kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын                қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру. 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан»

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру.

Дамытушылық: Өткен ғасырлардағы қазақ елінің сот жүйесі төрелік ету дәстүрімен таныстыра отырып мемлекет,билік жайында мәліметтерін кеңейту,құқықтық түсініктерін дамыту.Қазақ батырларының ерлігіне тарихи тұрғыдан баға беруге дағдыландыру,танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,топтық жұмыс,ой-қозғау,сәйкестендіру кестесі.

Көрнекілігі: Хандардың, батырлардың, билердің суреттері, Қазақстанның картасы, тапсырмалар интерактивтіі.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу. Оқушылардың оқу-құралдарын тексеріп,сынып окушыларын түгендеу Тренинг. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтады.

.№1 – тапсырма Оқушыларды топқа бөлу. Берілген суреттер арқылы. Топ басшысын сайлау.Бағалау парақтарын беру.

І топ. Қазақ хандары.

ІІ топ. Қазақ билері.

ІІІ топ. Қазақ батырлары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. Қазақ халқының қалыптасуы мен хандығының құрылуы

-«Қазақ» атауы қандай мағынаны береді?-бостандық сүйгіш,ержүрек,еркін адамдар деген мағына

-этноним сөзі мағынасы қандай-ру,тайпа,халық,ұлт атауы.

-әлемде қанша нәсіл бар -3-нәсіл еуропеоидтық,монғолоидтық,негроидтық.

-қазақтардың арғы ата-бабалары болып табылатын сақ тайпаларының мен басқа ғұн.үйсін қаңлы т.б тайпаларының қай нәсілге ұқсастықтары бар.-сақтардың бет пішініеуропалық,тілі иран-тұран тілдес,кейін б.з.б.3 ғас Қазақстан жерін мекендеген ғұн,қаңлы,үйсіндер т.б.тайпалар мекендеген.Ғұндардың келуіне байланысты еуропеоид өң азайып,монғолоидтық белгілер көбейе бастады.

Қазақ халқы қандай тайпалардан қалыптасты.-сақтар.ғұндар,түркілер,түргештер,қарлұқтар,оғыздар,қимақтар,қыпшақтар,наймандар,жалайырлар,адайлар,алшындар,арғындар,дулаттар,керейлер т.б.

-Қазақ жерінде қанша жүз бар?3-жүз.Ұлы жүз, Орта жүз,Кіші жүз.

- Қазақтың арғы атасы кім?-Алаша хан.9-10 ғас.Алаш сөзі алғаш айтылды.Атамыз-Алаш,атымыз-қазақ,үш жүздің ұрпағымыз.Алаш хан ордасы Жезқазған аймағындағы Жаңғабыл өзенінің бойында,Қаракеңгір өзенінің оң жағында оның күмбезі болған.

- Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?Керей мен Жәнібек хандар болған.

- Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады және неше бөлімнен тұрады?Касым ханның қасқа жолы,осы ханның тұсында қазақтардың саны 1 млн. Жетіп қазақ хандығының аумағы кеңейе түсті.

Жаңа тақырып. Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан

Тақтада хан, билер, батырлардың суреттері тұрады .Оқушылардан кімдердің суреттерін көріп тұрғандарын сұраймын. Оқушылар өз ойларын айтады, осы сурет арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашамыз.Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде «Қазақ хандығы » туралы видеофильм көрсету

Жаңа тақырыпты тусіндіру.

Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік

атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне

тоқталсақ: саяси- экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып

отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.

Қазақ  хандарынан кімдерді  білеміз?

Қазақ  хандары. Алаша  хан, Уыз  хан, Жошы  хан,

Қазақ  хандарының  бойында  қандай  қасиеттер болған?                                                                 Қазақ  хандары   елін, тұған  жерін құрметтеген,  игі  жақсылықтарды сыйлаған.Отанын   сыртқы  жаудан  қорғаған.Елі  үшін  өмірінде  қиған.


Қазақ билерінен кімдерді білеміз?
Қазақ билерінің бойында қандай қасиеттер болған

Ақылы асқан әз Тәуке Қазақ билері Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Шешен - ақылды, заңгер, ойшыл, дана, көреген, елші.                                                                Ұлы билер
XVII ғасырдың екінші жартысында әлсіреген Қазақ хандығын нығайтып, сыртқы жауға қарсы күрес жүргізуде Ұлы билердің қосқан үлестері зор болды
Төле би
- 1663 - 1756 ж. ж өмір сүрген. Ұлы Жүздің төбе биі. Жамбыл облысы, Шу өзені Жайсаң жайлауында дүниеге келген. Дулат тайпасының Жаныс руынан. Қазақ мемлекеті тарихындағы атақты саяси қайраткер. Тәуке хан тұсында ұйымдасқан Билер кеңесінің мүшесі
- Жеті Жарғы Заңын жасаушылардың көрнекті өкілі

-«Қарлығаш әулие», «Қарлығаш би» атанған.

Қазыбек би
- 1667 - 1764 ж. ж. өмір сүрді. Сыр бойында дүниеге келген. Орта Жүздің биі. Арғын тайпасының Қаракесек руынан. Қазақ хандарының ақылшысы, елші - мәмлегер, дипломат.
- Жоңғар хандығына елшілік, мәмлегерлік жолмен үш рет барған Асқан шешен, ел басқарған, дау - жанжалды шешкен.

Әйтеке би (Айтық)
- 1682 - 1766 ж. ж. өмір сүрген. Кіші Жүздің биі. Әлім тайпасының Төртқара руынан шыққан.
- Аты аңызға айналған ақыл - ой алыптарының бірі, 12 жасына дейін әкесі Ақшаханның тәрбиесінде болып, ел басқару мен әскери өнерді меңгерген.
- Бұхар мен Самарқан медреселерінде араб - парсы тілдерін үйренген. 
Халқымыздың тарихында бұл атақты үш бидің алатын орны ерекше. Ұлы билер өз заманында елін, жерін жаудан қорғап, халықтың бірлігін, ынтымағын, салт - дәстүрін сақтап қалуда зор еңбегін сіңірді. Олардың есімдері тарихымызда мәңгі сақталады. Ұлы билердің қара қылды қақ жарған билік кесімдері бүгінгі таңдағы ел басқарып жүрген әкімдерімізге үлгі - өнеге болуға тиісті. билік басындағы азаматтарымыз дәл осы Ұлы билеріміздей болса, халқымызда қандай өнегелі ел болар еді.


Қазақ батырларынан кімдерді білеміз?
Қазақ батырларының бойындағы қасиеттерді атаңыз?
Батыр - ақылды, ержүрек, қолбасшы, елін сүйген,

Азаттық үшін күрескен

Бөгенбай батыр 1710-1757жж.

Қабанбай батыр 1706-1781жж.

Наурызбай батыр 1680-1778жж.

Баян батыр 1691-1769жж.т.б.



1-тапсырма.Оқушылар постер қорғайды.

1-топ.Хандар.

2-топ.Батырлар.

3-топ.Билер,балықтың қаңқасы бойынша.

2-тапсырма.Тарихи сынақхат. .

1. «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін.

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. «Әйтеке би»

2.Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Көре алмаған көз жетім «Төле би» . 3.Қазақтарда қолбасшы,ерлігімен көзге түскен адам – (Батыр ) 4.. «Дарабоз батыр» атанған батыр – (Қабанбай ) . 5.Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан батыр- (Наурызбай ). 6. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң? ("Жеті жарғы"). 7..Ташкент қаласында жерленген би? ( Төле би). 8.Кіші жүздің биі кім? (Әйтеке би.) . 9.Төле би қай жылдары өмір сүрді? (1663-1756 жж.).

3.-тапсырма.Бекіту тапсырмасы.Әр топқа тақырыпқа сай жеке жұмыс беріледі.Сурет бойынша болжау.3-топқа сурет беріледі,оқушылар сурет бойынша әңгіме құрастыру керек.

1-топ.Хандар тобына хандар мен Қазақ хандығының 550 жылдығына байланыстырып5-6 сөйлемнен тұратын әңгіме құрастыру.

2-топ. Батырлар мен ҰОС батырларымен және қазіргі заман батырлар суреттері арқылы.

3-топ.Билер мен қазіргі Ата Заңымыздың суреттері бойынша байланыстырып әңгіме құрастыру.

Рефлексия.Ой түйін кестесі бойынша әр топ бүгінгі сабақта қандай білім алғандығы туралы және сабақта алған әсерлері жайлы өз ойларын қағаз(стикер) бетіне жазып, тақтаға жапсырады..

Сабақты қорытындылау.

Оқушылар міне кешегі 16-желтоқсан тарихымызда орын алды.Сол көтеріліске біздің Қайрат,Ләззат тағы басқада аға-апаларымыздың қатысқанын ,өз үлестерін қосқанын білесіңдер. Қазақстан еліміз тәуелсіздігіміздің 24 жылдығын тойладық.Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіккке қолжеткіздік.Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті,дамыған,әлем таныған мемлекетпіз.

.Бағалау парағы бойынша мұғалім қорытындылайды.

Үйге тапсырма.тақырыпты оқу.тақырып бойынша берілген сұрақтарға жауап жазу.Қосымша мәліметтер қарау.























4.-тапсырма."Тарихи бас қатырғыш" Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі". Оқушылар адасқан әріптердің орнын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.

1. ӨЛТЕ би қай жылдары өмір сүрді? (ТӨЛЕ би 1663-1756 жж.)

2. АЗҚЫКБЕ би қай жылдары өмір сүрд? (ҚАЗЫБЕК би 1667-1764 жж)

3. Әйгілі қазақ РІЛЕИБ жасауға қатысқан заң? (Билері, "Жеті жарғы")

4. ӘУТЕК ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды?

(Т ӘУКЕ, Түркістан)

5. ЕКТЕЙӘ би қай жылдары өмір сүрді? (ӘЙТЕКЕ 1682-1766)

6. ТШАКЕТН қаласында жерленген би? (Ташкент, Төле би)

1. «Қасқа жол» атанған заңдар жинағын шығарған хан

2.Ханның мұрагері

3.Жеті Жарғы» заңдар жинағы қай ханның есімімен байланысты

4. «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін.

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. «Әйтеке би»

5. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Көре алмаған көз жетім «Төле би»

6.Қазақтарда қолбасшы,ерлігімен көзге түскен адам – (Батыр )

7. «Дарабоз батыр» атанған батыр – (Қабанбай )

8. Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан батыр- (Наурызбай )

9.Ташкент қаласында жерленген би? ( Төле би)

10. Әйтеке би қай жылдары өмір сүрді? (1682-1766ж.ж.

11. Тәуке ханның тұсында Қазақ хандығының астанасы қай қала болды? (Түркістан)

12. Әйгілі қазақ билері жасауға қатысқан заң? ("Жеті жарғы")

13.Қазыбек би қай жылдары өмір сүрд? (1667-1764 жж)

14. Төле би қай жылдары өмір сүрді? (1663-1756 жж.)

15.Кіші жүздің биі кім? (Әйтеке би.)















































1.Хандар тобының тапсырмасы: (сөзжұмбақ шешу)

1. «Қасқа жол» атанған заңдар жинағын шығарған хан

2.Ханның мұрагері

3.Керей мен Жәнібектен кейінгі қазақ ханы

4.Алаша ханның ұрпағы б.з.б. мыңжылдық – б.з. мыңжылдығы аралығында ел билеген

хан

5. Қазақ хандар әулетінің арғы атасы

6.Жеті Жарғы» заңдар жинағы қай ханның есімімен байланысты

7.Хандықтың басшысы

8. Қазақ хандығы құрылған кездегі тұңғыш қазақ хандарының бірі

2.Билер тобының тапсырмасы: Шешендік сөздеріне қарап, авторын тап.

1. «Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін.

Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. «Әйтеке би»

2. Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшы болмаса ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Көре алмаған көз жетім «Төле би»

3. Үй жанында биік төбең болса,

Ол ерттеулі аттан кем емес,

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес

Біз, қазақтар керіспейік

Ренжісу бізге жөн емес. «Қазыбек би»

3.Батырлар тобының тапсырмасы: Жасырын сөздерді тап:

1.Қазақ әскерін 50 жылдан аса уақыт басқарған, 100 – ден астам жорыққа қатысқан батыр-

(Бөгенбай )

2.Қазақтарда қолбасшы,ерлігімен көзге түскен адам – (Батыр )

3. «Дарабоз батыр» атанған батыр – (Қабанбай )

4. Ұлы жүздің ішіндегі шапырашты руынан шыққан батыр- (Наурызбай )

"Кім жылдам?" Сұрақ-жауап беріледі, қай топтан бірінші болып қол көтереді сол оқушы

жауабын айтады. (5 мин)

1. Төле би неше жасында дүниеден озды? (93 жасында)

2. Болмас іске қарыспа,

Біреуге ор қазыспа

Жауыздық іске барыспа. Кімнің нақыл сөзі? (Төле би)

3. Қазыбек би өзінің мәмілегерлік қызметін неше жасынан бастады? (18 жасынан)

4. “Жеті жарғы ” қай ханның тұсында жасалды? (Тәуке)

5. "Құн" деген не? (ең көп тараған жазаның түрі, құнатақты адам, кедей, мырза немесе құл

болуына қарай өзгеріп отырған. Би шешімі бойынша –жауапкердің келісімі арқылы жаза

жеңілдетіліп, қылмыскер белгілі мөлшерде құн төлеп, өмірін сақтап қалатын болған)

6. Ұлы жүздің биі ? (Төле би)

7. Қазыбек би барған Жоңғар хандығының қонтайшысы кім? (Цеван Рабдан)

8. Әйтеке би кімдердің тәрбиесінде болған? (Жалаңтөс батыр мен Ақша ханның)

9. Қабанбай батырдың шын есімі? (Ерасыл)

10. Қазыбек би Жоңғар хандығына барып, қай ханды босатып алды? (Абылай)

Сабақты қорытындылау. (5 мин)

-Бүгінгі сабақта нені меңгердік?

-Сабақтың барысында қойған мақсатымыз бен міндеттерімізді орындай алдық па?

-Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма?

-Балалар, тәуелсіздікке жетуге қандай адамдар үлестерін қосты?

(батырлар, билер, хандар )

Біздің ел дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем

таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті

нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.

Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы

мемлекетті одан да биіктен көрсету, елін жаудан қорғайтын, болашақ қазақ жастарының

қолында деп есептеймін.

Үйге тапсырма: Қазақ хандары, билері және батырлары тақырыбын оқу.

Тақтаға білемін, білдім, білгім келеді? (Оқушылар барып, стикер жапсырады)

Қорытынды:

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар! Әр топқа сұрақтар беремін, қол көтеріп, оқушылар жауап береді. (10 мин)

1-топ Хандар тобының тапсырмасы:постер қорғайды.

1.Хан дегеніміз кім?

2. Қандай қызмет атқарды?

Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік

атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне

тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып

отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.

2-топ Билер тобының тапсырмасы:

1.Билер деген кім?

2. Билер қазақ қоғамында қандай роль атқарды?

3.Қандай адамдар би бола алатын еді?

4. Қазақтың әйгілі билерін ата?

5. Билердің өмір сүрген уақыты мен нақыл сөздері?

Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ

хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі

болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен көзге түседі.

1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына

барып, Абылай ханды босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін «Қаз дауысты

Қазыбек»- атағын берген.

3-топ Батырлар тобының тапсырмасы:

1.Батыр деп кімді айтамыз?

2.Бөгенбай батыр (1710 - 1757жж)

2.Қабанбай батыр (1706 - 1781жж)

3.Наурызбай батыр (1680 - 1778жж)

4.Баян батыр (1691 - 1769жж)

Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне

тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі

атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге түскен. Жоңғарларға

қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Қазақ хандары, билері және батырларының тарихынан

Автор: Князова Балзира Бақытжанқызы.

Дата: 02.06.2017

Номер свидетельства: 420156

Похожие файлы

object(ArrayObject)#852 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(88) "?аза? хандары,билері ж?не батырларыны? тарихынан "
    ["seo_title"] => string(54) "k-azak-khandary-bilieri-zh-nie-batyrlarynyn-tarikhynan"
    ["file_id"] => string(6) "179534"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(12) "planirovanie"
    ["date"] => string(10) "1425026828"
  }
}
object(ArrayObject)#874 (1) {
  ["storage":"ArrayObject":private] => array(6) {
    ["title"] => string(83) "?аза? хандары, билері ж?не батырларыны? тарихы "
    ["seo_title"] => string(51) "k-azak-khandary-bilieri-zh-nie-batyrlarynyn-tarikhy"
    ["file_id"] => string(6) "152996"
    ["category_seo"] => string(8) "istoriya"
    ["subcategory_seo"] => string(5) "uroki"
    ["date"] => string(10) "1420952948"
  }
}


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства