kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ хандығы 550 жыл.docx

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен оқиғалар туралы нақты түсінік беру;

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ хандығы 550 жыл.docx»

Тақырыбы : Қазақ хандығына 550 жыл

Мақсаты :

1.Қазақ хандығының дербес мемлекет ретінде құрылуына негіз болған хандар мен оқиғалар туралы нақты түсінік беру;

2.Оқушылардың белсенді ойлау қабілетін арттыру,саяси оқиғаларды өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру;

3.Хандықтың негізін қалаған Жәнібек пен Керей сұлтандар және ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев портреттері арқылы оқушылардың жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру.Өз еліне,жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Түрі : Ашық сынып сағаты

Барысы :

Қазақ хандығының құрылуы.

Жоспар :

1.Хандықтың негізін қалаушылар

2.Ұлы көштің басталуы

3.Қазақ хандығының құрылуы,аумағы

4.Алғашқы қазақ ханын сайлау

5.Көрші елдермен қарым-қатынасы.

1-жүргізуші :

Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып,мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушілері Өріс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді.

2-жүргізуші :

Алдымен екі тарихи тұлғаға тоқталып өтейік.





1-оқушы:

Керей хан – алғашқы қазақ ханы.Ақ Орданың ханы Өрістің ұрпағы.(Өріс хан – Тоқтақия-Болат-Керей) .Туған жылы белгісіз,шамамен 1470 жылы қайтыс болған.Керей хан туралы Мумаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінде кездеседі.Керей мен Жәнібек бірге Қазақ хандығының негізін қалаған.Аңыз бойынша Шу бойындағы Хан тауы етегінде жерленген.

2-оқушы :

Жәнібек хан – екінші қазақ ханы.Өріс ханның шөбересі,Барақ ханның ұлы (Өріс хан-Құйыршық хан- Барақ хан – Жәнібек).Туған жылы мен қайтыс болған жылы белгісіз.XV ғасырдағы Үшінші атадан қосылатын ағасы Кереймен тұспа-тұс өмір сүрген.Жазушы Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде «Жәнібектің қазақ тарихында айрықшы тұлға екендігінің белгісі – ол халық санасында ақылды әрі әділетті әмірші ретінде танылды.Ұлттық тарихымызда жай ғана Жәнібек хан ғана емес,сол халықтың бар игілігіне ұйытқы болған асыл,ұлы әулеттің де негізін салушы» деген екен.

3-оқушы :

XV ғасырдың ортасында Әбілқайр хандығында жүргізілген тоқтаусыз соғыстар,ішкі феодалдық қырқысулар және оның ойраттардан жеңілуі ел ішіндегі беделін түсіреді. Осы кезде Керей мен Жәнібек ру-тайпаларды бастап Жетісуға көшуді жоспарлайды. 1459 жылы Ұлы көш басталады.

4-оқушы:

Керей мен Жәнібек қазақ тайпаларын Моғолстанға көршілес жатқан Батыс Жетісуға Шу өзені бойындағы Үшқоңыр жайлауындағы құтты мекен Қозыбасыға қоныс аударады.

5- оқушы :

Хандардың мақсаты – қазақ тайпаларының саяси тұрғыдан бірігіп,Қазақ хандығын құру еді.

6-оқушы :

Мухаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи-Рашиди» еңбегінде : « Қазақ хандығының құрылу уақыты – 1465-1466 жыл» деп көрсеткен.Сөйтіп, Қозыбасы мекенінде Қазақ хандығы құрылып,ұлттың туы тігілді.

7-оқушы :

Алғаш Қазақ хандығының құрылған аумағы солтүстік Балхаш көлінің Қаратал өзені құйылысына дейінгі жерді алып жатты.


8-оқушы :

Батысында Сырдарияның оң жағындағы Түркістан,Сауран,Созақ,Сығанақ қамтыды.Ал шығысында және оңтүстігінде Моғолстанмен шектесті.Керей сұлтан Қазақ хандығының алғашқы ханы етіп сайланды.

1-жүргізуші :

Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан хандығы болды.

2-жүргізуші :

Моғолстан ханы Есен – Бұға Керей мен Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды?

9-оқушы :

Есен-Бұға ағасы Жүністі қолдап отырған Әбілқайр хан мен Темір әулетіне қарсы күресінде батыс шекарасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Керей мен Жәнібек сұлтандармен одақ құруға ынталы болды.

10-оқушы:

Солтүстік шығысында орналасқан көптеген елдерге қауіп төндіріп тұрған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.

11-оқушы :

Жәнібек пен Керей қырғыздармен өзара тату қарым-қатынас орнатты.

12 – оқушы :

Әбілқайыр хандығы,Моғолстан,Батыс Сібір хандығы , Ноғай Ордасы сияқты елдермен Қазақ хандығына ру-тайпалар келіп қосылып жатты.

13-оқушы :

Қазақ хандығының жері ұлғайп,халқының саны көбейіп,нығайған мемлекетке айналды.

14-оқушы :

Олардың кейінгі ұрпақтары Қазақ хандығының шаңырағын берік ұстады.

1-жүргізуші :

Бүгінде Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланайын деп отыр.









2-жүргізуші :

Керей мен Жәнібек бабаларымыздың қалаған Қазақ мемлекеті іргесін бекітіп,туын биікке ұстап, Қазақстанды әлемге паш етіп отырған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еңбегін ерекше атап өтуіміз керек.

1-жүргізуші :

Ендеше ,елімізді мақтан ете отырып,сынып сағатымызды Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен аяқтайық.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Қазақ хандығы 550 жыл.docx

Автор: Баисова Ляззат Жанатовна

Дата: 10.10.2017

Номер свидетельства: 431647


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства