. Көне Қытайда «көшпелiлер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты, Еуропада да көшпелi ғұндарды «тағы-жабайылардың тұқымы, өркениеттің жауы» деп есептедi.

XVIII-XIX ғасырлардағы Еуропа ғалымдары да көшпелiлер туралы өз көзқарастарын бiлдiрiп отырды. Мысалы, Монтескье көшпелiлер қоғамын «әдiлеттi, теңдікті коғам» десе, А.Фергюсон, Адам Смит: «Көшпелiлерде мүлiк теңсіздігі, әлеуметтiк теңсіздік ерте пайда болды», - деген. Ал философ Кант: «Мемлекеттің өзi көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің өзара қақтығысынан, қорғаныс мақсатында пайда болды» деген тұжырым жасайды. Атақты философ Ф.Гегель: «Көшпелiлерде әлеуметттк қарама - қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ», - деп есептеген.

ХХ ғасырдағы Еуропа ғалымдарының көшпелiлiкке көзқарасы әр түрлi болғанымен, бұл қоғамнын жағымсыз жақтарына ғана назар аудару басым болды. Мысалы, Ф.Рацель, Л.Гумплович, А.Тойнби деген ғалымдар: «Көшпелiлер өз бетiмен өркениет жасауға қабiлетсiз, олар мемлекеттi, басқа да өркениет жетicтiктерiн отырықшы елдердi жаулап алу арқылы ғана үйрендi» деген тұжырымдар айтты. Олардың және бұл ғалымдардың жолын қуушы қазіргі заманғы зерттеушiлердiң пiкiрiнше: «Көшпелi қоғам - бұл бiр орнында тоқырап, өз бетiнше дами алмайтын қоғам, отырықшы мәдениетттің әсерiнсiз өркениет жасай алмайтын қоғам, болашағы жоқ қоғам».

Көшпелілік кеңес ғылымында ХХ ғасырдын 20-40-жылдарынан бастап зерттелiп келедi. Бұл саладағы кеңес тарихшыларының еңбектерінде де маркстік-лениндік көзқарас басым болды, зерттеушілер көшпелілердің қоғамдық құрылысына ғана мән берді.

ХХ ғасырдың 30-жылдары С.П.Толстов пен Б.Я.Владимирцевтің көшпелі қоғам туралы пікірлері 60-жылдардың соңына дейін әр түрлі нұсқада қайталанып, дамытылып келді. С.П.Толстовтың пікірі бойынша: «Көшпелілер отырықшы халықтар сияқты алдымен құлиеленушілік, сосын феодалдық қоғамды басынан өткізді. Бірақ, көшпелілердің құлиеленушілік қоғамы әскери құлиеленушілік демократия немесе патриархаттық монархия түрінде құрылды».

ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап тоталитарлық жүйе идеологтары көшпелілікке қарсы шыға бастады. «Адам табиғатты өзгертуші құдіретті күш» деген қағиданы басшылыққа алған коммунистік идеологияның өкілдері көшпелі мал шаруашылығымен айналысып келген халықтарды жаппай отырықшылыққа айналдыру қажеттігін дәлелдеп бақты. Осының салдарынан қазақ халқы 30-жылдары қатты күйзеліске ұшырап, жаппай қырылып, көпшілігі елден ауып кетуге мәжбүр болғандығы белгілі.

ХХ ғасырдың 60-70-жылдарынан бастап жекелеген ғалымдар көшпеліліктің географиялық-экологиялық артықшылықтарын қайта мойындай бастады. Олардың пікірінше: «көшпелілік дегеніміз «адамзаттық өркениеттің сара жолынан адасу» емес, керісінше, шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше даму түрі».

ХХ ғасырдың 60-70-жылдарынан бастап қазақ көшпелі қоғамы туралы қазақстандық ғалымдардың еңбектері шыға бастады. Осы кезде С.Зимановтың «Қазақтардың ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қоғамдық құрылысы», В.Ф.Шахматовтың «Қазақтың жайылымдық көшпелі қоғамы», С.Толыбековтың «ХVІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақтардың көшпелі қоғамы», Д.Кішібековтың «Көшпелі қоғам: шығуы, дамуы, құлдырауы», Н.Масановтың «Қазақтардың көшпелі өркениеті», т.б. еңбектері жарық көрді.

Кейінгі кезде көшпелі қоғамның әлеуметтік-саяси оңды жақтары, артықшылықтары мойындалып келеді. Көшпелі өркениеттің адамзат тарихындағы заңды құбылыс, шаруашылықтың, мәдениеттің ерекше бір түрі екендігін көпшілік ғалымдар мойындады.

2. Көшпеліліктің шығуы географиялық ортаның тікелей әсерімен байланысты. Сондықтан да көшпелілік белгілі нақты тарихи кеңістіктерде ғана тарады. Көшпеліліктің қалыптасқан аймақтары – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, таулы аймақтар болып келеді. Мұндай жерлерде көбінесе жаңбыр аз жауады, жылдық ылғалдың мөлшері 200-400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға: Қазақстан, Монғолия, Араб түбегі, Оңтүстік-Батыс, Оңтүстік Азиядағы шөлдер мен шөлейт аймақтар, Африка құрлығы жатады.

Көшпелілік бірден пайда болмаған. Оның пайда болып, дамуының өзіндік заңдылықтары мен себептері бар. Көшпелі мал шаруашылығының пайда болуы туралы әр түрлі пікірлер бар. Кейбір ғалымдар: «Отырықшы малшылық біртіндеп дамып, мал басы өседі. Мал басы өскен сайын жайылымды кеңейту, жайылым ауыстырып отыру қажеттілігі туындайды. Бұрынғы отырықшы малшылар біртіндеп жайылым ауыстырып, жылжып көшуге мәжбүр болады. Сөйтіп, көшпелілік қалыптасты», - дейді. Ал енді бір ғалымдар бұл жағдйды қола дәуірінің соңындағы климат жағдайының өзгеруімен – Евразия даласындағы қатты құрғақшылықтың басталуымен түсіндіреді.

Б.з.б. І мыңжылдықтан б.з. І мыңжылдығының ортасына дейінгі аралықта малшы тайпалар алдымен шөл далалардағы сусыз аймақтарды қыстық жайылым ретінде игерді. Сосын көшудің меридиандық, жоғары-төмен, шеңберлік, ендік түрлерін игерді. Меридиандық көшу дегеніміз меридиан бойымен көшу болса, жоғары-төмен көшу бойынша көшпелілер солтүстіктен оңтүстікке және оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжып көшетін болды. Шеңберлік немесе айналмалы көшпелілік дегеніміз – белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыру. Ендік көшпелілік-батыстан шығысқа, одан соң шығыстан батысқа көшіп отыратын көшпеліліктің түрі.

Құдықтың шығуы ІІ мыңжылдықтың соңы, І мыңжылдықтың бас кезі. Қазақстан жеріндегі әр аймақтарда көшпелілер таяқ құдық, тырна құдық, терең құдық, әйкел тасты терең құдық сияқты құдықтардың бірнеше түрлерін қолданды.

3. Қазақ жері – мал шаруашылығы қалыптасқан ең көне аймақтардың бірі. Ең алғаш қолға үйретілген үй жануарлары – қой мен ешкі.

Археологиялық және этнографиялық материалдар Қазақстан жерінде ежелден бастап ХХ ғасырдың басына дейін мал шаруашылығының үш түрі қалыптасқанын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Маңғыстау, Батыс, Орталық Қазақстан аймақтарында басым болған. Батыс, Орталық Қазақстанның кейбір жерлерінде тастан, балшықтан, ағаштан салынған қыстауы болмаса да, қыста ұзақ уақыт көшпей, бір жерді паналап отыратын көшпеліліктің түрі болған.

Қазақстанның кейбір жерінде ерте заманнан-ақ жартылай көшпелі мал шаруашылығы да қалыптасқан. Жартылай көшпелі деп көктем, жаз, күз мезгілінде жайылымның ыңғайына қарай жылжып көшіп, қыста дайын қора-жайы бар қыстауларда қыстайтын мал шаруашылығын айтады. Жетісу мен Шығыс Қазақстан аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Жартылай көшпелілікпен айналысқан көшпелілер қыстау маңындағы өзен, бұлақтардың жағасында егін салатын. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпаларда қой, жылқымен қатар сиыр малы да өсірілді.

Отырықшы мал шаруашылығы Оңтүстік Қазақстандағы, Сыр, Шу, Талас, Арыс өзендері бойында, Қаратаудың оңтүстік беткейінде қалыптасты. Оларда мал шаруашылығымен қатар суармалы егіс, жауын суымен шығатын егіншілік жақсы дамыды.

Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік – жылқы. Жылқы мөлшерімен б.з.б. ІІ мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, арбаға жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген. Көшпелілер малының құрамында ірі қара аз болды. Қазақтардың ежелден қолға үйреткен төрт түлігінің бірі – түйе. Қазақстан, Орта Азия жері қосөркешті түйенің қолға үйретілген аймағы болып есептеледі. Үй түйесі көптеген аймақтарында жабайы түйе – қаптағайды қолға үйретуден пайда болған.

4. Көшпелі қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық қатынастар туыстық жүйеге негізделді. Дәстүрлі қазақ қоғамында ел, жүз, тайпа, ру, ағайын, туыс, ата баласы, бір әке баласы деген туыстық атаулар бар. Қазақтардың өз түсініктері бойынша, жүздер қандас туысқандыққа негізделген бірлестіктер. Үш жүздің арғы атасының аты – Қазақ, одан Ақарыс (Ұлы жүз), Жанарыс (Орта жүз), Бекарыс (Кіші жүз) деген үш ұл тарайды. Сол үш ұлдан үш жүзді таратады. Алайда, шежірелік бұл аңызды тарихи шындық деп қарауға болмайды. Бұл көшпелі қоғамның рулық идеологиясы туғызған аңыз.

Қазақтың әр жүзінің өзі тайпалардан тұрады. Қазақтар тайпа деген атауды көп қолдана бермейді. Тайпа дегеніміз – жүздерді құрайтын үлкен ру бірлестіктері.

Қандас туыстық жүйе 7 атадан басталып, 15-20 атаға дейін барады. Мұндай туыстық жүйе ру деп аталады. Рудың ішіндегі жақын туыстар 7 атаға дейінгілер есептеледі. Жақын туыстар өзара қыз алыспайды. Балаға кішкентайынан жеті атасының есімдерін жаттатып өсірген.

Қазақ қоғамындағы хан мен хан әулетінен кейінгі тұрған әлеуметтік топ – сұлтандар. Сұлтандар хандар сияқты тек төре тұқымынан ғана сайланды. Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ұрпақтары төре деп аталды. Олардың өз ұраны, өз таңбасы болды. Олар қазаққа қыз бермесе де, қазақтан қыз алды. Сондықтан қазаққа тез сіңіп кетті.

Төрені паналап, басқа елден келіп қазақ арасына сіңген кірмелер төлеңгіт деп аталды. Олар төренің малын бағып, жерін қорыды.

Қазақ арасындағы тағы бір әлеуметтік-этностық топты қожалар құрады. Олардың арғы тегі – арабтан шыққан, қазақ жеріне ислам дінін таратушылардың ұрпақтары. Олар қазақтарға қыздарын бермеді, ал өздері қазақ қыздарына өте сирек үйленді. Сондықтан да олар қазаққа сіңіп кеткенімен, генетикалық жағынан оқшау болып қалды.

Қазақ қоғамы әлеуметтік, таптық жікке бөлінген қоғам еді. Қазақта байлар, орта шаруа және кедейлер табы болды. Қазақ қоғамындағы ең ауыр жағдай құлдар мен күңдер басында болды. Олар өз қожайындарына толық тәуелділікте болды. Олар байдың шаруашылығында жұмыс істеді.


IV. Сабақты бекіту. «Көшпелілер» атты сөзжұмбақ шешу


1. Көшпелілер қоғамын «әділетті, теңдікті қоғам» деп сипаттаған ғалым (Монтескье)

2. Қазақ қоғамына басқа елдерден келіп төрелерді паналаған кірмелерді қалай атайды (Төлеңгіт).

3. Жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын көшпелілер мал шаруашылығымен қатар басқа қандай шаруашылықпен айналысты? (Егіншілік).

4. Қазақ жүздерін құраған үлкен ру бірлестіктері қалай аталады? (Тайпа).

5. Ежелгі қазақ аңызы бойынша Кіші жүз Қазақ атаның қай ұлынан тарайды? (Бекарыс).

6. «Көшпелілерде әлеуметтік қарама-қайшылық болғанымен, мемлекет болған жоқ» деген пікір айтқан ғалым (Гегель).

7. Қоймен бірге ең алғаш қолға үйретілген үй жануарын ата (Ешкі).

8. Дәстүрлі қазақ қоғамында хан мен хан әулетінен кейінгі сатыда тұрған әлеуметтік топ (Сұлтандар).

9. Белгілі бір шеңбермен, ортадағы су көзінен алыстамай, айнала көшіп-қонып отыратын көшпеліліктің бір түрі қалай аталады? (Шеңберлік).

10. Шыңғыс ханның тұқымынан тараған ақсүйектер тобын қалай атайды? (Төре).


V. Қорытындылау, бағалау


Оқушылардың білімдерін бағалап, алған бағаларын хабарлау.


VI. Рефлексия


  • Сабақтан алған әсерлері

  • Сабақтан түйген ойлары

  • Қиындық келтірген тапсырма


VII. Үй тапсырмасы


Төлеубаев Ә. Қазақстан тарихы А., 2006 § 17-18 оқу.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Автор: Жакашев Досхан Қайырбекұлы

Дата: 29.10.2019

Номер свидетельства: 524794


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства