Білімділік: ?ола д?уірі адамдарыны? ?о?амды? ??рылымы, ?дет-??рпы, ?нері жайлы с?ра?тар ?ою ар?ылы сол кездегі адамдар жаса?ан материалды?, рухани байлы?тары жайлы ?орытынды жасау.
Т?рбиелік: О?ушыларды? тарих?а, ?з хал?ыны? ж?не бас?а халы?тарды? м?дениетіне деген ?ызы?ушылы?ы мен ??рмет сезімін дамыту, оларды ?з еліні?, б?кіл адамзатты? м?дениетін толы?тыру?а ?лес ?оса алатын азамат етіп т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
««?ола д?уіріндегі ?аза?стан» »
6«А» сынып Ежелгі Қазақстан тарихы
13 желтоқсан 2014 жыл Сабақ тақырыбы: «Қола дәуіріндегі Қазақстан» Мақсаты:
Білімділік: Қола дәуірі адамдарының қоғамдық құрылымы, әдет-ғұрпы, өнері жайлы сұрақтар қою арқылы сол кездегі адамдар жасаған материалдық, рухани байлықтары жайлы қорытынды жасау.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихты ғылыми тұрғыдан талдауға, оны саналылықпен түсіне білуге үйрету, олардың қабілетін жан-жақты дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың тарихқа, өз халқының және басқа халықтардың мәдениетіне деген қызығушылығы мен құрмет сезімін дамыту, оларды өз елінің , бүкіл адамзаттың мәдениетін толықтыруға үлес қоса алатын азамат етіп тәрбиелеу.
Түрі: қорытынды сабақ /ұжымдық, іздену / Әдіс – тәсілдері: танымдық ойын, топпен жұмыс, сұрақ – жауап, тест. Көрнекі құралдар: таратпалар, бағалау парағы, түрлі- түсті қарындаш, интерактивті тақта Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ( 2 минут) 1) оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа барысын тексеру; 2) сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын айту. ІІ. Сабақ барысы
Мұғалім сөзі: Балалар! Бүгінгі сабағымыз күнделікті сабағымызға қарағанда ерекше –өтетін сабақ.Өйткені сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр. «Қола дәуіріндегі Қазақстан» деп аталатын тарау бойынша алған білімдерімізді пысықтаймыз, еске түсіре отырып, қола дәуірінің ерекшелігі мен ескерткіштері туралы мәліметтер аламыз. Біз сендермен бүгінгі сабағымызда Қазақстанның аумағында кездесетін ежелгі дәуір бекеттеріне аттанамыз. Әр түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы сендердің білімдеріңді тексеремін. Сыныпты үш топқа бөлу. Топ басшыларына бағалау парағын тарату. - «Қола дәуірі» - «Андрондықтар» тобы; - «Беғазы – Дәндібай» тобы; 4 Слайд
1 бекет Шығыс Қазақстан облысындағы Қанай. Ол бекетке жету үшін мына тарихи жаттығуларды орындауымыз қажет. Жауап беруге дайынсыңдар ма? Жақсы , олай болса, жолдарың болсын! ( 5 минут) Тарихи жаттығуды орындау шарты: әр топқа кезекпен үш – үштен тоғыз сұрақ қойылады. Бірінші топ жауап бермесе келесі топ жауап беруге болады. 1 - топқа: 1. Бейне сұрақ. Металл кеніштері қазіргі қай жерлерде болған? /Зырян, Жезқазған маңы, Қарқаралы,Ақшатау таулары/
2 - топқа:
1. Бейне сұрақ . Андрон тектес қола мәдениеті қай аралықта тараған?/Орал/Жайық/ өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі, Батыс Сібір орманды алқабынан бастап, Памир тауына дейінгі аралық/
3 - топқа: 1.Бейне сұрақ . Қола дәуірінің соңына қарай қола мен мыс орақтар кеңінен пайдаланылды. Қай жерлерден табылды?/Шығыс Қазақстандағы Мало-Красноярка, Батыс Қазақстандағы Алексеев, Солтүстік Қазақстандағы Степняк қоныстары және Жетісу жерінен табылған/
1 топқа:
2.Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстан қанша Андрон мәдениеті қоныстарын зерттеген?/80-нен астам/
3.Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылдан басталды?/1946 жыл/
2 топқа:
2.Ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән неше қоныс , обаны зерттеді? /30 қоныс, 150 оба/
3.Қазақстан жеріндегі қола дәуірі қай уақыт аралығын қамтиды?/б.з.б 2 мыңжылдық –б.з.б 8 ғасыр / 3 топқа:
2.Қола дәуірінің қоныстары неше үйден тұрды?/5-10 , кейде 20 шақты үйден/
3.Қазақстан тайпалары қола бұйымдарын жасау ісін қай уақытта меңгерді?/Б.з.б 2 мыңжылдық/
Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
6 Слайд
2 бекет Оңтүстік -Шығыс Қазақстандағы «Тамғалы» . Ол бекетке жету үшін «Жоғалған сөздер» топтарға арналған карточкалық тапсырмаларды орындау. ( 5 минут) Шарты: берілген карточкаларға 5 минут ішінде жауап беруі тиіс. Карточканың жауабын топ мүшесі оқиды. 1 - топ. «Жоғалған сөздер» /5 мин/ Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері............ ...... деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері....................... деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі..................... қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «........................................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ........ өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,.................................. алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан.......... аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. 2 - топ. «Жоғалған сөздер» /5 мин/ Қола дәуіріне жататын.................... Қазақстандағы............... мен...................қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... қонысты,...... обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы................................. пен....................... жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын........................ кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар.............................................ұқсаған. 3 - топ. «Жоғалған сөздер» . Андрондықтардың басты кәсібі.........................., ............................ пен..........................болған. ............ , ............., ................, ................ өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке............, .............., ............. еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген, ..........., ......., ......... мен.......... өсірген. Сазбалшықты............ жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен.............................. құрады. Дұрыс жауабы:
1 - топ. «Жоғалған сөздер» ойыны /5 мин/ Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері........... (Андрон мәдениеті) деп аталады. Осы мәдениеттің алғашқы ескерткіштері.............. (Андроново) деген селоның маңынан табылған. Бұл село Сібірдегі........... (Ачинск) қаласының жанында орналасқан. Селоның атына қарай бұл қола мәдениет «.................» деп аттанып кетті. Андрон тектес қола мәдениеті............. ( Орал) өзенінен бастап, Енисей өзеніне дейінгі,................ (Батыс Сібір) алқабынан бастап, Памир тауларына дейінгі аралыққа тараған. Ғалымдар Солтүстік және Батыс Қазақстаннан........... (80) аса Андрон мәдениетінің қоныстарын зерттеді. 2 - топ. «Жоғалған сөздер» ойыны. Қола дәуіріне жататын.................... (Солтүстік) Қазақстандағы............... (Петровка) мен................... (Боголюбов) қоныстары орлармен және дуалдармен қоршалған. Сондай – ақ ғалымдар Орталық Қазақстан аумағынан қола дәуіріне тән...... (30) қонысты,...... ( 150) обаны зерттеді. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудағы........... (Таңбалы – тас) пен............... (Қаратау) жартастарынан табылған суреттер бұл аймақта да қола дәуірінде адамдар мекендегенін білдіреді. Сырдарияның төменгі ағысындағы, қола дәуірінің соңғы кезеңіне жататын.................. (Түгіскен) кесенесі. Өздерінің дене құрылысы жағынан андрондықтар............... (еуропеоидтерге) ұқсаған. 3 - топ. «Жоғалған сөздер» ойыны. Андрондықтардың басты кәсібі........ (мал бағу),................... (егіншілік) пен........... (балық аулау) болған.............,.............,..........,.......... (Есіл, Ертіс, Тобыл, Бұқтырма) өзендерін бойлай қоныстанған. Қоныстардың маңындағы егістікке..........,..............,............. (бидай, арпа, тары) еккен. Андрондықтар жерді тесемен өңдеген,...........,.......,......... мен.......... (сиыр, қой, ешкі, жылқы) өсірген. Сазбалшықты...... (ыдыс) жасауға пайдаланды. Ыдыстар әр алуан пішінде жасалған. Андрон тайпалары шаруашылық саласының бірін кен ісі мен............ (металл өндеу) құрады. Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
7 слайд Келесі бағытымыз Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі 3 бекет «Қаратау» Ол өңірдегі бекетке жету үшін негізгі ұғымдармен жұмыс жасайық.
(3 минут) Шарты: терминдер жазылған слайд көрсетемін. Ойынның шарты бойынша ешкім үндемейді, қол көтеріп айтады. - Қола дәуірі - (қола құралдардың өндіріске енген кезеңі) - Соқа (егін егу үшін жер жыртуға арналған металл тісті негізгі жер өңдеу құралы) - Оба (қабір үстіне топырақтан үйілген төбешік) - Жеке меншік (жекелеген отбасылардың байлығы) - Абыздар (рудың ежелгі салт – дәстүрі мен әдет – ғұрыптарының бұлжымай орындалуын қадағалады) - Тотемизм (шығу тегін жануарлармен байланыстыру) - Фетишизм (жансыз дүниеге сеніп, соның қасиетіне табыну) - Анимизм ( жанға, рухқа сену)
Жақсы, балалар. Сендер Қазақстанның Шығысынан Оңтүстік-шығыс , Оңтүстік өңірлеріне жол жүріп шаршаған сияқтысыңдар. Шаршағанымызды сергіту сәті арқылы бассақ.
13 слайд
Сергіту сәті арқылы мен сендерге «Көңілді күн» сыйлаймын. Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
4 бекет «Тастыбұтақ» Батыс Қазақстан өңірі болмақ. Жолда , көңілді ,тез жету үшін « Асық » ойынын ойнасақ. (7 минут) Кезең шарты: Қоржын ішінен белгіленген асық , асық номеріне байланысты сұрақтарға жауап береді. 1) Нешінші мыңжылдықта тайпалар қола бұйымдар жасау ісін меңгерді? (б. з. б. 2 мыңж.) 2) Андрондықтардың сырт бет – бейнесін сипаттаған академик? (В. Алексеев) 3) Беғазы – Дәндібай мәдениетінің обалары қайда орналасқан? (Орталық Қазақстан) 4) Қола дәуірін жоспарлы зерттеу қай жылы басталды? ( 1946 жылы) 5) Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштерінің сырын ашқан қазақтың ғалымы (Ә. Марғұлан) 6) Андрон мәдениетінің неше ерекшелігі болды? (3) 7) Қола дәуіріне жататын түйе сүйектері табылған аймақтар? ( Орталық және Батыс Қазақстан) 8) Қола дәуірінің қоныстары көбінесе қай жерлерде орналасты? ( өзендердің жағасында) 9) Тұрғын үйлері неше түрге бөлінді және қандай – қандай? ( 2 түрге: жартылай жертөле, жер бетіне салынған үйлер) 10) Қола дәуірінің соңына қарай қолданған қола және мыс орақтар қай жерлерден табылды? (Шығыс Қазақстан Мало – Красноярка, Батыс Қазақстан Алексеев, Солтүстік Қазақстан Степняк, Жетісу) 11) Қола шалғы табылған жер? (Көкшетау жеріндегі Шағалалы) 12) Өлген адамдарды қалай жерледі? (мүрдені қабірге сол, не оң жамбасымен бір қырынан жатқызған, өлікпен бірге барлық заттарын жерлеген)
13)Қазақтың белгілі ғалымы, академик?/Қаныш Сәтбаев/
14)Мыс пен қалайының қосындысы?/қола/
15)Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі?/көзе құмыралар жасау өнері/ 16)Қандай еңбек құралдарын білесің? Ата!
17)Палеолиттен кейінгі кезең?/мезолит/
18)Аң сүйектерін не үшін пайдаланды?
19)Тас дәуірінің тарихи кезеңдерін ата!/палеолит, мезолит, неолит, энеолит/ Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
16 слайд
5 Солтүстік-батыстағы «Арқайым»бекеті.
«Шығармашылыққа шабыт» . (5 минут) Кезең шарты: 1 топ «Қола дәуіріндегі Қазақстан» 1 шумақ өлең шығару.
2 топ «Андронов мәдениеті» әңгіме құрастыру. 3 топ «Қол дәуіріндегі Қазақстан «тарауының терминдерінен сөзжұмақ құрастыру.
Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
6 бекет «Атасу» Орталық Қазақстан. Ол бекетке жету үшін тест сұрақтарына жауап берейік. (5 минут)
Бекетке жету белгісін орнату./жұлдызша/
А нұсқасы сары түстілер
1.Мыс рудасына қалайы қосу арқылы өндірілген металл?
3. Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіші табылған жер?
a)Памир тауы ә) Андроново селосы б)Тараз қаласы в)Челябі облысы
4.Қола дәуіріндегі шаруашылықтың негізгі саласы?
a) мал шаруашылығы ә)егіншілік б) бау-бақша өсіру в) аңшылық
В нұсқасы көк түстілер
1.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір өрістеген түрі?
a) көзе құмыралар жасау ә)микролит өндірісі б)дәнүккіш жасау в) келі мен келсап жасау
2.Ғалымдар қазақтың киіз үйлерін кімдердің баспаналарына ұқсатады?
a) андрондықтар баспанасына ә)бәдәуилер шатырына б)күркеге в) Сібірліктердің қосына
3.Жеке меншік қалыптасқан кезең?
a) мезолит ә)неолит б)қола дәуірі в)ерте палеолит
4.Рудың ежелгі салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптардың бұлжытпай орындалуын қадағалайтындар?
a) әскери көсемдер ә)абыздар б)ру ақсақалдары в) жауынгерлер
С нұсқасы қызыл түстілер
1.Андрондықтардың негізгі баспанасы?
a) жертөле ә)ағаш үй б) үңгір в) киіз үй
2.Солтүстік және Орталық Қазақстанда зерттелген қоныстардың саны?
a) 150 ә)80 б)30 в)50
3.Андрондықтар құдайлар қайда жүреді деп сенген?
a) жерде ә) көкте б) аспанда в) жер астында
4.Беғазы-Дәндібай мәдениеті қай аймақта тараған?
a) Шығыс ә) Батыс б) Орталық в) Солтүстік
7 бекет Шығыс өңіріндегі «Мало-Красноярка » бекетіне аттанайық. Әділеттің әзірлеп келген қосымша мәліметін тыңдасақ. Ол «Шығыс Қазақстан ескерткіштеріне » тоқталмақ. Ол өз мәліметін айтқанша топ басшылары топ мүшелерін бағалауды аяқтайды.
«Қорытынды». (3 минут)
Сынып оқушылары өте белсенді қатысты. Сабақ қызықты өтті. Кезеңдер бойынша сынып оқушылары 1-2 сұрақтаң жауаптарын қате жауап берді.
Сынып оқушыларына Қазақстан аумағында орналасқан қоныстар және Андронов мәдениеті кең ауқымыды алып жатқаны қызықтырды. Әр кезең қорытындыланып отырды. Қола дәуіріндегі Қазақстан тарауы бойынша сынып оқушылары толық түсініп меңгерді. Оны бағалау парағынан анық көруге болады. ІІІ. Үй тапсырмасын беру. 3 тарау §10 «Көшпелілер өмірі» шағын әңгіме құрастыру.(1 минут) ІV. Бағалау. (1 минут) сөз топ басшыларына беріледі.
Рефлексия /кері-байланыс/ шыршаға пікірлерін жазып ілу.
Сыныпта барлығы -20 оқушы
Қатысқаны -14 оқушы. Алған бағалары- «5»-8, «4»-4 , «3»-2