kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері мен ?дет-??рыптары

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? жоспары 8 сыныпты? о?у ба?дарламасы бойынша бекітілген. ?те ау?ымды та?ырып, б?л саба? бойынша 5-6 саба? элементтерін пайдалану?а болады. Ж?не де саба? та?ырыбын о?ушылар ?здері ?оюы керек, ол ?шін мысалы саба? басында ?ара жог?,а оленін ?ойып немесе видео ролик к?рсету ар?ылы ой ?оз?ау?а болады, сергіту с?ттерін де ?йымдастыру?а болады.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері мен ?дет-??рыптары»

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен

салт-дәстүрлері».

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың бойында әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген обьективті көзқарасын қалыптастыру.

ә) дамытушылық: Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы ой-пікірлерін ортаға сала отырып, сыни тұрғысынан көзқарастарын одан әрі дамыту.

б) тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жастарға беретін тәрбиелік мәнін ашу арқылы, жастарды Отан сүйгіштікке, еңбекке, адамгершілікке, өз ұлтының салт-дәстүрін сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: СТО жобасымен.


Сабақтың көрнекілігі:мультимедиялық тақта, суреттерт.б.


Сабақтың барысы:

  1. Қызығушылықты ояту.

  2. Мағына тану.

  3. Толғаныс.

  4. Пікір-алмасу.

  5. Миға шабуыл.



Сабақтың жоспары:

1.Отбасыға байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

2. Ұлттық ойындар.

3. Шаруашылыққа байланысты әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер.

4.Діни наным-сенімдер.



I.Қызығушылықты ояту.


а) Жуан-жіңішке сұрақтар:

Оқушыларды екі топқа бөліп топтың атын қойып, топ басшысын тағайындау.Топ басшылары үй тапсырмасын төмендегі сұрақтармен тексереді:

1-ші топ «Шаңырақ»

2-ші топ « Мұрагер»

«Шаңырақ» топ басшысының 2-ші топқа сұрақтары:


Оқушылар сендердің өткен тапсырманы жақсы меңгергендерін өз жауаптарынан белгілі болды. Енді мультимедиалық экранға көңіл аударыңдар. Тақтадан қандай суреттер көріп тұрсыздар, қандай әуен естіп тұрсыздар? Суретке қарап , әуенді тыңдап жаңа сабақтың тақырыбын қалай қоясыздар? (оқушылардың жауабы).

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері».

Қазақ ұлты сонау ғасырлар тереңінен ру-тайпалық дәрежеден бастап

XIV-XV ғасырлар тұтас халықтық дәрежеге жеткенше салт-дәстүріміз

этникалық үдерістерге байланысты өзгерістерге ұшырап отырды.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» дегендей бізге жеткен тәрбиелік мәні

зор бүгінгі ұлттық салт-дәстүрлер халқымыздың ең қымбат қазынасы.

Қазақ ұлты қалыптасқанға дейінгі ұлттық құрамының негізгі арқауы болған қаңлы,үйсін, керей,найман т.б ру-тайпаларының рухани мәдениеті дамып,

жалғасын тауып бізге жетіп отыр.


II.Мағына тану.

а) Мәтінмен танысуға 5минут уақыт беріледі.

ә) Кластер 5 минут уақыт беріледі(ватман,маркермен жұмыс)

1.«Шаңырақ» тобына Салт-дәстүр

2. «Мұрагер» тобына Әдет-ғұрып (оқулықпен жұмыс жасайды)



III. Толғаныс

а) «Бағалау және жоспарлау»

ә) ТИ кестесі.

2 топқа тапсырма:

Сіздер шет елге қазақтың ұлттық құнды бір затын апаруларыңыз керек.

Өзі әдемі,ұлттық нақышы бар, сынбайтын,ыңғайлы,сапалы,қауіпсіз болуы шарт.Енді осы қазақы символды кім шет елге апарады екен? Сурет арқылы жеткіземіз. Бұл кімнің идеясы? Кім сурет салды?


Салт-дәстүр

ТИ кетесі бойынша жұмыс.

Кеше

Бүгін

Құрсақ тойы

Сүйінші

Жарыс казан

Шілдехана(бесікке салу)

Сүйінші

Балаға ат қою

Шілдехана(бесікке салу)

Тұсау кесу

Балаға ат қою

Сүндет тойы

Тұсау кесу

Тілашар тойы(мектепке бару)

Атқа мінгізу(4-5 жас)

Жыл сайын туған күн тойы

Сүндет тойы

Мектеп бітіру тойы

Тілашар тойы

Жоғары оқуға түсу тойы

Балаға ата-тегін үйрету(7-9 жас)

Оқуды бітіру тойы

Тоқым қағар(7-8 жас)

Жұмысқа орналасу тойы

Құда түсу(қарын, бесік т.б)

Құда түсу немесе алып қашу

Жаушы жіберу

Құдаларды қарсы алу

Құдаларды қарсы алу

Қалың мал немесе киіт беру

Есік-төр көрсету тойы

Қыз жасауын дайындау

Ұрын келу немесе ілу

Келін түсіру

Қалың мал

Бал айын өткізу т.б.

Жасау


Келін түсіру(бас киімі-сәукеле)


Төркіндеу(1 жылдан соң)



ІҮ.Пікір алмасу

Қыз алып қашу ежелден келе жатқан салт-дәстүр ме әлде заңға қайшы іс-әрекет пе?

1-топ қостайды

2-топ даттайды


Ү.Миға шабуыл.« 6 неліктен»

  1. Неліктен отқа май құю дәстүрі қалыптасқан?

  2. Неліктен жаңа жыл мейрамы наурызда тойланған?

  3. Неліктен жыл мезгілін үркер жұлдызына қарап бағдарлаған?

  4. Неліктен жас сәбидің тұсауын кескен?

  5. Неліктен көкпар ойынына ешкі малын пайдаланған?

  6. Неліктен жаңа түскен келіндердің күйеуінің барлық туыстарының аттарын атамаған?



Бүгінгі сабақты қорыта келе, қазақ елінің ұлттық байлығы мол, келер ұрпаққа берер тәлім тәрбиесі зор екеніне көзіміз жетті.

Сіздер бүгінгі сабақтан ұлтымыз туралы өздеріңе қажетті мағлұмат алды деп ойлаймын. Болашақ ұрпақ ретінде ата- бабамыздың бізге мұра етіп қалдырған мәдениетімізбен ұлттық санамызды жоғалтпайық!

Оқушыларды бағалау. Әр топ басшысы бағалау парақтарын ұсынады.


Үй тапсырмасы: Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүлері.




Тестілік тапсырмалар

1.Жұт немесе басқа табиғи апаттарға байланысты малы қырылса, өз туысқандарынан көмек сұрау құқығы қалай аталады?

а) Асар б) Сауыр

ә) Табар в) Жылу


2. Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі:

а) Кереге б) Есік

ә) Шаңырақ в) Уық


3. Қыздардың үйлену тойындағы бас киімі:

а) Кимешек б) Күндік

ә) Жаулық в) Сәукеле


4.Қазақтар арасында жын-шайтаннан, пәле-жаладан аулақ болсын деп отпен қудалайтын дәстүр-

а) Ұрын келу б) Отау тігу

ә) Беташар в) Отпен аластау


  1. Күйеу бала болашақ енесіне қандай сыйлық берген?

а) Қалың мал б) Кәде

ә) Той малы в) Сүтақы


  1. Көкпар сайысы:

а) Ат жарыс б) Садақпен ату

ә) Ешкі малын тарту в) Балуандар күресі


  1. Құдалық туралы келіссөзден кейін күйеу жағынан келген бас құда қалыңдыққа қандай сыйлық береді?

а) Тоқым қағар б) Бие мұрындық

ә) Үкітағар в) Қазық майлау


  1. Нысанаға күміс қойып садақпен ататын ұлттық ойын түрі:

а) Алтын сақа ату б) Балуан күрес

ә) Жамбы ату в) Сайыс


  1. Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны:

а) Қымыз б) Шұбат

ә) Айран в) Қатық

  1. Қазақ әйелі қай уақытта кимешекті басына киген?

а) Үйлену тойында б) Балалы болған соң

ә) Тек мереке күндері в) Қаралы күндері


  1. Күйеуі қайтыс болғанда оның әйелін үлкен не кіші бауырына немесе жақынына қосу дәстүрі-

а) Беташар б) Қаңалға

ә) Мердігер в) Әмеңгерлік

12.Асар дегеніміз не?

а) Жақын адамның бір-біріне өте қауырт , қажетті жұмыс кезінде

көмекке келуі

ә) Туысқан адамдардың бір-біріне ақшалай қарыз беруі

б) Үлкендерге тіл тигізгені үшін айып төлеу

в) Затты сақтау немесе сату туралы екіжақтық келісім


13.Жыл мезгілдерін қазақтар қандай жұлдызға байланысты белгілеген?

а)Үркер б) Жетіген

ә) Сүмбіле в) Ақбоз ат


14. Жаңа түскен келіндердің күйеуінің барлық туыстарының аттарын атамай оларға өзінше ат қою дәстүрі-

а) немеурін б) ат тергеу

ә) үме в) жылу


15. Жазғы көш-жайлауға көшу қай айдан басталды?

а) Ақпан б) Наурыз

ә) Мамыр в) Сәуір

16. Ұлыстың ұлы күні 22 наурызда қандай тағам ұсынылады?

а) қуырдақ б) бесбармақ

ә) қымыз в) көже

17. Халықтың әдет-ғұрпын айқындайтын ерекше дәстүрлердің ішінде-той малы кімге арналған.

а) Қалыңдықтың туыстарына

ә) Қалаыңдықтың аға-інілеріне

б) Қалыңдықтың нағашы жұртына

в) Қалыңдықтың әкесіне

18. Киіз үй құрылымындағы құр деген не?

а) Уықтың үстінен тартылатын жалпақ тоқыма

ә) Киі үйдің төбесі

б) Шаңырақты жабатын киіз

в) Кереге басы мен шаңырақты біріктіретін сүйек

19. Халық аңыздарында қай спорттық ойында «құралайды көзінен ататын мерген» деген атақ беріп, сүйген қызына қосқан?

а) Садақ тарту б) Жамбы ату

ә) Аударыспақ в) Қыз қуу

20. Қазақтарда мал шаруашылығына байланысты қандай құралдар киелі саналған?

А) құрық, желі, бақан б) арқан, кісе, ер

ә) жебе, алдыаспан, ноқта в) ашамай, самқал, кісе


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?аза? хал?ыны? салт-д?ст?рлері мен ?дет-??рыптары

Автор: Байзакова Айгерім Абдолла?ызы

Дата: 31.03.2016

Номер свидетельства: 312796


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства