Разработка урока предназначена для учащихся 5 класса с казахским языком обучения на тему: Музыкальное искусство казахского народа. Целью урока было ознакомление учащихся с кюйшы, акынами и музыкальными инструментами казахского народа.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Қазақ даласындағы ән-күй өнері»
Тарих пәнінің мұғалімі: Сатова Раушан
Күні:10.02.2016ж.
Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сыныбы: 5 «Б»
Сабақтың тақырыбы: Қазақ даласындағы ән-күй өнері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: қазақ халқының ұлттық музыкалық мәдениетінің ерекшелігін аша отырып, оқушыларға қазақтың ұлттық ән-күй өнері мен оның дамуы туралы нақты мағлұмат беру.
Дамытушылық: рухани мәдениетке деген көзқарастарын қалыптастыру, өз беттерінше мәдени құндылықтарды түсіне білу және оларды бағалай білу кабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: рухани құндылықты құрметтеуге үйрету, халқымыздың ұлттық мәдениетіне деген сүйіспеншілігін ояту, адамгершілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: топпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география, музыка, әдебиет.
Сабақтық көрнекілігі: Жаяу Мұса, Құрманғазы, Ақан сері, Қорқыт суреттері және домбыра, қобыз суреттері.
Модульдердің кіріктірілуі: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО,АКТ-ны пайдалану, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау,Оқытуды басқару және көшбасшылық, Талантты және дарынды балаларды оқыту, Оқушылардың жас ерекшелігіне сай оқыту.
Сабақтың барысы
I.Ұйымдастыру
Сәлемдесу. түгендеу
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
II.Үй тапсырмасын тексеру
1.«Моншақты тіз» ойыны . Қазақ халқынынң ұлттық ойындарын ата?
Шатасқан шеңберден ұлттық ойындарды тауып моншақ ретінде тізу керек.
Мұғалім: Қазақ халқында ән өнері туралы деректер өте аз.XIX ғасырда жасаған ән өнерінің өкілдері Біржан сал, Ақансері, Үкілі Ыбырай, Жаяу Мұса, Майра, Сара, Естай сияқты өнерпаздарымыз болды.Олар үлкен талант иесіғана емес, қайталанбас тұлға болды. XIX ғасыр қазақ ән өнерінің алтын ғасыры болды. Ән өнерінің аса дамыған орны – Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы сияқты табиғаты көркем қасиетті жерлер.Қазақтақобыз күйі ерекше орын алды.Қобыз аспабын қазақтар аса қадір тұтты. XIX ғасырда Қорқыттан бастап Ықыласқа дейін дәулескерей күйшілер мен қобызшылар болды.
1.Алғырлар тобы:
Қорқыт – «Ұшардың ұлы», «Башпай» күйі туралы баяндалады.