kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза?стан т?уелсіз мемлекет

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба? ?аза?стан Республикасыны? егемендігіне арнал?ан. ?аза? елі к?п ?лтты мемлекет. К?п жылдар  бойына ?з егемендігі  ?шін к?рес  ж?ргізіп келді. Б?гінде ?аза?станды ?лемні? 120 мемлекеті танып, 70 тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялы? ?атынас орнады. ?аза?стан бірнеше халы?аралы? ?йымдарды? м?шесі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза?стан т?уелсіз мемлекет»

Ақтөбе қаласы «Шағала» шипажайы жанындағы орта мектептің тарих пәні мұғалімі Ерболсын Кубеков

Қазақстан тарихы 5 класс

Сабақтың тақырыбы: §55. Қазақстан-егемен мемлекет. Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты: Оқушыларға Қазақстанның-егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен тарихи маңыздылығы туралы түсіндіру. Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды туған халқына, Отанын сүюге және елжандылыққа, тарихи ескерткіштерді құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық мақсаты: Сабақ барысында оқушының ойына қозғау салып, ғасырлар тоғысына тарихи көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: ашық сабақ

Әдісі: топпен жұмыс

Көрнекілігі: Карта, тірек сызбалар, тест, кесте, слайдтар, кітаптар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды түгендеу, сабаққа қатысуларын, оқу құралдарын тексеру. Сабаққа дайындықтарын сұрау.Оқушыларды топқа бөлу арқылы сабақ сұрау. Оқушылар бүгін біздер Қазақстанның-егемен мемлекет ретінде танып білетін боламыз.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. §53 .Ғарышты игеру. Класс оқушылары екі топқа бөлінеді.1-ші топ «Ғарыш», 2-ші топ «Қазақстан». Әр топтан бір оқушыдан сабақ айтады. (Үй тапсырмасының айтылмай қалған жерін топ мүшелері толықтырып айтады.)

183 беттегі «Қазақ ғарышкерлері» деген кестені оқушылардың орындағандарын дәптерлерінен тексеру.

ІІІ. Үй тапсырмасын әрбір топ мүшесі мына сұрақтарға жауап беру арқылы қорыту.

1.Ғарыш – араб тілінен аударғанда қандай мағына береді? (Кеңістік, космос) 2.Адамзат ғарышқа тұңғыш рет қай жылы аттанды? (1961 жылы 12 сәуір) 3.Әлемнің тұңғыш ғарышкері кім? (Ю.А.Гагарин) 4.Ғарыш кемелері қай жерден ғарышқа ұшады? (Байқоңыр) 5.Қазақ халқының тұңғыш ғарышкері кім? (Т.О.Әубәкіров) 6.Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты? (1991 жылы 2 қазан)

1. Тоқтар Әубәкіров қай жерде дүниеге келді? (1946 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы) 2. Тоқтар Әубәкіров қай жылы Кеңес Одағының Батыры атағын алды? (1988 жылы) 3.Тоқтар Әубәкіров қандай кемемен ғарышқа ұшты? (Союз ТМ-13) 4.Талғат Мұсабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келді? (1951 жылы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы) 5.Талғат Мұсабаев қай жердегі жоғары оқу орындарын бітірген? (Рига авиация инженерлік институтын, Ақтөбе жоғарғы ұшқыштар училищесін) 6. Талғат Мұсабаев қай жылы ғарышқа ұшты? (1994 жылдың 1 маусымынан 4 қарашасы аралығы)

Тақтадағы Адамзаттың ғарышты игеруіне арналған№1 фото-көрмеге назар аударыңыздар.

ІV. Жаңа сабақты түсіндіру. §55. Қазақстан-егемен мемлекет. 1922 жылы құрылған КСРО 1991 жылы өз өмір сүруін тоқтатты. Қазақстан сияқты республикалардың ұлттық ерекшеліктері ескерілмей, құқықтары аяққа басылды. Экономикалық жағынан қазақ халқы өз байлығына ие бола алмады. Қазақстанның мемлекеттік қорына тапқан табысының тек 1 пайызы ғана түсті. Қазақ жастарының Кеңестік жүйеге қарсылығы алғаш рет 1979 жылы Целиноградта (Ақмола) өткен еді. Жастар неміс автономиясының құрылуына қарсы шықты. Қазақ жерінің тұтастығын сақтап қалды. КСРО-ның отаршылдық, әміршіл-әкімшіл саясатына қарсы қазақ жастарының келесі ірі наразылық қимылдары – 1986 жылғы Алматы қаласындағы желтоқсан қозғалысы. Орталық үкіметтің езгісіне шыдамаған қазақ жастары сол күндері ереуілге шығып, қазақ елі басшысының қазақ азаматы болуын талап етті. Сол үшін Мәскеу қазақ жастарын жазалау шараларын ұйымдастырды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін жариялады. Бұл қазақ тарихындағы ғасырлар бойы аңсаған арманының орындалған күні болды. Екі ғасыр Ресей империясының отары болған, 70 жыл бойы Кеңес Одағының қысымын көрген Қазақстан үшін бұл күн ұлы мереке еді. 1991 жылы 1 желтоқсанда бүкіл халықтық президент сайлауы өткізіліп халықтың бір ауыздан қолдауы мен Н.Ә.Назарбаев президент болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев қазіргі Алматы облысының Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында 1940 жылы дүниеге келді. Ол өзінің еңбек жолын Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «КазМеталлургСтрой» тресінде қарапайым жұмысшыдан бастап, Президенттікке дейін көтерілді. Қазақстанның тәуелсіздігін алдымен танып, әлем алдында мойындаған туыстас Түркия мемлекеті мен Румыния болды. Бүгінде Қазақстанды әлемнің 120 мемлекеті танып, 70 тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнады. Қазақстан бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі.

V. Жаңа сабақтан алған білімді тексеріп қорыту. Оқушылармен сәйкестендіру тапсырмасын орындаймыз. Тақтаға шығып тапсырманы айтады.

1979 жыл

Целиноград

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Алматы қаласы

Қазақстанның тәуелсіздігін алуы

1991 жылғы 16 желтоқсан

1-ші Президен сайлауы

1991 жылғы 1 желтоқсан

2 ғасыр

Ресей отары

70 жыл

КСРО қысымы

Қ.Р. Президенті

Н.Ә.Назарбаев

Президенттің еңбек жолы

Теміртау қаласы «КазМеталлургСтрой» тресі

Қазақстанның тәуелсіздігін алдымен таныған елдер

туыстас Түркия мемлекеті мен Румыния

Қазақстан Байқоңырымен әлемге танылды. Тәуелсіз Қазақстанды ғарышқа алғаш адамзат ұшқан ел ретінде біледі. Осы сөзіміздің дәлелі алдарыңыздағы тақтадағы Тәуелсіз Қазақстанға арналған фото-көрмеге назар аударыңыздар.

астанасы ұлттық әскері

ҚАЗАҚСТАН

территориясы ұлттық валютасы

елтаңбасы туы әнұраны

VІ. Үйге тапсырма: §55. Қазақстан-егемен мемлекет. 190 беттегі кестені дәптерлеріңе сызып, толтырып келу. VІІ. Оқушыларды бағалау.


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
?аза?стан т?уелсіз мемлекет

Автор: Кубеков Ерболсын Кудабайулы

Дата: 19.11.2015

Номер свидетельства: 255377


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства