kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

«Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»

Нажмите, чтобы узнать подробности

план урока по истории по обновленной ппрограмме для учащихся 6 класса с казахскитм языком обучения подготовила аянгалиева гульмира ахановна учитель Приреченской ОСОШ теректинского района 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
««Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»»

Бөлім:

ҮІ-ІХ ғасырлардағы Қазақстан.

Мектеп: Батыс Қазақстан облысы,Теректі ауданы, Приречный ЖОББМ

Күні: 05.09.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Аянгалиева Гульмира Ахановна.

Сынып: 6

Қатысқан оқушы саны: 12 Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»

Зерттеу сұрағы: ҮІ-ІХ ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдері тарихта сақталды?

Оқу мақсаты:

6.3.1.1-оқиғалардың өзара байланысын табу арқылы Түрік қағанаты құрылуының тарихи маңызын анықтау.

Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу, түсіну, қолдану.талдау.

Сабақ мақсаттары:


  • Түрік қағанатының құрылуының басты оқиғаларын ажыратады.

  • Түрік қағанатының құрылуының тарихи маңыздылығын анықтайды.

Бағалау критерийлері:

  • Түрік қағанатында билік құрған қағандардың саяси беделін ашып көрсетеді.

  • Түрік қағанатының құрылуының мәдениетке, ғылымға, қазақ халқының ұлан байтақ жерді иеленіп қалуға қосқан үлесін анықтайды.


Тілдік мақсаттар:

  • Лексика мен терминология: Мемлекет, қаған, территория.



  • Оқытудың тілдік мақсаты: Пікірін айтады,жуан жіңішке сұрақтарға жауап береді. (айтылым дағдысы). Мәтінді оқып, талдайды(оқылым). «Түркі әлемі» бейнефильмді тыңдайды (тыңдалым)


Құндылықтарға баулу:

Патриотизм, Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана, Ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Пәнаралық байланыс:

Дүниежүзі тарихы, География пәнімен байланыс сабақта ізденіс жұмысы арқылы жүзеге асырылады.

Алдыңғы білім:

Қаңлы, үйсін, ғұн мелекеттерінің тарихын біледі.

САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері:

Сабақтағы іс-әрекеттер:

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы

5минут

  • Бастапқы стимул.Уәжді ояту.



Қазақстанның, Ресейдің,АҚШ-тың Президенттерінің суреттерін көрсетіп, оқушыларға төмендегідей сұрақтар қоямын:

1.Мына суреттерге қарап не айта аласыңдар?

2.Қазақстан, Ресей, АҚШ деген не?

3.Мемлекетті айқындап тұратын белгілерін еске түсіріп жіберейік. Оқушылар орнынан тұрып «мемлекет белгілері»деген сөздің айналасына астананың, ақшаның, рәміздерінің,территориясының,басшысының,әскерінің, халқының,Заңының суреттерін жапсырады.

Мемлекет белгілері









Содан кейін оқушылар суреттерге түсінік беріп шығады. «Ендеше бүгінгі сабағымызда қандай тақырып өтетіндеріңді айқындадыңдар ма?» деп сұрақ қойып, жауабын алғаннан кейін

Тапсырмаларды тез әрі оқушылар бір-біріне көмектесу үшін сыныпты 3 топқа бөлеміз.

Интерактивті тақта

суреттері бар слайдтар.

Суреттерге сілтеме:

http://www.kazportal.kz/epoha-kamnya-v-kazahstane

Сабақтың ортасы

5 минут



































10минут























5 минут





















1 минут



9 минут












































2минут

Негізгі кезең: Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер» деп, оқушыларға сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын. Жаңа сабақты бастамас бұрын кесте бойынша 5-сыныпта өткен мемлекеттер туралы алдыңғы алған білімді еске түсіріп, «Кеспе карта» әдісін жүргіземін.3 топтың оқушылары алдын- ала дайындалған қиылған қағаздағы жауаптарын желіммен жапсырады.

Мемлекеттер

Басшысы, лауазымы

Астанасы

Халқы

Әскері

Терри-ториясы

Үйсін






Қаңлы






Ғұн







Сосын жауабы дайын кестесін ұсынамын.


Мемлекеттер

Басшысы, лауазымы

Астанасы

Халқы

Әскері

Терри-ториясы

Үйсін

Гуньмо

Қызыл Аңғар

130 мың түтін, 630 адам

188800

Жетісу

Қаңлы

Хан

Битянь

120 мың түтін, 600 мың адам

120 мың

Арал маңы, Сырдария, Оңтүстік Қазақстан

Ғұн

Шанью. Мөде,Чжи-чжи, Атилла

Ордос

24 бөлікке бөлінді

Белгісіз

Батыс Балқаш көлі, Үйсін мен Қаңлы арасындағы жер.


Бағалау: «+» «-» таңбалары арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс: Жауабын дәл тапқан оқушыларға «Жарайсың» деп ынталандырып , фишка беріп шығамын.


  1. (М) Түрік қағанатының құрылуы мен маңызын сипаттайтын «Түркі әлемі» бейнефильмінен үзінді көрсетемін.

(Б\Т) 3-тапсырма. «Кинометафора әдісі» Әр топ бейнематериал мазмұнының түрлі фокустарына назар аударуы тиіс:

І топ: бейнематериалдағы Түркілер, жужандар деген кімдер екенін анықтайды.

ІІ топ: Түрік қағанаты қалай құрылды деген сұраққа жауап табады.

ІІІ топ: Естеми қағанның тұсындағы Түрік қағанатының территориясын көрсетеді, басқа елдермен қарым-қатынасын сипаттайды.

Оқушылар өздерінің бақылау қорытындыларын дәптерлеріне жазып отырады. Топтар өздерінің жауаптарымен алмасады, бір-бірін толықтырады.

(ҚБ) Қалыптастырушы бағалау жұмысын ұсынамын.

Оқушылар топпен Бумынның, Естемидің, Мұқан қағанның іс-әрекетін сипаттайды.

Дескрипторлар.

Бумын қағанға қатысты мәліметтер.

1.Түрік қағанатының құрылған уақытын анықтайды.

2.Бумын қағанға не үшін «Елхан» атағы берілгенін жазады.

Естеми қағанға қатысты мәліметтер

1.Естемидің билік құрған уақытын анықтайды.

2.Естемидің жужандарды біржолата талқандаған уақытын белгілейді.

3. Естеми тұсындағы Фирдоусидің жазуы бойынша Түрік қағанатының территориясын жазады.

Мұқан қағанға қатысты мәліметтер.

1.Мұқан қағанның билік құрған уақытын анықтайды.

2. Мұқан қағанның кезінде Түрік қағанатының басқа елдермен дәрежесінің тең түскенін 1 мысал келтіріп, дәлелдейді.

Кері байланыс: Оқушылар тапсырманы орындап болған соң, жұмыстарын аралап тексеріп шығамын да әр топтан бір оқушыны шығарып тақтаға жауабын «Топтастыру» әдісімен жаздырамын. Орнында отырған оқушылар жұмыстарын тексеріп, өздерін «+» «-» таңбаларымен бағалайды. «-» таңбасын алған оқушыларды өзіме түртіп аламын.Тапсырманы орындауына қарай фишка таратамын.

Сергіту сәті. «Мен қазақпын»

  • 4-тапсырма. «Шығармашылық жұмыс»

(Б) Оқушыларға шығармашылық тапсырма орындауды ұсынамын. Оқушы тиісті тапсырмалардың біреуін таңдап, топпен орындайды. Түрік қағанатының құрылуының мәдениетке, ғылымға, ұлан байтақ жерді иеленіп қалуға қосқан үлесін анықтайды. Мысалы,

  • «Түрік қағанатының мәдениетке қосқан үлесі» тақырыбына өз ойыңмен кемінде екі сөйлем жаз.

  • «Түрік қағанатының ғылымға қосқан үлесі» тақырыбына кемінде екі сөйлеммен өз ойыңды жаз.

  • Түрік қағанатының иеленген жерін кескін картаға түсіріп, маңыздылығын айт.


«Шығармашылық жұмысқа» арқау болатын мәтін.

Түркі қағанаты тарих сахнасына келіп, Еуразияның халықаралық қатынастарында маңызды рөл  атқара бастады. Осы кезеңнің алып елдері – Византия, Парсы, Қытай және Араб халифатымен  дипломатиялық қарым-қатынастар орнатты. Бумын қаған Түркі қағанатының негізін қалады және жужандардан тәуелсіздік алды. Осы кездері  түркі тайпалары темір өндіруді жақсы меңгерген болатын. Бұл қару-жарақты жетілдіріп, әскерді  жақсырақ қаруландыруға мүмкіндік берді.  Естеми қаған жер аумағын Батысқа қарай кеңейтті. Парсы шахы оңтүстік аумақтарды кеңейту  үшін Естеми қағанға ақ ғұндарға қарсы одақ құруды ұсынды. 587 жылы Бұхарада  қаған мен шах  әскері ақ ғұндарға қарсы шайқаста жеңіске жетті. Естеми қаған Парсы халықтарымен сауда қарым-қатынасын, ал Византиямен сауда және дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Нәтижесінде Естеми қаған 

Жібек жолының сауда жолдарын бақылауына алды. Қытайдан жібек, қағаз, 

айна әкелінсе, Таяу және Орталық Шығыс елдері Византия, Қытайға косметика, кілем, асыл тастар, інжу-маржандар, шыны өнімдерін сатты.




(Б) «ҮІ-ІХ ғасырларда билік құрған қай қағандардың есімдерітарихта сақталды?» тақырып сұрағына қайта оралып, сабақты қорытындылаймын. Оқушылар сабақ соңында жинаған фишкаларын санайды. Фишканы көп жинаған оқушыны, топты мақтап, келесі сабаққа ынталандырамын.


презентация

оқулықпен жұмыс

Қазақстан  тарихы.  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  7-сыныбына  арналған  оқулық.  /  Л.  Бердигалиева, А.М.Ибраева, Г.Т.Касенова және  т.б.  –  Астана:  АОО  «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2017. – 176 б., сур.

















Түркі әлемі.

https://www.youtube.com/watch?v=5aPUGXHP-ic&list=PLqg4MCOjH8nsggCd23gdk_mXvsgohzWXB&index=2















































Қазақстан  тарихы.  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің  7-сыныбына  арналған  оқулық.  /  Л.  Бердигалиева, А.М.Ибраева, Г.Т.Касенова және  т.б.  –  Астана:  АОО  «Назарбаев Зияткерлік мектептері», 2017. – 176 б., сур.















Сабақтың аяқталуы


2минут



1минут

  • Рефлексия - «Пирамида»

  • Есте сақтау керек маңызды 1 нәрсе

  • Көбірек білгім келетін 2 нәрсе

  • Бұрынан білетін 3 нәрсе

- Мен үйренген 4 нәрсе


Үйге тапсырма «Түркі әлемі» бейнефильмін толық қарап келу.

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?



Барынша қолдауды қажет ететін оқушылар үшін:

Оқушыларды топтық, жұптық жұмыс кезінде жұмылдырып, бейнесюжет көрсетіліп, қосымша сұрақтар қойылады.

Орташа қолдауды қажет ететін оқушылар үшін:

  • топтық жұмыстар,

  • өзіндік қортынды шығарады

Қабілеті жоғары оқушылар

  • ұйымдастыру жұмысын атқарады

  • өздік жұмыс жасауға мүмкіндік беріледі

  • топта қалған оқушыларға түсіндіре алады

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз.

  • Формальды емес бағалау түрлері

  • Ынталандыру, қолдау көрсету

  • Зерттеу жұмысы қалыптастырушы бағалау түрінде

  • Кері байланыс түрінде

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақтау; АКТ-мен байланыс,

Оқушылар сабақ барысында туындайтын қауіп-қатердің алдын алу шараларын белгілейді


Сабақ бойынша рефлексия:




Жалпы бағалау

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту мен оқуға қатысты)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?



Бағалау критерийлері

Дескрипторлар







Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
«Қазақстан территориясындағы ерте ортағасырлық мемлекеттер»

Автор: Аянгалиева Гульмира Ахановна

Дата: 14.06.2019

Номер свидетельства: 514796

Похожие файлы

object(ArrayObject)#861 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(111) "Қазақстан терреториясындағы ерте орта ғасырлық мемлекеттер"
    ["seo_title"] => string(71) "k_azak_stan_tierrietoriiasyndag_y_iertie_orta_g_asyrlyk_miemliekiettier"
    ["file_id"] => string(6) "453546"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517295518"
  }
}
object(ArrayObject)#883 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(46) "Ежелгі түріктердің жазуы"
    ["seo_title"] => string(30) "iezhielghi_turiktierdin_zhazuy"
    ["file_id"] => string(6) "454322"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1517585028"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства