Тақтада Қазақ хандығы туралы сурет немесе слайд көрсетмін. Керей мен Жәнібектің бөлініп шығуы туралы мағлұмат беру үшін М.Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінен үзінді беремін. «Мәтінмен жұмыс» Оқушылар мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап береді: Бұл қандай дерек түріне жатады? Бұл дерек бізге қандай мағлұмат береді? Деректен қандай қорытынды шығаруға болады? Зерттеу және талдау. Топтық жұмыс. «Стоп-кадр» әдісі. Тапсырма: Керей мен Жәнібек хандар туралы бейнематериал ұсына отырып, Қазақ хандығының құрылуына әсер еткен факторларды анықтауға және оған дәйектер келтіреді. Топтар постерге түсіріп, сыныпта қорғайды. 1-топ: Қазақ хандығының құрылуының алғышарттарын көрсетеді 2-топ: Қазақ мемлекетінің құрылу үдерісі; 3-топ: Сырдария қалалары үшін күрес. Қалыптастырушы бағалау: Алтын сандық – құнды мәлімет Фонарик – әлі де іздену керек Қоқыс жәшігі –бұл мәліметтерді бұрыннан білемін «Кестемен жұмыс» әдісі Оқушылардың басым бөлігі Қазақ хандығының құрылуының артықшылықтарын кестеге санаттар бойынша жіктеп жазады. Хандықтың құрылуыныңң экономика, саясат, мәдениет пен қоғамға ықпалы болды ма? Ең маңызды әсері қандай болды? Экономикалық | Саяси | Әлеуметтік | Мәдени | | | | | Дескриптор: Білім алушы -Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын анықтайды; -Қазақ хандығы құрылуының экономикалық маңызын анықтайды; -Қазақ хандығы құрылуының әлеуметтік маңызын анықтайды. «Картамен жұмыс» әдісі. Кейбір оқушылар Қазақ хандығының алғашқы территориясын контурлық картаға түсіреді. |