kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ыны? ??рылуы баяндама

Нажмите, чтобы узнать подробности

           ?аза? ханды?ыны? ??рылуына   550 жыл

Алтын Орданы? ыдырауына байланысты, XV ?асырды? орта  кезінде ?аза? жерінде  дербес бірнеше мемлекеттер ?мір с?рген болатын.?аза? жеріні? батысында Но?ай Ордасы,Жетісу айма?ында Мо?ол ханды?ы,Сырдария бойы мен Орталы? ?аза?станда ?білхайыр ханды?ы.Б?л кезе? тарихта  жер мен билік ?шін бір-бірімен со?ысып жат?ан д?рбеле? кезе? еді.1428 жылы А? Орданы? ханы Бара? ханны? ая? астынан ?айтыс болуы, мемлекет ішіндегі саяси жа?дайды одан бетер ушы?тырып жіберді.Тарихи деректерде  ?білхайыр хан  А? Орда билігін ?з ?олына алу ?шін 20жыл?а жуы? толассыз к?рес ж?ргізген  делінген.Сол тартыста ?білхайыр хан  ?арсыластарын же?іп шы?ып, 1428 жылы хан сайланып,ханды?ын «?збек ?лысы», «?збек ханды?ы», немесе«?білхайыр ?лысы», «?білхайыр ханды?ы » деген атауды ?алыптастырады.Біра?  А? Орданы? м?рагерлері ?рыс хан мен Бара? ханны? ?рпа?тары Ж?нібек пен Керей с?лтандар   ?білхайырды? билігін бір к?н де мойындама?ан екен.С?лтандарды?  алдарында?ы басты ма?саты  ?здеріні?  дербес,жеке ?лтты? мемлекетін ??ру еді.

     Керей-?аза? ордасыны? т???ыш ханыны? азан ша?ырып ?ой?ан аты жазба деректерде Гирай,Герей,Кирай т?рінде кездеседі.?аза?ша –Керей.Тарих зерттеушілері Керей есіміні?  екі т?рлі ма?ына бар екендігін,Гарай с?зі мон?олша   «биік»,  «е?селі»,  «алып» болса, екіншісі «ерж?рек»,  «батыл»,  «еркін»деген ??ымды білдіреді екен.1426 жылы жазыл?ан  «Муизз алансаб» дерегі бойынша;

-     Шы??ыс хан-Жошы хан- Орда Ежен хан-Сасы Б??а хан-Ерзен хан-Шымтай хан-Орыс хан-То?та?ия хан-Болат хан-Керей.Керей Болатты? жал?ыз ?лы бол?ан.Зерттеушілерді? б?рінде де Орда Еженнен бастап Орыс хан?а дейін Шы?ыс Дешті ?ыпша?та Орда Ежен ?улеті билігіні? ?зілмегендігі айтылады.1337 жылы А? Орда билеушісі Орыс хан ?айтыс бол?аннан со? та??а оны? ?лкен ?лы То?та?ия, я?ни  Керейді? атасы келеді.Деректердегі жазу  ьойынша Керей ханны? атасы То?та?ия  «ж?мса? мінезді ж?не ?ділетті» адам болып, ?мір Темір мен То?тамыс?а ?арсы к?ресте ?айтыс бол?ан екен.

    -   Ж?нібек- ?біл?азы ханны?  «Т?рік шежіресі» бойынша Ж?нібекті? азан ша?ырып ?ой?ан аты-?бу Саид.Ол-А? Орданы? со??ы ханы,ата?ты Бара?ты? Мір-Саид,Мір-?асымнан кейінгі кіші ?лы.Сол себепті де XIV?асырда ?мір с?рген ?аза? тарихшысы ?адыр?али бек Жалайыр оны «Кіші Ж?нібек хан» деп атайды.Шежіре- деректерден к?ріп отыр?анымыздай  Керей мен Ж?нібек-Орыс ханнан тара?ан ш?берелер,ата-баба ?улетінен ханды? билік ?зілмеген.?алай дегенмен де,Керей мен Ж?нібекті? бабалары XIII-XV?асырлар аралы?ында ?аза? ?лтыны?, ?аза? мемлекеттігіні? ?алыптасуына зор е?бек сі?ірген, Дешті?ыпша?ты? саяси тарихында ?з орны бар ірі т?л?алар.

-   Керейді? ?кесі Болат с?лтан мен Ж?нібекті? ?кесі Бара? хан екеуі де-Орысханны? немерелері.

?аза?станны? жартылай к?шпелі Орталы? ?аза?стан даласы мен Жетісу айма?ыны? О?т?стік ?аза?станны? отыры?шы ди?андарымен ?зара шаруашылы? байланыстарыны? жол?а ?ойылуы-б?л кезе?ні? этникалы? бірлесу ба?ытына,тілі,рухани м?дениеті, шы?у тегі бір этникалы? топтарды? бауырласуына, осы ар?ылы ?аза? хал?ыны? ??ралып-?алыптасып, тарих сахнасына  шы?уына бірден-бір ы?пал етті.

Ел ішіндегі бітпейтін ?зара ?а?ты?ыстар мен кикілжі?дер,к?ршілес жат?ан ойрат тайпаларыны?,Темір  ?улеті билеушілеріні? шап?ыншылы??а негізделген жаугершілік саясаты ?арапайым халы?ты? м?лдемге мазасын алады.Олар к?нделікті ?німді е?бектен ?ол ?здірген  ?зара ?ыр?ыс?а толы ?а?ты?ыстар мен елді титы?тат?ан со?ыстардан ?бден жапа шекті.Оларды ?ор?айтын,пана болатын к?шті мемлекетті? ?ажеттілігі пісіп-жетілді.

-?здіксіз ж?ргізілген со?ыстарды? шы?ынын  алым-салы? ретінде халы?ты? мойнына артуы

-?білхайыр хан?а ?ол астында?ы халы?ты? сенімсіздік білдіруі.

-?білхайыр ханды?ынында?ы ру-тайпаларды?  ішінде  саяси шиеленісті? ?алыптасуы.

-Жекелеген с?лтандарды? халы? арасында?ы беделіні? ?суі т.б к?п себептерден  ?аза?ты? ру-тайпаларыны? ?білхайырды? ?ол астынан б?лініп шы?ып, Батыс Жетісу жеріне ?оныс аударуына негіз болды.

Керей мен Ж?нібек с?лтандар тарихты? сол бір уа?ытын, д?л кезе?ін, сол бір н?ктесін ас?ан кеме?гер к?регендікті? ар?асында шебер пайдалана  біліп,?з ?арама?ында?ы ру-тайпаларды арттарынан ерте білді.Керей мен Ж?нібекке ?лкен сенім арт?ан ?аза? ру-тайпалары(М?хаммед Хайдар Дулатты? дерегінде 200 мы?дай адам делінген) Батыс Жетісу жеріне беттерін т?зеді. Олар Мо?олстан ханы Есенб??амен екеуара ода? ??рды.Есенб??аны? ?аза?тармен  ода? ??рып, жер б?ліп берудегі ішкі ойы, біріншіден –Мо?олстан билігіне талас?ан ?з бауыры Ж?ніс хан?а ?арсы ода? табу керек болса, екіншіден-?з иелігін ?білхайыр хан мен Темір ?рпа?тарыны? шап?ыншылы?ынан, елді жиі шауып т?ратын ?алма? бас?ыншылы?ынан м?лдем ??тылу еді.Б?л саясатында батыс шекарасына мы?ты ?ор?ан болар ?мітін жа?а ??рыл?ан ?аза? мемлекетіне артты.Шу?а бет ал?ан ?ос с?лтанны? к?ші со?ынан ?білхайыр хан ?у?ыншы жібереді.Жаса? ?олбасшылары Керей мен Ж?нібекке хан с?лемін жеткізіп жат?анда, екі жа?ты? жауынгерлері «бір-бірімен ?озыдай жамырасып, аманды? –саулы? с?рап, м?ре-с?ре болып жатыпты» деген с?з бар.

Керей мен Ж?нібекті? Батыс Жетісу?а к?шіп келуін хал?ымызды? т???ыш к?рнекті тарихшысы,??лама М?хаммед Хайдар Дулати  1465-1466 жылдар деп жазады.С?лтандар Батыс Жетісуды ??тты мекен ете отырып,1465-1466 жылдары ?озыбасыда ?аза? ханды?ын ??рды.Басына іс т?сіп келген а?айын?а теріс ?арау ата салтымызда жо?.?рбір ханны? ішкі есебі бар.?йтеуір, Есенб??а хан б?ларды ??ша? жая ?арсы алды.

?аза? ханды?ыны? негізі бір елді? жерін тартып алу,не болмаса жерінен ы?ыстырып атамекенінен айыру,не болмаса ?ысымшылы? к?рсетіп озбырлы?ты? ар?асында емес, бейбіт жолмен ауа к?ші негізінде ??рыл?ан бірден бір мемлекет екенін ?сте естен шы?армауымыз керек.

1468жылы к?ннен-к?нге ?уат ?осып келе жат?ан Керей мен Ж?нібекті шабу?а аттан?ан  ?білхайыр хан жолда нау?ас болып,д?ниеден ?теді.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? ??рылуы баяндама »

Қазақ хандығының құрылуына 550 жыл

Алтын Орданың ыдырауына байланысты, XV ғасырдың орта кезінде қазақ жерінде дербес бірнеше мемлекеттер өмір сүрген болатын.Қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы,Жетісу аймағында Моғол хандығы,Сырдария бойы мен Орталық Қазақстанда Әбілхайыр хандығы .Бұл кезең тарихта жер мен билік үшін бір-бірімен соғысып жатқан дүрбелең кезең еді.1428 жылы Ақ Орданың ханы Барақ ханның аяқ астынан қайтыс болуы, мемлекет ішіндегі саяси жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді.Тарихи деректерде Әбілхайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін 20жылға жуық толассыз күрес жүргізген делінген.Сол тартыста Әбілхайыр хан қарсыластарын жеңіп шығып, 1428 жылы хан сайланып ,хандығын «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», немесе«Әбілхайыр ұлысы», «Әбілхайыр хандығы » деген атауды қалыптастырады.Бірақ Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілхайырдың билігін бір күн де мойындамаған екен .Сұлтандардың алдарындағы басты мақсаты өздерінің дербес,жеке ұлттық мемлекетін құру еді.

Керей-Қазақ ордасының тұңғыш ханының азан шақырып қойған аты жазба деректерде Гирай,Герей,Кирай түрінде кездеседі.Қазақша –Керей.Тарих зерттеушілері Керей есімінің екі түрлі мағына бар екендігін ,Гарай сөзі монғолша «биік», «еңселі», «алып» болса, екіншісі «ержүрек», «батыл», «еркін»деген ұғымды білдіреді екен.1426 жылы жазылған «Муизз алансаб» дерегі бойынша;

- Шыңғыс хан-Жошы хан- Орда Ежен хан-Сасы Бұқа хан-Ерзен хан-Шымтай хан-Орыс хан-Тоқтақия хан-Болат хан-Керей.Керей Болаттың жалғыз ұлы болған.Зерттеушілердің бәрінде де Орда Еженнен бастап Орыс ханға дейін Шығыс Дешті Қыпшақта Орда Ежен әулеті билігінің үзілмегендігі айтылады.1337 жылы Ақ Орда билеушісі Орыс хан қайтыс болғаннан соң таққа оның үлкен ұлы Тоқтақия, яғни Керейдің атасы келеді.Деректердегі жазу ьойынша Керей ханның атасы Тоқтақия «жұмсақ мінезді және әділетті» адам болып, Әмір Темір мен Тоқтамысқа қарсы күресте қайтыс болған екен.

- Жәнібек- Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» бойынша Жәнібектің азан шақырып қойған аты-Әбу Саид.Ол-Ақ Орданың соңғы ханы ,атақты Барақтың Мір-Саид,Мір-Қасымнан кейінгі кіші ұлы.Сол себепті де XIVғасырда өмір сүрген қазақ тарихшысы Қадырғали бек Жалайыр оны «Кіші Жәнібек хан» деп атайды.Шежіре- деректерден көріп отырғанымыздай Керей мен Жәнібек-Орыс ханнан тараған шөберелер,ата-баба әулетінен хандық билік үзілмеген.Қалай дегенмен де ,Керей мен Жәнібектің бабалары XIII-XVғасырлар аралығында қазақ ұлтының, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген, ДештіҚыпшақтың саяси тарихында өз орны бар ірі тұлғалар.

- Керейдің әкесі Болат сұлтан мен Жәнібектің әкесі Барақ хан екеуі де-Орысханның немерелері.

Қазақстанның жартылай көшпелі Орталық Қазақстан даласы мен Жетісу аймағының Оңтүстік Қазақстанның отырықшы диқандарымен өзара шаруашылық байланыстарының жолға қойылуы-бұл кезеңнің этникалық бірлесу бағытына ,тілі,рухани мәдениеті, шығу тегі бір этникалық топтардың бауырласуына , осы арқылы қазақ халқының құралып-қалыптасып, тарих сахнасына шығуына бірден-бір ықпал етті.

Ел ішіндегі бітпейтін өзара қақтығыстар мен кикілжіңдер,көршілес жатқан ойрат тайпаларының ,Темір әулеті билеушілерінің шапқыншылыққа негізделген жаугершілік саясаты қарапайым халықтың мүлдемге мазасын алады.Олар күнделікті өнімді еңбектен қол үздірген өзара қырқысқа толы қақтығыстар мен елді титықтатқан соғыстардан әбден жапа шекті.Оларды қорғайтын,пана болатын күшті мемлекеттің қажеттілігі пісіп-жетілді.

-Үздіксіз жүргізілген соғыстардың шығынын алым-салық ретінде халықтың мойнына артуы

-Әбілхайыр ханға қол астындағы халықтың сенімсіздік білдіруі.

-Әбілхайыр хандығынындағы ру-тайпалардың ішінде саяси шиеленістің қалыптасуы.

-Жекелеген сұлтандардың халық арасындағы беделінің өсуі т.б көп себептерден қазақтың ру-тайпаларының Әбілхайырдың қол астынан бөлініп шығып, Батыс Жетісу жеріне қоныс аударуына негіз болды.

Керей мен Жәнібек сұлтандар тарихтың сол бір уақытын, дәл кезеңін, сол бір нүктесін асқан кемеңгер көрегендіктің арқасында шебер пайдалана біліп ,өз қарамағындағы ру-тайпаларды арттарынан ерте білді.Керей мен Жәнібекке үлкен сенім артқан қазақ ру-тайпалары(Мұхаммед Хайдар Дулаттың дерегінде 200 мыңдай адам делінген) Батыс Жетісу жеріне беттерін түзеді. Олар Моғолстан ханы Есенбұғамен екеуара одақ құрды.Есенбұғаның қазақтармен одақ құрып, жер бөліп берудегі ішкі ойы, біріншіден –Моғолстан билігіне таласқан өз бауыры Жүніс ханға қарсы одақ табу керек болса, екіншіден-өз иелігін Әбілхайыр хан мен Темір ұрпақтарының шапқыншылығынан, елді жиі шауып тұратын қалмақ басқыншылығынан мүлдем құтылу еді.Бұл саясатында батыс шекарасына мықты қорған болар үмітін жаңа құрылған Қазақ мемлекетіне артты.Шуға бет алған қос сүлтанның көші соңынан Әбілхайыр хан қуғыншы жібереді.Жасақ қолбасшылары Керей мен Жәнібекке хан сәлемін жеткізіп жатқанда , екі жақтың жауынгерлері «бір-бірімен қозыдай жамырасып, амандық –саулық сұрап, мәре-сәре болып жатыпты» деген сөз бар.

Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға көшіп келуін халқымыздың тұңғыш көрнекті тарихшысы,ғұлама Мұхаммед Хайдар Дулати 1465-1466 жылдар деп жазады.Сұлтандар Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып,1465-1466 жылдары Қозыбасыда Қазақ хандығын құрды.Басына іс түсіп келген ағайынға теріс қарау ата салтымызда жоқ.Әрбір ханның ішкі есебі бар.Әйтеуір, Есенбұға хан бұларды құшақ жая қарсы алды.

Қазақ хандығының негізі бір елдің жерін тартып алу,не болмаса жерінен ығыстырып атамекенінен айыру,не болмаса қысымшылық көрсетіп озбырлықтың арқасында емес, бейбіт жолмен ауа көші негізінде құрылған бірден бір мемлекет екенін әсте естен шығармауымыз керек.

1468жылы күннен-күнге қуат қосып келе жатқан Керей мен Жәнібекті шабуға аттанған Әбілхайыр хан жолда науқас болып,дүниеден өтеді.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?аза? ханды?ыны? ??рылуы баяндама

Автор: Токтаганова Салтанат Нуркамзиновна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187465


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства