kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?АЗА? Ж?ЗДЕРІНІ? ШЫ?УЫ

Нажмите, чтобы узнать подробности

МА?САТЫ: Б:О?ушыларды?  ?ткен  саба? бойынша ал?ан білімдерін бекіту, ойын,?дісін

                пайдалана отырып, игеру білігін арттыру,о?у материалыны? ?за? есте   

                са?талуына ы?пал ету.

                Д: О?ушыларды ізденімпазды??а,?з бетімен  шешім ?абылдау?а, сынып

                алдында еркін с?йлеуге ?йрету,?з ойын на?ты, толы?  жеткізе білуге

                да?дыландыру,с?здік ?орын молайту.

                Т:О?ушылар?а патриодты? т?рбие беру, олады? ?з еліне, Отанына деген

                С?йіспеншілігін ?алыптастыру, ?з  хал?ыны? тарихына ??рмет сезімін  ояту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?АЗА? Ж?ЗДЕРІНІ? ШЫ?УЫ »



САБАҚ ТАҚЫРЫБЫ: &16 ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ШЫҒУЫ.ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОСТЫҚ

ҚҰРАМЫ.

МАҚСАТЫ: Б:Оқушылардың өткен сабақ бойынша алған білімдерін бекіту, ойын,әдісін

пайдалана отырып, игеру білігін арттыру,оқу материалының ұзақ есте

сақталуына ықпал ету.

Д: Оқушыларды ізденімпаздыққа,өз бетімен шешім қабылдауға, сынып

алдында еркін сөйлеуге үйрету,өз ойын нақты, толық жеткізе білуге

дағдыландыру,сөздік қорын молайту.

Т:Оқушыларға патриодтық тәрбие беру, оладың өз еліне, Отанына деген

Сүйіспеншілігін қалыптастыру, өз халқының тарихына құрмет сезімін ояту.


Сабақ түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі

Сабақ көрнекілігі:Қазақстан картасы,карточка интерактивті тақта

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезең

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау


1.Глоттогенез дегеніміз не?

2.Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті шарттар?

3.Әр заманда қалыптасқан этностық бірлестіктердің үш түрі?

4.Қазақ тілінің дамуына қандай тілдер ықпал етті?

5.Қазақ хандығы қай жылы құрылды?


Жаңа сабақ

Жүздік құрылым туралы.Дәстүрлі қазақ қоғамы үш жүзден тұрады. Ұлы жүз, Орта жүз, және еіші жүз. Жүздердің шыққан уақыты, шығу себептері, ішкі мазмұны жөнінде ғалымдардың арасында әлі ортақ пікір жоқ.



Ш :Уалихановтың

пікірі бойынша , «Алтын Орда» мемлекетінің ыдырауы кезінде қазақтар өздері көшіп жүретін жерлердегі өз құқтарын қамтамасыз ету үшін осындай үлкен одақтар құрған.

Н.А. Аристовтың

ойынша, «жүздерге бірігу жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан»

В.В Бартольд:

«Қазақ жүздерінің пайда болуына географиялық фактор әсер етті, табиғи-географиялық жағдайға икемдену және аумақтық оқшаулану жүздердің мәдени -шаруашылық ерекшеліктерін қалыптастырады»,-деп есептейді.

М.П Вяткин

В.В Бартольдпен келісе отырып: Жүздердің құрылуына табиғи-географиялық себептермен қатар саяси оқиғалар әсер етті, жекелеген ордалар ерекше саяси одақтар ретінде ХVI ғасырдың аяғында қалыптасты. деді.


С. Аманжолов

«Қазақ елі, үш жүзге монголдарға дейінгі кезеңде- Х-ХІ ғасырларда бөлінді»-деп есептейді.

Шығыстанушы Т.Н. Сұлтанов




жүздердің құрылуы жөнінде нақты деректердің тапшылығын айта келіп: «ХVIғ ІІ жартысында ұлыс жүйесі біртіндеп жүздерге ауысқан»,- деген болжам айтады.

Жүз ұғымының мәні де толық ашылған жоқ. Біраз зерттеушілер қазақтың «жүз» деген сөзін арабтың «джуз» - бір нәрсенің бөлігі, «тармақ» деген сөзімен сәйкестендіреді. Шығыс деректеріндегі жүздер жөніндегі жанама мәліметтер ХVIғ ортасына қарай кездеседі.


Махмұд бен Уәлидің 1634-1641жж жазылған еңбегінде: Шайбани хан өлгеннен кейін оның ұлы Бахадүр осы ел мен ұлысқа басшылық ете бастады. Ол қыстауы мен жайлауы үшін Ақ Орданы таңдап алды, Йуз-орда ретінде де белгілі., дейді. Осы деректе кездесетін йуз (жүз) сөзін кейбір зерттеушілер қазақтың жүзімен теңестіреді.

М.С Мұқановтың пайымдауынша, қазақтың жүздері этно-әлеуметтік организмнің жоғары санаттарының бірі. «Этноәлеуметтік организм» деп этностық , әлеуметтік , шаруашылық, саяси бірлестіктерді түсінеміз.

Қазақ жүздерінің мынадай ішкі белгілері бар.

  1. Ішкі аумақтық тұтастық

  2. Этностық туыстық

  3. Шаруашылық-мәдени бірлік

  4. Саяси басқару ортақтастығы.

Әрбір қазақ жүзінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Ұлы жүздің таралған аймағы – Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан,Орта жүздікі – Орталық, Шығыс, Солтүстік Қазақстан, Кіші жүздікі – Батыс Қазақстан.Қазақтың бір жүзге кіретін тайпалары өзара туыстас, тіпті бір атадан тарадық деп есептейді.Белгілі бір географиялық ортада, аумақта өмір сүргендіктен, жүздің құрамына кіретін тайпалардың өз арасындағы шаруашылық-экономикалық байланыстар басқа жүздерге қарағанда күштірек болады. Осы ішкі байланыстардың пәрменділігінің нәтижесінде белгілі бір тілдік – дталектік, тұрмыстық-ғұрыптық ішкі тұтастық, өзара жақындық қалыптасады.Жүздер сонымен бірге басқарылуы жағынан да ішкі тұтастығымен ерекшеленеді.Әр жүздің өз төбе билерінің болғандығын білеміз. Хандық заманында әр жүз өз хандарын сайлап отырған.Қазақ жүздері күнделікті тіршілікте қазақ халқының шаруашылық, саяси аумақтық бөлшектері болды.Тыныштық заманында ішкі этностық байланыстардың,қатынастардың көпшілігі жүздердің өз ішінде жүріп жатты.Көшпелі мал шаруашылығымен айналысатын,отырықшы не жартылай отырықшы ру –тайпалардың арасында өзара айырбас,сауда қатынастары жиі болды.Жүздердің көршілес жатқан руларының арасында құдандалық, тамырлық қатынастар да өркендеді.Ішкі шекаралас аудандарда жер дауы, жесір жауы мәселесі де болып тұрды.Сондықтан жүздердің ішкі шекаралық аудандары қазақ халқының өзара мәдени,тілдік, тұрмыстық,шаруашылық бірлігіне дәнекер болған алтын көпір, үзілмес желі қызметін атқарды. Ал ел басына күн туған кезде сыртқы жаулардан қорғану мәселесінде қазақ жүздері жұдырықтай жұмыла білді. Ол кезде мынау бәлен жүздің жері, елі деп бөлінбеді. Бүкіл қазақ жері, қазақ елі үшін қай жүздің баласы болсын,жанын қиюға даяр тұрды.Қазақ жүздерінің ішкі бірлігінің, жалпықазақтық патриотизмнің, елдіктің озық үлгісін біз Жоңғар шапқыншылығы оқиғаларынан көреміз.

Қазақ жүздерінің қордаланып қалған ішкі,сыртқы мәселелері жүздердің басы қосылған құрылтайларында, жиынында шешіліп отырады.

Жүздер жөніндегі нақты деректер XVIIІғасырдың І ширегінен бастап кездеседі.

1731ж қазақтардың бодандығы жөніндегі келіссөзге Кіші жүз арасына келген А.Тевкелев былай деп хабарлайды: «... қырғыз-қайсақ ордасы үш бөліктен, атап айтқанда :Ұлы жүз,Орта жүз, Кіші жүзден тұрады».

Кең байтақ қазақ жерінде мұндай үлкен одақтар құру саяси, әскери – қорғаныс, шаруашылық-ұйымдастырушылық, басқару қажеттіліктерінен туындаған. Жүздік одақтарға бөлінудің аяқталуы қазақ халқының құрылуымен сәйкес келсе керек.

































Бекіту сұрақтары:

  1. Қазақ жүздерінің қандай ішкі белгілері бар?

  2. Жүз дегеніміз не?

  3. Ш :Уалихановтың пікірі бойынша жүздердің шығу тарихы?

  4. С. Аманжолов бойынша жүздердің шығу тарихы?



Үйге тапсырма: &16 ҚАЗАҚ ЖҮЗДЕРІНІҢ ШЫҒУЫ.ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ЭТНОСТЫҚ

ҚҰРАМЫ.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
?АЗА? Ж?ЗДЕРІНІ? ШЫ?УЫ

Автор: Абдиманова Дина Амирхановна

Дата: 11.02.2015

Номер свидетельства: 171383


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства