Пәні: Ежелгі Қазақстан тарихы
Класс: 6
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар бөлімін қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
Сақтар, үйсіндер, Қаңлылар, Ғұндар, Сарматтар тақырыптарынан алған білімдерін пысықтау есебіндегі қайталау сабағы.
Оқушылардың ІІІ тоқсан материалдарын қайталай отырып, белсенділігі жоғары азамат тәрбиелеу.
Оқушылардың бойларына Отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін сіңіре отырып, дамыту.
Сабақтың түрі:Қайталау
Әдісі: интерактивті, сұрақ жауап
Көрнекілік:карта, суреттер, тірек-сызба
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Сабағымызды бастамас бұрын сыныпты 5 топқа бөлеміз. Оқушыларға өз-өздерін бағалау парақтары таратылып беріледі. Топ басшылары сайланады.
1.Тақтаға тайпалар аты жазылады: сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар, сарматтар.
тайпалар | Мекендеген жері | Хронологиялық шеңбері | шаруашылығы | Қоғамдық құрылымы | Діни наным -сенімдері |
Сақтар | Жетісу | Б.з.б.8-б.з.5ғ.ғ | Мал шаруашылығы, егіншілік, аң аулау | Әскери демократия | Отқа табыну, ата-баба рухына, табиғат тылсым күштеріне |
Үйсіндер | Жетісу | Б.з.б.3-б.з.4ғ.ғ | Мал шаруашылығы, егіншілік, аң аулау | Мемлекетік дәреже | Отқа табыну, ата-баба рухына, табиғат тылсым күштеріне |
Қаңлылар | Сырдария | Б.з.б.3-б.з.4ғ.ғ | Мал шаруашылығы, егіншілік, аң аулау, сауда | Ұлы хан билігі мұрагерлік жолман | Отқа табыну, ата-баба рухына, табиғат тылсым күштеріне |
Ғұндар | Орталық Қазақстан | Б.з.б.3-б.з.4ғ.ғ | Мал шаруашылығы, егіншілік, аң аулау | Көшпелі патриархалды | Отқа табыну, ата-баба рухына, табиғат тылсым күштеріне |
сарматтар | Батыс Қазақстан | Б.з.б.8-б.з.5ғ.ғ | Мал шаруашылығы, егіншілік, аң аулау | Әйелдер мен ерлер тең құқылы қатынас | Отқа табыну, ата-баба рухына, табиғат тылсым күштеріне |
1.темір дәуіріндегі тайпалардағы ортақ нәрсе?
2.Қандай айырмашылықтар бар?
3.Қандай шешім шығаруға болады?
4.Әскери демократия дегеніміз не?
2.Оқушыларға сөздер жазылған карточкалар беріледі. Бұл хаттардың кімнен қай уақытта келгенін анықтап айту.
1. «Ұсқынсыз сақ! Бізді шөл далаға апарып, адастырды.» (Дарийдің Шырақ туралы айтуы)
2. «Анашым, кешір! Масқаралығымды өліммен ақтаймын!» (Спаргапис)
3. Мен нақ Римнің қабырғасында тұрмын, керемет! (Аттилла)
4. Атымды бердім, Әйелімді бердім, бірақ жерімді бермеймін! (Мөде)
5.Ұлы Ескендір бізді жеңе алмады. (Сақтар)
6. «Томирис әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» Помпей Трог
3.Тақтада уақыт сызығы бойынша тапсырмалар беріледі.
209 жылы Мөде ғұндарды біріктірді. 451 жылы Каталаун шайқасы.
209+451=660
519жылы І Дарийй сақтарға қарсы жорық жасады. 400 жылы Еділ дүниеге келді
519+400=919
4. «Ия немесе жоқ» ойыны.
1. Аршакиддер әулеті билігінің негізін салған сармат тайпасы сақ-массагеттер.
2. Гиркан сармат дәуіріндегі Каспий теңізінің атауы?
3. Тарихшы Дидордың айтуынша савроматтар «биік турлардың бауырында» тұрған агипейлермен көрші.
4. Елімізде сарматтар қоныстанған аймақ Оңтүстік Қазақстан.
5. Апарндар Б.з.б.248-247 жылдары Парфияны басып алған сармат тайпасы.
6. Сарматтар скиф тіліне жақын тілде сөйлеген.
7. Б.з.б. VІІІ ғ.-б.з. V ғ. сармат тайпаларының өмір сүру мерзімі.
8. Каспий жағалауында өмір сүрген сармат тайпасы исседондар.
9. "Сармат" атауы көне дәуір авторларының еңбектерінде б.з.б. ІV ғасырдан бастап кездеседі.
10. Сарматтардың қоғамдық басқару құрылымы әскери демократия.
5. Тест тапсырмалары.
Бағалау:
Үйге тапсырма: Қазақстан аумағындағы ерте темір дәуірінде өмір сүрген тайпалар туралы қиял-ғажайып эссе жазу.
№ 2 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі: Жылкышина Динара Сыргабековна