Білімдік: ?аза? ханды?ыны? ж?не ж?здерді? пайда болуы туралы т?сінік беру, Ж?нібек пен Керей хандарыны? хал?ына, жеріне, еліне сі?ірген е?бегін таныстыру;
Дамытушылы?: О?ушыларды? ой-?рісін, ?з бетінше ж?мыс жасау да?дыларын ?алыптастыру ;
Т?рбиелік: О?ушыларды елін, жерін с?юге, ?лтжандылы??а,ту?ан хал?ына, ?лы т?л?алар?а, тарихта алтын ?ріптермен жазылып ?ал?ан тарихи ??ндылы?тар?а деген ??рмет сезіміне т?рбиелеу.
Саба?ты? т?рі: аралас
Саба?ты? типі:ойын саба?ы.
?дісі: с?ра?-жауап, т?сіндірмелі, к?рнекілік.
К?рнекілік:. ?аза? ханды?ыны? картасы, ойын кестелері, хандарды? суреттері, тірек сызбалар, слайд, видео ролик, ?лестірмелі ?а?аздар,ж?мыс д?птері.
Саба?ты? барысы: І.?йымдастыру кезе?і (2-мин)
О?у ??ралын тексеріп т?гелдеу,
О?ушылар зейінін саба??а аудару;
Саба?та жо? о?ушыны белгілеу.Топ?а б?лу.
«?ызы?ушылы?ты ояту».О?ушылар бір-біріне тілек айтады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? к?рылуы»
Сыныбы:5-сынып. Пәні:Қазақстан тарихы.
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімдік: Қазақ хандығының және жүздердің пайда болуы туралы түсінік беру , Жәнібек пен Керей хандарының халқына, жеріне, еліне сіңірген еңбегін таныстыру;
Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін, өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру ;
Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, ұлтжандылыққа,туған халқына, ұлы тұлғаларға, тарихта алтын әріптермен жазылып қалған тарихи құндылықтарға деген құрмет сезіміне тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың типі:ойын сабағы.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндірмелі, көрнекілік.
Көрнекілік:. Қазақ хандығының картасы, ойын кестелері, хандардың суреттері, тірек сызбалар, слайд, видео ролик, үлестірмелі қағаздар,жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі (2-мин)
Оқу құралын тексеріп түгелдеу,
Оқушылар зейінін сабаққа аудару;
Сабақта жоқ оқушыны белгілеу.Топқа бөлу.
«Қызығушылықты ояту» .Оқушылар бір-біріне тілек айтады
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: (5-мин)
І.«Кім жылдам» ойынын ойнау.
1.Монғол мемлекеті қашан құрылды? ( 1206 ж )
2.Отырар қаласы қай ғасырда саяси орталық болды? (ҮІ-ҮІІІ ғасыр)
3.Отырар қаласының тез гүлденіп өсуіне не әсер етті? (Ұлы Жібек Жолы)
4.Ү-ХҮ ғасырда сауда жасайтын орталыққа айналған қаланы атаңдар. (Отырар қаласы)
5. Отырар қаласының билеушісі кім болды ? (Қайырхан)
6. Қайыр хан қай жылдары өмір сүрді? (1165-1220 ж.ж.)
7. Монғолдар Отырарға қашан аттанды? (1219 ж)
8.«Отырар шайқасы» қашан болды? (1220 жылы)
ІІІ.Жаңа білімді меңгерту. ( 3-мин)
«Ой шақыру» . «Қазақ» сөзін естігенде көз алдымызға не елестейді? Оқушылар сөздерді топтастырып жазады.
Қазақ
Балалар , барлығымыз видео роликке назар аударайық.
«Ақсақ құлан – Жошы хан» күйінің шығу тарихы атты мультфильм көрсетіледі.(2-мин) Оқушыларға сұрақтар қойылады.
1. Балалар мына мультфильм қандай ой салды?
2. Күй ойнағанда қандай сезімде болдыңдар?
Бүгінгі өтілетін сабақ мультфильмде көрсетілген Жошы ханға тікелей байланысты.
Сабақтың тақырыбы «Қазақ хандығының құрылуы».
Қазақ хандығының құрылуы туралы не білесіңдер ? Кестесін толтырады.
Не білгілерің келеді? Кестесін толтырады. (3-мин)
Қазақ хандығының құрылуы туралы не білесіңдер ?
Не білгілерің келеді?
Мен не білдім?
Оқулықпен жұмыс. (10-мин)
Оқулықтан 94-98-бетті «Елшілікке бару» әдісі бойынша оқулықтан топтағы оқушылар өзара пікір алмасады,үйлеріне қайтып жаңалықтарымен бөліседі.
«Ұлы жүз» тобы: «Қазақ» атауының шығуы.
«Қазақ» атауының шығуы.
«Қазақ» сөзі көне түрік дәуірінде пайда болған. «Қазақ» атауы – бостандық
сүйгіш, ер жүрек, еркін адамдар дегенді білдіреді.Әскери іспен айналысқан көшпелілерді немесе орталық билікті мойындамай, мемлекеттен бөлініп кеткенді білдіреді.Қазақ халқының тарихында Алтын Орда дәуірі ерекше орын алады.
Бұл мемлекеттің негізін қалаған Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы хан құрды.
Жошы хан Ұлытауда билік құрды.Сол жерде оның күмбезі орналасқан.Ол 1227 жылы қайтыс болып, оның баласы Бату әкесінің иелігін батысқа қарай кеңейтті.
Мемлекеттің орталығын Еділ бойындағы Сарай қаласына көшірді.Алтын Орданың халқын «ноғайлы» деп атаған.Алтын Орда мемлекеті ХҮ ғасырда дағдарысқа ұшырап, көптеген ұлыстарға бөлінген.Бұл ұлысқа иелік жасаушы сұлтандар Жошы ханның үлкен баласы Орда Еженнен тарайды.1428 жылы олардан билікті Шайбан тұқымынан (Жошы ханның бесіншіп баласы) шыққан Әбілқайыр хан тартып алды.Көп ел оған бағынбай, Шу бойына көшіп кеткен алаш (Алаш-ежелгі қазақ тайпаларының одағы) тайпалары еді.Жәнібек пен Керей бастаған, Моғолстанға көшіп кеткен алаш көшпелілері «Қазақ» атауын алды.
«Орта жүз» тобы Қазақ хандығының пайда болуы.
Қазақ хандығының пайда болуы.
Алтын Орданың ыдырауына байланысты дағдарыс күшейді.Ұлы далада ру –тайпалардың басы бірікпей,бір-бірімен жауласып жүрді.Әр түрлі тарихи зерттеулерде қазақ хандығының пайда болуын XV ғасырдың 40-60 жылдарында деп көрсетеді.Керей мен Жәнібек бастаған қазақтардың Әбілқайыр мемлекетінен бөлініп,Моғолстанға көшуімен байланыстырады.Оларды Моғолстан билеушісі жақсы қарсы алды.Әбілқайыр мемлекетінде өзбек, қазақ, қатаған,ноғайлы ұлыстарының рулары болды.Олардың бәрін кейде «тоқсан екі баулы қыпшақ» деп атайды.Әбілқайыр қырық жылдан астам хандық етіп, «Әбілқайыр хандығын» құрған еді.Қазақ мемлекеті оңай қалыптасқан жоқ.XV ғасырдың ортасында Әбілқайырдан бөлінген рулар Бетпақдалаға жақын Таңбалы Нұра деген жерде бас қосты.Онда жеке ел боламыз деген шешімге келеді.Сол жердегі үлкен жартасқа әр ру өз таңбаларын қашап жазады. Керей мен Жәнібек қазақ хандығының негізін құрды.
«Кіші жүз» тобы .Жүздердің пайда болуы.
Жүздердің пайда болуы.
Қазақ халқының құрамына Жетісуды мекен еткен үйсін тайпалары еніп,олар ұлы жүз атанды.Сарыарқаны мекен еткен арғын, найман тайпалары еніп Орта жүз атанды.Батыс Қазақстан жеріндегі рулар Кіші жүз атанды. Алайда Жетісу жеріндегілер Моғолстан,Сарыарқадағылар Әбілқайыр батысындағылар Ноғай ордасының құрамына енген.Енді бәріміз Алаш бабамызға адал болайық, сол бабамыздың үш ұлынан тараған ұрпақпыз деп үш жүз атанды. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Шежіресі» бойынша Алтын Орда мемлекетін қазақ, ноғай болып бөлінуінің себебі ,тайпалар арасындағы келіспеушіліктен еді.М.Ж. Көпеев қазақ халқының және мемлекетінің пайда болуын қазақтардың аты аңызға айналған алғашқы билеушісі-Алаша ханмен байланыстырады. XVғасырдың ортасында Алтын Орда құлаған кезде дала тайпалары болашақты ойлап, дербес мемлекет тұрақты мемлекет құру керек деп шешті.Мемлекет негізінде «Алаш мыңы»,яғни Орыс хан тұсындағы Ақ Орда халқының негізін құраған тайпалар кірді.Қазақ хандығының орнығып, өрлеуі Қасым ханның орнығып, өрлеуі Қасым ханның атымен байланысты.Ол қазақ хандығының астанасын Ұлытауға көшірді.Онда қазақтардың арғы бабасы және бірінші ханы Алаша ханға кесене тұрғызды.Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1млн-ға жетті.Қазақ хандығының аумағы өзінің алдындағы хандар тұсынан анағұрлым кеңейе түсті.
«Сергіту сәті».Музыкаға билеу. (2-мин)
“Тарихи бас қатырғыш” ойынын ойнайық. (5-мин) Бұл кезеңде топқа сұрақ беріледі. Оқушылар адасқан әріптердің орынын тауып сұрақты дұрыс оқып, жауабын табулары керек.
1. Ш,Ы,Ж,О хан қашан қайтыс болды ?
2. Қай жылы билікті Н,А,Ш,Й,Б А тұқымынан шыққан Әбілқайыр хан тартып алды ?
3. Т,Ұ,Л,А,Ы,У,Д,А Жошы ханның күмбезі қайда орналасқан ?
4. Қашан Әбілқайырдан бөлінген рулар Бетпақдалаға жақын Таңбалы А,Р,Ұ,Н деген жерде бас қосты ?
5. А,Ң,Б,Ы,Т,А,Л Нұраның үлкен жартасына әр ру нені қашап жазады?
6. Батыс Қ,З,А,С,Т,А,Қ,А,Н, жеріндегі рулар қалай аталады?
2 Әр топ өздеріне берілген жүзге байланысты төмендегі рулардың қай жүзге жататынын анықтайды (5-мин)