XX ?асырда бізді? ?аза?тай к?п ?ырылып, жаппай ?у?ындалып, к?п атыл?ан халы? жер
О?ушылар?а хал?ыны? ?ткенін ?мытпау?а, ?ділетсіздікке т?збеуге, ?з ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру ма?сатында халы? ?амын ойла?ан а?алар ісін ?лгі ету. О?ушыларды? Отан?а, елге, ту?ан жерге деген ма?таныш сезімдерін ту?ызу.
Просмотр содержимого документа
«"?аза?стан аума?ында?ы Ке?естік «е?бекпен т?зету» концентрациялы? лагерлер."doc,»
Күні : Сабақ № Сынып: 9 д.
Пәні: Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзету» концентрациялық лагерлер.
Сабақтың мақсаты :
XX ғасырда біздің қазақтай көп қырылып, жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер
Оқушыларға халқының өткенін ұмытпауға, әділетсіздікке төзбеуге, өз туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында халық қамын ойлаған ағалар ісін үлгі ету. Оқушылардың Отанға, елге, туған жерге деген мақтаныш сезімдерін туғызу.
Сабақтың көрнекілігі:
Техникалық құралдар – компьютер, бейнетаспалар, әдеби шығармалар, деректер.
Пәнаралық байланыс : Қазақ әдебиеті, дүниежүзі тарихы.
Сабақтың түрі: Конференция.
Ұйымдастыру кезеңі :
Оқушылармен сәлемдесіп, сабаққа әзірлеу. Сынып оқушыларын үш топқа бөлу бойынша жұмыс жүргізу.
Үй жұмысын сұрау:
Сатылай кешенді талдау:
«Өлкетану» ғылыми орталығы :
1. «Әскери коммунизм» саясатының енгізілу мәні және салдары.
Экономикалық әдістерге жатпайтын, күштеуге, тонаушылық мәжбүрлеуге негізделген
төтенше экономикалық саясат.
1919 жылғы қаңтар. Азық – түлік салғырты енгізілді.
Барлық артық өнімдер тартып алынды.
Жеке саудаға тыйым салынды.
Ұсақ,орта, ірі кәсіпорындар мемлекет меншігіне өтті.
Астық саудасына мемлекеттік монополия енгізілді.
Жалпыға бірдей еңбек міндеткерлігі енгізілді, еңбек армиялары құрылды.
Ақшалай жалақы жойылды, орнына карточкалық «паек берілді».
«Тарих» ғылыми орталығы :
2. Жаңа экономикалық саясатқа көшу.
РКП(б) – ның 10 сьезі 1921 жыл. наурыз.
Азық – түлік салығы енгізілді.
Жеке саудаға, жеке меншік кәсіпорындар құруға рұқсат берілді.
Еңбек міндеткерлігі жойылды, ебек армиялары таратылды.
Жерді жалға алуға, жалға беруге, жалдамалы еңбекті қолдануға рұқсат етілді.
Кәсіпорындар шаруашылық есепке көшті.
«Ақиқат» ғылыми орталығы :
3. «Әскер коммунизм» саясатының салдары мен ЖЭС – тің табыстарын саралай отырып кесте толтыру.
Үй жұмысын бекіту: «Әскери коммунизм» саясатының орынын ЖЭС ығыстыруы шаруашылықты жүргізудің еркін экономикалық тәсілі болғанымен, басқарудың әміршіл – әкімшіл тәсілін одан әрі үдетіп, өзі және оның жақтастары шектеусіз жеңіске жеткен шақта, ЖЭС-тің соңғы сәті туды.
Әкімшіл – әміршілдік басқару жүйесінде жаппай қуғындау саясатын жүргізген саяси тұлғалар еді.КСРО халқына қарсы қанды террорды мемлекет саясатына айналдырғандарға тоқталайық. И.В.Сталин, Ф.И.Голощекин.
«Ақиқат» ғылыми орталығы зерттеушілері Сталиндік қуғын – сүргін – «геноцид саясаты» басталуына түсінік.Сталиндік қуғын – сүргін – кезеңдерін топтастыру :
1 – кезең – 1929 – 1933 ж.ж.
2 – кезең – 1937 – 1938 ж.ж.
3 – кезең – 1947 – 1953 ж.ж.
«Тарих» ғылыми орталығының зерттеушілері:Қанды террордың соңы немен аяқталды деген сауал қойсақ .. Назар аударайық бейне таспа
«Алжир», «Қарлаг» лерлеріне тоқталу.
Зұлматты жылдар сұмдықтары:
Жаңа сабақты бекіту :
Әр ғылыми орталыққа үлестірмелі топтамалар арқылы шығармашылық тапсырмалар таратылып жауаптары талқыланады.
«Өлкетану» ғылыми орталығы : «Жазықты ма ағалар ? » өлең шумағын оқу.
«Тарих» ғылыми орталығы: 10 баламалы тест сұрағымен жұмыс.