kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ хандығы Қасымхан тұсында

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ хан тұсындағы Қазақ хандығы, Қасым ханның саясаты

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ хандығы Қасымхан тұсында»

Сабақ тақырыбы: Қазақ хандығы Қасымхан тұсында

Сабақтың мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру

Тәрбиелік: тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз еленің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру

Көрнекі құрал: Қазақ хандығының және ҚР карталары, Жәнібек, Керей, Асан қайғы портреттері, сөзжұмбақ, карточкалар, Қасым хан портреті

Сабақтың түрі: Аралас сабақ (пікірсайыс, баяндама)

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөліп, біріне Қасымхан тобы, екіншісіне Жәнібек хан деп ат қойып, сабақты үй тапсырмасын сұрап-тексеруден бастаймын.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:

А)

І деңгей «а»

1. Жәнібектің басты үш мақсаты не еді?

2. Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай жетістікке жетті?

ІІ деңгей «в»

1. Нұра бойындағы хан кеңесінде қандай шешімдер қабылданды?

2. Неліктен қазақ мемлекеті Оңтүстік қалаларды қайтарып алуға ұмтылды?

ІІІ деңгей «с»

1. Оңтүстік қазақ қалаларын білесің бе?

2. Қазақ хандығының басты қарсыластары кімдер?

Б) Қазақ хандығының құрылуының алғышартының жасалу негізі неден туындады?

(сұрақ жалпы сыныпқа беріледі)

В) Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының тарихи бес ерекшелігін атаңдар



ІІІ. Жаңа сабақ: Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы

А) Кіріспе: (мұғалім)

Бұл сабақта XVI ғ. бас кезіндегі саяси-экономикалық жағдай. Бір тұтас Қазақ хандығының қуатты мемлекет дәрежесіне көтерілуіндегі Қасым хан қызметі туралы тоқталу.

Б) Қасым хан – Жәнібек ханның заңды мұрагері (пікірсайыс бөлімі). Оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне жағдай жасау (Командаларға жеке сұрақтар беріп, жедел логикалық тұжырым жасауға дағдыландыру).

«Жәнібек хан»тобына:

Жәнібек ханның жүргізген саясатына баға беру

Сұрақтары:

1) Қазақ хандығына тұңғыш билеушісі Жәнібек хан өзінің алдына қандай тарихы міндеттер қойды?

2) Жәнібек хан кезінде елдегі басқару жүйесі қалай дамыды?

«Қасым хан» тобына:

Қасым ханның жүрген саясатына баға беру

Сұрақтары:

1) Қасым хан әкесі Жәнібек ханның саясатын одан әрі жалғастырды ма әлде басқа бағыт ұстанды ма?

2) Қасым хан тұсында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті?

В) (Мұғалім баяндау)

Қасым хан ел көсемдері мен сұлтандар арасында зор беделге ие болып, халық қалауымен, ата жолымен хан тағына отыруы ішкі қайшылықтарды бәсеңдетіп, хандықты нығайтты. Қасым ханның ең басты көрініс берген мәселелері

  • Қасым ханның ел ішіндегі әлеуметтік қатынастарды реттеуге күш салды

  • Қасым ханның басқа елдермен Ресеймен байланыс жасауға ұмтылды

  • Қасым ханның Мұхаммед Шайбанимен жүргізген соғыстары мен қатар, әкесі Жәнібек ханның жүргізген саясатын одан әрі жалғастыруы, Бұрындық ханмен күресі, халық сеніміне ие болуы, елдің ішкі жағдайын реттеуге күш салуы, қуатты әскер жасақтауы, қазақ жерін кеңейтіп, халық санын 1 млн-ға жеткізуі, Батыс өлкені өзіне бағындыруы, Шайбанимен оңтүстік қалалар үшін күресі басқа елдермен дипломатиялық қатынастар жасауы Қасым ханның тарихи дара тұлғасын сомдай түсуімен қатар, біртұтас Қазақ хандығының қуатты елге айналғанын көрсетеді.

Г) «Кім тез табады?» ойынын ұйымдастырып, тақырыптағы негізгі оқиғаларды жылнама дәптеріне жазғызу.

1511 жыл - Қасым хандық билікті қолына алды

XVI ғ.б. – Қасым ұлан-байтақ қазақ жерінің айтарлықтай бөлігін өз қолына қаратты.

1503, 1505, 1506 ж – Шайбани қазақ жеріне тонаушылық жорық жасады.

1509 жыл – Шайбани Қараталға шабуыл жасап, қазақтарды шығынға ұшыратты

1510 жыл – Шайбани тағы жорық жасады

1518 жыл – Мұхаммед Хайдардың деректерінше Қасымхан қайтыс болған

XVI ғ – Қазақ хандығының дәуірлеу кезеңі

Д) Мұғалім нұсқауы бойынша тақырыпқа сай Орта ғасырлық терминдерге анықтама беру.

«Жәнібек» тобына:

1) Алаш – «Қазақ» атауының көне баламасы

2) Атабек – хан сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі қамқоршысы

3) Уәзір – хан кеңесшісі



«Қасым» тобына:

1) Дарұғ, даруға – ханның қаладағы мирасқоры

2) Хан, қаған – тайпа көсемінің кейін мемлекет билеушісінің лауазымы

Шерби – ұлыс істерін басқаратын қызметшілер

Е) Енді екі команда өз атауларына сәйкес қарсыластарына «Сөзжұмбақ» ұсынады



IV. «Қасым ханның қасқа жолы» атты зандар жинағына түсінік беріп,оқушылармен бірлесе отырып талдау жасап, заң негіздеріне деген түсініктерін қалыптастырамын. ;

Енді екі команда өз атауларына сәйкес қарсыластарына сөзжұмбақ ұсынады

Жәнібек» сөзжұмбағы

«Қасым» сөзжұмбағы



V. Жаңа сабақты бекіту.

А) Қасым хан тұсында Қазақ хандығы қандай дәрежеге жетті.

Ә) Қасым ханның ішкі сыртқы саясаты қандай болды?

V. Сабақты қорытындылау

Бұл тақырыптың басты құндылығы – біртұтас қазақ мемлекетінің қуатты елге айналуы, қазақ даласындағы, тәуелсіздік идеясының бір арнаға тоғысуы. Сонымен, біртұтас Тәуелсіз мемлекет дәрежесіне жетуіміз кездейсоқ құбылыс емес, талабы, тарихи заңдылық нәтижесі екен.

VII. Оқушыларды бағалау

VII. Үйге тапсырма §38




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 7 класс

Скачать
Қазақ хандығы Қасымхан тұсында

Автор: Оспанова Кулпаш Узакбаевна

Дата: 02.12.2016

Номер свидетельства: 364968

Похожие файлы

object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(128) "?аза?стан тарихы п?нінен 6 сыныптар?а арнал?ан тест с?ра?тары(жауабымен) "
    ["seo_title"] => string(82) "k-azak-stan-tarikhy-p-ninien-6-synyptarg-a-arnalg-an-tiest-su-rak-tary-zhauabymien"
    ["file_id"] => string(6) "198254"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1428387151"
  }
}
object(ArrayObject)#875 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(42) "?асым хан (1511-1518) (1523ж.ж.) "
    ["seo_title"] => string(31) "k-asym-khan-1511-1518-1523zh-zh"
    ["file_id"] => string(6) "184631"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1426076070"
  }
}
object(ArrayObject)#853 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(65) "7 сынып?а арнал?ан тест тапсырмалары"
    ["seo_title"] => string(33) "7synypkaarnalgantiesttapsyrmalary"
    ["file_id"] => string(6) "255852"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "testi"
    ["date"] => string(10) "1448010699"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства