Жаңа сабақтың жоспары: РСДЖП Кадеттер Эсерлер Алаш-Орда Үш жүз Шура-ислами (Түркістан федералисттері) Сұрақ: саяси партиялар дегеніміз не? Жауап: Саяси партия - мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағы; қандай да бір таптың немесе оның қабатының мүдделерін көрсететін, белсенді және ұйымдастырылған бөлігі. Сұрақ: қай кезеңде патша үкіметі саяси партияларды құруға рұқсат береді? Жауап: қанды жексенбіден кейін (бірінші орыс революциясы кезеңде 1905-1907 ж.ж.)
Саяси партиялар
Социал-демократиялық Мұсылмандық Либерал – демократиялық
Эсерлер РСДЖП Үш жүз Шура-ислами Кадеттер Алаш
РСДЖП - Ресей социал-демократиялық жұмысшы партиясы. Партияның теориялық негізі – марксшіл-лениншіл ілім болып саналды, түпкі мақсаты – коммунизм құру болып белгіленді, әр тарихи кезеңдегі міндеттерді айқындайтын бағдарламалары болды, ұйымдық құрылымы жарғысында көрініс тапты. РСДЖП-нің 2-съезінде [1903, 17 (30) шілде – 10 (23) тамыз) Брюссель – Лондон] қатты талқыланды. Онда Ленинді жақтаушылар большевиктер, Марковты (1873 – 1923) жақтаушылар меньшевиктер болып аталды. Сұрақ: коммунизм дегеніміз не? Жауап: Коммунизм - [латынша Communis - ортақ] - а) болашақтың қияли көрінісін; ә) кейбір саяси партиялар мен қозғалыстардың идеологиясын; б) ерекше өмір салтын білдіретін ұғым. Коммунизм қиял ретінде. Коммунизм бір уақытта өткенге де (алғашқы қауымдық коммунизм), болашаққа да қаратылатын ұғым, онда коммунизмге өткеннің ең жақсы белгілерін жинақтаған қоғам (таптардың, мемлекеттің, тауар-қаржылық қатынастардың, заңды неке институтының болмауы) және бүгінгі күннің жетістіктерін (адам бостандығы, экономикалық игіліктер, жоғары мәдениет) жиынтықтап қарау тән. Коммунистік қиял үшін оның ғаламдық сипаты аса маңызды, яғни коммунистік құрылым бүкіл адамзаттың бірлігін қарастырады
Сұрақ: «Кадет» сөзі не білдіреді? Жауап: конституциялық-демократиялық партия Сұрақ: Қазақ зиялылардан кадет партиясының құрамында кімдер болды? Жауап: Ә.Бөкейханов, Б.Қаратаев, Б.Сыртанов, Ж.Сейдалин. Сұрақ: неге қазақ зиялылар кадет партиясының құрамынан шықты? Жауап: кадеттер бөлінбес біртұтас Ресейді, конституциялық монархияны, қалыптастыру саясатын жақтады. Яғни, олар қазақтарға ұлттық автономиясыны бергісі келген жоқ.
Сұрақ: «Эсер» сөзі не білдіреді? Жауап: Социал-Революционерлер Сұрақ: неге орыс шаруалар эсерлерді жақтады? Жауап: «Жер оны өңдейтіндерге берілсің!», «Жер бүкіл халықтың меншігі!» - деген ұрандары болды.
Сұрақ: неге қазақ зиялылар бірнеше партияға бөлінді? Жауап: ол өте кұрделі мәселе. Солтүстік қазақтар он сегізінші ғасырдан бастап Ресей империясының құрамында болды, ал оңтүстік қазақтар Қоқан, Хиуа хандықтарының құрамында болды. Бұл себептен қазақ зиялылардың көзқарастары әр түрлі болды: солтүстік қазақ зиялылар ұлттық автономияны қалады, ал оңтүстік – Орта Азия халықтарымен бірге мұсылман автономиясыны қалады.
Алаш партиясы 1917 ж. 21-26 шілдеде Орынборда өткен жалпы қазақ съезінде құрылды. Партия бағдарламасы «Қазақ» газетінде жарық көрді. Ақпан революциясынан кейін, 1905 жылдан бастап өмір сүрген Алаш қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылы сәуір-мамыр айларында партияның облыстық, уездер съездері өтті.
АЛАШ
Қозғалыстың белсенді мүшелері: Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. және Х.Досмұхамедовтар, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, т.б. Отаршылдыққа, империализмге қарсы күресті басқарушы, ұлт-азаттық қозғалыстардың идеологтары ұлттық демократияшыл зиялылар болды. Алаш қозғалысы феодалдар мен байлардың және шаруалар мен жұмысшылардың мүддесін қорғады. Олардың мақсаты – ұлттық автономияны құру.
Алаш партиясының бағдарламасы 10 бөлімнен тұратын
қорғаныс басқару
салық
автономия
Азаматтық негізгі құқықтар Жұмысшы мәселесі
Халық ағарту
Дін ұстану туралы мәселе
Жер мәселесі Соттар туралы
Үш жүз партиясының тұрақты программа болған жоқ. Оның көшбасшылары: К.Төгісов пен М.Әйтпенов. Азамат соғысы кезінде ақшыл офицерлері оларды өлтірді. Партияның негізгі қалаушы – М.Шоқай. Түркістан үкіметі – Уақытша Кеңеске Премерьер- министр және ішкі ішкі істер министрі болып М.Тынышпаев сайланды. Кейінірек оны М.Шоқай алмастырды. Жаңа мемлекетік құрылым «Туркестони мухтариат» деп аталды. Автономияда – ислам мемлекеттік дін ретінде қабылданды.
Проблемалық сұрақ: қазіргі саяси партияларды XX ғасырдың басындағы партиялармен салыстыруға болады ма? Олардың ұқсастығы мен айырмашылықтарды айтыңдар.
|