Целиноград о?и?асы ?ай жылы болды? Жастар ?ай ала??а жиналды?
АзиЯ кітабы кімні? е?бегі ж?не ?ай жылы шы?ты?
Жас т?лпар ?йымыны? ?йымдастырушысысы кім болды? ?ара?анды мен Семейде ?андай аттармен ?рекет етті?
?аза?стан КП Орталы? Комитетіні? бірінші хатшысы 1960-1986жылдар аралы?ында кім болды? 1986жылы оны? орнына кім сайланды?
Жуан с?ра?тар:
?лттарды ?осу дегенді ?алай т?сінесі?дер? Мемлекетті? жойылуы кімге тиімді еді?
Коммунистік идеология Ке?ес Ода?ында?ы ?лттар мен ?лыстарды жою ?шін ?андай айла-шар?ыларды ойлап тапты? 1979жыл?ы Целиноград о?и?асына ?андай ба?а беруге болады?
Батысеуропалы? метропологиялы? мемлекеттерді? Азия, Африка елдерінде ж?ргізген отаршыл саясатын еске т?сіріп, ?аза?станда ж?ргізілген ?лт саясатымен салыстыры?дар.
Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы «Қайта құру». Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы (себептері, барысы және салдары).
Сабақтың мақсаты
Білімділік: Оқушылардың 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының себептері, барысы және салдары туралы білімін жетілдіру. Желтоқсан құрбандары ерлігін дәріптеу, оқиғаның тарихи маңызына тоқталу.
Дамытушылық: Оқушылардың оқулықпен өздiгiнен жұмыс iстey қабiлетiн жетiлдiре отырып, желтоқсан оқиғасының себептерін, сипатын, маңызын ашып көрсете алуға, талдап қорытынды жасай алатын дарынды оқушыларды анықтау
Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, тәуелсіздіктің қадірін білуге, өз елінің белсенді азаматы болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: топтастыру
Көрнекілік: 9- сынып оқулығы, интерактивті тақта, бейнебаян, бағалау бетшесіт.б.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (2мин)
Оқушыларды төрт топқа бөлу
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (3мин)
Жуан және жіңішке сұрақтар стратегиясы арқылы топтарға сұрақтар
Жіңішке сұрақтар:
Целиноград оқиғасы қай жылы болды? Жастар қай алаңға жиналды?
АзиЯ кітабы кімнің еңбегі және қай жылы шықты?
Жас тұлпар ұйымының ұйымдастырушысысы кім болды? Қарағанды мен Семейде қандай аттармен әрекет етті?
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшысы 1960-1986жылдар аралығында кім болды? 1986жылы оның орнына кім сайланды?
Жуан сұрақтар:
Ұлттарды қосу дегенді қалай түсінесіңдер? Мемлекеттің жойылуы кімге тиімді еді?
Коммунистік идеология Кеңес Одағындағы ұлттар мен ұлыстарды жою үшін қандай айла-шарғыларды ойлап тапты? 1979жылғы Целиноград оқиғасына қандай баға беруге болады?
Батысеуропалық метропологиялық мемлекеттердің Азия, Африка елдерінде жүргізген отаршыл саясатын еске түсіріп, Қазақстанда жүргізілген ұлт саясатымен салыстырыңдар.
Жаңа сабақтың жоспары:
КСРО-да қайта құрудың басталуы және оның Қазақстанға әсері.
1986 Жылғы Желтоқсан Оқиғалары
Себептері
Сипаты
Тарихи маңызы
Тақырыпқа байланысты бейнебаян көрсету. (3мин)
Мұғалімнің қысқаша түсіндірмесі: Қазақ халқы 1986 жылдың желтоқсанында тар жол тайғақ кешуден өтті. 1986ж. Желтоқсан оқиғасы қазақтың басы бірігіп бір жұдырықтай жұмылған әрі бақытты, әрі қайғылы күн еді. Бүкіл ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыға келген жастарымыздың ерен еңбегі ешқашан ұмытылмайды.
1985жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М.С.Горбачев бастаған жаңаша ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді.
1986жылыжылдың ақпанында болған КОКП-ның ХХVІсьезі жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді.
1986жылы желтоқсанның 16-күні Қазақстан КП Орталық Комитетінің пленумы болды. Жиналысты КОКП ОК-нің хатшысы Г.Разумский жүргізді. Күн тәртібінде қойылған бір ғана ұйымдастыру мәелесі тұрды. Орталықтың шешімі бойынша 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің,Республика партия ұйымының басшылығында болып, КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілген Д.А.Қонаевтың орнына КОКП-ның Ульяновск обкомының 1-ші хатшысы болып істеген, республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс Колбин сайланды.
Ондаған жылдар бойы қордаланып келген келеңсіздіктер – қоғамдық әлеуметтік және мәдени салаларды қамтыған өрескел кемшіліктер, ұлт мәселесінің шиеленісуі республика жастарының ызасын келтіріп, оларды ашық қимылға еріксіз алып келді.
Мәтінмен жұмыс. (6мин)
Топтарға тапсырма: Алты қалпақ стратегиясы арқылы өз ойларын жеткізу. (6мин)
1.Ақ қалпақ - оқиға туралы нақты ақпарат беру.
2. Сары қалпақ – жағымды жақтарын айту
3. Қызыл қалпақ – өзінің көңіл-күйін, алған әсерін жеткізу
4. Көк қалпақ – жалпы мәлімет беру
5. Жасыл қалпақ – шығармашылық
6. Қара қалпақ – жағымсыз жақтарын айту.
Сабақты бекіту: Топтарға тапсырма
1 топ. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы ( сызба)
2 топ .Желтоқсан оқиғасы және Целиноград оқиғасы (ұқсастық пен даралық)
3 топ. Баламалы тест
4 топ. тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру
Баламалы тест. Ия, жоқ. ІІІ-топ
Желтоқсан қозғалысы Алматыдағы Брежнев алаңында болды ма? “иә” немесе “жоқ”
2. билік иелерінің жастарға ұлтшыл деп айып тағып, арандатушылық бағытқа бұрып жіберуге арналған жоспары – «Бұрқасын – 86»? “иә” немесе “жоқ”
3. КСРО халық депутаты М.Шахановты КОКП ОК-ның Ульяновска обкомының І хатшысы етіп тағайындады ма? “иә” немесе “жоқ”
4. Желтоқсан оқиғасындағы шеру бейбіт түрде тарқады ма? “иә” немесе “жоқ”
5. “Қ.Рысқұлбековке С.Савицкийді өлтірді деп айып тағылды. “иә” немесе “жоқ”
2-тапсырма. Тұлғаны таны
І топқа сұрақ. Қазақ КСР қылмыстық кодексінің 65-бабы бойынша 15 жылға бас бостандығынан айырылсын және жазаның ең ауыр түрі өлім жазасына кесілсін деп кімге айып тағылды? \ Қ.Рысқұлбеков\
ІІ топқа сұрақ. ҚазақКСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы? \М.Шаханов\
ІІІ топқа сұрақ. 40 жылдан астам Қазақстан өкіметінің,Республика партия ұйымының басшылығында болып,КОКП ОК саяси бюро мүшелігіне дейін көтерілген кім? \Д.А.Қонаев\
ІV топқа сұрақ. КОКП-ның Ульяновск обкомының 1-ші хатшысы болып істеген, республикада еңбек етпеген, халыққа мүлдем бейтаныс кім еді? \Г.В.Колбин\
Сергіту сәті: Кейіпкерге хат
Кері байланыс:
Тақырып бойынша алынған маңызды ақпараттарды чемоданға саламыз
Әлі оқуым керек,
толықтыруым
керек және ұсынысым бар!
Еттартқышқа саламыз
Үйге тапсырма: Қазақстандағы «Қайта құру». Қазақстандағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы (себептері, барысы және салдары) тақырыпты оқу.