kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақстан территориясындағы темірді игеру

Нажмите, чтобы узнать подробности

ерте темір дәуіріндегі Қазақстан.Қазақстан жеріндегі ерте темір дәуіріндегі тайпалар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақстан территориясындағы темірді игеру»


5.2А Ежелгі көшпелілер өмірі (8 сағат)

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан территориясындағы темірдің игерілуі

Күні: 05.11.2018 ж

Мектеп: №13 мектеп-гимназиясы

Уақыты: 1 сағат

Мұғалімнің аты-жөні: Исламгазиева Калбике

Сыныбы: 5 а,б,в,ә


Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ барысында қамтылатын оқу мақсаттары

5.4.2.2 – металл өндірісі жетілуінің шаруашылық салаларына тигізген ықпалын түсіндіреді

Бағалау критерийлері

  • Темір дәуірі туралы біледі

  • Ертедегі темір өңдіру тәсілімен танысады

  • Металл өңдірудің адам өміріне әкелген өзгерістерін анықтайды

  • Түсті металл өндірістері туралы біледі

Пәнаралық байланыс

География, дүние тарихы, экономика.

Тілдік міндеттер

Пәндік лексика мен терминологи, пеш – көрік, саз балшық, метеорит, темір қоры, кең байыту комбинаты, ат әбзелдері, полихромдық стиль

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Мен келесі өзгерістерді байқадым....

Темір өңдіру адам өмірін өзгертті/өзгертпеді себебі....

Темір дәуірі мына кезеңдерге бөлінеді.....

Біздің топтың ойынша....

Алдыңғы білім

5.1 А Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі

Жоспар

Уақытты жоспарлау

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Басы


Б Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушыларды 4 топқа қағаз қиындылары арқылы бөлу. Яғни, 1 топ – сәулетшілер, 2 топ – кеңшілер, 3 топ – археологтар, 4 топ – тарихшылар.

«Кім жылдам» ойыны арқылы сұрақтар қоя отырып, өткен сабақтарда игерген білімдерін тексеру (сұрақ - жауап).

  1. Адамзат тарихы неше кезеңге бөлінеді? (3: тас дәуірі, қола дәуірі, темір дәуірі)

  2. Тас дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б. 2,6 млн – б.з.б.3 мың жыл)

  3. Тас дәуірі неше кезеңіге бөлінеді? (3: палеолит, мезолит, неолит)

  4. Адамдардың ең алғаш қолданған металы? (мыс)

  5. Мыс-тас ғасыры қалай аталды, ? (энеолит)

  6. Тас дәуіріндегі адамдардың негізгі шаруашылықтары? (аңшылық, терімшілік)

  7. Малды қолға үйреткен кезең? (мезолит)

  8. Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды? (б.з.б.2 мың – б.з..б. 8 ғасыр

  9. Қола табиғатқа таза күйінде келді ма?

Тапсырма

Оқушыларға бір сөздер жасырынған анаграмма беріледі (тастан жасалынған еңбек құралының, бір қола дәуірі ескерткішінің, бір анықтама, бір ыдыс түрі). Оқушылар анаграммада берілген әріптердің бір-бірімен орындарын ауыстыру арқылы көлденең жасырынған сөздерді тауып, оларға анықтама береді.

  1. Таңбалытас (тастаңылаб)

  2. микролит (литкроми)

  3. Петроглиф (терголфип)


  1. Құмыра (арықұм)








Ортасы









М Ал енді бүгінгі сабағымызға көшу үшін тақтаға назар аударайық.

Тақтада берілген суреттерге назар аударындар.

Балалар мына суреттерден нені көруге болады?

Балалар бұл суреттердің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?

Сұрақ қойып, оқушылардың жауаптары арқылы сабақ тақырыбына шығу.

Ой қозғау: «Темір» дегенде ойымызға не келеді, көз алдымызға не елестейді? Әрқайсымыз жеке ойланып, одан соң жұпта талқылап дәптерімізге «Білемін. Білгім келеді. Білдім.» кестесін толтырайық.

БББ кестесі

Білемін

Білгім келеді

Білдім




Ал енді дәптерімізге жазғанымызды топпен ақылдасып, «Жүзім шоғын» жасаймыз және әр топ оқып, тақтаға ілеміз.


Мәтінмен жұмыс


Тапсырма (топтық жұмыс). Орындауға 10 мин, қорғауға 5 мин.

1 топ Сәулетшілер – темір дәуірін түсіндіру және темірді балқытқан пеш – көрікпеннің суретін не макетін салады, темір өңдіру әдісін түсіндіреді.

2 топ Кеңшілер - темір металына сипаттама береді, басқа металдармен салыстырады (қасиеті, сапасы және т.б.),

3 топ Археологтар – темірден жасалған қару – жарақ, әшекей бұйымдарды сипаттайды, жасалу жолдарын түсіндіреді.

4 топ Тарихшылар – темір дәуірі кезеңдерін және осы кезеңде Қазақстан территориясында өмір сүрген көшпелі тайпаларды атайды, орналасу аймақтарын картадан көрсетеді


М Балалар қалай ойлайсыздар:

  • Темір дәуірі неше кезеңге бөлінді?

  • Темірді қанша температурада пеш-көрікпен өндірген?.

  • Темір дәуіндегі тайпалық одақтарды атаңдар?

  • Қазақстанның қай облыстарында темір балқыту кен орындары бар?

Оқушылар төменде берілген сұрақтарға жауап береді.

Темір дәуірі туралы қысқаша мағлұмат беріледі.

Тапсырма

Әр топқа бір мақал – мәтелден беріледі. Оқушылар осы мақал – мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндірулері қажет

1 топ: «Темірді қызған кезде соқ»

2 топ: «Темірсіз адам, тұзсыз тағам болмайды»

3 топ: «Тепсе темір үзердей»

4 топ: «Темір сырын отта танытады»

Ежелгі Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық

Т.Тұрлығұл, Ә.Төлеубаев, Қ.Құнапина. –Алматы: Атамұра, 2002. – 144 бет.




















Соңы


Оқушылар «Аяқталмаған сөйлем» тәсілі

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

  • бүгін сабақта қуантқаны.....

  • мен өзімді.....үшін мақтар едім.

  • маған ерекше ұнағаны.....

  • сабақтан соң маған........келді.

  • бүгін маған..........сәті түсті.

  • қызықты болғаны.....

  • ......қиындық тудырды.

  • менің түсінгенім.....

  • енді мен......аламын.

Қорытынды
«Жер бетінде темір жойылып кетсе, не болады деп елестетсек, көшелерде темір жол да, поездар да, машиналар да жоқ, көпірлер үйіндіге айналған, өсімдіктер семіп, өле бастаған. Адам денесіндегі 3г темір жойылса, тіршілігін тоқтатып, өліп қалар еді.», бұл көріністі суреттеген, темірдің маңыздылығын айтқан атақты минералог, академик А. Е. Ферсман.


Үйге тапсырма: темірге қатысты қосымша мәлімет қарап келу



Рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары шынайы болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты деген сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:


2:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:


Осы сабақтың барысында мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағыма қажет болуы қандай ақпаратты білдім?



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақстан территориясындағы темірді игеру

Автор: Исламгазиева Калбике

Дата: 17.11.2018

Номер свидетельства: 486167


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства