Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ыны? ??рылуы 7 cынып»
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Шөміш ауылы, № 263 орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Талайлиева Ардак Жанбырбаевна
Күні:24.02.2016ж
Сыныбы:7 сынып
Пәні: Қазақстан тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы.
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Қазақ хандығының құрылу процесін талдау, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің мемлекеттік құрылымын анықтау.
Дамытушылық: Картамен жұмыс жасауға, өз бетінше қорытынды жасауға, ізденіске дағдыландыру. Ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негіз қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, өз Отанына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі:аралас сабақ
Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың пәнаралық байланысы: география, математика, тарих, әдебиет
Сабақтың көрнекілігі:слайд, карта, бейне фильм, суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Амандасу;
* Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
* Ынта – зейіндерін сабаққа аудару;
«Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу
1топ. «Хандар»
2топ. «Билер»
3топ. «Батырлар»
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
«Кубик лақтыру» ойыны
1. Ақ орданың ханы Барақ қай жылы қайтыс болды? 1428ж
2. Әбілхайыр хан Ақ орда билігін өз қолына алу үшін қанша жыл күрес жүргізді? 20 жыл
3. Жетісу өңірінде отырықшылық шаруашылықпен айналысқан қалаларды ата? Сауран, Отырар, Түркістан, Сығанақ, Сайрам, Тараз
4. Қазақстандағы ру тайпалар басты неше аймаққа шоғырланды? 3 аймаққа
5. ХҮ ғасырда өмір сүрген қазақтар, дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған кім? Фазлаллах Ибн Рузбихан
6. Ақ орданың мұрагерлері Ұрұс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар кімнің билігін мойындамады? Әбілқайыр хан