kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?станды?тарды? ?лы Отан со?ысына ?атысуы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: ?аза?станды?тарды? ?лы Отан со?ысыны? шешуші шай?астарына ?атысуы. 

. Ер басына к?н туса, етігімен су кешер..

Саба?ты? ма?саты: 
Білімділік:?лы Отан со?ысы,о?ан ?атыс?ан ?аза?станды?тарды? ерлігі,ант?а беріктігі жайында т?сінік бере отырып,М?скеу,Ленинград ж?не Сталинград майданында ерліктері жайында ізденушілік ж?мыстары ар?ылы білімдерін толтыру.
Дамытушылы?: Саба? барысында о?ушыларды? тарихи о?и?аларды еске са?тау,салыстыру,тарихи шынды?ты білу ар?ылы логикалы? ойлау ?абілетін дамытуда?ы ісіне ?азіргі заман?а к?з?арасын ?алыптастыру.
Т?рбиелік:Елжандылы??а,елін,жерін с?юге,батырларды? ерлігін м??гі есте са?тау?а,?лгі етуге т?рбиелеу.Патриотты? сезімді ?алыптастыру ж?не ?з Отанын ?ор?ау?а дайын болу?а т?рбиелеу,тарихты білуге,ерлікке,батылды??а баулу.
Саба?ты? т?рі:Жа?а материалды ме?герту.
?дісі:Баяндау,с?ра?-жауап.
К?рнекілік: Карта,со?ыс ардагерлеріні? суреттері,компьютермен слайдттарды к?рсету.
П?наралы? байланыс:Д?ниеж?зі тарихы,?дебиет,география.
Саба?ты? барысы:
І.?йымдастыру б?лімі (о?ушыларды т?гендеу,саба??а ден кою)
ІІ.?й ж?мыстарын тексеру:
а)сызба ар?ылы с?рау
б)тестпен ж?мыс:
?нерк?сіптерді орналастыру


Ауыл шаруашылы? жетістіктері ?нерк?сіп орындарын салу





Социалистік жарыс ?ткізу «Же?іс» ?орын ?йымдастыру
(?аза?стан экономикасын со?ыс жа?дайына
к?шіру барысын на?ты цифрлар мен фактілер
ар?ылы т?сіндіру)

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?станды?тарды? ?лы Отан со?ысына ?атысуы »

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысының шешуші шайқастарына қатысуы. 

... Ер басына күн туса, етігімен су кешер... .

Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Ұлы Отан соғысы,оған қатысқан қазақстандықтардың ерлігі,антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып,Мәскеу,Ленинград және Сталинград майданында ерліктері жайында ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толтыру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау,салыстыру,тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытудағы ісіне қазіргі заманға көзқарасын қалыптастыру.
Тәрбиелік:Елжандылыққа,елін,жерін сүюге,батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауға,үлгі етуге тәрбиелеу.Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу,тарихты білуге,ерлікке,батылдыққа баулу.
Сабақтың түрі:Жаңа материалды меңгерту.
Әдісі:Баяндау,сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Карта,соғыс ардагерлерінің суреттері,компьютермен слайдттарды көрсету.
Пәнаралық байланыс:Дүниежүзі тарихы,әдебиет,география.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі (оқушыларды түгендеу,сабаққа ден кою)
ІІ.Үй жұмыстарын тексеру:
а)сызба арқылы сұрау
б)тестпен жұмыс:
өнеркәсіптерді орналастыру


Ауыл шаруашылық жетістіктері өнеркәсіп орындарын салу





Социалистік жарыс өткізу «Жеңіс» қорын ұйымдастыру
(Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына
көшіру барысын нақты цифрлар мен фактілер
арқылы түсіндіру)



1.Ұлы Отан соғысы жылдарында тылда күріштен мол өнім жинаған атақты күрішші кім?
А)Ш.Берсиев: В)Ж.Қуанышбаев: С)Ы.Жақаев:
Д)Ү.Иманқұлов. Е)С.Өтепбергенов.
2.Ұлы Отан соғысы жылдарында батыс облыстарынан көшірілген завод,фабрикалар негізінен Қазақстанның қай қаласында орналасты?
А)Арқалықта В)Ақмолада: С)Қызылордада,
Д)Талдықорғанда: Е)Шымкентте.
3.1943 жылы тары өсіруден дүниежүзілік рекорд жасаған тарышы
А)Ш.Берсиев: В)М.Мұхамедиева: С)Ы.Жақаев:
Д)Ы.Нұров: Е)Н.Мұқашев.
4.1942 жылы Ембі мұнайшыларына еңбектегі ерлітері үшін Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің Туы қанша рет тапсырылды?
А)12: В)10; С;8 Д)5 Е)2
5.Ұлы Отан соғысы жылдарында әр гектардан 52 центнерден тары өсірген звено жетекшісі кім?
А)А.Жеребцова; В)Б.Сомжүреков; С)С.Оңғарбаева:
Д)А.Дацкова; Е)П.Ангелина.
6.Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті «Қарағанды көмір бассейнінде көмір өндіруді арттыру жөніндегі щұғыл шаралар туралы» қаулыныи қашан қабылдады?
А)1942 жылы 24 тамызда; В)1943 жылы 10 сәуірде;
С)1943 жылы 16ақпанда; Д)1944 жылы 8 шілдеде:
Е)1945 жылы 2 мамырда.
7.1942 жылы күзде Баку мұнайы қандай құбыр арқылы тасымалдана бастады?
А)Мақат-Қосшағыл; В)Каспий-Орск; С)Құлсары-Орал;
Д)Пешной-Шарин; Е)Ембі-Әзірбайжан:
8.1943 жылы сәуірде қандай өнеркәсіп орны салынды?
А)Жезқазған комбинаты; В)Текелі комбинаты, С)Қарағанды комбинаты,
Д)Ақмола комбинаты: Е)Белоусов комбинаты.
9.Ембіге Әзірбайжаннан қанша мамандар мен жұмысшылар келді?
А)200; В)400; С)600; Д)800; Е)1000:
10.1943 жылы кенші кәсібіне қанша адам оқытылды? 
А)15 мыңдай; В16 мыңдай; С)17 мыңдй;
Д)18 мыңдай; Е)19 мыңдай.
(кілт жакаптары: 1.С,2.Е,3.А,4.А,5.Д,6.А,7.В,8.А,9.В,10.Д)
Текст жазу:
1. Екінші дүниежүзілік соғыс басталысымен 1939 ж28 қыркүйекте Кеңес-Герман арасында «Достық және шекаралар туралы» келісімге қол қойылған еді.Германия Батыс Европа және Африка мен Балқан елдерін бағындырған соң 1941 жылы 22 маусымда Қара теңізбен Балтыққа дейінгі шекарада шабуыл бастады.Германияның 190 девизиясына қарсы 170 кеңес девизясы қарсы тұрды.
1940 ж 18 желтоқсанда фашистік Германия «Барбаросса» деп аталатын соғыс жоспарын жасады.Оның мақсаты:
• КСРО-ға қарсы соғыс ашу;
• Қауырт соғыс идеясы бойынша соғысты 1941 ж күзінде аяқтау;
• КСРО территориясын жаулап алып,бірнеше реихкоммиссариат құру.
Олар:
1.Остланд-Беларусь пен Балтық жағалауы;
2.Украина,Московия-Ресей жері;
3.Кавказ;
4.Еділ-Орал;
5.Үлкен Түркістан;
Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО-ны:-Сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі,ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат ретінде қарастырды.Үлкен Түркістан отарына енетін аймақтар:Қазақстан,Орта Азия,Татарстан Башқұрстан,Әзірбайжан,Солтүстік Кавказ,Қырым,Шыңжаң,Ауғанстан,Германияның қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсат көздеген еді.
1.Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау.
2.Кеңес елін отарға айналдырып,халықты құлдыққа түсіру еді.
ІІІ.Соғыс басталысымен КСРО Жоғарағы Кеңесі Президумы әскер қызметіне міндетті адамдарды мобилизациялау туралы жарлық қабылдады. Оған: 1905- 1918 жылдары туылған адамдарды әскер қатарына шақырды. 1941 жылы 17 қыркүйекті М.Қ.К.-ті ССРО азаматтарын «Жалпыға бірдей міндетті әскери оқуға тарту» туралы қаулы шықты. Әскери оқу 1941 жылы 1 қазанда басталды. Оған 16-50 жас аралығындағы азаматтар алынды. Әскери оқу мекемелері қалыптасты: бөлімшеде – 15, взводта – 50, ротада – 150, батальонда – 400-500 адам болды. Қазақстанда 385 әскери – оқу мекемесі құрылды. Қазақстанның Алматы, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Петропавл, СЕмей қалаларында Қызыл Армияның ірі құрамалары жасақталды. 1941 ж. аяғы мен 1942 ж. басында Қазақстаннан майданға: 238-ші, 316-шы дивизиялар, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 337-ші, 391-ші атқыштар дивизиялары, 8-ші, 29-шы, 38-ші атқыштар дивизиялары және 81-ші атты әскерлер дивизиясы болды. Бұдан кейін 6-артиллериялық және авиация полктері, 12-құрылыс, 2-автобатальон, 7-автоматшылар батальондары құрылды. Қазақстанда жасақталған әсери құрамалардың бесеуіне «Гвардиялық дивизия» деген құрметті атақ берілді. Олар: 8-ші Панфилов атындағы, 72-ші, 73-ші Сталинградтық, 30-шы, 27-ші гвардиялық дивизиалар еді. Соғыстың басынан аяғына дейін қазақстандық 9 дивизия өзгермей сақталды. Олар: 314-ші, 316-шы, 310-шы, 238-ші, 391-ші, 387-ші, 8-ші, 29-шы, 38-ші дивизиялар. Бұл дивизиялар Москваның, Ленинградты, Сталинградты қорғауда, Курск шайқасында, Украинаның оң жағалауын, Қырым мен Карпатты азат етуде өшпес даңқа бөлінді. Украинаны азат етуде 72-ші гвардиялық дивизия «Қызыл тумен» марапатталды, оған «Красноград» құрметті атақ берілді. 118-ші дивизия «Мелитополь», 27-ші гвардиялы дивизия «Новобук» және «Қызыл тулы» дивизия болды. 387-ші атқыштар дивизиясы Қырымды азат етуде «Перекоп», 8-ші атқыштар дивизиясы «Ямполь» және оның екі полкі 15-ші атқыштар және 62-ші артиллерия полкі «Карпат» болып аталды, 229-шы және 310-шы атқыштар полкі біріншісі – Үшінші дәрежелі Суворов орденімен, ал екіншісі – Үшінші дәрежелі Кутузов орденімен марапатталды. Қазақстан аумағында ұлттық 100-ші, 101-ші атқыштар бригадасы, 105, 106, 96-шы атты әскер дивизиялары құрылды. Атқыштар бригадасының адам саны 4356-6000-ға дейін жетті.
ІҮ. Соғыстың алғашқы жылдарынан бастап Республика экономикасы әскери бағытқа көшірілді. Майданға жақын өңірлерден 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға көшірілді. өнеркәсіп орындарын көшіру екі рет жүргізілді: 
1. 1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы;
2. 1942 жылдың күзі.
Көшіріліп әкелінген заууыт пен фабрикалар Мәскеуден, Ленинградтан, Украина мен Беларусиядан әкелінді. Оның 54 зауыт пен фабрика, Тамақ өнеркәсібі халық коммисариатының қарамағында болды, көшірілген кәсіпорындардың 20-сы қару-жарақ пен оқ-дәрі шығаратын болып қайта құрылды. Әкелінген зауыттар мен фабрикалар негізінен мына аймақтарға орналастырылды: Алматы, Орал, Петропавл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Ақтөбе.
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасы болды. 1942 жылы одақта өндірілген: қорғасынның 85 пайызын; көмірдің 1/8 бөлігін; молибленнің 60 пайызын; октанды мұнайдың 1млн т. берді.
Түркістан-Сібір темір жолымен жүк тасымалдау 1942 жылы 1941 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көбейді. Қарағанды көмір алыбында көмір өндіруді арттыру және мұнайлы аудандарға көмек көрсетілді. Соғыс жылдары салынған құрылыстар:
-Мақат-Қосшағыл теміржолы;
-Петровский машина жасау зауыты;
-Пешной аралы-Шарин құбыр жолы;
-1943ж. ақпанда-Ақтөбе ферроқорытпа зауыты;
-1943 ж.сәуірде «Қазметаллургстрой» тресі және Жезқазған комбинаты құрылды;
Ерен еңбектері үшін Ембі мұнайшыларына М.Қ.К,туы 12 рет тапсырылды.1943 жылы маусымда Құлсары кәсіпшілігі,Атырау машина жасау ұжымдары көшпелі Қызыл туды жеңіп алды.
1944-1945 жж.салынған жаңа өнеркәсіп объектілері:
-Текеш қорғасын-мырыш комбинатының алғашқы кезегі.
-Белоусов байыту фабрикасы.
-Ақмола ауылшаруашылық машина зауыты.
-Алматы вагон жасау зауыты.Атырау мұнай өңдеу зауыты.
1941-1945 жж.Барлығы 460 зауыт,фабрика,шахта салынды,Өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37% өсті.Соғыстың алғашқы күндерінен Қазақстан майдан арсеналына айналып,майдан мен тылды оқ-дәрімен,қару-жарақпен,азық-түлікпен қамтамасыз етуші аймақ болды.
Соғыс жағдайында жұмысшы табының,колхозшы шаруалардың,зиялылардың еңбек және шығармашылық белсенділігі артты.Олар әрбір демалыста жұмыс істеп,қаржыларын қорғаныс қорына аударды.Соғыс кезінде мал саны жөнінен РКФСР –ден кейін екінші орында болған.Қазақ КСР –і ірі мал шаруашылық базасына айналды.Ауылшаруашылық еңбекшілері патриоттық қозғалыстың бастаушылары болды.1943 ж.Ақтөбе обылысы,құрман колхозының звено жетекшісі Ш.Берсиев тарының гектарынаан 201ц.өнім алып дүниежүзілік рекорд жасады.Қызылорда обылысының күрішшісі Ы.Жақаев гектарынан 260 пұт күріш жинап рекорд жасады. «Амангелді» колхозының шопаны Ж.Мұқашев жыл сайын 100 қойдан 180 қозы алып мал басын көбейтті.Соғыс жылдарындағы еңбек ерлері –Ким Ман Сам ,Б.Сымжүрекова.С.Оңғарбаева,П.А.Ангелина,М.Алпысбаев,т.б. 1941-1945 жж.колхозшылар майдан мен тылға 5 млл.829 мың тонна астық,734 мың тонна ет жіберді.

1941-1945ж. Отан соғысы жылдарындағы Арал тарихы:
Арал ауданынан Отан соғысы майданына 8845 азамат аттанды, оның ішінде 3545-боздақтарымыз оралған жоқ. Майданға аттанғандардың 46-сы әйел болатын. Облыс бойынша 18 адам Кеңес Одағы батыры атағын алса, оның біреуі Аралдан – Александр Павлович Мин болатын. 
- Соғыс жылдарында Арал балықшылары 23,430 тонна сапалы балықты Отан
қорғаушыларға, туысқан республикаларға жөнелтті.
Сол жылдары Арал қаласында 33 ұлт өкілі тұрған. Соғыс кезінде Ресей мен Украинадан келген мал дәрігерлер Академиясы, Севастопольден консерві зауыты орналасты.
Біздің ауылымыз Төбебұлақтан да азаматтар Отан қорғауға аттанды. Оның ішінде 48 боздақтарымыз майдан даласынан оралған жоқ. 44 азамат жеңіспен оралды.
Ойлан тап.
1. «Мен дүние жүзінің әміршісі боламын, - деді ол, - Россия ғана қалып тұр, бірақ мен оның талқанын шығарамын».
2. «Егер мен Киевті алсам, - деді ол, - менің Россияны аяқтан алғаным; егер мен Петербургты алсам, бұл менің Россияны жағадан алғаным; ал Москваны алсам, мен оның жүрегіне қанжар салғаным».
3. «Менің армиям, - деді ол, - тек алға басу үшін ғана жасақталған армия. Оны бастап, тек алға басу керек, шабуыл жасаушы армия».
Напалеонның бұл астампаздық сөздері іске аспай талқандалғанын айта келіп, алдына үлкен жоспар қойғанын, ол жоспар «Барбаросса» жоспары екенін, ол жоспар бойынша Кеңес елі көп ұлтты ел, соғыс басталғаннан кейін өз арасында алауыздық пайда болады да, азғантай уақыттың ішінде жеңіске жетемін деп ойлады. «Барбаросса» жоспарына сәйкес неміс-фашист әскерлері, «Солтүстік», «Орталық» және «Оңтүстік» 3 армия тобын құрды.
1. «Солтүстік» армия тобы Балтық бойындағы кеңес әскерлерін жою. 
2. «Орталық» армия тобы Москваға шабуыл жасау.
3. «Оңтүстік» армия тобы Киевті басып алуға және Харьковка, Донбасс пен Қырымға шабуылды жалғастыруға тиіс болды.
Сонымен бірге фашистер «Үлкен Түркістан» отары картасының жобасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзербайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжаң, Ауғанстанның солтүстік бөлігі енгізілді.
Кеңес еліне шабуыл жасамас бұрын фашистік Германия Норвегияны -63 күнде, Голландияны -44 күнде, Бельгияны – 19 күнде, Голландияны – 5күнде, Данияны – 1 күнде басып алғанын картадан көрсетемін.
Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлан байтақ жерін қаншама ғасыр білектің күшімен, найзаның ұшымен жаудан қорғап келді. Тіпті арыға бармай- ақ кешегі Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды) Кеңестер Одағының батыры атағын алғанын айтсақта жетеді. Бұны сол кездегі 2,5-3 млн. қазаққа шаққанда басқа халықтардың алдына шығап кетеді екен.
Қазақ малын бағып жүре берсін.
«Азияда қазақ деген малшы халық бар. Олар малын бағып жүре берсін. Кейін олар біздің ұлы Германияны етпен қамтамасыз етеді. Солардың барлығын біз Германияға саяхаттауға шақырып, Үшінші рейхтің қаншалықты қуатты, салтанатты екендігін көрсетуіміз керек. Олар бұған таңғалып, бізге бағынып отырғанына қуануы керек. Бұл халықтарды солай ұстау керек». 
Адольф Гитлер.
«Майн Кампф»(«Менің күресім») кітабынан үзінді
Дүниежүзін шарпыған жиһандық соғыс қазақ халқының батыр екенін баршаға мәлімдеді. «Правда» газетінің бетінде 1941 жылы қазан айында «Қазақтар» деген мақала жарияланды. Бұл Мәскеуді қорғаған 28-гвардиялық Панфилов атындағы диизия туралы еді. Көрнекті совет жазушысы И. Эренбургтың бұл мақаласында: «Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қаһарман солдаттармен беттестік,оларды алған бетінен тіпті ешқандай оқ та,өрт те тоқтата алмады. Олар тура бізге қарай дауылдай дүркіреп жүгіріп келе жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін естідім. Бұрын мұндай халық бар екенін естімеп едім...» деді. Фрицтер көп нәрсені білмеуші еді. Оларға Ресейдің үлкен екенін айтып, ал ол кезде көптеген халық тұратынын айтпаған. Шығыстың кең даласында ежелден қыстың қақаған аязы мен жаздың аптап ыстығына көндіккен ержүрек адамдар тұрады. Бұл елдің ақындары Қазақстанның даңқты батырлары жайлы сыр шертеді. Далада салт атпен жүруге үйренген қазақ қажет болса еңбектей де алады, жүгіреді де, таулы жерде шыңға қарай өрмелейді, батпақ болса белуардан саз кешіп те жүре береді. Әйтеуір, қазақтарды еш нәрсе де тоқтата алмайды. Қазақтар орыстармен қатар тұрып ұрыс салуда. Біз бірге қайғы кештік, бірге жаумен шайқасып жүрміз, жеңістің алғашқы таңын да бірге қарсы алып, бірге қуанатын боламыз!»- деп жазды. Белгілі ағылшын тарихшысы Александр Верт өзінің «Ресей 1941-1945 жылдағы соғыста» деген кітабында: «Қызыл армияның табанды солдаттарының бірі қазақтар болды, тұтас алғанда қазақтар бүкіл соғыс бойында өздерін жақсы жағынан таныта білді. Тіпті Сталинградтың өзінде ең өжет солдаттар қатарында қазақтар тұрды» - дегенді айтады.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс

Скачать
?аза?станды?тарды? ?лы Отан со?ысына ?атысуы

Автор: Та?баев Ба?ытбек М?хтар?лы

Дата: 13.05.2015

Номер свидетельства: 210794


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства