Просмотр содержимого документа
«?аза?станда Ке?ес билігіні? орнауы »
Қазақстан тарихы 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанда Кеңес билігінің орнауы.
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Қазақ халқының тарихына үлкен өзгерістер алып келген Кеңес өкіметі мен оның саясатымен және қиыншылықтарымен таныстыру
дамытушылық: Қоғамдық қатынастардың даму сатысының бұзылу себептері, оның зардаптары мен залалдарының Қазақстан тарихындағы орнын айқындау
тәрбиелік: Оқушылар санасындағы ұлттық тәуелсіздік, тәуелсіз мемлекет идеяларын жандандыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: саяси карта, кесте, сызба
Сабақ жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық, миға шабуыл.
ІІІ. Жаңа материалдарды түсіндіру.
ІV. Жаңа материалды бекіту.
№1. Кесте толтыру. Оқулықпен жұмыс.
№2. Дискуссиялық өрнек.
№3. Дәптермен жұмыс. Кеңестік жүйедегі Қазақстан.
№4. Топтастыру. Кеңес өкіметі.
№5. Термин сөздермен жұмыс.
№6. Тарихи диктант.
V. Қорытынды.
VI. Бағалау.
VII. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесіп, түгелдеу.
Назарларын сабаққа аудару.
ІІ. Жаңа материалды үйренуге дайындық, миға шабуыл.
1. Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революция.
Ақпан буржуазиялық-демократиялық революцияның Қазақстанға әсері.
2. Қазақстанда қос өкіметтің орнауы. Уақытша үкіметтің бағытын сипатта.
3. Қазақ өлкесінде 1917 жылы құрылған саяси партиялар мен ағымдар.
4.Ресейдегі Қазан төңкерісі. Қазақстанда революциялық қозғалыстардың өрлеуі.
5. Алашордашылардың алдарына қойған мақсаттары мен нақты әрекеттеріне сипаттама беріңдер.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Мұғалім түсіндірмесі
Кеңес өкіметі түрлі аудандарында әр кезде орнатылды. Бұл үрдіс көптеген объективті жағдайларға байланысты болды. Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа, солдат қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерінің, социалистік партиялардың, қала думаларының 1917 жылғы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезі Түркістан өлкесінде жаңа үкімет Түркістан Халық Коммисарлары Кеңесінің 14 адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейін Кеңес өкіметі өз билігін орнатып үлгерді.
1917 жылы 15-22 қарашада Ташкентте өткен өлкелік съезд Түркістан өлкесінде жаңа үкімет .....................орнағанын атап көрсетті. Қазақ даласында Кеңес билігі ең алдымен................... бойындағы қалаларда орнады. 1918 жылы қаңтарда ............... Кеңес өкіметі қиын жағдайда орнады. Верныйда орыс-қазақ қатынастарын....... реттеді.
V. Қорытындылау
VI. Бағалау.
VII.Үйге тапсырма: § 5
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы орта ғасырлық мемлекеттердегі мемлекеттік-әкімшілік құрылысы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ақ орданың, Моғолстанның, Әбілхайыр хандығының, Ноғай ордасының әлеуметтік және мемлекеттік әкімшілік құрылысы туралы түсінікті қалыптастыру
Дамытушылық: хронологиялық, терминдік ұғымдармен жұмыс дағдысын дамыту, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру
Тәрбиелік: Елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: жаңа білім беру
Сабақтың түрі: аукцион сабақ
Көрнекілігі: саяси карта, хронология, термин сөздер, сөзжұмбақ, тарихи диктант, т.б. үлестірмелі парақтар, тапсырмалар
Сабақтың жоспары
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Білім биржасы
Үй тапсырмасы акциясы
лот. Мәтінді баяндау
лот. Кесте толтыру
лот. Ол кім? Бұл не?
Үй тапсырмасын қорытындылау
ІІІ. Жаңа сабақ
Әлеуметтік құрылысы
Жерге қатынастар
Салық түрлері
Қоғамдық әкімшілік құрылысы
ІҮ Жаңа сабақты бекіту акциясы
1 лот. Кесте толтыру
2 лот. Дискуссиялық өрнек
3 лот. Кім жылдам?
Ү Бағалау
ҮІ Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ Үй тапсырмасы
1 лот Мәтінді баяндау
2 лот Кесте толтыру
Мемлекеттік атауы
Өмір сүрген кезеңі
Орналасқан жері
Астанасы
Мемелкеттік билеушілері
Саяси тарихы
Алтын орда
лот Ол кім? Бұл не?
Моғолстан қай жерде құрылды?
Моғолстан қай ұлыстың жерінде құрылды?
Моғолстанның алғашқы ханы?
Тоғылық Темір қай жылы хан болып сайланды ?
Әмір Поладшы дегеніміз кім?
Жаңа сабақ акциясы
Әлеуметтік құрылысы
Жерге қатынастар
Салық түрлері
Қоғамдық әкімшілік құрылысы
Жаңа сабақты бекіту акциясы
1 лот «Кесте толтыру»
2 лот «Дискуссиялық өрнек»
3лот «Кім жылдам?»
1 лот «Кесте толтыру»
Жер атауы
Лауазым атауы
Салық атауы
Ұлысбек
Атабек
Тағар
Инақ
2 лот Дискуссиялық өрнек
Келісемін
Келіспеймін
Хандық билік мұрагерлік жолмен берілді
Хан кеңесшісінің уәзірі болған жоқ
Түрік тайпаларының басшыларын баһадур дейді.
3 лот «Кім жылдам?»
Қорытындылау
Бағалау
Үйге тапсырма: § 29
Қазақстан тарихы 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Қазақ мемлекетінің XVI-XVII ғ. дамуы және күшеюі
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығы туралы тарауды пысықтау, оқушылардың Қазақ хандығының тарихы кезеңдерінен толық білім алуын қамтамасыз ету.
Дамытушылық: Қазақ халқының тәуелсіздік пен бостандық жолында күресін бүгінгі өмірмен ұштастыра қарастыру.
Тәрбиелік: Ата тарихына құрметпен қарауға елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Пресс-конференция сабағы (1-кезең)
Топ жарысы (2-кезең)
Сабақтың әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар:
Қ.Р. картасы
Мемлекеттік рәміздер
Қазақ хандарының портреттері
Сөзжұмбақтар
Сабақтың жосапары:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Пресс-конференция
ІІІ.Топ жарысы
IV.Топтарды бағалау
V. Қорытындылау
VI.Үй тапсырмасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Қайталау сабағы екенін ескерту.
Сабақтың І кезеңі: Пресс-конференция
Он оқушы ХVІ-ХVІІ ғ.ғ белгілі он қоғам қайраткері ретінде халық өкілдерімен (оқушылармен) кездесу өткізеді.
Сабақтың І кезеңі . Пресс-конференция аяқталды
ХVІ – ХVІІ ғ.ғ қоғам қайраткерлерінің жауаптары тыңдалды.
Сабақтың ІІ кезеңі:
Топқа бөліну:
топ. Хандар әулеті.
топ. Билер институты.
топ. Ұрпақтар бірлігі.
1.тапсырма:
1. топ. Қазақ хандарының жүргізген саясатын қорғап, дәлелдеп, насихаттайды.
2. топ. Билердің қоғамдық қызметін көрсетеді.
3.топ. Тарихи кезеңдерге баға береді.
2.тапсырма: «Кім жылдам?»
3.тапсырма: Топтар бір-біріне дайындаған сөзжұмбақтарды шешу.
Топтардың білімін бағалау.
Қорытынды:
«Қазақ хандары» хронологиялық кесте жасау
Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға беру, қазіргі Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіздіктің идеясы мен оның жеңісті жолдары баяндалды.
Үйге тапсырма: «Қазақ хандығы» тақырыбына эссе жазып келу