kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станда?ы 1930-1932 жылдарда?ы ашаршылы?

Нажмите, чтобы узнать подробности

  • Ма?саты:
    Білімділігі:
     Ке?естік саясатты?, асыра сілтеулер ?рекеттерді? халы?ты ашаршылы??а ?рындырып, демографиялы? ахуал?а кері ?серін тигізгенін айта келе, сол жылдарда?ы халы?ты? т?рмыс-тіршілігіне, ?ай?ы-?асіретіне баса назар аудару, оны? тарихи ма?ызын ашып, о?ушылар?а жеткізу.
    Дамытушылы?ы: Тарихи шы?армаларды, баспас?з а?парат ??ралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, хал?ымызды? тарихында?ы  е? ауыр трагедияларды? бірі екеніне ерекше к??іл б?ліп, а?параттарды игеру барысында о?ушыны? ?осымша ??жаттармен ж?мыс істей білу  да?дысын дамыта ?здігінен ізденіп, білімдерін толы?тыра білуге м?мкіншілік ту?ызу.   
    Т?рбиелілігі: О?ушыларды н?убат жылдарда жазы?сыз жапа шеккен, сол бір ?асіретті кезе?дерде ?ынадай ?ырыл?ан халы?ты? ?мір жолынан ?неге алу?а  ?йрету,  жас ?рпа?ты ?лтжандылы??а, отан с?йгіштікке т?рбиелеу.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станда?ы 1930-1932 жылдарда?ы ашаршылы?»

Бекітемін

Мектеп директоры

А.Жанаберлиев

Сабақтың тақырыбы:  Қазақстандағы 1930-1932 жылдардағы ашаршылық

Мақсаты:
Білімділігі:
 Кеңестік саясаттың, асыра сілтеулер әрекеттердің халықты ашаршылыққа ұрындырып, демографиялық ахуалға кері әсерін тигізгенін айта келе, сол жылдардағы халықтың тұрмыс-тіршілігіне, қайғы-қасіретіне баса назар аудару, оның тарихи маңызын ашып, оқушыларға жеткізу.
Дамытушылығы: Тарихи шығармаларды, баспасөз ақпарат құралдарын, деректі фильмдерді пайдалана отырып, халқымыздың тарихындағы  ең ауыр трагедиялардың бірі екеніне ерекше көңіл бөліп, ақпараттарды игеру барысында оқушының қосымша құжаттармен жұмыс істей білу  дағдысын дамыта өздігінен ізденіп, білімдерін толықтыра білуге мүмкіншілік туғызу.   
Тәрбиелілігі: Оқушыларды нәубат жылдарда жазықсыз жапа шеккен, сол бір қасіретті кезеңдерде қынадай қырылған халықтың өмір жолынан өнеге алуға  үйрету,  жас ұрпақты ұлтжандылыққа, отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілі:
 «Сын тұрғысынан ойлау» стратегиясы
Сабақтың көрнекілігі:
 Интерактивті тақта, тірек сызбалар, слайд, суреттер  т.б.

Сабақтың жоспары.
І. Қызығушылықты ояту кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау: «Ойланайық, пікірлесейік»

ІІ. Мағынаны тану.
 «Ақылдассаң шешерсің» топтастыру 
Мұғалімнің сөзі:

 ІІІ . Ой толғау. 
      «Талпынсаң, табарсың»    (ВЕНН диаграммасын құру)

«Ізденсең, шығарсың шыңға» шығармашылық жұмыс.
       Қорытынды
:«Болашақтың айқын жолы»

 ІV. Бағалау: Бағалау парағын жинап алу.

 V.Үйге тапсырма: «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір»  

 Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру:(Топпен отырғызу, таныстыру, сабақтың  жоспарымен таныстыру,бағалау парағын тарату).

І. Қызығушылықты ояту кезеңі:  
Үй тапсырмасын сұрау
: «Ойланайық, пікірлесейік»
І топ.  Тарихшылар: Қазақ хандығына және қазақ халқының басынан өткізген ауыр да азапты кезеңдеріне тарихи  сипаттама беріңіздер.
ІІ топ. Демографтар: Қазақ халқының демографиялық ахуалына және қоныстандыру саясаты мен халық санағы туралы  сипаттама беріңіздер.
ІІІ топ. Әлеуметтанушылар: Аумалы-төкпелі заманда халықтың әлеуметтік  өмірінде қандай өзгерістер болғандығына және ЖЭС пен ауыл шаруашылығымен ұжымдастыру саясатына сипаттама беріңіздер.

Бағалау парағын толтыру.(қосымша деректер, реферат,слайд)

                                     Жаңа сабақ:

 ІІ. Мағынаны тану.
«Ақылдассаң шешерсің»
«Ашаршылық», .«Жұт», «Нәубетті» жылдар дегенімізді қалай түсінесіздер?.
(Слайд)
Ашаршылық – саяси-әлеуметтік процестер мен табиғаттағы қолайсыз ахуалдар салдары болып табылатын әлеуметтік апат.  бүтін бір аймақтың, халықтардың басына түсетін нәубет. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына алып келіп, халық санын күрт азайуы. 
Жұт
 – табиғи құбылыс   (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, құрғақшылық
өрт, індет, сел ,көшкін, топан сузілзалаборан бұрқасындауыл тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы
Нәубет жылдары-
Адамзат баласы өзінің ұзақ тарихында әр түрлі себептерден: қуаңшылықтан, жұттан, соғыстан, қолдан жасалған дағдарыстар мен  күйзелістер халықтың қынадайқырылуы, тарыдай шашырап жан сауғалап басқа елге кетуі, қуғын-сүргінге ұшырап қудалануы. Қыйын-қыстау жылдар.

Бағалау парағын толтыру

 Мұғалімнің сөзі:  (Слайд)
1931-1933 жылдардағы ашаршылық- Қазақстан тарихындағы ең зұламат кезеңдердің бірі . Иісі алаштың санасынан мәңгі өлмес қасірет. Негізінен жас балалар мен әйелдер қырылғандықтан оның демографиялық. зардабы ауыр болды.Қазақтардың сан жағынан өсуін қатты тежеді. Кейіннен асыра сілтеушіліктің шын мәні  “қызыл қырғын”, “голощекиндік геноцид” деген тарихи атқа ие болды. 1932 мешін жылы болған бұл зұлмат 20-ғасырдағы адамзат баласына қарсы жасалған ең өрескел қылмыстардың бірі және «Ұлы жұт» болып саналады. 
1930-1933 жылдар қолдан жасалған қасірет, қырылуы тарихта бұрын сонды болмаған.Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды.  Бір ұлтты,  бір халықты жер бетінен жою қасақана жасалған геноцид. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің І хатшысы Ф.И.Голощекин болған. Әсіресе, Голгщекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп  кетті. Қазақстанда 
 жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, содан туындаған шаруалардың жекеменшігін тәркілеу мен жою, бас көтертпес ет, астық т.б. ауылшаруашылығы өнімдері салықтары, көшпелі және жартылай көшпелі Қазақ шаруаларын жаппай және күшпен отырықшыландыру науқандары болып табылады.

Демографиялық жағдай 
1930 жылдары -  313мыңнан астам адам қайтыс болды.
1931 жылдары -  755 мыңнан астам адам қайтыс болды.
1932 жылдары -  769мыңнан астам адам қайтыс болды.
1 млн-нан  астам қазақ республикадан тыс жерлерге көшірілді.
616 мыңы қайтып оралмады.
414 мыңы елге қайтып келді.
1931-1933 жылдары 2, 1 млн. адам қырылды.
1930-1932 жылдары 1 млн.750 мың қазақ қырылды.
Қазақтың  жаппай қырылуы -40%  құрады.

 Әлеуметтік жағдай
- Халық аштық пен індеттен қырыла бастады.
- Тірі қалғандар аштықтан әлсіреген
-Ит, мысық және алуан түрлі өлекселерді жеді.
-  Аштық апаты мен себебтері т уралы «Бесеудің хаты» жазылды.
- Аш адамдар тамақ іздеп босып,көшіп кетті.

1921-1922 жылдары аштық
, аланың әмірімен табиғаттан болды.
 Оның басты-басты екі себебі бар: алғашқысы — Ресейдегі Азамат соғысының кесірінен Қазақ даласындағы шаруашылықтардың күйзеліске ұрынуы (қ. Азық-түлік отрядтары, Азық-түлік салғырты), екіншісі — табиғи апат, қолайсыз ауа райы салдарынан орын алған жұт.
 Демографиялық жағдай 
1921 жылдары - 1млн.508 мың адам;
    1922 жылдары  ‑ 2 млн.  303200 адам.
    Ашығып, ауруға шалдыққан  адамдар – 82% жетті.
     Малдың шығыны – 80%  қырылды.
                 Әлеуметтік жағдай
- Кеңес үкіметі көмекке кеш келді, 
- Қазақ халықы ет салығынан босатылды
- Мал сатып алу үшін – 2 млн. 131 мың сом бөлінді
- Түркістан көмек ретінде – 2млн пұт астық жіберді
- Республикадан тыс жерге- 700 мың көшіп кетті
Балалар  үйлеріне – 575 бала
РКФСР – 18,5мың  бала әкетілді.

« Ақтабан-Шұбырынды оқиғасы»- қазақ тарихындағы  сұмдық заман  . Онда да қазақ халқы ауыр шығын тартқаны белгілі. Қалған ел қонысынан ауып, жан-жаққа бытыраған, қаншама қиындыққа ұшыраған. Бірақ Ақтабан-Шұбырынды – жаугершілік кезіндегі ауыр жеңіліс нәтижесінде тап болған бақытсыздық еді. Аман қалған азаматтардың басы бос болды, қолында қаруы болды; ел-жұрт қайтадан ұйысып, қатерлі жауға қарсы жаңа күресін бастады. 
1932-1933 жылғы ғаламат ашаршылықтың жөні мүлде бөлек. 
     Бұл ұлы трагедия. Жер бетінде біздің халықтай қырғынға ұшыраған халық жоқ. Жалпы біз қазақ халқы тарихқа есесі кеткен халықпыз. Ұлы трагедияны өз деңгейінде қастерлеу –бекзаттықтың, мәдениеттіктің белгісі.Әр жылдың 31 мамыры күні Қазақстан халқы осы “қызыл қырғын” құрбандарын еске алады. 

ІІІ . Ой толғау. 
«Талпынсаң, табарсың»
І топ . Ашаршылық жылдары тарихта қалай аталады?
ІІ топ. Геноцид дегеніміз не?
ІІІ топ. «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама » дегеніміз не?

                            Венн диаграммасын құру

1921-1922
жылдардағы ашаршылық

Айырмашылығы

1930-1933
жылдардағы ашаршылық

Геноцид - [грек,genos- тек, тайпа және лат.caedo- өлтіру] - халықаралық құқық бойынша аса ауыр қылмыс; қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюды білдіреді.

Бағалау парағын толтыру
 «Ізденсең, шығарсың шыңға» 
шығармашылық жұмыс.
 «Ашаршылықтың зардаптары және Нәубетті жылдары» тақырыбында
эссе, өлең,сурет салу яғни ой-толғау.
Бағалау парағын толтыру
 Қорытынды
:«Болашақтың айқын  жолы»
 «Тарих керуен жылжиды, уақыт тоқтамайды» деп ақындар жырлағандай  енді қайғылы оқиғаны өткен күннің еншісіне қалдырайық, тарих беттерінен қаралы күндерді парақтамайық, бірақ біліп жүрейік. Өйткені Қазақстан қарыштап алға дамып келе жатқан, болашағы жарқын ел. 
Елбасы айтқандай «ХХІ ғасыр Қазақстан үшін алтын ғасыр»  және Көшбасшымыздың  ұлы мақсаты: бір халық, бір ел,бір тағдыр.
«Бір халық» - бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер,
«Бір ел» - бұл барлығымыз үшін ортақ  Отан,
«Бір халық» ,бұл- біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер.
Бұл қандай бағдарламада айтылған. 
І топ . Қазақстан -2030 бағдарламасының стратегияларын атаңыздар.
ІІ топ. Қазақстан -2050 бағдарламасының стратегияларын атаңыздар
ІІІ топ. «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол” халыққа жолдауының критерилерін атаңыздар.
ІV Бағалау: Бағалау парағын жинап алу.

V.Үйге тапсырма: «Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір» § 19-20 оқу.   Тест кұрап келу. Эссе жазып келу.

жж. аштық[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Мазмұны

  [жасыру

  • 1Ауылды кеңестендіру

  • 2Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру

  • 31932—1933 жылдардағы ашаршылық

  • 4Дереккөздер

Ауылды кеңестендіру[өңдеу]

Алматы, 2009

Голощекин ауылды кеңестендіру жүмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деп есептеді. Бұл істегі, яғни кеңестендірудегі кемшіліктерді қазақ байларына, рулық қатынастарға жапты. Оған жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілетін шаралар ұнамады. Кеңестендіру ісінде де таптық тұрғыда қарау кажет дегенді желеу етіп, ауылдағы ауқаттыларға қарсы күресті күшейтуді ұсынды. Оның бұл солақай бағыты да қазақбасшылары мен зиялыларының қарсылығына кезікті. Оларды «оңшылдар», «солшылдар» деп топтарға бөліп, қудалады. Ақыры, Сталиннің тікелей қолдауымен 1927 жылы Қазақстандағы ауылдык кеңестерге жаңа сайлау өткізуді ұйымдастырды. Ол бойынша байлар деп есептелгендер сайлау құқынан айырылады. Ауылдарда кедейлер жиналыстары өткізілді. Сайлау науқанын жүргізу үшін аудандарға арнайы уәкілдер жіберілді.

Иосиф Виссарионович Сталин

1928 жылғы 1 қазанда Қазақстандағы барлық кеңестердің 2199-ы қазақ шаруаларының, 1209-ы орыс-украин шаруаларының кеңестері болды. Бірақ бұл жаңа сайланған кеңес органдары да өздерін жетекшікүш ретінде көрсете алмады. Сондықтан да Голощекин жергілікті ұйымдар мен одақтарға, әсіресе «Қосшы» одағына көбірек арқа сүйеуді талап етті. Жергілікті кеңестердің белсенді органдарға айналуына жоғарыдан жіберілген уәкілдер де көптеген кедергілер келтірді. Олар жергілікті кеңестермен санаспай, басшылық жұмысты өз қолдарына алуға ұмтылды. Бұл кеңестердің беделін түсірді. Оның үстіне қазақауылдарындағы ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан рулық-туыстық жүйеге қарағанда көптеген мәселелерді шешуде кеңестер қауқарсыз еді. Мұнымен бірге қазақтар келімсек еуропалықтардың үкімет тарапынан өздеріне карағанда біршама жеңілдіктер алуына әрқашан наразы болды. Мұның өзі қазақтар тарапынан үкіметке, оның жергілікті органы деп танылған кеңестерге сенімсіздікті қалыптастырды.

Ал селолық кеңестер жиналыстарында кулактар мен ауқатты шаруалар өз ұсыныстарын өткізуге тырысып отырды. Әсіресе орыс қазақтары сословиелік қалдықтар мен атамандық ықпалды сақтап калды. Бұлар да кеңес жұмыстарының жандануына кедергі келтірді. Партиялық өктемдік пен тоталитарлық тәртіптің орнай бастауы вертикалды басқару жүйесін қажет етті. Сол себепті де кеңес ұйымдары демократиялық сипаттағы емес, әкімшіл-әміршіл басқарудың өзіндік сатысына айнала бастады.

Астық пен ет дайындау және ұжымдастыру[өңдеу]

1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет жинау кең етек алды. Ол, әсіресе Сталиннің 1928 жылы қаңтардағы Сібірге сапарының барысында Новосібір мен Омбыда сөйлеген сөздерінде РКФСР Қылмыстық Кодексінің107-бабын жаппай қолдануды талап етуінен кейін қатыгездік сипат алды. Ол бапта тауарларды сатып алу, жасыру немесе базарға шығармай ұстау арқылы бағасын жоғарлатқаны үшін қатал жазалау қарастырылған еді. 1929 жылы 13 ақпанда БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алқалы мөжілісінде Голощекин астық дайындау ісінде өзіне жеке шешім қабылдау құкын беретін қаулы шығартты.

Астық пен ет дайындау мәжбүрлеу, жазалау және үрей туғызу арқылы жүргізілді. Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық өткізуді талап етті. Мысалы, астық салығынан 2 жыл мерзімге босатуға жататын Оңтүстік Қазақстан облысындағы көшпелі мал шаруашылығы Талас және Созақ аудандарында астық даярлау жүргізілді. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. Мәселен, Балқаш ауданында бар малдың басы 173 мың болса, етке өткізілуге тиіс малдың саны 300 мың болып белгіленді. Ауданның 3 жылда етке мал өткізу жоспары 160 мың бас малдан 1,5 млн бас малға, яғни 10 есеге дейін өсті. 1933 жылы 10—16 шілде күндері өткен БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің алтыншы пленумында сөйлеген Х.Нұрмұхамедов мынадай деректер келтірді: «Менің бауырымның, яғни 12 жыл жалшы болған кісінің бір ғана сиыры болды. Егіншілікпен ешқашанда айналыспаған. Соған қарамастан оған 1930 жылы 5 пүт астық салығын салып, бұл астықты төлеу үшін соңғы сиырын және үйдегі мүліктерін сатуға мәжбүр болды. Өкінішке орай мұндай жағдайлар өте көп кездеседі». Сөйтіп, жергілікті жерлерде егіншілікпен айналыспағандарға астық, малы жоқтарға ет салығын салу кең өріс алды. Оны орындамаған жергілікті басшылар да, шаруалар да жазаға тартылды. Сол себепті ешкімнің ешкімді аямауы, әрқайсысы өз басын қорғау үшін жауапкершіліктен бас тарта отырып, басқаларды құрбандыққашалу үйреншікті қалыпқа айналды.

Сталиндік-сібірлік тәсілді негізге алған Голощекин астық пен ет дайындау науқаны барысындағы қателіктерін кулактар мен байларға қарсы күрес желеуімен бүркемеледі. Азық-түлік дайындау науқаны шаруалардың шаруашылығына ғана емес, өз өмірлеріне де қауіп туғызды. Партия басшыларының қатыгезсаясаты жергілікті жерлерде үрей отын шашты. Өйткені партияның арнайы және жергілікті өкілдері 107-баппен соттау, түрмеге камау әрекеттерін кең жүргізді. Ал 1932—1933 жылдары азық-түлік даярлау барысындағы жазалау шараларын қатаңдатқан, негізінен, ату жазасын белгілеген бірнеше құжат жарық көрді.

1932 жылғы 7 тамызда қабылданған «Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұжымдар мен кооперацияның мүлкін қорғау және қоғамдық (социалистік) меншікті нығайту туралы» заңы жазалаушылық әрекеттерді одан әрі өршіте түсті. Ол заң бойынша ату, немесе жазасын жеңілдетіп, мүмкін жағдайда мүлкін төркілеп 10 жылға түрмеге отырғызу жазасы белгіленген еді. Осылайша қанқұйлы саясат ұстаған басшылар қарапайым халық күйзелісін шегіне жеткізді. Алдымен мал, одан соң адамдар жаппай қырылды. Торғай облысында, мәселен 1931 жылғы 100 мың бас малдан 1933 жылы бар-жоғы 4 мыңы ғана қалды.

Жаппай ұжымдастыру да жоғарыдан берілетін бұйрықтар мен нұсқаулар арқылы жүргізілді. 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің «Ұжымдастырудың қарқыны және мемлекеттің ұжымшар құрылысына көмектесу шаралары туралы» қаулысында Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді ескерместен, жоғарыдан кысым жасау басталды. Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыныбүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 1218 мың шаруа қожалықтары болған. Ұжымдастыру аякталған соң 1933 жылдың ортасында оның 628 мыңы ғана қалды.

Байлар мен кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлау мәселелеріне байланысты Өлкелік партия комитеті жанынан жасырын үштік құрылды. Үштіктің 1930 жылы 23 қаңтарда өткен алғашқы жасырын мәжілісінде жаппай ұжымдастыру болатын аудандардан кулак қожалықтарын жер аударуды екі бағытта жүргізу — Қазақстанның ішінде және Қазақстаннан тыс жерлерге жер аудару көзделді. Осы жұмысты ұйымдастыру үшін округтерде де оперативтік үштіктер құрылды. Олардың құрамына округтік партия комитеттерінің хатшылары, округтік атқару комитеттерінің төрағалары, ОГПУ-дің басшы қызметкерлері кірді. Оларға кулак отбасыларын есепке алуға 10-ақ күн уақыт берілді. Қысқасы, барлық жұмыстар шұғыл, асығыс және қатал түрде жүзеге асырылды.

Партия, кеңес және ОГПУ органдары және олар арандатқан шолақ белсенділер өз халқына қарсы аяусыз соғыс жариялады. Әсіресе Өлкелік партия комитеті жанынан құрылған бай-кулактарды тап ретінде жою шараларын даярлаған, құрамында Құрамысов, Альшанский және Асылбеков бар комиссия ерекше белсенділік танытты. 1930 жылы ақпан айында байлар мен кулактардың қожалықтары жер аударылатын құла-дүз, жері құнарсыз тоғыз аудан белгіленді. Олар темір жолдардан, өнеркәсіп орындарынан, шекарадан әлдеқайда қашық, елсіз-сусыз, шөл және шөлейт, бұрын халық тұрмаган аймақтар болатын. Алғаш бұл аудандарға шамамен 24 мың бай-кулак қожалықтары жер аударылатын болып белгіленді. Жер аударылатындардың әрбір жаңа ауылы50 үйден аспауға тиіс болды.

1932—1933 жылдардағы ашаршылық[өңдеу]

Шабындық және егістік жерді қайта бөлу, тәркілеу, азық-түлік салығы, күштеп отырықшыландыру мен ұжымдастыру барысындағы зорлық-зомбылықтардан көп азап шеккен ең алдымен қазақ халқы болды. Бар дүниесінен, мал-мүлкінен, құрал-саймандарынан, тіпті жертөлесінен де айырылған қазақтар ашаршылыққа ұшырап, босқын күйге көшті.

Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.

Өлкелік партия комитетінің Торғай ауданындағы уәкілі 1932 жылдың қыркүйегінде мұнда әр адам басына орта есеппен 56 килограмм ғана астық және бір ғана мал калғанын, ал бұлар алты айдан кейін мүлде таусылып, қаңтардың соңына қарай, қыстың кақаған, сары аязында нағыз қиямет-қайым орнайтынын алдын ала ескертіп, дабыл қақты. Ол сонымен бірге кейбір толық емес мәліметтер бойынша ауданда ең кемі 2042 адам аштық құрбаны болғанын, ал 8500 адам аштан өлейін деп жатқанын Құрамысов пен КахианидіңИсаев пен Құлымбетовтың аттарына жолдаған ресми мәлімдемесінде ашық айтты. Анадан туғандай тыржалаңаш, аш адамдардың дала төсінде босып сандалып жүргендерін, басқасын былай қойғанда, олардың даладағы атқұлақ пен сарышұнақтытүгін қалдырмай жеп койғанын жазды. Осындай қайғылы жағдайдың көрші Батпаққара ауданында да кеңінен орын алып отырғаны да айтылды.

Голощекин қазақ даласындағы жағдайды өзі жіберген уәкілдері арқылы жақсы біліп, толық хабар алып отырды. Арнайы тапсырмамен Сарысу ауданындаболған О.Жандосов мынадай мәлімет берді:
«Ауылдарды аралаған кезімде мен ондаған күндер бойы жерленбеген мәйіттерді кездестірдім... Әйелдер жоқшылық пен аштыққа төзімділеу. Еркектердің бірден ұнжырғасы түсіп кетеді. Күйзелгендер қолдарына не түссе де түк қалдырмай жеп қояды. Сүйек-саяқты жинайды, оларды жүрек жалғау үшін ондаған мәрте қайнатады. Тамақ орнына жартылай өңделген терілер де кете береді. Мен иттің етін жеген және онысын жасырмайтын бірнеше адамдарды кездестірдім. Оныншы ауылдан келе жатқан жолымда елсіз жапаннан екі жасөспірімді көрдім, Олар қайдағы бір ескі жұрттағы, атылған иттердің терісін алу үшін қалған өлімтіктеріне бара жатыр екен. 5-ауылда аштықтан жартылай ісінген, аяғы ауыр әйел маған жақын келіп, оған ит атып беруімді өтінді».

Голощекиндік геноцид қазақстандықтарды, ең алдымен, қазақ халкын аштыққа және босқындыққа ұшыратты. Зарлаған ана, шырылдаған бала, түнеріп, өлексе сасыған қазақ даласы — большевиктік эксперименттің нәтижесі осы еді.[1]

Қазақстандағы 1932—1933 жж. аштық[өңдеу]

1931-1933 жылдардағы аштық Үй тапсырмасы: 1. Ұжымдастыру дегеніміз не?
2. Ұжымдастырудың авторы?
3. Ұжымдастыру қай жылдары болды?
4. "Кіші қазан" ұғымын қалай түсінесің? Мына суретте не бейнеленген? Кеңес үкіметінің кедейлерді 
тәркілеуі 1931-1933 жылдардағы қасіретті жылдар Сандар сөйлейді:
1932 ж. 6 млн 509 мың ірі қарадан 965 мың 18 млн 566 мың қойдан, 1 млн 386 мың; 3 млн 616 мың жылқыдан, 710 мың 1 млн-нан астам түйеден, 63 мыңы қалды Орны толмас адам шығыны: Басқа ұлт өкілдерінен 
250 мың адам шығынға ұшырады. 1931-1933 жылдары
қазақтардың 49% аштан өлді. Осындай жағдайда не істеуге болады? Қазақ шетке, қалаға қоныс аудара бастады:
"Бесеудің хаты" Өлік сасып жатыр мына далаңыз,
Ашаршылық, жоқ қой саған шарамыз.
Құйған жаңбыр, суық жел мен аязда,
Жансыз дене мұз боп қатқан, қараңыз.

Шөмеле тұр айдалада жиналған,
Сабақтары шірік тартып уланған.
Бір жас сәби содан масақ іздеп жүр,
Нәзік қолмен сүртіп көзін суланған.

Көрінеді қабырғасы ырсиып,
Іші ісініп, сыртқа шыққан тырсиып.
Ұқсамайды тірі адамға сұлбасы,
Тірі аруақ, адам емес, құр сиық.
Татьяна Невадовская1931-1933 жылдардағы аштық Үй тапсырмасы: 1. Ұжымдастыру дегеніміз не?

Татьяна Невадовская

Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза?станда?ы 1930-1932 жылдарда?ы ашаршылы?

Автор: Сагындыкова Раушан Нурмуханбетовна

Дата: 05.03.2016

Номер свидетельства: 302357

Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства