Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне: | І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7 минутта: а) ұйымдастыру сәтін; б) алдыңғы тақырыптың Ш кезеңінің үш деңгейлік тапсырмаларын үйде аяқтап келу дәрежесін тексергеннен кейін в) «Көпір» тапсырмаларын тексереді. |
«КӨПІР» тапсырмалары (оқушылар үйде орындап, бүгінгі сабаққа дайындалып келеді) | Балалар, төмендегі бос орындарға жауап жазыңдар. І. Қаңлылар туралы деректер 1) Б.з.б. 138 ж. Қытай билеушісінің «Батыс елдеріне» жіберген елшілігі оралды: _13 жылдан кейін_. 2) Қаңлылар туралы «Вэсканың __ержүрек ұлдары_ ең биік, жоғары тұрған Канха қамалының алдында құрбандық берді» деп жазылған кітап: _ «Авеста»_. «Тарихи жазбаларында » көшпелілердің өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған _қытай тарихшысы Сыма Цянь_. 3) Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы сипаттап жазылған еңбек «Тарихи жазбалар» . 4) Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы айтылатын маңызды тарихи дерек: _қытай дерегі «Цянь Ханьшу»_ 5) Қаңлы мемлекетінде жазу болғандығын дәлелдейтін: қытайдың елшілері қаңлы ханының сарайында Заң жарғыларын көргенін айтады. ІІ. Сөйлемдерді толықтыр. Қытай деректері бойынша, қаңлы тайпалар одағының 120 мың түтіні (отбасы) немесе шамамен 600 мың адамы, 120 мыңға дейін жауынгерлері болған. Ежелгі Қытай хроникасы олардың екі астанасы – жазғы және қысқы болғанын жазған. |
ІІ кезең (топтық жұмыс) жаңа сабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау: а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады (10 минут); ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 минут). Нәтижесі ауызша марапатталады. |
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) | Оқулықтағы тақырып мәтінін пайдалана отырып, өз бетімен меңгеру үшін төмендегі кестені толтырыңдар.(өзіндік жұмыс) Археологиялық ескерткіштері және мәдениеттер | Орналасқан және табылған жері | Қауыншы | Ташкент төңірегіндегі көгалды аймақ | Отырар-Қаратау | Сырдария өзенінің орта ағысы тұсындағы Қаратау беткейінен Талас өзенінен дейінгі аралықта тараған | Жетіасар | Қуаңдария мен Жаңадария | Балалар, «Кім?» ой қозғау тапсырмасы, бос орынға жауап жазыңдар. 1) Қаңлы билеушісінің титулы хан. 2) Ел басқару ісіне ханға көмектескен үш орынбасары - уәзірлер . 3) Қаңлы ел ішіндегі әр иелікті басқарғандар кіші хандар . 4) Қаңлы ел ішінде кіші ханға бағынғандар ру, тайпа көсемдері . 5) Қаңлы елі өз ішінен бөлінген иелік саны бес иелік |
Теориясы: «ТҮСІНУ» (Неге?Неліктен? Себебі? Не үшін?) | Себебін анықта: Қаңлылар не үшін көрші елдермен байланыс жасады? Көк – Мардан қаласы ғалымдарға қандай мәлімет берді? |
Теориясы: «Талдау» (1.Салыстыр, 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. | 1-3) Венн диаграммасы арқылы салыстыр. Үйсіндер туралы Қаңлылар туралы тарихи жазбалардағы Ұқсастығы тарихи жазбалардағы ерекшелігі ерекшелігі 4.Тақырыптың басты идеясы неде? |
Теориясы: «Жинақтау» (Қорытынды шығар,анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені, тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағы с.с. басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғарыдағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады) | Сәйкестендіру: 1. Қаңлы елінің астанасы | 1 – В | А) Қытаймен және Үйсіндер | 2.Сарматтар мен аландар | 2 – Ғ | Ә) Жүз жиырма мың | 3.Б.з.б. 3-2 ғ. – б.з.б. 5 ғ. | 3 – Г| | Б) Қаңлы елі өз ішіндегі иелік саны | 4.Жауынгерлерінің саны | 4 - Ә | В)Битянь | 5.Сырдария өзенінің орта ағысы | 5 –Е | Г) Қаңлылардың өмір сүрген уақыты | 6.Қаңлы тайпалық бірлестігінің аумағы | 6- Д | Ғ) Қаңлы елінің солтүстігіндегі көршілері | 7. Бес | 7- Б | Д) Арыс,Талас жағалау-ы, Сырдарияның төменгі ағысы | 8.Қаңлы елінің оңтүстігіндегі көршісі | 8-А | Е) Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені | |
Оқулықпен жұмыс (5 минут): төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына «Баға беруі» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға, эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады . Нәтижесі ауызша марапатталады. |
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (қарапайым тапсырмалар) | Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері қытай жазбалары, иранның «Авеста» кітабы . Тұтқынға түскендерді құлдарға айналдырып, оларға жүктелген үсақ малды күту, мал өнімдерін өңдеумен шектелді. Арыс өзенінің сол жағалауындағы 100 шаршы шақырымдай аумақта Көк-Мардан қаласының орны қала орталығы болған. Қаңлылардың Пұшық - Мардан қаласы маңындағы зерттелген Қостөбе қоныстары. Көк-Мардан қаласының үйлерінен азық-түлікке арналған ыдыстардың көбі – құмандар, құмыралар, көзелер.
|
Практикасы: «БАҒА БЕРУ» (Сен қалай ойлайсың? Не істер едің?) | Сен қалай ойлайсың? Дерек көздерінде қаңлыларды қалай сипаттаған? Қытай деректерінде «Қаңлылар өркөкірек, өжет келеді. Біздің елшілерімізге бас имейді.Орталық билік атынан келген өкілдерімізді үйсін елшілерінен төмен отырғызады.Олардың билеушілері мен ақсалдарына тамақты алдымен береді, ал содан соң барып біздің елшілерге тартады.» Қаңлылардың тұрмысына қандай баға бересің? |
ІІІ кезең: Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинау ІІІ кезең (кері байланыс – бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды + 3 минут қортынды жасалады. Қалған тапсырмаларлы үйде аяқтап келеді. Қортынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып, келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі. |
| І деңгей (5 балл) |
Теориясы: «БІЛУ» (Кім? Не? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) | Тест. 1.Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы А) Герадот В) Страбон С) Ктесий D) Торг Е) Цыма Цянь 2.Қаңлылар туралы негізгі дерек көздері А) Парсы жазбалары В) Иран деректері С) Үнді жазулары D) Рим жылнамалары Е) Қытай деректері 3.Қаңлы мемлекетінің пайда болған уақыты, шекарасы туралы айтылатын маңызды тарихи дерек. А) "Авеста" В) "Қаңлы мемлекеті" С) "Қаңлы жылнамасы D) "Тарихи жазбалар" Е) "Цянь хоньшу" 4.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері А) Атасу, Шірік-Рабат В) Хантау, Таңбалы С) Дәндібай, Қауыншы D) Беғазы, Отырар Е) Қауыншы, Жетіасар, Отырар-Қаратау 5.Б.з.б.46-36 жылдары қаңлылардың Қытайға қарсы көмек көрсеткен елі А) Аландар В) Үйсіндер С) Сақтар D) Сарматтар Е) Ғұндар 6.Қытай деректері бойынша ежелгі қаңлылар саны А) 500 мың В) 700 мың С) 800 мың D) 900 мың Е) 600 мың 7.Ежелгі қаңлылардың негізгі атамекені А) Жетісу В) Ертіс өзені С) Еділ бойы D) Шу мен Талас аңғары Е) Сырдың орта ағысы 8.Қаңлы билеушісінің титулы А) Патша В) Гуньмо С) Сұлтан D) Бек Е) Хан |
| ІІ деңгей: (5 балл + 4 балл = 9 балл) |
Теориясы: «Түсіну» (неге? неліктен? себебі? не үшін?сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) | Тест 1.Арыстың сол жағалауындағы қаңлы қаласының орны А) Қойлық В) Шірік-Рабат С) Қызыл-аңғар D) Мардан-күйік Е) Көк -Мардан 2.Қаңлылардың Пұшық-Мардан қаласы маңындағы зерттелген қоныс А) Ақтөбе В) Көк-Мардан С) Қызыл аңғар D) Қойлық Е) Қостөбе 3.Қаңлылардың солтүстігіндегі көршілері А) Үйсін, Сармат В) Ғұн, Алан С) Үйсін, ғұн D) Сармат, Ғұн Е) Сармат, Алан 4.Қаңлы мемлекетінің оңтүстігіндегі көршісі А) Ғұн В) Сармат С) Алан D) Парсы Е) Үйсін 5.Қаңлылардың экономикалық, мәдени, саяси, байланыс жасаған елдері А) Парсы, Үнді В) Үнді, Қытай С) Қытай, Араб D) Хорезм, Үнді Е) Қытай, Қушан 6.Қаңлылардың Қауыншы мәдениетінің таралу аймағы А) Сырдың орта ағысы В) Қаратау беткейлері С) Талас өзені бойы D) Қуаңдария аңғарлары Е) Ташкент төңірегі 7.Қаңлылардың Отырар-Қаратау мәдениетінің тарау аймағы А) Ташкент төңірегі В) Қуаңдария бойы С) Жаңадария аңғары D) Қуаңдария, Сырдың орта ағысы Е) Сырдың орта ағысы, Қаратау, Талас бойы 8.Қаңлылардың Жетіасар мәдениетінің таралу аймағы А) Ташкент төңірегі В) Сырдың орта ағысы С) Қаратау,Талас бойы D) Жетісу Е) Қуаңдария, Жаңадария аңғарлары 9.Қаңлы елінің астанасы А) Тараз В) Қызыл Аңғар С) Баласағұн D) Қойлық Е) Битянь 10.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны А) 2 В) 3 С) 4 D) 6 Е) 5 |
Теориясы: «ТАЛДАУ» (1.Салыстыр, 2.Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4.Тақырыптың басты идеясын жаз) | 2) Венн диаграммасы арқылы салыстыр. Үйсін тайпасының жерлеу дәстүріндегі Қаңлы тайпасының Айырмашылығы Ұқсастығы Айырмашылығы Тақырыптың басты идеясы неде? |
Практикасы: «ҚОЛДАНУ» (2-кезең қарапайым тапсырмаларының өзгертілген жағдайдағы нұсқалары орындалады) | Сөзжұмбақ. «Қаңлы қалалары» Түркістан өңірінде орналасқан қаңлы астанасы (Битянь) Арыс өзенінің сол жақ жағалауындағы 100 шақырымдай аумақта орналасқан қала орталығы (Көк-Мадан) Пұшық-Мардан қаласы маңындағы қоныс (Қостөбе) Б.з. І мыңжылдығының алғашқы жартысындағы қала (Пұшық- Мардан) |
| ІІІ деңгей: (5 балл + 4 балл + 3 балл = 12 балл) |
Теориясы: «ЖИНАҚТАУ» (Қорытынды шығаруға бағытталған: Мазмұнды жүйеле, анықтама бер, кесте, сызба толтыр, сөзжұмбақ, ребус шеш сияқты т.б. сөздер тапсырма шартында болу керек) | Дұрыс па, бұрыс па? ойыны ( слайдта гүлдердің астында жасырылған сұрақтар беріледі. Оқушылар дұрыс болса, дұрыс екенін, бұрыс болса дұрыс жауабын айтып жауап береді) Қойылатын сұрақтар: 1. Қаңлылар б. з. б. 3 - 2 ғасырлар - б. з. 5 - ғасыры аралығында өмір сүрді (дұрыс) 2. «Вэсаканың ер жүрек ұлдары Канха қамалының алдында құрбандық берді деп жазған қытай тарихшысы Сыма Цянь( бұрыс. Ежелгі Ираннның б. з. б. 6 ғ жазылған «Авеста» қасиетті кітабы) 3. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысы туралы қытай тарихшысы Сыма Цяньнің «Тарих жазбаларында», қытайдың «Цянь Ханьшу» атты тарихи деректерде жазылған (дұрыс) 4. Тарихшы ғалымдар қаңлы ескерткіштерін зерттей келе 4 - ке бөлді: Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар, Көк - Мардан ( бұрыс, 3 - ке Қауыншы, Отырар - Қаратау, Жетіасар) 5. Қаңлылардың негізгі қонысы Әмудария өзенінің орта ағысы, қазіргі Бішкек жерінен Қаратау жеріне дейінгі аралықты алып жатыр ( бұрыс, Сырдария өзенінің орта, төменгі ағысы, қазіргі Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласы, Қаратау бөктерінен Талас өзеніне дейінгі аралықты алып жатыр) 6. Қаңлы елінің билеушісі - хан, Астанасы - Битянь қаласы (дұрыс) 7. Алтын - асар, Көк - мардан, Пұшық - мардан деген қалалары болды? ( дұрыс)
|
Практикасы «Баға беру»(Сен қалай ойлайсың?Не істер едің?сияқты тапсырмалар өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады | 2.Қаңлы мемлекеті Қытаймен және Үйсіндермен көршілес жатты. Қытай өкілінің императорға жазған хабарынан қаңлы елі сенің пікірінше қандай болған? _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 3. Қаңлылардың тұрмысына қандай баға бересің? _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|
Үйге тапсырма | «Қаңлы еліне саяхат» атты тақырыпқа эссе жазу. |