Просмотр содержимого документа
«?аза? ?лтты? мемлекеті ??рылуыны? ал?ышарттары. »
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары. Сабақтың мақсаты:
а) ХV ғасырдағы Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы қазақ хандары туралы айту.Қазақ жеріндегі алғашқы дербес,тәуелсіз мемлекеттің халықтың арман-тілегі мен өзара тұтастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
б)Қазақ хандығының негізін қалаған,қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге,еліміздің өткен тарихына құрметпен қарауға, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
в)Оқушыларды тарихи оқиғаларды оқып-үйренуге қорытынды жасау арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Үй тапсырмасын қайталау сұрақтары арқылы тексерілді.
Жаңа сабақ
Сабақтың жоспары:
1.Ұлттық мемлекеттің құрылуы қарсаңындағы Қазақстанның саяси жағдайы.
2.Этникалық жағдайы.
3.Экономикалық жағдайы.
4.Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары
Оқушыларды екі топқа бөлу.
«Қазақ»пен «Алаш» топтары бір-біріне сұрақтар беру арқылы шағын пікірсайыс жүргізеді.
«Қазақ» тобының сұрақтары
1.ХV ғасырдың басындағы Әбілқайыр хандығының саяси жағдайы қалай болды?
2.Қазақ хандығының құрылуы себеп болған жағдайлар?
3.Әбілқайыр ханға қазақ тайпалары неліктен наразы болды?
4.Неліктен рулар мен тайпалар көсемдерінің арасында талас-тартыс толастамады?
5.Әбілқайыр хандығындағы ру-тайпалар неліктен Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірікті?
«Алаш» тобының сұрақтары
1.ХVғасырдың басында Қазақстан жерінде қандай оқиға болды?
2.Неліктен Әбілқайыр хандығы күш-қуаты әлсіреп,күйреу дәрежесіне жетті?
3.Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?
4.Моғолстан ханы Есен-бұға Керей мен Жәнібекке қай жерден жер бөлігін бөліп берді?
5.Моғолстан ханына қазақ сұлтандары не үшін керек болды?
Этникалық жағдайы Біртұтас ұлттық мемлекеттік құрылылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуға тиіс. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі ,діні,әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет.Қазақстандағы өмір сүрген сол кездегі ру-тайпалардың көрсетілген қажеттіліктердің барлық жағынан ұқсас екендігіне ешбір күмән келтіруге болмайды.
IV.Қазақ хандығының қоғамдық құрылысы.
Шыңғыс ұрпағы болуға тиісті
Елді биледі
Хан
Шонжар сұлтандар сайланады
ттт
Әскердің жоғарғы басшысы болды
Экономикалық жағдайы. Біртұтас қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының негізгі экономикалық жағынан дамуы болды. Археологиялық зерттеулерге қарағанда Қазақстанда өмір сүрген ру-тайпалар сонау қола дәуірі кезінен бақташылық мал өсіру және теселі жер өңдеумен айналысқан.
Қазақ хандары
Ақсүйектер Шыңғыс ұрпақтары, ру-тайпа ақсүйектері, хандар мен сұлтандар
Қарашалар,қарапайым адамдар, мал өсірушілер, егінші шаруалар.
Салық төлейді
Салықтан босатылды.
Халық өміріндегі дағдарыстар
Әбілқайыр хандығының саяси жағдайы
Қазақ бұқарасының Әбілқайыр ханға наразылығы
Қазақ хандығының құрылу себептері
Әбілқайыр хандығында хан ұрпақтары таққа таласуы
Халыққа алымсалықтың көбейуі
Керей мен Жәнібек Моғолстан ханымен келісім жас
Жәнібек пен Керей Қазақ хандығын құруды мақсат ету
Сабақты қорытындылау.
1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңында саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
2.Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында Ақ Орда мен Әбілқайыр хандығы арасындағы талас-тартыс неден туды?