О?ушылар?а ?за? ?асырлар?а созыл?ан этникалы? процестер ар?асында, ?аза? жерін мекендеген ру - тайпаларды? ?о?амды? - саяси, экономикалы?, м?дени байланыстары мен т?уелсіз жеке ел болса? деген арман - тілектеріні? ар?асында ??рыл?ан ?аза? ханды?ы туралы т?сінік беру, о?ушыны? логикалы? ойлау ?абілетін арттыру, ойын ар?ылы тарихи танымын дамыту, о?ушыларды Отанс?йгіштікке, ?лтжандылы??а. ту?ан жерін ??рметтеуге т?рбиелеу.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
««?аза? ханды?ыны? ??рылуы» »
№ 3 Красный Яр орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
«Қазақ хандығының құрылуы»
Орындағандар: Бощанова Г.Ж.
2014-2015 оқу жылы
Күні: 9.12.2014 жыл
Сынып:5б
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген ру - тайпалардың қоғамдық - саяси, экономикалық, мәдени байланыстары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген арман - тілектерінің арқасында құрылған Қазақ хандығы туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын арқылы тарихи танымын дамыту. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа. туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: топтық сабақ Сабақтың әдісі: Топтық әдіс Көрнекілігі: Слайд,Жәнібек пен Керей ханның суреттері, сызба-нұсқалар. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
Кубик лақтыру ойыны арқылы үй жұмысын тексеремін
Қосымша деректер яғни әр топ өздерінің топтары бойынша сөйлейді ІІІ. Жаңа сабақ. Қазақ хандығының құрылуы Сыныпты 3 топқа бөлемін: 1. Хандар 2. Билер 3. Батырлар Жаңа тақырыпты түсіндіру
Қазақ тайпалары мен руларының көбі Керей мен Жәнібекті қолдады.Қазақ хандығының негізі Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан тарайды. Керей мен Жәнібек бір-бірімен туыстас болған.Екеуінің ле аталары кезінде ел билеген әйгілі хандар. Жаңа жерге келіп хандық құрған қазақ халқы жасы үлкен Керейді ақ киізге көтеріп хан сайлайды. Керей хан қазақ халқының тұңғыш ханы.Жәнібек хан-Керейден кейін хан болып сайланады. Ол шамамен 1466-1470 жылдары ел биледі.Жәнібек хан кезінде Қазақ хандығы айналысына өзінің дербес ел екендігін танытты.Жәнібектің ұлы Қасым хан билігі тұсында 1511-1518 Қазақ хандығы өркендеп дамып, күшті мемлекетке айналды.Қасым хан мемлекетте тәртіпті нығайтты.Қасым ханның қасқа жолы деп аталатын қазақтың құқықтық заңдар жинағы өмірге келді. Ел ішінде тұрақтылық орнады.Сауда-сатыққа жол ашылды.Есім хан 1598-1645-көрші жатқан қалалармен бейбіт қатынас орнатты.Ол Есім ханның ескі жолы деп аталатын заңдар жинағын құрастырды.Есім хан қазақ хандығын нығайтуға күш салады. Қазақ-бұхар соғыстарында Есім хан бастаған қазақтар жеңіске жетеді.Есім хан өзінің білікті саясаткер,жақсы қолбасшы,әрі мемлекет қайраткері.Халық оны жақсы көріп,Еңсегей бойлы ер Есім деп атады.
Қазақ хандығындағы ең жоғары мемлекет билеушісі-хан болды.Хан билігі атадан балаға мұра ретінде қалдырылады.Би-Қазақ хандығындағы аса құрметті атақ.Батыр-ержүрек,қаһарман жауынгерге берілген атақ.шешен дана адамдар ғана би бола алатын.Бай-мыңдаған малы бар дәулетті адам.
Қазақ хандығының құрылу себептері,
Оқулықпен жұмыс-Хандар тобына сұрақ-Қазақ хандығының қалыптасуы.Батырлар тобына –сұрақ-Қазақ хандары.Билер тобына сұрақ-Қазақ хандығындағы әлеуметтік жағдай.
Сергіту сәті:
Сабақты бекіту: Венн диаграммасы бойынша 3 топқа сұрақтар қояамын. Хандар тобы-Керей мен Жәнібекті Н.Ә. Назарбаевпен салыстыру. Батырлар тобы-Қазақ хандығын ҚР салыстырады.Билер тобы-Қазақ хандығының аумағын ҚР территориясымен салыстырады.
Уйге тапсырма: Керей мен Жәнібек хандары жайында қосымша мағлұмат жазып келу.